| Сабақты сұрақтардан бастаймын. Балалар сендер ертегілерді жақсы көресіңдер ме? Қандай ертегілерді білесіңдер? Ал бүгінгі сабақта біз «Мақта қыз бен мысық» деген ертегімен танысамыз. Сабақтың басынан критериалды бағалау түрлері туралы айтып беремін. Бір дұрыс жауап бір жұлдызша таратамын. 5 жұлдызша- 5 баға 4 жүлдызша-4 3 жұлдазша-3 1.1.4.1;Мұғалімнің көмегімен тыңдалған материал не туралы екенін түсіну 1.2.4.1; Қарапайым оқиғаларды (мəтінді) мазмұндау 1.3.1.1;Таныс сөздерді тұтас оқу « Мақта қыз бен мысық» ертегі видео көрсету. Жаңа сөздермен танысу: үш тілдік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында өз сабағымда осындай тапсырма жүргіземін. Қыз девочка a girl Мейіз - изюм - raisin Қатық - кефир- the kefir Тары – пшено – the millet Сағыз - жвательная резинка – bubble gum 1.3.3.1 Өлең, жұмбақ жəне ертегілерді ажырату Жаңа сөздерге қатысты жұмбақтарды шешу. Мен біріншіден жұмбақты оқимын, сосын балалармен бірге аударамыз. Сосын ғана сұраймын бұл не жұмбақ па, өлең, ертегі ме? Шықпайды үйден, Тоны - жібектен. Күндіз ұйықтайды, Түнде дамыл таппайды. Аңға барады, Сол аңды үйден табады. (мысық) 1.2.3.1;Сұхбаттасын түсіну жəне түрлі тəсілмен əрекет жасау, этика нормаларын сақтап жауап беру 1.3.5.1; Мұғалімнің көмегімен қажетті ақпараттарды иллюстрациялы шағын мəтіндерден тауып алу Мәтін ішінен стоп кадрды тауып оқып шығу. (қабілеті жоғары балаларға арналған тапсырма) Ертегі кейіпкерледі атау. Олар: Мақта қыз, мысық, сиыр, тауық, дүкенші, қыздар. Басты кейіпкерлерді табу: Мақта қыз, мысық. Сергіту сәті. ТКО әдісін қолданамын. 1.5.1.5Мұғалім көмегімен сөйлемдегі сөздердің орын тəртібін сақтап құрастыру «Кір жаятын жіп» әдісі Берілген сөздермен сөз тіркестерімен сөйлем құрастыру: Мақта қыз, жұлып алды, құйрығын, мысықтың. Мысық, төкті, қатықты. 1.2.6.1;Тыңдаған/оқыған материал туралы өзінің қарапайым пікірін (келісемін/келіспеймін, ұнайды/ұнамайды) білдіру Саған осы ертегі ұнады ма? Иә, жоқ деп жауап береді. Мақта қыз қандай қыз? Жақсы, жаман деп өз ойларын айтады. -Мақта қыз бен мысық неге келісе алмады? -Мақта қыз мысыққа не істеуін талап атті? -Мысық тапсырманы орындады ма? Сұрақтарға жауап береді (кері байланыс арқылы) |