СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Конспект математика

Нажмите, чтобы узнать подробности

Конспект

матем

тақырыбы: әжеге қонаққа

 

Просмотр содержимого документа
«Конспект математика»

Екінші кіші «Жұлдызша» тобына ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Білім беру саласы: «Таным»

Пән: ҚМҰҚ

Өтпелі тақырып: «Ас атасы нан!»

Тақырыбы:Әжеге қонаққа

Мақсаты:

Тәрбиелік: біреу және көп түсінігін бекіту.

Дамытушылық: ойлау қабілеттерін дамыту. Ойын жаттығу: Әжеге арналған моншақ.

Оқыту: заттарды солдан оңға қарай, оң қолмен орналастыруды үйрету.

Билингвалдық компонент: бір-одно, көп-много.


Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

1.Ұйымдастырушылық кезеңі:

Шаттық шеңбері:

Кәне, кәне тұрайық,

Үлкен шеңбер құрайық.

Тұрсақ егер шеңберге,

Алақанды ұрайық.

Сол жақтағы балаға,

Оң жақтағы балаға.

Шапалақта, шапалақ,

Шапалақта, шапалақ.

Балалар қазір қандай жыл мезгілі? Күз

Күз айларын атаңдаршы? Қыркүйек, қазан, қараша.

Балалар қазір қандай ай? Қазан айы

Жарайсыңдар,балалар!

Қазан айының ең алғашқы күнінің өзі мереке. Қандай мереке екенін білесіңдер ме? -Жоқ

1-Қазан Қарттар күні! Үйдегі атамыз бен әжеміздің мерекесі!

2.Негізгі бөлім:

Балалар біз бүгін Әжеге қонаққа барамыз. Әжемізді мерекесімен құттықтауға барайық.Әжеге бару үшін мына сиқырлы таяқшаны қолданамын. Ол үшін көзімізді жұмыс санаймыз. Бір, екі, үш......

Міне біз Әжеге де келдік. Әжемен Амандасамыз. Салеметсіз бе, Әже?

– Сәлеметсіздер ме,балалар! Қалдарың қалай? Балалар  сендердің келгендерің қандай жақсы болды. Мен мына тәрелкелерді, қасықтарды дұрыс санап орнына қоя алмай отырмын.

Балалар Әжеге көмектесеміз бе? Иа, көмектесеміз.

Алдымен Тәрелкелерді оңнан солға қарай санап, оң қолмен орналасатырайық. 1,2,3,4,5.

Неше тәрелке болды?5

Енді қасықтарды ретімен санап, орналастырайық

Неше қасық болды? 1

Енді салыстырайықшы қасық көп пе тәрелке көп пе? Тәрелке көп

Қасық ше? Қасық біреу

Билингвалдық компонент: біреу-одно, көп-много.

Сергіту сәті:

Қорбандаған аюдың,

Құлпынайы көп екен

Теріп-теріп алайық,

Қалтамызға салайық.

Балалар сергіп қалдыңдар ма? Жарайсыңдар балалар! 

Ойын жаттығу: Әжеге арналған моншақ.

3.Қорытынды:

Бізге қонаққа кімге бардық?

Әжеге қалай көмектестік?

Әжеге не дайындап берді?

Не туралы әңгімелестік Әжемен?