СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

«Көңілді санаушы»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Балаларды достық пен сыйластыққа тәрбиелеу  

Просмотр содержимого документа
««Көңілді санаушы»»

Ортаңғы «Ақерке» тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Өткізу күні: 21.05.2019 ж

Тәрбиеші: Биржикенова. А.Б

Білім беру саласы: «Таным»

Пән: ҚМҰҚ

Өтпелі тақырып:
Тақырыбы: «Көңілді санаушы»

Мақсаты: 
Тәрбиелік: Балаларды достық пен сыйластыққа тәрбиелеу
Дамытушылық: Балалардың ойлау қабілеттерін, есте сақтау қабілетін дамыту.

Оқыту: Сандар жайлы түсінігін, білімдерін жетілдіру.

«Табиғат – тіршілік көзі» ұғымын түсіндіру.

Педагогикалық технологиялар:дамыту,ойын

Ресурстармен қамтамасыз ету: суреттер,

Билингвалдық компонент: бірінші – первый, екінші – второй, үшінші – третьи

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

 I.Ұйымдастырушылық кезеңі:

Ғажайып сәт: Балалар бүгін бізге Жұмбақпай ата математика елінен тапсырмалар беріп жіберіпті. Ол тапсырмаларды орындасақ, сендерге сыйлық жіберетінін айтыпты.

Тәрбиеші: Балалар, сендер тапсырмаларды орындайсыңдар ма?

Негізгі бөлім:

1 – тапсырма: Сандарды тура және кері санау.

1,2,3,4,5

5,4,3,2,1

2 – тапсырма: суретпен жұмыс.

Балалардың назарын жемістер бейнеленген суретке аудару.

-Суретте бірінші не тұр?

-Екінші не тұр?

-Үшінші не тұр?

-Ал алмұрт нешінші тұр?

-Бесінші не тұр?



Сергіту сәті.

Оң қолымда бес саусақ

Сол қолымда бес саусақ

Қосып едім екеуін,

Болып шықты он саусақ.

Тәрбиеші балаларға өлең оқып береді.

Санауды біз білеміз,

Сандарды да білеміз,

Сондықтанда атамның

Құстарын санап береміз,

Бір, екі, үш, төрт, бес,

Бірден санап шеш!

Дидактикалық тапсырма: «Заттарының санын цифрмен қосу»

Шарты: 1,2 заттар бейнеленген суреттер беріледі, астында 1 және 2 саныжазылған. Балалар заттардың санына сәйкес цифрмен қосады.

3 – тапсырма: -Қане, бәріміз төрт таяқша санап шығарайық.

Таяқшалардан 4 санын құрастыру.

Таяқшалар арқылы 4 таяқшадан әр түрлі пішіндер құрастырайық.

Д.о: «Заттарды сана»

Шарты: Балаларға суреттер бейнеленген карточкалар үлестіріледі. Балаларсуреттегі заттарды санап, дөңгелекке санын жазуы тиіс.

Қорытынды:

-Балалар біз бүгін кімнің тапсырмаларын орындадық?

-Сендерге тапсырмаларды шешу қиын болды ма?

Балалар бүгін сендер тапсырмаларды өте жақсы орындадыңдар.

Жұмбақпай ата сендерге жұлдызшалар беріп жіберіпті