"Отбасымен бірге" өткізілетін жоғарғы және мектеп алды даярлық топтарына арналған эстафеталық сайыс.
Тақырыбы: «Көңілді старт» отбасылық эстафеталық сайысы
Название : «Веселые старты» семейная эстафета
Мақсаты: Отбасы мен балабақша арасындағы байланысты нығайтып, салауатты өмір салтын сақтауға тәрбиелеу.
Цель: Привлечь детей и их родителей к активному участию в спортивных соревнованиях . Развивать ловкость , быстроту реакции, координацию движений.
Құрметті ата - аналар, әріптестер, бүлдіршіндер бүгінгі «Отбасымен бірге» атты эстафеталық сайысымызға қош келіпсіздер. Сіздерді отбасылар мерекесімен құттықтай отырып, зор денсаулық, мол бақыт тілейміз. Ендігі құттықтау сөз кезегін «Бөбек» бөбекжайы директоры Шакирова Анаргуль Кайрлиевнаға береміз.
Ал құрметті халайық.
Жарысты енді көріндер.
Әділ қазы алқасы.
Әділ баға беріңдер.
Сайысымызды бастамас бұрын әділқазылар алқасымен таныстырайық.
Ведущий: Оценивать наши успехи жюри справедливое неподкупное.
Жүргізуші:
Жабырқауды білмейміз
Жалқаулықты сүймейміз
Біз талапты жас ұлан
Үлгі аламыз жақсыдан.
Орман көлге шыңға біз
Саяхатқа шығамыз
Бөлінбейді іргеміз
Әрқашанда біргеміз.
Ендеше ортамызға сайысқа қатысатын отбасыларын шақырамыз.
Әр таңды бақытпенен атырамыз.
Өнерді ой көгінде бақылаңыз,
Сайысқа қатысуға енді ортаға,
Үлгілі отбасыларымызды шақырамыз.
Отбасылар сайысы 7 - бөлімнен тұрады.
Төрт команданың сәлемдесуі:
1. Ұшақтан да ұшқырмыз -7топ
Желден де озған жүйрікпіз
Жарысуға сендермен
Келіп тұрған мықтымыз
«Намыс» тобынан жалынды сәлем!
2. Жабырқауды білмейміз -11топ
Жалқаулықты сүймейміз
Біз талапты жанұя,
Үлгі аламыз жақсыдан
«Жігер» тобынан жалынды сәлем!
3. Мы хотим лишь пожелать -12топ
Вам показать себя на пять.
Мы пришли к вам победить,
Лучшими желаем быть!
4. Біз көңілді отбасы, -9топ
Шыныға да аламыз.
Сәулетті ел көгінде
Жұлдыз болып жанамыз
Эстафеталық жарыс түрлері:
1. Қаппенен жарыс
2. Қара жорға биін нақышына келтіріп билеу
Балаларды демалтып, көңілдерін көтеру үшін ән айтылып, би биленеді.
3. Допты екі тізенің арасына қысып жүгіру.
Эстафета «Кенгуру»- мяч зажат между коленками – прыжки до финиша назад бегом с передачей эстафеты.
4. Арқан тартыс
Балаларды демалтып, көңілдерін көтеру үшін би биленеді.
5. «сурет салу» тақтадағы тапсырманы орындау.
1.ұш шығарғышты апару
2. қарындаштың ұшын шығару
3. қарындашты ақ қағаз қасына жеткізу
4. не салу керектігін ыммен түсіндіру
5.берілген суретті салу
6. Жіпке ілінген алманы қай команда тез таусады.
(Барлық команда мүшелері алманы тез жеп тауысуға тырысады).
7. Ата анасы баласын айқастырған қолының үстіне қойып, кеглилер арасымен жүру , жол бойы кубиктерді жинау.
Балаларды демалтып, көңілдерін көтеру үшін би биленеді.
Жүргізуші: Қазылар орнықтырар әділдікті,
Кімдердің бірліктері кәміл шықты
Бүгінгі отбасылар сайысында,
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты –
деп әділқазыларға сөз кезегін береміз. Жеңіске жеткен командаларды құттықтап , марапаттау.
Демеңіздер, біз өнерді аяп қалды,
Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.
Сау болып тұрыңыздар, кездескенше,
Осымен спорттық сайысымыз аяқталды
Жүргізуші: Осымен бүгінгі отбасылық эстафеталық сайысымыз аяқталды. Құрметті ата-аналар алтын уақыттарыңызды бөліп , біздің балабақшамызға келіп, сайысымызға қатысқандарыңыз үшін өте үлкен рахмет. Осындай қуанышты күндерде кездесе берейік.
Қош сау болыңыздар!
Отбасылық сайыс
Денсаулығы сәбидің – қуанышы әр үйдің .
Мақсаты: Балалардың көтеріңкі көңіл - күйін туғызу. Балалардың денесін шыңдап күш - қуатын нығайту,балабақшамен ата аналар арасындағы қарым қатынасты нығайту, шапшаңдыққа, ептілікке тәрбиелеу. Балаларды ойындар арқылы ақыл - ойының толысып өсуіне ықпал жасау. Жарыс кезінде ойынға қызыға қатысуына жағдай жасау, бір - біріне достық қарым - қатынастарын дамыту. Денешынықтыру сабақтарына қызығушылығын арттыру. Дене тәрбиесі процестеріндегі сауықтыру міндеттерін жүзеге асыру.
Қажетті құралдар: Зал іші мерекеге сай безендірілген, түрлі - түсті жалаушалар, ұранды сөздер жазылған плакаттар, денсаулыққа байланысты мақал - мәтелдер, эстафеталық заттар, төрт топтың жетістігін көрсететін сандар.
Музыка ойналып, қыздар ортаға әртүрлі қимылдар жасап, билеп шығады.
Жүргізуші: Құрметті әріптестер, балабақша тәрбиеленушілері , ата аналар және спорт сүйер жанкүйер қауым. Бүгін №16«Бөбек» балабақшасында ата аналармен тәрбиеленуші балалардың қатысуымен «Салауатты өмір салтын қалыптастыру» мақсатында ән-саз жетекшілерімен дене тәрбиесі жетекшісінің ұйымдастыруымен төрт топ арасында мерекелік сауықтыру іс - шарасын өткізгелі отырмыз.
Балаларды салауатты өмір салтына баулу арқылы денсаулығын сақтау, нығайту, денешынықтырудың ролін көтеру. Адам ағзасына зиянды әрекеттерден арылу, аластау. Егеменді еліміздің ертеңгі денсаулығы мықты азаматтар мен азаматшаларды тәрбиелеу біздің міндетіміз.
Міне, бүгін балабақшаның ата аналарымен тәрбиеленушілерінің қатысуымен өткелі отырған «Денсаулығы сәбидің – қуанышы әр үйдің» атты мерекелік сауықтыру іс - шарасын бастауға рұқсат етіңіздер.
Марш ойналып, балалар мен ата аналар төрт қатарға бөлініп ортаға шығады.
Әнұран ойналып, еліміздің туы көтеріледі.
Жүргізуші:
Жабырқауды білмейміз
Жалқаулықты сүймейміз
Біз талапты жас ұлан
Үлгі аламыз жақсыдан.
Орман көлге шыңға біз
Саяхатқа шығамыз
Бөлінбейді іргеміз
Әрқашанда біргеміз.
Төрт команданың сәлемдесуі
1. Ұшақтан да ұшқырмыз
Желден де озған жүйрікпіз
Жарысуға сендермен
Келіп тұрған мықтымыз
«Намыс» тобынан жалынды сәлем!
2. Келіңіздер, келіңіздер
Бұл жарысты көріңіздер
Бізде бәрі жүйріктер
Күш сынасар алыптар
«Жігер» тобынан жалынды сәлем!
3.
4.
Эстафеталық жарыс түрлері:
1. Тарелкаға салынған допты құлатып алмай, межені айналып жүгіріп келу
2. Балық аулап, себетке тасу
3. Топты екі тізенің арасына қысып жүгіру
4. Арқан тартыс
5.Кедергілер арқылы жүріп өтіп , тақтадағы тапсырманы орындау.
6.Жіпке ілінген алманы қай команда тез таусады.
Балаларды демалтып, көңілдерін көтеру үшін ән айтылып, би биленеді.
Ән: «Қуыршақтар». Орындайтын қыздар тобы.
Би: «Көңілді жастық шақ» -ұлттық би -Айхан
Әділқазылар алқасы жеңімпаз топтарға мадақтау және сыйлықтар тапсырады.
Құрметті қонақтар, спорт жанкүйерлері! Бүгінгі эстафеталық жарысымыз осымен аяқталды. Бүгінгі жарысқа қатысқан ата аналармен бүлдіршіндерге алғысымызды білдіреміз! Алдағы күндері үлкен биіктерден көріне беріңдер! Бүгінгі жеңістерің құтты болсын!
«Әкем шешем және мен» отбасылық сайыс
Өтетін орны: Ауылдық спорт алаңы
Алаң мерекеге сай безендірілген, жалауша, шарлар, кубиктер
Мақсаты: Ата - анамен тығыз қарым - қатынаста болып, балабақша мен ата - ана арасындағы байланысты жақсарту. Спортқа деген қызығушылығын арттыру.
Жүргізуші:
Жабырқауды білмейміз
Жалқаулықты сүймейміз
Біз талапты жас ұлан
Үлгі аламыз жақсыдан.
Орман көлге шыңға біз
Саяхатқа шығамыз
Бөлінбейді іргеміз
Әрқашанда біргеміз.
Құрметті қонақтар, ата - аналар, балабақша қызметкерлері, бүгінгі біздің толағай отбасылық сайысына қош келдіңіздер! Ал енді ойынымызды бастамас бұрын, әділ қазылар алқасын сайлап алайық
Әділ қазыларға ең жоғарғы бал бес бал деп айта кетейін, әділ қазылар алқасымен танысып болсақ, бүгінгі сайысқа қатысатын отбасылық топтарымызды ортаға шақырайық.
1 топ «Балбөбек» тобынан көк түсті ----------------------------------
2 топ «Балауса» тобынан қызыл түсті -------------------------------
3 топ «Балдырған» тобынан ақ түсті ---------------------------------
Топтарымызды ортаға шақырдық, енді топ басшылары топтарын жеке - жеке таныстырып өтсін.
Ал енді топтарымызбен танысып болсақ, ойынымызды бастайық.
I. Эстафета
Ойын шарты: Әкелері балаларын мойындарына мінгізіп жалаушалар арасымен жылдам, жүгіріп жарысады.
Ал енді әділ қазылардың шешімін тыңдайық.
Көк түсті «Балбөбек» тобының бағасы.
Қызыл түсті«Балауса» тобының бағасы.
Ақ түсті«Балдырған»тобының бағасы.
II. Көңілді секіртпе
Ойын шарты: Аналарымыз секіртпемен жалаушалардың арасымен жүгіріп жарысады.
1 - 2 - 3 алға - а - а
Әділ қазылар сөз кезегі өздеріңізде
. Көк түсті «Балбөбек» тобының бағасы.
Қызыл түсті «Балауса» тобының бағасы.
Ақ түсті «Балдырған»тобының бағасы.
III. Жұптасу
Ойын шарты: Әкелері мен аналары қолдарын ұстап, балаларын қолдарына отырғызып жалаушалар арасымен жарысады.
1 - 2 - 3 алға - а - а
Әділ қазылар сөз кезегі өздеріңізде
. Көк түсті «Балбөбек» тобының бағасы.
Қызыл түсті «Балауса» тобының бағасы.
Ақ түсті «Балдырған»тобының бағасы.
IV. Кенгуру
Ойын шарты: Мөшекті аяқтарына киіп жалаушалар арасымен жарысады.
алға - а - а
Енді отбасыларымыздың бағасын тыңдайық.
«Балбөбек» көк түсті тобының бағасы.
«Балауса» қызыл түсті тобының бағасы.
«Балдырған» ақ түсті тобының бағасы.
V. Теннис
Ойын шарты: Теннис тақтайшасымен допты жалаушалар арасымен алып жүру.
алға - а - а
Ал енді әділ қазылардың шешімін тыңдайық.
«Балбөбек» көк түсті тобының бағасы.
«Балауса» қызыл түсті тобының бағасы.
«Балдырған» ақ түсті тобының бағасы.
VI. Велосипед
Ойын шарты: Әкелері балаларын велосипедке отырғызып жалаушалар арасымен жарысады.
1 - 2 - 3 алға - а - а
Әділ қазылар сөз кезегі өздеріңізде.
«Балбөбек» көк түсті тобының бағасы.
«Балауса» қызыл түсті тобының бағасы.
«Балдырған» ақ түсті тобының бағасы.
Ал енді әділ қазылар алқасы ақылдасып бір шешімге келгенше ән шашуымызды қабыл алыңыздар!
загрузка...
Шынықсаң шымыр боласың (эстафеталық жарыс)
Жарияланды 10-04-2014, 02:14 Категориясы: Бала-бақша
Эстафеталық жарыс Шынықсаң шымыр боласын
Жүргізуші: Құрметті балдырғандар, спортшылар! Сіздерді «Шынықсаң шымыр боласын» атты эстафеталық жарысқа қатысуға шақырамыз! Сіздерге зор ден - саулық «жарыста» сәттілік тілейміз. Ортаға жарысқа түсетін үш топты шақырамыз: №1топ -«Тұлпар» командасы
№2топ -«Жеңіс» командасы
№3топ -«Қыран» командасы
Командалар сәлемдесуі.
«Тұлпар»командасынан жалынды сәлем.
«Жеңіс»командасынан жалынды сәлем!
«Қыран»командасынан жалынды сәлем!
Жүргізуші: Міне, балалар шықты алаңға, Жас спортшылар жеке - жеке команда.
Ал, балалар өздеріңді танытыңдар,
Ептілік, мықтылық, батылдық көрсетіп табанда!
Тақпақ: Дене шынықтыру керек бәрімізге!
Дариға: Жаттығу ырғағы қосылады әніме
Дене шынықтыру жалқаулыққа жол бермей,
Ауру сырқауды жолатпайды тәнімізге!
Ал, қанекей бір - бірімізді қостаймыз,
Бүгінгі жарысымызды бастаймыз.
«Жеңіске»жетеміз деп
Жалынды ұран тастаймыз.
Жүргізуші: «Алақай»деген ұранды ортаға біз тастаймыз.
Жарысымызды денені қыздырудан бастаймыз.
Эстафета 5этаптан тұрады: 1 - этап «Кім жылдам?»
Шарты: Доппен секіріп, жылдам келу.
2 - этап: «Жалауды тез жеткізу»
Шарты: Кеглиді айналып жүріп, жалаушаны 2 - балаға жеткізу
3 - этап: «Жүйрік ат»
Шарты: Шарды екі аяғына қысып секіру
4этап: «Шебер»
Шарты: бірінші бала допты шеңберге қою, екінші бала допты алып келу.
5 - этап: «Жаңа орын»
Шарты: бірінші бала айналып жүгіреді, екінші баланың қолынан ұстап, орындыққа отырғызады.
Жүргізуші: Бүгін міне, оң болып әр ісіміз,
Жоғары боп күш жігер намысымыз.
Осылайша қуанышпен думандатып,
Аяқталды халайық жарысымыз!
Әкем, шешем және мен(жанұялық жарыс)
авторы: Merlan(22 сәуір, 21:04 жарияланды)
Мақсаты: Балалардың денсаулығын нығайтып,ептілікке, жылдамдылыққа тәрбиелеу,дене шынықтыруға деген қызығушылығын эстафеталық ойындар арқылы дамыту. Ата-аналардың балабақшамен тығыз байланысын дұрыс жолға қою және ойындарға ата-аналардың белсене қатысып, ынтымақтаса жүргізілген жұмыстардың нәтижелі болатындығына көз жеткізу.
Іс-шараға қажетті құралдар: Кеглдер,доптар,құрсау,үлкен резеңке доп,қызыл,сары,жасыл түсті кішкене доптар,жалаулар.
Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме,құрметті ата-аналар,бүлдіршіндер!
Сәттілік тілей отырып,бүгінгі іс-шараны бастауға рұқсат етіңіздер.
Келіңіздер,келіңіздер!
Бұл жарысты көріңіздер.
Бізде бәрі жүйріктер.
Күш сынысар алыптар.
Жарысатын отбасылар, –дей келе бүгінгі осы ата-аналармен балабақша арсындағы өткелі тұрған «Әкем,шешем және мен» атты жанұялық эстафеталық жарысымызға қош келдіңіздер. Олай болса жарысқа қатысушы топтарды ортаға шақырамыз.
1. «Тұлпар» тобы- Асқаровтар отбасын қошеметпен қарсы алайық.
2. «Табиғат қамқоршысы» тобы - Дүйсенбиевтер отбасын қошеметпен қарсы алайық. 3. «Бірлік» тобы – Рамазановтар отбасын қошеметпен қарсы алайық.
Ойынды бастамас бұрын әрбір жанұяға әділ баға беретін әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар.
1.Сартаева Гүлнар- ата-ана
2. Таңатарова Тоты- ата-ана
3. Гайнуллиева Жұпар Қуанқызы- тәрбиеші
Жарыс үш бөлімнен тұрады.
1- бөлім: Командалар сәлемдеседі және ұрандарын айтып, әмблемаларын қорғау.
2-бөлім: Эстафеталық жарыс.
3-бөлім: Қимылды ойын.
Жүргізуші:
Қәне, бір-бірімізді қостаймыз,
Бүгінгі жарысымызды бастаймыз.
«Жеңіске жетеміз!» деп,
Жалынды ұран тастаймыз.
Әр топ әділқазылар алқасына өздерін таныстырып өтеді,эмблемаларын қорғайды.
« Тұлпар» тобы:
Топты жарған,жанұямыз,
Жаралдық ақ тілектен біз.
Сұңқар-қанат,
Тұлпар –тұяқ түлектерміз.
Жарысымызды бастаймыз.
« Табиғат қамқоршысы» тобы:
Ұшақтан да ұшқырмыз,
Желден озған жүйрікпіз.
Жарысуға сендермен,
Келіп тұрған мықтымыз.
«Бірлік» тобы:
Қатар өскен құрдасқа,
Жарыс ұнап тұрмас па.
Қуып жету жақсы ғой,
Озып шығу бір басқа.
Ортаңғы топ балалар орындауында «Спорттық би»
2-бөлім: Эстафеталық жарыс.
1. «Ұлпа қар» ойыны.
Ойынның шарты: Әкесі белгілеген орынға дейін жердегі қардың біреуін алып, кедергілер арасымен жүгіріп шелекке дәлдеп түсіру керек. Әрі қарай анасы және балалары кезек-кезек әкесіне қар тасып береді. Қар таусылғанша ойын осылай жалғаса береді.
2. «Аққала» ойыны.
Ойынның шарты: Топ басшысы үрмелі доппен кедергілер арасымен секіріп,допты белгіліленген орынға қойып қайтады. Келесі ойыншылар кезек-кезек допты қойып аққала құрастырып шығады. Қай топ бірінші болып аққала құрастырса, сол топ көп ұпай санын еншіленеді.
2. «Жүйріктер» ойыны.
Оыйнның шарты: Топ басшысы қапты киіп,кедергілер арасымен секіріп, белгіленген жерге келеді. Келесі анасы,секіргішпен сол тәртіппен, секіріп келеді. Балалары кедергілер арасымен,самокатты айдап келуі керек. Қай топтың баласы бірінші болып келсе,сол топ көп ұпай санын еншілінеді.
3. «Кенгуру» ойыны.
Ойынның шарты: Әрбір ойыншы беліне қалта байлап алып, үлкен доппен кенгуруша кедергілер арасымен секіріп,жердегі қызыл,сары,жасыл түсті шарларды өздеріне берілген түстерді жинау керек.
-«Тұлпар»тобы сары түсті
-«Табиғат қамқоршысы» тобы қызыл түсті
-«Бірлік»тобы жасыл түсті
4. « Кім жылдам» ойыны.
Ойынның шарты: Ойыншылар қатар-қатар тұрады. Барлық құрсаулар әкесінде болады.Белгі бойынша әкесі анасына кигізеді,анасы баласына. Сол тәртіп бойынша ойын жалғасады.Құрсаулар қайтадан топ басшысында жиналғанша.Құрсауларды тез жинаған топ жеңіске жетеді.
Қимылды ойын: «Кім тез»
Барысы: Бұл ойын үшін алдын-ала әрбір ойыншыға түрлі-түсті қағаздан жалаулар және әрбір командаға тіреуші бар жалаулар дайындалады. Жүргізуші әрбір командаға белгілі түсті жалаулар ұсынады. Жүргізушінің белгісі бойынша ойыншылар (алаңда) жүреді,жүгіреді, «Орнымызға барамыз»белгісі бойынша барлық ойыншылар командада өз орнын табуы керек. Ойын ережесі бойынша қимыл-қозғалысты бір мезгілде бастайды. Тез және дұрыс кезекпен сапқа тұрған команда жеңімпаз атанады.
-«Тұлпар» тобы- қызыл түсті
-«Табиғат қамқоршысы» тобы- сары түсті
-«Бірлік» тобы –жасыл түсті
Қимылды ойын: « Секіргіштер»
Ойынның шарты: Ойыншылар шеңбер бойымен айнала тұрып, бірінің оң жақ иығына қолдарын қойып,сол аяқтарын көтеріп шеңберді бойлай музыка әуенімен секіріп жүреді. Қай ойыншы көтерген аяғын жерге түсіріп алса, сол ойыншы ойыннан шығады.Соңғы бір ойыншы қалғанша ойын осылай жалғаса береді.
Бағалау: «5» -өте жақсы «4»-жақсы «3»- орташа
Сөз кезегін әділқазыларға береміз.
Қорытындысы женімпазды құттықтау.
Ата-аналарды алғыс хатпен марапаттау.
–Женімпаз топтарға сыйлық беру.
Әкем, шешем және мен
Жарияланды 16-01-2015, 12:11 Категориясы: Бала-бақша
Сауықтыру шарасына байланысты өткізілетін отбасылық, спорттық сайыстың мақсаты.
Балалардың дене бітімі дұрыс жетілуі үшін және спорттық дене шынықтырудың маңызын түсіндіру, қызығушылықты арттыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру арқылы ептілікке, жылдамдыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу. Балалар арасындағы ынтымақтастыққа өзара бірлесе қимыл жасауды дамыту.
«Өмір негізі – денсаулық; Денсаулық негізі – спорт;» деген сөздің мақсатын түсіндіру.
Көрнекілік: доп, кольцо, кедергілер, скакалка.
Жүру барысы: 1) Ұйымдастыру
2) Командамен таныстыру
3) Сайыстың шарттары
4) Әзіл – қазылар алқасын тағайындау
5) Сайысты қорытындылау
Құрметті қонақтар, ата – аналар балабақша ұжымы бүгін ата – аналар арасында ұйымдастырылып отырған « Әкем, шешем және мен» атты отбасылық сайысымызға Қош келдіңіздер!
Келіңіздер көріңіздер
Тек ынта бөліңіздер
Мықты боп шынығып
Шығам деп сеніңдер - өткізіп
Ендеше бүгінгі сайысымызға қатысатын топтарды ортаға шақырамыз.
І. «Қыран» тобы ------------------------- отбасы
ІІ. «Сұңқар» тобы ----------------------- отбасы
ІІІ. «Барыс» тобы ------------------------ отбасы
Бұл отбасыларға сәттілік тілей отырып, әділ – қазылар алқасымен таныстырайық
Балабақшамыздың әдіскері:
- Әділ қазылар алқасымен ойынымыздың әділ бағалауын және әр сайыс шартынан кейін, әр топтың бағасын жеке – жеке көтеруін сұраймыз!
- Бүгінгі спорттық сайысымыз 5 бөлімнен тұрады
1. «Навигатор» әкесінің басына шелек кигізіп қояды. Сосын арқасына бала мініп, кедергілердің арасымен, құлатпай жол көрсетіп отырады. Кім мәреге тез, кедергілерді құлатпай жетсе, жеңіс сол топтікі болып саналады.
Әділ қазылардан сайыскерлеріміздің бағасын сұраймыз
2. «Секірмек» мұнда екі үлкені (әкесі мен шешесі) скакалкамен кедергілердің арасымен, құлатпай бар жылдамдықпен мәреге жетуі тиіс. Ал, қалған екі бала бірінің үстінен бірі секіріп, кедергіні айналып мәреге жетуі тиіс.
Әділ қазылар сайыскерлерімізді қалай бағалар екен?
3. «Сурет салу» Екі аяқтың арасымен допты қысып алып, кедергілерді аралап құлатпай, мәреге жетуі тиіс. Мәреге жеткен соң үйдің суретін салу тиіс. Мыс: бірі үйдің төбесін, бірі терезесін т. б.
Бұл ойынымыз қызықты, көңілді өтті.
- Ал, енді біздің сайыскерлеріміз үй қалай салады екен, бұған қазылар алқасы қандай баға берер екен?
4. «Бетпақ дала» Бұл ойынымыздың шарты, бір шеңберден екінші шеңберге секіріп батпаққа батпай кедергілердің басына дейін барып, жеңіс мерекесіне шеңберді белдеріне киіп бар жылдамдықпен жетуі тиіс.
- Ал, енді батпаққа батпай жеткен сайыскерлеріміздің бағасын берейік
5. «Кенгуру» бұл ойынымыздың шарты доптың үстіне отырып, кедергінің арасымен, құлатпай айналып, жеңіс мәресіне жетуі керек. Келген соң математикалық есеп шығарылады.
Ал, кішкентай балалар орындалысы пішініне қарай айыру.
- Сайыскерлеріміз қандай баға алар екенбіз деп үмітпен қарауда.
- Құрметті көрермендер «Әкем, шешем және мен» атты спорттық спорттық сайысымыз өз мәресіне келіп жетті.
- Әділ қазылар шешімін шығарады
«Өзбек» биі орындалады.
- Сөз кезегін әділ қазылар алқасы Ақмарал апайға береміз.
- Міне бүгін денсаулық кепілі спорттық отбасылық сайысымыз өз мәресіне жетті.
Жеңісті күндерде жолыққанша!
Тақырыбы: «ӘКЕМ, ШЕШЕМ ЖӘНЕ МЕН»
отбасылық спорттық сайыс
Қатысушы: 3 – 4 сынып оқушылары мен ата — аналары
Мақсаты: Оқушыларды және ата-аналарды сұлу да сымбатты, денсаулығы зор, күшті болу үшін денені шынықтыру, оларға спортпен айналысуын қажет екендігінің манызын түсіндіру. Оларға спорттық ойындарды орындата отырып, спортқа деген қызығушылықтарын арттыру. Салауаттану – адам жанының да, тәнінің де тазаруы, денсаулығының жақсаруы, сондықтан салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.
Түрі: отбасылық спорттық сайыс
Құрал – жабдықтары: доптар, секіртпелер, кеглилар, арқан, шығыршықтар, кіші доптар, бадминтон қалақтары.
Өтілу барысы:
Ұйымдастыру бөлімі.
Негізгі бөлім.
— Қадірменді спорт сүйер қауым! Бүгінгі оқушылар мен ата-аналары арасында өткізгелі отырған «Әкем, шешем және мен» атты спорттық сайысымызға қош келдіңіздер! Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан — 2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру шеңберінде халық арасында салауатты өмір салтын насихаттау, оқушылардың ата – аналарын дене шынықтыру мен спортқа үгіттеу, спортпен айналысып балаларымен бірге белсенді уақыт өткізу мақсатында өткізіліп отырған спорттық байқауымызды ашық деп жариялаймыз.
Отбасылардың бірге орындайтын спорттық өнерлерін көрсетуде жылдам, епті, ұйымшыл және көңілді екендіктерін көру қандай қуаныш. Бүгінгі біздің сайысымызға 3 отбасы қатысады. Әр отбасы жеке топты құрайды. Әр топ жеңіс мәресіне жету үшін бірнеше кезеңнен тұратын кедергілерге төтеп беруі тиіс. Меніңше бұл әрбір ата-аналарымыздың қолынан келеді. Біз әр топ отбасыларына сәт сапар тілейміз!
Жарысқа қатысатындарды шақырамыз,
Әр таңды бақытпенен атырамыз.
Өнерді ой көгінде бақылаңыз,
Сайысқа қатысуға енді ортаға,
Үлгілі де өнегелі, жылдам да шапшаң,
Отбасыларымызды шақырамыз.
(әр отбасы орындарына келіп тұрады)
«Бәйтерек» тобы, Досқалиевтар отбасы
«Болашақ» тобы, Алмұхановтар отбасы
«Жас қыран» тобы, Кажимовтар отбасы
Ал, құрметті халайық!
Жарысты енді көріңдер.
Әділ қазы алқасы,
Әділ баға беріңдер!
Сайысты бастамас бұрын, сайысымызды бағалап, төрелік айтар әділқазылар алқасымен таныстырып өтейік.
Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Нұрбек Бекболатұлы
Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Жомарт Алдоңғарұлы
Даярлық топ сыныбының тәрбиешісі Райгүл Қобыланқызы
Спорттық сайысымыз 5 баллдық жүйемен бағаланады.
Сайыстың бағдарламасы 6 турдан тұрады:
1-тур: «Менің отбасым». Таныстыру
2-тур: «Эстафета»
3-тур: «Тасымақ»
4-тур: «Көпсайыс»
5-тур: «Арба»
6-тур: «Арқан тартыс»
Әр кезеңнен кейін әділқазылар өз бағаларын береді.
Құрметті сайыскерлер! Сіздерге сәт — сапар!
Сайысқа қатысушыларға көтеріңкі көңіл – күй, батылдық, жеңіс тілей отырып, сайысымызды бастаймыз.
загрузка...
І. «Менің отбасым». Таныстыру.
Өнер қуып отбасы өтер дейміз,
Бір басына өнері жетер дейміз.
Сайысқа келген топтар кезектесіп.
Таныстырып өздерін кетер дейміз.
ІІ. «Эстафета»
Шарты: Әр отбасы мүшелері кезектесе кедергі арасымен қолындағы бадминтон қалағымен кіші допты түсірмей, допты теуіп алып жүру.
ІІІ. «Тасымақ»
Шарты: Әр отбасы мүшелері еңкейе жүре желкесіндегі допты жерге түсірмей кедергі арасымен жүріп өту.
ІV. «Көпсайыс»
Шарты: Ойынды аналары секіртпемен секіріп бастайды, межелі орынға жеткенде балалары да жүреден отыра қосаяқтап секіріп анасының қасына барады, ал әкелері өрмекші жүрісі бойынша ана мен баланың жанына барып, әке мен ана баласын айқастырылып ұсталған қолдарына отырғызып өз орнына кері оралу.
«Арба»
Шарты: Әр отбасы мүшелері шеңбермен допты кедергілерден алып жүру. Нәтижесі допты дұрыс бағыттау. Кедергілерді құлатпау.
«Арқан тартыс»
Шарты: Екі отбасы мүшелері арқан бойымен ұстап, бір-біріне қарама-қарсы тұрады. Белгі берісімен екі отбасы арқанды өзіне қарай бар күштерін сала тартады. Бұл жерде күш сыналады. Егер отбасы мүшелері сызықтан шығып кетсе, сол отбасы жеңіледі.
III. Қорытынды бөлім.
Жарыс заңы ежелден-
Жеңімпазды анықтау.
Жеңімпаз болу шарты сол-
Еңбектену, жалықпау.
Біреу озса сайыста,
Біреу артта қалады.
Жеңілгендер ренжімей,
Тараса бізге жарады.
— Олай болса, құрметті сайысқа қатысушы ата-аналар, балалар, сіздер бүгін өз күш-жігерлеріңізді, шымыр шыныққан екендеріңізді дәлелдедіңіздер. Біздің әділқазыларымыз барша турдың қорытынды бағасын есептеп шығарғанша, сіздерге мектеп оқушыларының ән шашуын ұсынамыз:
— «Жаса, қазағым» әні.
Орындаушылар: Ермекқалиев Дамир, Тілекқабылов Мейірбек.
Таңданайық, спортқа тамсанайық,
Бәріміз де қосылып, қол соғайық.
Шабыттансын, көңілдерің көтерілсін,
Сайыскерлерді мадақтап қол соғайық! — дей келе, сайысымыздың аяқталар сәтіне де келіп жеттік. Олай болса, бүгінгі сайыскер отбасыларды мадақтау үшін сөзді әділқазылар алқасына береміз.
Жеңімпаздарды марапаттау.
(Әділқазылардың ұпайларын тыңдау)
І орын – Кажимовтар отбасынан құралған топ «Жас қыран»
ІІ орын – Алмұхановтар отбасынан құралған топ «Болашақ»
ІІІ орын – Досқалиевтар отбасынан құралған топ «Бәйтерек»
Әділқазылар алқасы қорытындысын жариялап, жеңімпаздарды атайды. Отбасыларды дипломдармен марапаттап, демеушілер сыйлықтар табыстайды.
Демеңіздер, біз өнерді аяп қалды,
Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.
Сау болып тұрыңыздар, кездескенше,
Осымен спорттық сайысымыз аяқталды.
Бүгін алтын уақыттарыңызды қиып, отбасылық сайысқа қатысқандарыңыз үшін әрбір отбасыға алғысымызды білдіреміз! Жақсылықта, амандықта жүздескенше!!! Сау болыңыздар!
«Әке, шешем және мен» спорттық сайыс.
Мақсаты: балалардың арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, күш-қуат пен секірігіштікті дамыту, достық пен ұйымшылдыққа және инабаттылыққа тәрбиелеу.
Жүргізуші: Құрметті балалар мен ата-аналар, қонақтар! Бүгін біздің балабақшада үлкен мереке. Балаларымыздың ата-аналары арасында спорттық жарыс өтпекші. Олардың бірге орындайтын спорттық өнерлерін көрсетуге жылдам, епті, ұйымшыл және көңілді екендіктерін көру қандай қуаныш. Біз мұндай отбасыларына сәт сапар тілейміз!
Сайысқа қатысатын ата-аналар келіп эмблемаларын алуы сұранады.Алдымен сайыс шартымен таныстырып өтейін.
Сайысқа қатысушылармен жеке таныстыру.
«Кім жылдам?» ойыны
Доппен секіру.
Допты шеңберге лақтыру.
Асық ату.
Алғашқы сайысқа Карамбаевтар мен Зайдолла отбасы жарысқа түседі.
Карамбаевтар отбасы: Біз ананың қуанышымыз.
Бала кезден шыныққан.
Болшақта есейіп.
Біз жеңімпаз боламыз.
Зайдолла отбасы: Қатар өскен құрдасқа.
Жарыс ұнап тұрмаспа.
Қуып жету жақсы ғой.
Озып шығу бір басқа.
Темиргалиевтер отбасы: Қане, қане жарысуды.
Айналдырайық әдетке.
Денемізді шынықтыру.
Денсаулыққа қажетпе.
Жүргізуші: Қызады бүгін той-сайыс ортамызды ашайық.
Ырыс дәулет мол болсын.
Жылда осындай сайыс болсын.
Жарысты енді бастайық.
Ал кәнекей жол болсын.
«Кім жылдам» ойыны.
Шарты: алдында үш жәшік қойылған. Топтағы сайыскерлер ойышшықтарды жолда жинап алуы керек. Қай топ тез жинап шықса, сол жеңген болып есптеледі.
Жүргізуші: Ал құрметті халайық.
Жарысты енді көріндер.
Әділ қазы алқасы.
Әділ баға беріңдер.
3. «Доппен секіру». Ойыны.
Шарты: Жарысатын үш топтың сайыскерлері мәреге келіп тұрады. Допты аяқ арасына қойып секіріп келіп сөреге дейін барып қайтып, екінші сайыскерге береді.Ал балалар бір аяқпен секіріп қайтады.
Жүргізуші: Өнерсіздік зор айып.
Ән мен күйге басайық.
Арасында тағы бір.
Ән мен шашу шашайық.
Балалардың өнерлерін көру.
Жүргізуші: Өнерге биік өсіңіз.
Думанға қызық келіңіз.
Әділ қазы ел сенген.
Өнерге баға беріңдер.
4. «Допты шеңберге лақтыру» Ойыны.
Шарты: Осы құрсауға допты дәл лақтыру керек. Әр бір отбасының сайыскері допты екі рет лақтырады. Кім шеңберге дәл лақтырса, сол көп ұпай жинайды.
Жүргізуші: Қошеметпен жеңіп шыққан отбасын.
Қол соғайық жеңісімен құттықтап.
Жақсы ойынын қарап.
Енді міне көшейік жарысқа.
5 «Асық тастау» ойыны.
Шарты: Белгілі мәреде шеңбер ішінде асықтар қойылған. Қай отбасының сайыскері асықты құлатып, шеңберден шығарса сол топ коп ұпай жинап, жеңіп шығады.
Жүргізуші: Денің саудың күштісің бұл әлемде.
Денің саудың сүлусың жер бетінде.
Сол мықты денсаулықтың арқасында.
Жетерсің әлі талай бақыттарға.
Сайысқа қатысқандарыңыз үшін көп рахмет.
Құрметті әділқазылар сөз кезегі өздеріңізге, ата-аналар мен балаларды марапаттау.