СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Компьютерлік желілер

Категория: Информатика

Нажмите, чтобы узнать подробности

6 сыныпқа арналған Компьютерлік желілер тақырыбына жоспар

Просмотр содержимого документа
«Компьютерлік желілер»

Қысқа мерзімді сабақ жоспары


Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Компьютер мен желілердің техникалық сипаттамалары

Мектеп: Ю.Гагарин атындағы орта мектеп

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Хидуллина Гаухар

Сынып: 8

Қатысқандар:

Қатыспағандар: -

Сабақтың тақырыбы

Компьютерлік желілер

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары ( оқу бағдарламасына сілтеме)

8.1.3.1. – желінің өткізу қабілетін анықтау.

Сабақтың мақсаты

-Ақпаратты беру жолдарын анықтау;

-Деректерді қашықтықтан тарату, ақпарат алмасу арналарын білу;

-Арнаның өткізу қабілетін, ақпарат тарату жылдамдығын, жіберетін ақпарат көлемін, өлшем бірлігін, негізгі факторларын анықтау.

Бағалау критерийі

  • Ақпаратты беру жолдарын анықтай алады;

  • Деректерді қашықтықтан тарату, ақпарат алмасу арналарын біледі;

  • Арнаның өткізу қабілетін, ақпарат тарату жылдамдығын, жі беретін ақпарат көлемін, өлшем бірлігін, негізгі факторларын анықтай алады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар маңызды терминдер мен қысқартылған сөздерді түсіндіреді.

Негізгі сөздер мен тіркестер:

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

  • Желінің өткізу қабілеті – Пропускная способность сети –Network bandwidth

  • желі, кабель, оптикалық-талшық, радиоарналар, бит, байт, Кбайт, Мбайт, модем, желінің өткізу қабілеті, ақпарат көлемі, ақпарат саны .

Құндылықтарға баулу

Компьютерде желімен жұмыс жасау барысындағы қауіпсіздік ережелерін сақтауды үйрене отырып, сол ережелерді үнемі есте сақтауға үйрету, ұқыпты болуға баулу.

Пәнаралық байланыс

Физика, Математика, Бейнелеу өнері

Алдыңғы білім

Процессор және оның сипаттамалары.

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспар-ланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

( 5 мин)






Ұйымдастыру.

Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, психологиялық ахуал қалыптастырып, көңіл-күйлерін байқау.

Сергіту сәті. «Шаттық шеңбері» арқылы сыныпта оқушылардың бір-біріне жылулық сыйлап, әр оқушы бір-біріне мейірімді, қайырымды, жылы сезімге толы жақсылықтарын жеткізіп, атмосфера қалыптастыру.

Топқа бөлу: Қиынды суреттер арқылы топқа бөлінеді

I  топ: «Ноутбук» тобы, II топ:  «iPhone» тобы , III топ: «iPad» тобы

Суреттерді құрастыру арқылы топқа бөліну. Оқушыларға бағалау парақшаларын таратамын.

Үй тапсырмасын сұрау. «Қарлы боран» әдісі арқылы үй тапсырмасын сұрау. Өздері дайындап келген сұрақтарды параққа жазып, мыжғылып бір-біріне лақтырып сұрақтарын жазып алып, жауап береді. Оқушылар бір-бірін смайликтер арқылы бағалау.


Ой шақыру кезеңі: «Бірге ойлаймыз» әдісі

Компьютерлік желілер туралы не білесіңдер?

Стикерлер, қағаздар

Суреттер

Қағаз

Сұрақ парақшалаы

«Бірге ойлаймыз»


Сабақтың ортасы

(10 мин)


















(5 мин)













(3 мин)





















(7 мин)



























(6 мин)

Жаңа сабақ. Естеріңе түсіріңдер:

  • Желі деген не?

  • Интернет деген не?

  • Қандай желі түрлері бар?

«Болжау» әдісі арқылы сабақтың тақырыбын ашамын. Оқушыларға слайд арқылы сурет көрсетіп, мынандай сұрақтар қойылады:

1.Бүгінгі сабақта әңгіме не туралы болады?

2.Қандай тақырып маңайында өрбиді?

3.Дайын құжатты қағаз жүзінде қалай көреміз?

Жауабын дұрыс тапқандарға жұлдызша беремін.

Тақырыптың мазмұнын ашу:

Меңгерілетін білім:

1. Ақпаратты беру жолдары;

2.Деректерді қашықтықтан тарату, ақпарат алмасу арналары;

3.Желінің өткізу қабілеті, тарату жылдамдығы, беретін ақпарат көлемі, өлшем бірлігі, негізгі факторлары.

1-тапсырма. «Постер» қорғау. Ақпаратты беру жолдарын анықтаңыз. (Бір-біріне түсіндіреді)

Оқыту формасы: Топтық жұмыс

I – топ: Ақпаратты жіберуші

ІІ-топ: Ақпаратты беру арнасы

ІІІ-топ: Ақпаратты қабылдаушы

Дескриптор:

1. Ақпаратты беру жолдарын анықтай алады.

Қалыптастырушы бағалау: «Бас бармақ» тәсілі бойынша топтар бірін-бірі бағалайды.

Бас бармақ жоғары қарап тұрса -Мен түсіндім.

Бас бармақ көлденең тұрса – Мен түсінгендеймін.

Бас бармақ төмен қарап тұрса – Мен түсінбедім.


2-тапсырма. «Түртіп алу» әдісі. Осы әдіс арқылы «Дәптерге орындайық» тапсырмасын орындатамын.

Оқыту формасы: Жеке жұмыс

Оқушы білімін жинақтауға мүмкіндік береді. Оқушылар өздері жеке дара жұмыс дәптерлеріне орындайды.

1. www.speedtest.net веб-сайтын пайдаланып, интернетке қосылу жылдамдығын тексеріңдер, тестіні сабақ барысының әртүрлі уақытында іске қосыңдар. Кестеге интернет жылдамдығын тексеру тестінің нәтижесін жазыңдар.

Дескриптор:

1. www.speedtest.net веб-сайтын пайдаланып, интернетке қосылу жылдамдығын тексеріп, нәтижесін дәптерге жазады.

Қалыптастырушы бағалау: Оқушылардың меңгеру деңгейін «Шапалақ» әдісі арқылы жүзеге асырылады. Қол шапалақтау арқылы бағалайды.


3-тапсырма. «Практикалық жұмыс». «Бірлескен жұмыс дағдысын қалыптастыру» әдісін қолданып, бұл тапсырмада оқушыларды бірлесе жұмыс істеуге жетелейміз.

Компьютерде орындайық. Желінің өткізу қабілетін анықтауда оқушылардың білім деңгейін саралау мақсатында оқушы деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.

Оқыту формасы: Жеке жұмыс

1. Өткізу қабілеті 100 Мбит/с канал бойынша 1 секундта қанша байт ақпарат өтеді?

2. Көлемі 2,5 Кбайт ақпарат 2560 бит/мин жылдамдықпен тасымалданады. Аталған хабарлама қанша минутта жіберіледі.

3. 14 400 бит/с жылдамдықпен хабарламаны жеткізетін модемге ұзындығы 225 Кбайт хабарламаны жіберу үшін қанша секунд қажет?

Дескриптор:

1.Өткізу қабілеті бойынша қанша байт ақпарат өтетінін есептейді.

2. Белгілі бір жылдамдықпен тасымалданған хабарламаның қанша минутта жіберілетін анықтайды.

3. Хабарламаны жіберу үшін қанша секунд қажет екенін анықтайды.

Қалыптастырушы бағалау:. «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі .Оқушылар бағалау критерийлеріне сәйкес бір біріне жұмысы үшін баға қояды.

4-тапсырма. Конверттегі сұрақ .

Оқыту формасы: Жеке жұмыс. ІІІ деңгей бойынша әр топтан бір оқушы сұрақты алу арқылы жауап береді.

Деңгейлік тапсырмалар:

І деңгей тапсырмалары

  1. Желі өнімділігі деген не?

  2. Желі өнімділігінің негізгі сипаттамалары қандай?

ІІ деңгей тапсырмалары

  1. Желінің өткізу қабілеті?

  2. Мәліметтерді тасымалдау жылдамдығы бойынша ақпарат көлемінің өлшем бірліктері?

  3. Мәліметтерді тасымалдау жылдамдығын қалай анықтауға болады?

ІІІ деңгей тапсырмалары

  1. Ғаламдық желілер тұрғысынан қарағанда Интернет терминін қалай түсіндіруге болады?

Дескриптор:

1.Деңгейлік тапсырмаларды әр оқушы қабілетіне қарай орындайды.

Қалыптастырушы бағалау: «Бағдаршам» әдісімен өзін-өзі бағалайды.

  • Толық түсіндім

  • Кейбір тұстары қиындық тудырады

  • Түсінбедім

« Бір ауыз сөз» әдісі. Оқушылар стикерлерге сабақ туралы бір ғана ауыз сөз жазып, тақтаға жапсырады.

Компьютер











Информатика оқулығы



Жұмыс дәптері

Оқу құралдары



С.Т.Мұхамбетжанова, А.С.Тен информатика ЖББМ 8-сынып

Мәтіндік ресурстар

Плакат, фломастер, маркер, сызғыш



Интербелсенді тақта




www.speedtest.net


Г.И. Салғараева

А.А. Бекежанова

Ж. Б. Базаева

Информатика ЖББМ 8 сынып

Астана "Арман-ПВ" баспасы 2018 жыл 184-бет

Жұмыс дәптері



Компьютер




Г.И. Салғараева

А.А. Бекежанова

Ж. Б. Базаева

информатика ЖББМ

8 сынып

Астана "Арман-ПВ"

2018 жыл 184-бет
























Сабақтың соңы

(4 мин)

«Табыс ағашы» тәсілі арқылы кері байланыс жасау.

Оқушылар алма, гүл және жапырақ суреттері бар қима қағаздарды алып ағашқа жапсыру арқылы жаңа сабақты қалай түсінuендері жайлы кері байланыс аламын. Мұндағы

Алма-бүгін мен көп үйрендім.

Гүл-маған ұнады.

Жапырақ-менде әлі сұрақтар бар

Үйге тапсырма: Компьтерлік желілер тақырыбына шығармашылық жұмыс дайындау

Қорытындылау:

Сабақты қорытындылау -тақырыпты бекіту мақсатында оқушыларға «БББ» әдісі арқылы кестеге сай, өз қорытынды пікірлерін жазады.

Білемін

Білгім келеді

Білдім








Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік текникасын сақтау. «Эмоция аралдары»

Қабілеті жоғары оқушылар:

  • топта ұйымдастырып, топты басқарып отырады;

  • сабақ бойындағы деңгейлік сұрақтарға және тапсырмаларды орындай алады және ІІІ деңгей тапсырмаларын орындайды .

Қабілеті орта оқушылар:

  • Постер қорғауға , әдісітерді қолдануға осы деңгейдегі оқушыларға қолдау береді;

  • сабақ барысындағы деңгейіне қарай жұмыс жасайды және орта деңгейдегі жұмыс парағы ұсынамын;

Қабілеті төмен оқушылар:

  • деңгейлік сұрақтар беріледі І деңгей тапсырмаларын орындайды және ІІ, ІІІ деңгей тапсырмасына өзім қолдау жасаймын.;

  • Ынталандыру, қолдау көрсету, формальды емес бағалау түрлері;

  • Оқушылар өзін-өзі бағалайды;

  • Жұппен және топпен бағалау жүргізеді;

  • Практикалық жұмыс кезінде бірін-бірі бағалау қалыптастырушы бағалау ретінде жүзеге асады;

  • Сергіту жаттығуын орындау;

  • Техникалық қауіпсіздік ережесін сақтау.

  • Оқушылардың компьютер алдында дұрыс отыруын қадағалау;


Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз?Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?

Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы бағалау.

Сабақ барысында ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?