СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Компьютерлік модельдеу

Категория: Информатика

Нажмите, чтобы узнать подробности

Компьютерлік модельдеу тақырыбы бойынша сабақ жоспары

Просмотр содержимого документа
«Компьютерлік модельдеу»

Сабақтың тақырыбы: Компьютерлік модельдеу

Мұғалімнің аты-жөні: Нурболатова Г.К.

Күні: «5.02.18», «16.02.18»

Сынып: 9а, ә, б, в

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспаған оқушылар саны:

Оқу мақсаты:

Модель туралы білімін еске түсіру. Компьютерлік модель түрімен танысу

Мақсаты:

Білу: Модель ережесін біледі. Модельдің мақсаты мен қасиеттерін анықтайды. Модельдеудің қолданылу аймағына байланысты кезеңдерін анықтайды.

Түсіну: Модель ұғымының мағынасын біледі. Модельдің жасалу мақсатын анықтайды. Модель түрлерінің қолданылу аймақтарына қарай бөліну себебін анықтайды.

Қолдану: Компьютерде нысанның моделін бейнелеуге арналған тапсырма орындайды.

Талдау: Модель түрлерінің бір бірінен айырмашылықтарын талдайды.

Жинақтау: Модель түрлерін сипаттауға арналған тапсырмалар орындайды

Бағалау: Модель ұғымын талдай отырып, өмірде қолданылу аймақтарын анықтайды.

Сабақтың құрылымы:

І. Ақпараттар блогы

ІІ. Логикалық тапсырмалар блогы

ІІІ. Жаттықтыру және білімді есепке алу блогы

IV. Интелектуальды тренинг блогы

V. Күтілетін нәтижелер


Оқыту әдісі: «АКТ», «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер», «Оқыту үшін бағалау мен оқуды бағалау», «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету», «Оқытуды басқару және көшбасшылық».

Мұғалім іс-әрекетінің тәсілі: Бағыт-бағдар береді, оқушыларға қажет болғанда көмек береді, олардың танымдық тапсырмаларды өз бетімен орындауын қадағалайды.

Оқу іс-әрекетінің ұйымдастыру формасы: Бақылау-сынақ сабағы.

Танымдық тапсырмалар: Сабақтың ЖБЕА блогында беріледі.

Оқушы іс-әрекетін ұйымдастыру: Күтілетін нәтижеге қол жеткізу үшін кестеде берілген тапсырмаларды орындап, сұрақтарға жауап беру. Өз мүмкіндіктеріне қарай деңгейлік тапсырмаларды орындау. Тақырыптың идеясын түсіне отырып, баға беру.

Оқушыда дағды қалыптастыру: Өзін-өзі дамыту дағдылары – өзінің деңгейін бағалау, оны жоғарылату бағытында жүйелі жұмыс жасау, белгіленген мақсатқа жетіп барып нәтиже көрсету, жинақталған білім мен қалыптасқан дағды негізінде ой қорыта алу.

Негізгі ұғымдар мен терминдер: Модель, нысан

Ақпарат көзі: Оқулық, қосымша тапсырма материалдары.

Сабақты бағалау: Оқушының іс-әрекеті ол СТК-дағы тапсырмаларды орындау деңгейіне байланысты бағаланады.

І. Ақпараттар блогы (8 мин)

Оқушыларға жаңа тақырыпты өз бетінше меңгеруге мүмкіндік беретін тапсырмалар

Жоспар:

  1. Модель, модельдеу

  2. Модель мақсаты мен қасиеттері

  3. Модель түрлері


1-слайд. Модель, модельдеу

1.1. «Сөйлемді толықтыр»

1) Модель – нысанның немесе құбылыстың ........................ нұсқасы. Модельдеу – нысан құбылыстарын, үдерістерін немесе жиындарының .................... құру мен ................ тәсілі.


1.2. «Сәйкестендір»

Нысан

Модель

  1. Адам

А) жер

  1. Жер

Ә) Манекен


Б) карта


В) қуыршақ



2-слайд. Модель мақсаты мен қасиеттері

2.1. «Сен білесің бе?» Төменде көрсетілген модельдердің қандай мақсатта қолданылатын анықта.

Модель

Қолданылу мақсаты

Ұшақ моделі


Манекен


Карта



    1. «Сызбаны толықтыр»


3-слайд. Модель түрлері

    1. «Сызбаны толықтыр»



ІІ. Логикалық тапсырмалар блогы (5 мин)

2.1. «Тауып көр» Әр пәнде кездесетін модель түрлерін анықтайды.

1. Химия

2. Физика

3. География

4. Информатика


ІІІ. Жаттықтыру және білімді есепке алу блогы (15 мин)

Деңгейлік тапсырмалар

І деңгей (Білу, Түсіну)

1.1. «Дұрысын тап»

1. Нақты нысанды, құбылысты кішірейтіп ұсыну

а)Модельдеу; ә) Модель б) Сипаттау

2. Объектілерді, процестерді немесе құбылыстарды зерттеу мақсатында олардың макетін құру

а)Модельдеу; ә) Модель б) Сипаттау

3. Модельді құру мақсаты а)зерттеу; ә) ойнау б) көру

4. Модельдің қайсы қасиетінде модельдеу түпнұсқаның ерекшеліктеріне сәйкес келу керек

а)бейімділік; ә) дәлдік б) құндылық


1.2. «Сызбаны толықтыр»


ІІ деңгей (Қолдану)

2.1.«Жеті ата» ойыны. Өз жеті атаңның сызбасын MS Word мәтіндік редакторінде орында


ІІІ деңгей (Талдау)

«Венн диаграммасы» Статистикалық модель мен динамикалық моделдің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын талда.







IV. Интелектуальды тренинг блогы (8 мин)

Топтық жұмыс. Схема түрінде талдау.

1-топ. Модель, модельдеу

2-топ. Модель мақсаты мен қасиеттері

3-топ. Модель түрлері


V. Күтілетін нәтижелер (4 мин)

Модельдің күнделікті өмірде қолданылу аймағын анықтап, қолданылу мақсатын сипаттап айтыңдар.

Мысалы, Манекен, киім үлгілерін көрсету мақсатында қолданылады.

Үй тапсырмасы.

Ауызша модель құру. Модельдеу нысаны: досың.