Просмотр содержимого документа
«Кітап – рухани ?азына»
Кітап – рухани қазына
Кітап-рухани қазынамыз дегенді жиі естиміз. Бірақ қазіргі өмірде сол рухани қазынаны қоғам қажеттілігінен жаңа технологиялық өнімдер ығыстырып,үстемдік танытып жатқан жоқ па деген ой бәріміздің көңілімізді алаңдататыны сөзсіз.
Кітаптарды ақтарып бірнеше сағаттар жұмсауды қажет ететін керекті ақпаратты санаулы минуттардың ішінде компьютер, интернет арқылы тауып алуға болады.
Алайда,кітап оқудың орны ерекше, маңызы бөлек. Кітап оқи отырып адам есте сақтау қабілетін арттырады, көркем сөйлеуге, сауатты жазуға, білімін толықтырып,шығармашылық ізденіспен жұмыс істеуге үйренеді.
Кітап беттерінде адамзат тіршілігінің сан қилы құпия сырлары сақталған.Адамзат кітапқа өзінің қасиетті сезімі мен жан жылуын сеніп тапсырған. Кітап - рухани прогрестің кепілі, ел мен елді, мемлекет пен мемлекетті жақындастырар,түсіністікке бастар аса маңызды рухани фактор. Кітап - әлемдегі ұлы күш, адамзаттың асыл қазынасы,сарқылмас білім бұлағы. Ол сананы нұрға бөлеуші.
Адамгершілігі мол, мәдениетті адамдар кітапқа деген терең сүйіспеншілікке бөленген ортадан өсіп шығатыны хақ.
«Өзіңді-өзің тану үшін кітап керек,өзгені тану үшін кітап керек» деген екен Р.Ғамзатов. Тек кітап қана қайырымдылық пен айуандықтың,ақиқат пен жалғандықтың аражігін айнытпай танып білуге үйретеді. Әркімнің де кітап арқылы білімге,ғылымға деген құштарлығы артып, ой-санасы толып, адамгершіліктің,парасаттың шыңына көтеріліп,рухы асқақтап жатса оған жетер құндылық бар ма?
Пайда ойлама,ар ойла,
Талап қыл артық білуге.
Артық білім кітапта,
Ерінбей оқып көруге- деп кезінде Абай атамыз айтқандай,қолымызда бар киелі дүниеміз кітапты оқиық,аялайық, құрметтейік.
Сауле Тойкенова
№17 орта мектеп кітапханашысы