| Ұйымдастыру-шылық ізденушілік | Сюрприздік сәт: Қонаққа қуыршақ Айгүл келеді. Айгүлдің апасы мектепке кетіпті, анасы жұмысқа, ал өзі үйде жалғыз қалып қойғанын айтады. Балалар сендердің топтарында ертегілер кітаптары қалай көп, мағанда осындай көп ертегілер бар кітаптар керек. Тәрбиеші: түрлі – түсті кітаптарды көрсетеді. Кітапты неден жасайды? Кітап қандай пішінге ұқсайды? Кітаптың неше бұрышы бар? Тәрбиеші кітаптардың бұрыштары түзу, ұқыпты бүктелгенін көрсетеді. Сергіту сәті: Тәрбиеші: енді қарап аламыз, содан кейін, әр бала өзіне кітапша жасайды, ұқыпты, әдемі жасауға ұсыныс жасайды. Қағазды бүктеу әдісін көрсетеді. Кітапты жыртуға болмайды, ұқыпты ұстау керектігін түсіндіреді. | Балалардың жауаптары: Келген қуыршаққа қуанышпен қарсы алады, қызығып, зейін қоя тыңдайды. Балалар, қуыршақ Айгүлдің өтінішін тыңдайды, ертегілер кітаптар сыйлауға ризашылығын білдіреді. Ағаштан жасайтынын, шар-шыға ұқсайтынын айтады, Кітаптың төртбұрышы бар екенін көрсетеді. Күндей болып күлеміз, Гүлдей болып өсеміз. Құстай болып ұшамыз, Көбелектей қонамыз. Балалар тәрбиешінің бағыттауымен кітапша жасауға кіріседі. |
| Рефлекстік түзету | Тәрбиеші балалармен істеген жұмыстарды қарап бағалайды. Айгүлге жасаған кітапшаларын сыйлайды. Д/ойын: «Не артық?» | Балалар өздерінің жасаған еңбектерін, бір – біріне көрсе-теді, өздерінше бағалайды. Ойынды қызығушылықпен ойнайды. |