СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Кешірім мен келісім

Нажмите, чтобы узнать подробности

кешірім және келісім жайлы презентация. не үшін кешірімді болу керек

Просмотр содержимого документа
«Кешірім мен келісім»

Шаттық шеңбері Бір үйдегі екі адам Сыры неде екі жайттың? Ұғыспайды бір – бірін Білсең айтшы, қарағым, Кірсе, шықса, барлық істе Жауап тапсаң сұрағыма Келіспеуі тым қиын . Бәрекелді, жарадың!  Екінші үйде адамдар көп, Сәл ойланып тұрды бала Тату – тәтті тұрады. Жауап берді ойланып Бір – бірімен тайталаспай, “Сыры мұның – түсінісу” - Қас – қабақпен ұғады. Деп жауабын берді анық.

Шаттық шеңбері

Бір үйдегі екі адам Сыры неде екі жайттың?

Ұғыспайды бір – бірін Білсең айтшы, қарағым,

Кірсе, шықса, барлық істе Жауап тапсаң сұрағыма

Келіспеуі тым қиын . Бәрекелді, жарадың!

Екінші үйде адамдар көп, Сәл ойланып тұрды бала

Тату – тәтті тұрады. Жауап берді ойланып

Бір – бірімен тайталаспай, “Сыры мұның – түсінісу” -

Қас – қабақпен ұғады. Деп жауабын берді анық.

 Кешірім мен келісім

Кешірім мен келісім

 М.О.Әуезов   Сабақтың дәйексөзі: Қыл өтпестей татулықты бір ашуға сатпайық.

М.О.Әуезов

Сабақтың дәйексөзі:

Қыл өтпестей татулықты

бір ашуға сатпайық.

Пікірлесу сұрақтары Егер кешірім болмаса бұл өмір қалай болады деп ойлайсыңдар? 2. Өзіңді ренжіткен, көңіліңді қалдырған адамды кешіре аласың ба?

Пікірлесу сұрақтары

  • Егер кешірім болмаса бұл өмір қалай болады деп

ойлайсыңдар?

2. Өзіңді ренжіткен, көңіліңді қалдырған адамды

кешіре аласың ба?

Оқу ақпаратын беру  Басқа адамның кемшілігін, қателігін кешіру және өз қатесін түсініп, мойындап кешірім сұрау адам бойындағы жақсы қасиет. Кешірімді, әдепті болу, келісімге келу, өзара тіл табысу адамдардың жарасымды, сыйластықта өмір сүруіне жетелейді. Кешіре білу дегеніміз – рухани байлықтың құндысы, жағымды қасиет, мейірімділіктің биік шыңы. Кешіре білу – жақсы көре білу.

Оқу ақпаратын беру

Басқа адамның кемшілігін, қателігін кешіру және өз қатесін

түсініп, мойындап кешірім сұрау адам бойындағы жақсы

қасиет. Кешірімді, әдепті болу, келісімге келу, өзара тіл

табысу адамдардың жарасымды, сыйластықта өмір

сүруіне жетелейді. Кешіре білу дегеніміз – рухани

байлықтың құндысы, жағымды қасиет, мейірімділіктің

биік шыңы. Кешіре білу – жақсы көре білу.

Мәтінмен жұмыс Оқулықтағы “Мақтаншақ жолбарыс” ертегісі.

Мәтінмен жұмыс

Оқулықтағы “Мақтаншақ жолбарыс”

ертегісі.

 ? Жағдаяттар шешу Қали сақаларға түнімен қорғасын құйды. Ертесіне ол ойын үстінде Досанның асықтарын ұтып алды. Досан Қалиға ренжіп, кетіп қалды. Сендер Қалидың орнында болсаңдар не істер едіңдер?   Жанар мектептен бүгін көңілсіз оралды. Ол құрбысы Мәдинамен тұңғыш рет ренжісіп қалды. Үзіліс кезі болатын. Ең жақын досы Мәдина Жанардан айнасын сұрады. Досының көңәлән қимай Жанар айнасын берген еді. Мәдина айнаға қарады да, шыр айналып билей бастады. Жанар: Абайла, айна сынып қалмасын. Оны анам сыйлап еді. Ол мен үшін қымбат сыйлық, - деді. Сөйткенше болған жоқ, айна жерге түсіп кетіп, сынды да қалды. Жанардың көзі жасаурап кетті. Ой, не болды сонша, айна деген арзан емес пе? – деді Мәдина. Жанар не дерін білмей, тұрып қалды. Әңгіменің қалай аяқталғанын қалар едіңдер? Сендер мұндай жағдайда не істер едіңдер?

?

Жағдаяттар шешу

  • Қали сақаларға түнімен қорғасын құйды. Ертесіне ол ойын үстінде

Досанның асықтарын ұтып алды. Досан Қалиға ренжіп, кетіп қалды.

  • Сендер Қалидың орнында болсаңдар не істер едіңдер?

  • Жанар мектептен бүгін көңілсіз оралды. Ол құрбысы Мәдинамен

тұңғыш рет ренжісіп қалды. Үзіліс кезі болатын. Ең жақын досы Мәдина

Жанардан айнасын сұрады. Досының көңәлән қимай Жанар айнасын

берген еді. Мәдина айнаға қарады да, шыр айналып билей бастады.

Жанар:

  • Абайла, айна сынып қалмасын. Оны анам сыйлап еді. Ол мен үшін

қымбат сыйлық, - деді. Сөйткенше болған жоқ, айна жерге түсіп кетіп,

сынды да қалды. Жанардың көзі жасаурап кетті.

  • Ой, не болды сонша, айна деген арзан емес пе? – деді Мәдина. Жанар

не дерін білмей, тұрып қалды.

  • Әңгіменің қалай аяқталғанын қалар едіңдер?
  • Сендер мұндай жағдайда не істер едіңдер?

Тыныштық сәті Барлығымыз бастарымызды көтеріп, денемізді тік ұстап, ыңғайланып отырамыз. Көзімізді жұмып, кешірім мен келісім еліне саяхаттаймыз. Бұл әлем өзінің әсемдігімен, сұлулығымен бізді өзіне баурап алды. Айналадағы адамдардың барлығы татулықта, келісімде өмір сүретіні көрініп тұр. Айналадағы адамдардың сиқырлы сұлу сөздері, күлімдеген көздері, сыңғырлаған бұлақ суындай әсем күлкілері еріксіз өзіне тартып тұрғандай. Сонымен қатар табиғаттың сұлу көрінісі, хош иісті гүлдері, тамылжыған бұлбұл үні өзіне тартады. Осынау әлемнің таңғажайып құбылыстары бізге “кешірім түбі – келісім, әрдайым кешірімшіл болыңдар, татулықта, достықта өмір сүріңдер” деп сыбдырлағандай. Енді осынау әлемнен алған тамаша сезімдерімізбен бірге көзімізді ашып, қалпымызға келеміз.  Енді осы тыныштық сәтінен алған әсерлеріңмен бөлісіңдер?

Тыныштық сәті

Барлығымыз бастарымызды көтеріп, денемізді тік ұстап, ыңғайланып

отырамыз. Көзімізді жұмып, кешірім мен келісім еліне саяхаттаймыз.

Бұл әлем өзінің әсемдігімен, сұлулығымен бізді өзіне баурап алды.

Айналадағы адамдардың барлығы татулықта, келісімде өмір сүретіні

көрініп тұр. Айналадағы адамдардың сиқырлы сұлу сөздері, күлімдеген

көздері, сыңғырлаған бұлақ суындай әсем күлкілері еріксіз өзіне тартып

тұрғандай. Сонымен қатар табиғаттың сұлу көрінісі, хош иісті гүлдері,

тамылжыған бұлбұл үні өзіне тартады. Осынау әлемнің таңғажайып

құбылыстары бізге “кешірім түбі – келісім, әрдайым кешірімшіл

болыңдар, татулықта, достықта өмір сүріңдер” деп сыбдырлағандай.

Енді осынау әлемнен алған тамаша сезімдерімізбен бірге көзімізді ашып,

қалпымызға келеміз.

Енді осы тыныштық сәтінен алған әсерлеріңмен бөлісіңдер?

Ойын - жаттығу Ал енді бойымызды сергітіп, ойын ойнайық. Ортаға екі оқушы шығады да, өздеріне берілген таяқшаға оралған жіпті орай отырып, бір – біріне жылы сөздер, жақсы тілектер айтады. Ойынды осылайша ары қарай жалғастырамыз. Бұл ойын біздің бір – бірімізді қадірлеуіміз керек екенін, достықта, татулықта болу керек екенімізді ұғындырады. Әрдайым бір – бірімізді сыйлап, құрметтей білейік. Жанымызда жүрген аяулы жандарды ренжітпей, керісінше қуанта берейік.

Ойын - жаттығу

Ал енді бойымызды сергітіп, ойын ойнайық. Ортаға екі оқушы шығады да, өздеріне берілген таяқшаға оралған жіпті орай отырып, бір – біріне жылы сөздер, жақсы тілектер айтады. Ойынды осылайша ары қарай жалғастырамыз.

Бұл ойын біздің бір – бірімізді қадірлеуіміз керек екенін, достықта, татулықта болу керек екенімізді ұғындырады. Әрдайым бір – бірімізді сыйлап, құрметтей білейік. Жанымызда жүрген аяулы жандарды ренжітпей, керісінше қуанта берейік.

Шығармашылық жұмыс Хат жолдау: “Кешірші...” Тақтаға ілінген конвертке оқушылар өздеріне берілген қағазға өз өмірлеріне үңіліп, соңғы кездері ренжіткен адамдары болса , дәл қазіргі уақытта сол адамнан қалай кешірім сұрар еді соны жазып, оқи отырып апарып салады.

Шығармашылық жұмыс

Хат жолдау: “Кешірші...” Тақтаға ілінген конвертке

оқушылар өздеріне берілген қағазға өз өмірлеріне

үңіліп, соңғы кездері ренжіткен адамдары болса , дәл

қазіргі уақытта сол адамнан қалай кешірім сұрар еді

соны жазып, оқи отырып апарып салады.

Қорытындылау Адамдар арасында келіспеушілік болған кезде реніш, өкініш, ренжіту, өрескелдік байқалып қалады. Әдепті адам татулықты жоғалтпау үшін кінәлі жағдайда алдымен кешірім сұрай білуі керек. Шынайы дос кешіре біледі, достықты, досты қадірлейді

Қорытындылау

Адамдар арасында келіспеушілік болған кезде реніш,

өкініш, ренжіту, өрескелдік байқалып қалады. Әдепті

адам татулықты жоғалтпау үшін кінәлі жағдайда

алдымен кешірім сұрай білуі керек. Шынайы дос

кешіре біледі, достықты, досты қадірлейді

Үйге тапсырма Оқушы дәптеріндегі жүрекшенің ішіндегі “Мен кешірім сұрай білемін...” айдарын толтырып келу

Үйге тапсырма

Оқушы дәптеріндегі жүрекшенің ішіндегі “Мен кешірім сұрай білемін...” айдарын толтырып келу

Рефлексия 1. Бүгінгі сабақтан нені үйрендік? 2. Бүгінгі сабаққа қатысуы жөнініен кімнен үлгі алар едіңдер? 3. Бүгінгі сабағымыз сендерге несімен ұнады?

Рефлексия

1. Бүгінгі сабақтан нені үйрендік?

2. Бүгінгі сабаққа қатысуы жөнініен

кімнен үлгі алар едіңдер?

3. Бүгінгі сабағымыз сендерге

несімен ұнады?

Жүректен жүрекке шеңбері Татуласу Әкел,досым,қолыңды, Татуласқан орынды. Өкпелесіп не керек, Көрсет, қане, соныңды. Баққа бірге кірейік, Қол ұстасып жүрейік. Татулықтың белгісі, Кел қосылып күлейік.  А.Оразақын

Жүректен жүрекке шеңбері

Татуласу

Әкел,досым,қолыңды,

Татуласқан орынды.

Өкпелесіп не керек,

Көрсет, қане, соныңды.

Баққа бірге кірейік,

Қол ұстасып жүрейік.

Татулықтың белгісі,

Кел қосылып күлейік.

А.Оразақын

Назарларыңызға  рахмет!

Назарларыңызға

рахмет!