| 1.Сыныппен жұмыс.Бейнематериал Тихо Браге, Иоганн Кеплер және ғаламшарлар қозғалысы https://www.youtube.com/watch?v=de_J35xDi_E 2.Топтық жұмыс. Әр топқа Кеплердің үш заңынна постер жасауға тапсырма беру. Кеплер заңдарын топта талқылау Кеплердің бірінші заңы – планета орбитасының пішінін анықтайды: барлық ғаламшарлар Күнді эллипс бойымен айналады, оның фокустарының бірінде Күн орналасады. Кеплердің екінші заңы – аудандар заңы планета қозғалыстарының бірқалыпты емес екендігін анықтайды: планетаның радиус-векторы бірдей уақыт аралығында шамалары бірдей аудандар сызып шығады. К еплердің үшінші заңы – ғаламшарлардың Күнді жұлдыздық айналу периодтары квадраттарының қатынасы олардың орбиталарының үлкен жарты осьтерінің кубтарының қатынасына тең болады. 3.Жұптық жұмыс. Марстың үлкен жарты осі 1,5 а.б. Күнді айнала қозғалысының жұлдыздық айналу периодын анықтаңыз. 4.Жеке жұмыс.Есеп шығару 1.Ғаламшардың синодтық периоды 500 тәулік.Оның орбитасының үлкен жарты осін және жұлдыздық айналыс периодын анықтаңдар. 2.Қайсы бір ғаламшардың қарсы тұруы 2 жыл сайын қайталанады.Оның орбитасының үлкен жарты осі неге тең? |