СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

«Қазақтың дана Қадыры».

Нажмите, чтобы узнать подробности

Кештің мақсаты:

а) Қадыр Мырза Әлінің өмірбаянымен танысу.

ә) Қадыр Мырза Әлінің өлеңдерін мәнерлеп айтқызу.                                                                б) Қадыр Мырза Әлінің шығармалары арқылы бауырларын, достарын сыйлауға, қадірлей білуге, махаббатқа берік болуға, елін, жерін, Отанын сүюге, әділ, шыншыл болуға, адамгершілікке, иманды, көпшіл болуға  тәрбиелеу.

Қазақстанның халық жазушысы, Қазақ ССР мемлекеттік Сыйлығының лауреаты, тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының иегері, Қазақстан Республикасының алғашқы Әнұраны мәтінінің авторларының бірі, поэзия Пайғамбары, публицист, сыншы, драматург, есімін туған халқының жүрегіне сұлу, сырлы өлеңдерімен өрнектеп жазып кеткен Қадыр Мырза Әлінің шығармашылығын насихаттауға арналған және өскелең ұрпақтың шығармашылық қабілетін шыңдау,  тілдік шеберлігін байқау мақсатында өткізіліп отыр. 

Просмотр содержимого документа
««Қазақтың дана Қадыры».»

Кештің тақырыбы: «Қазақтың дана Қадыры». Қадыр Мырза Әлінің шығармашылығына арналған әдеби кеш.

Кештің мақсаты:

а) Қадыр Мырза Әлінің өмірбаянымен танысу.

ә) Қадыр Мырза Әлінің өлеңдерін мәнерлеп айтқызу. б) Қадыр Мырза Әлінің шығармалары арқылы бауырларын, достарын сыйлауға, қадірлей білуге, махаббатқа берік болуға, елін, жерін, Отанын сүюге, әділ, шыншыл болуға, адамгершілікке, иманды, көпшіл болуға тәрбиелеу.

Қазақстанның халық жазушысы, Қазақ ССР мемлекеттік Сыйлығының лауреаты, тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының иегері, Қазақстан Республикасының алғашқы Әнұраны мәтінінің авторларының бірі, поэзия Пайғамбары, публицист, сыншы, драматург, есімін туған халқының жүрегіне сұлу, сырлы өлеңдерімен өрнектеп жазып кеткен Қадыр Мырза Әлінің
шығармашылығын насихаттауға арналған және өскелең ұрпақтың шығармашылық қабілетін шыңдау, тілдік шеберлігін байқау мақсатында өткізіліп отыр.

Кештің көрнекілігі: ақынның портреті, бейнебаян, бейне ролик, слайдтар жинағы.

Кешті ұйымдастырушылар: З.И Акишева., А.М Мизамова.

ҚТ-111.1 топ студенттері.

Оқытушы: Қазақстан Республикасы егемендік алып, көгілдір туын желбіреткеніне, міне 29 жыл өтті. Осы уақыт ішінде бейбітшілік, татулық арқасында біздің республикамызда 130-дан астам ұлт өкілдері тіршілік етуде. «Тіл – татулық тірегі» дегендей, 22 қыркүйек «ҚР халықтарының Тілдер күні» екені бәрімізге әйгілі. Елімізде осы күнге арналған көптеген шаралар республика, облыс көлемінде ұйымдастырылып отырады. Біздің колледжімізде осы мерекеден қалыс қалмай Тілдер ПЦК-сы «Тілім менің – тірлігімнің айғағы» атты қазақ және орыс тілдер пәндері апталығын ұйымдастырып отыр.

Құрметті ұстаздар, оқушылар! «Тілім менің – тірлігімнің айғағы» атты апталығы аясында өткізіп отырған «Ақынның 85 жылдығына арналған «Қазақтың дана Қадыры» атты әдеби кешті назарларыңызға ұсынамыз!

Иә, Қадыр атамыздың өмірден өткеніне аз уақыт болса да, оның мәңгілік өлмейтін өмірі енді ғана басталды. Қазақ бар да Қадыр бар. Оның асыл сөздері өз дәуірінің және болашақтың үніне айналды.

(Бейнебаян мен бейне ролик көрсетіледі).
Келесі сөз кезегі ҚТ-111.1 тобының студенттеріне беріледі. (ҚТ-111.1 топ студенттерінің оқыған өлеңдерінің бейне роликтері көрсетіледі).





Қорытынды сөз:

Ақын бір сұхбатында: «Поэзия мені асырады, ал, мен оған не бердім, оны
оқырман келер дәуір айтар. Осындай тағдыр берген Аллаға алғыстан басқа
айтарым жоқ»,- деген екен.

Адам әдебиетке сұлудың бұрымындай өрілген екі мақсатпен келеді. Бірі: өзінен бұрын ешкім айтпағанды айту, екіншісі: өзге ешкімге ұқсамай, тек өзінше айту. Осы екі мақсат орындалғанда ғана шын мәніндегі әдеби туынды болады.
Иә, тек қана өзіне тән өзгеше мазмұн ашқан, тек қана өзіне тән өзгеше пішінін тапқан шын мәніндегі шынайы талант екеу болса – бірі, біреу болса - өзі - Қадыр атамыз.

Өмірін өлеңіндей, өлеңін өміріндей сүю, шынын сырға бөлеп, сырын шынға балап толғану, өзі ғана сүймей, өзгені де сүйсінтіп, өзі ғана толғанбай, өзгені, қалың жұртты толқыта жырлау – Қадыр Мырзалиевтің шығармашылық асыл қабілеті, әрі ақындық асыл қасиеті.
Бүгінгі әдеби кешімізді тамашалап тыңдағандарыңызға рахмет! Қош сау болыңыздар!
































Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Техникалық және кәсіптік білім

«БҚОӘББ Жоғары аграрлық-техникалық колледжі» МКҚК





Кештің тақырыбы: «Ақынның 85 жылдығына арналған «Қазақтың дана Қадыры» атты әдеби кеш.











Ұйымдастырушылар:

Қазақ тілі және әдебиеті пәнінің оқытушылары - Акишева З.И., Мизамова А.М.

ҚТ-111.1 топ студенттері.







Орал - 2020