Ортаңғы «Қуыршақ»тобының «Сиқырлы саусақтар» вариативтік компонентінің ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі.
Білім беру саласы:» «Шығармашылық»
Өтпелі тақырып: «Қазақстанның ғарышкерлері»
Пән: Аппликация
Тақырыбы: : «Гном»
Мақсаты : Мақтамен жұмыс жасауға үйрету. Алақан арасына салып мақтаны домалату арқылы пішіндер жасауға үйрету. Саусақ моторикасын дамыту.
Ресустармен қамтамасыз ету: мақта, желім, картон, ергежейлінгің ұсақ бөлшектерінің үлгісі.Қарындаш, қайшы.
Просмотр содержимого документа
««Қазақстанның ғарышкерлері»»
Ортаңғы «Қуыршақ»тобының «Сиқырлы саусақтар» вариативтік компонентінің ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі.
Білім беру саласы:» «Шығармашылық»
Өтпелі тақырып: «Қазақстанның ғарышкерлері»
Пән: Аппликация
Тақырыбы: : «Гном»
Мақсаты : Мақтамен жұмыс жасауға үйрету. Алақан арасына салып мақтаны домалату арқылы пішіндер жасауға үйрету. Саусақ моторикасын дамыту.
Ресустармен қамтамасыз ету: мақта, желім, картон, ергежейлінгің ұсақ бөлшектерінің үлгісі.Қарындаш, қайшы.
Ұйымдастырушылық кезеңі:
Балалармен ертегілерге қатысты иллюстраияларды қарау.
ДО: «Қандай ертегі»
Негізгі бөлім:
Балалар ертегі кейіпкерлері бойынша ертегілердің атаулараын атайды.
«Қаршақыз бен жеті құртақандар» ертегісіне қатысты иллюстрацияларды қарап. Ертегіні қысқаша еске түсіреді.
Балаларға «Қаршақыз бен құртақандар» ертегісіндегі құртақандарды жасауды ұсыну.
Балалар ең алдымен құртақанның контуры бойынша үлгіден қарындашпен денесін бастырып алмыз. Құртақандардың бас киімін, қолғабын, аяқ киімін, бетін қиып аламыз. Денесін мақтадан жасаймыз. Ол үшін ең алдымен мақтаны алақан арасына салып домалатамыз, ұсақ дөңгелектер жасаймыз. Дөңгелектер бұл құртақанның денесі.
Денесіне қолын, басқада қиып алынған бөліктерін жапсырамыз.
Сергіту сәті:
Ал, балалар, тұрайық.
Алақанды ұрайық
Оңға қарай иiлiп
Солға қарай иiлiп
Бiр отырып, бiр тұрып,
Бойымызды созайық
Белiмiздi жазайық.
Оңға-оңға түзу тұр
Солға-солға түзу тұр
Жоғары-төмен қарайық
Қолымызды созайық
Бойымызға күш жинап
Бiр шынығып алайық.
Қорытынды:
Балалар біз бүгін қандай ертегі кейіпкерінің бейнесін жапсырдық?
Балалардың жұмыстарын көрмеге ілу.