СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Қазақстан Республикасының туы"

Нажмите, чтобы узнать подробности

мектепалды даярлық сыныптарына арналған әртүрлі тапсырмалар

Просмотр содержимого документа
«"Қазақстан Республикасының туы"»

Технологиялық карта.

Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Жапсыру

Тақырыбы: Қазақстан Республикасының туы.

Мақсаты: Қазақстан Республикасының туы туралы білімдерің толықтыру. Тудың түсін, формасын, не бейнеленгені туралы айту. Балаларда Отанының қадірі,құндылығы туралы түсінігін кеңейту.


Қызмет

кезендері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Дәлелдеу

ояту

-Балалар, біз қай мемлекетте тұрамыз? Біз тұратын мемлекеттің аты қалай аталады?

-Дұрыс айтасындар балалар,біз Қазақстан республикасында тұрамыз. Қазақстан тәуелсіз, егеменді ел.

- Ал, қазір қандай ай?

-Желтоқсан айында қандай мереке болады?

Дұрыс айтасыңдар балалар 16 желтоқсан Тәуелсіздік күні.

Биыл тәуелсіздік алып, егеменді ел болғанымызға 20 жыл толады. Осы жылдар ішінде жеткен жетістіктеріміз біршама.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері-Дүниежүзілік бірлестіктегі мемлекеттің тәуелсіздік және егемендік абыройын куәландыратын ресми айырма белгілер.

-Республикамыздың рәміздері қандай?

Біздің еліміздің өз мемлекеттік әнұраны, елтаңбасы және өзінің жалауы бар.


-Біздің республикамыз Қазақстан деп аталады.




-Желтоқсан айы.

-Тәуелсіздік күні.














-Ту,Елтаңба, әнұран.




Ұйымдастыру

іздену

Балалар, мынау біздің еліміздің туы.

-Тудан сендер ненің белгілерін көріп тұрсыңдар?

- Ия, өте жақсы, дұрыс айтасыңдар.

-Ал, енді, балалар, туымыздың түсі қандай екен, қараңдаршы?

-Неге ұқсайды?

-Яғни, біздің туымыздың түсі аспан түстес көк екен. Бұл түс бейбітшіліктің, тыныштықтың, жарқын болашақ пен ашық аспанның белгісі болып саналады.

-Тудың ортасында не орналасқан?

- Бұл бейбітшілік белгісі. Күннің астында шарқырап ұшқан бүркіт- дала құсы мейірлі рухты, қырағылықты және шарықтай ұшу қарқынын бейнелейді.

- Тудың сол жақ қанатында ненің суреті салынған?

-Дұрыс айтасыңдар, қазақтың ұлттық өрнегі- ол қазақтың мәдениеті және әдет-ғұрпымен таныстырады.

Күн, дала бүркіті және өрнек қандай түспен бейнеленген?

Дұрыс айтасыңдар, алтындай сары түспен бейнеленген. Бұл түс молшылықты, байлықты және бақытты білдіреді.

Ендеше балалар біз бүгін сендермен түрлі –түсті қағаздан тудың суретін жапсырамыз.

Ал, қазір балалар біраз демалып, серігіп алайық.

Сергіту сәті

Топ,топ тұрамыз,

Жалаудан күн құрамыз.

Жаса- жаса алтын күн,

Жаса-жаса жарқын күн.


-Ал, енді, балалар жұмысқа кірісеміз.

Сендердің алдарыңа түрлі- түсті қағаздар, қайшы және желім берілген.

1. Жалаудың фигурасы қандай?

Жалауды жапсырады.

2. Күннің фигурасы қандай?

Жалаудың ортасына күнді жапсырады.

3. Күн шуақтарының фигурасы қандай?

Күн шуақтарын жапсырады.

4. Ал, балалар күннің астында не орналасқан?

Ендеше құстың суретін қиып жапсырамыз.

Жарайсыңдар, балалар, ал енді біздің жалауымызға не жетіспейді екен?

Дұрыс айтасындар, тудың сол жақ қанатында қазақтың ою-өрнегін саламыз.

5. Ою-өрнекті фломастермен салу.

-Енді балалар біздің туымыз дайын болды.


-Күн, құс пен оюдың бейнесін көріп тұрмыз.


-Көк, көгілдір түс.


-Аспанға ұқсайды.






-Күн және бүркіт.






-Қазақтың ою-өрнегі салынған.





-Сары.










Топ,топ тұрамыз,

Жалаудан күн құрамыз.

Жаса- жаса алтын күн,

Жаса-жаса жарқын күн.

Балалр мазмұнына қарай қимыл-қозғалыстарды жасайды.




-Тік төртбұрыш.


-дөңгелек


-таяқшалар.



-құстың суреті.




-Ою-өрнек.


Рефлекеті

түзету

Балалардың жұмыстарын қарау, мадақтау, сұрақтар қою.

Балалар біз бүгін не жапсырдық?

Дұрыс айтасыңдар.

-Ал, біздің туымыздың түсі қандай?

-Туда не бейнеленген?

Жарайсындар балалар, осымен сабағымыз аяқталды.

Балалар суреттерін көрсетеді.

-Қазақстан Республикасының туын.

-Көгілдір.

-Күн, құс, ою-өрнек.




Күтілетін нәтиже:

Білу: Республикамыздың рәміздері туралы білу.

Игеру: тудың белгілерін айыру және салуды меңгеру.

Меңгеру: Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі туралы.