Бекітемін : Оқу ісі меңгерушісі
Пәні : Технология Күні : Сыныбы : 7
Тақырыбы : Картоппен піісірілген балық .
Мақсаты : Оқушыларға жұмыс уақытында қойылатын қауіпсіздік талаптар мен ережелерді, санитарлық- гигиеналық талаптарды түсіндіру,Балық өнімдері туралы мағлұмат беру,тағам түрлерін жасаудың ерекшеліктеріне тоқталу, оқушыларды картоппен балық тағамын пісіру технологиясымен таныстыру.
Білімділік: Тақырып бойынша білімді жүйелеу;балық тағамдарының маңызын жеткізу, оқушылардың теориялық білімдерін практика жүзінде қолдана білуге дағдыландыру;
Дамытушылық: Коммуникативтік дағдыларын қалыптастыру,аспаздық өнерге қызығушылықтарын арттыру.
Тәрбиелік: Жауапкершілік сезімдерін ұштау,жұмыс кезінде ұқыптылыққа үйрету,тазалыққа тәрбиелеу, қыз баланы үй шаруашылығына икемді болуға, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі : Аралас сабақ
Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру-иллюстрациялық (әңгіме,сұрақ-жауап)
Көрнекілігі: Кестелер
Сабақ барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Сәлемдесу.
2. Сабаққа дайындықтарын тексеру.
3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
4. Сабақ өткізу жоспарымен таныстыру.
ІІ.Үй тапсырмасын пысықтау.
1.Балықтың қандай пайдасы бар?
2. Сапасыз балықты қалай анықтауға болады?
ІІІ. Жаңа сабақ
Балықтар-негізінен судағы тіршілікке бейімделген жануарлар.Жүзу жағынан олар өзге жануарлардан асып түседі,олар өкпе арқылы емес,желбезек арқылы тыныс алады.Балықтар тұзды суларда,не болмаса тұщы суларда тіршілік ете алады.Олардың 22000 мығнан астам түрі бар.
Балық ақуызы бойға тез сіңеді.Майы аз жас балық пайдалы. Майлылығына қарай балықтарды 3 топқа бөледі.
-арықтауы;нәлі балық (треска) хек
-орташа майлы; теңіз алабұғасы,камбала,скумбрия,ставрида.
-майлысы;майшабақтар.
Балықтардың минералдық құрамы әралуан.Теңіз балықтары иодқа бай.Балық тез бұзылады,сондықтан оны тоңазытқышта ұстайды,тұздайды.Мұздалған балықтар өзінің бастапқы сапасын жоймайды.Балық тағамдарын жылу арқылы өңдеуге байланысты 3 топқа бөледі:
-қайнатылатын;
-қуырылатын;
-көміп пісірілетін.
ІV.Сарамандық жұмыс
Пеште картоп пен балық пісірмесін дайындау.
Санитарлық-гигиеналық талаптар
Бөлмелер мен құрал-жабдықтарға қойылатын талаптар
1.Асүй бөлмесін ұқыпты таза ұстау.
2.Таза ыдысты жабық шкатарда немесе жабық сөрелерде ұстау.
3.Тамақ қалдықтарын қақпағы бар шелекке жинап, уақытында шыгару керек
Тамақты дайындайтын адамға қойылатын талаптар:
1.Тамақты арнайы киім киіп дайындау.
2.Қолды сабынмен жуу.
3. Шашты жинап,үшкіл орамал тарту.
Қауіпсіздік ережелері
1.Электр қуатымен жұмыс істейтін құралдарды отқа төзімді тұғырға қою керек
2.Тоқ көзіне қосатын баудың жұмысқа жарамдылығын алдын-ала тексеріп алған дұрыс.
3.Құралдың айыртығынын тек құрғақ қолмен ұстап қосып ажырату қажет
ҚҰРАМЫ: Картоп — 1 кг.Балық (қылтығы аздау болса өзіңізге жақсы) Аскөк(укроп) — 5-6 тал.Тұз.Қара бұрыш.Қызыл бұрыш.Кептірілген паприка.Сарымсақ — 5 — 6 түйір.Сұйық май
1. Алдымен картоптарымыздың қабығын ашып, жуып, тазалап, ұзыншалап, әр картопты 16 бөлікке бөліп, шұңғыл ыдысқа салып, үстіне аскөк, тұз, қара бұрыш, үккіштен өткізілген сарымсақ, кептірілген паприка(суретте қызыл боп көрініп тұр, базарда кәрістер сатады), аз ғана қызыл бұрыш салып, 0,5 стақандай сұйық май құйып, араластырамыз да, пісіретін табамызға картоптарымызды тіземіз. Картоптан қалған маринадқа,

екіге бөлінген балықтарымыздың кеуде тұстарын салып, аунатып аламыз да, тізілген картоптың үстіне орналастырамыз. Қалған маринадты балықтың үстіне жағып шығамыз.

2. 200 дәрежеде ысыған пешке 40 минутқа бетін міндетті түрде фольгамен жауып пісіреміз. 40 минут өткен соң фольганы алғанда, тағамның майы, балықтың шырыны шыққанын байқаймыз, ол бізге қажетсіз, сондықтан оны төгіп тастап, табамыздың бетін жаппай пеште тағы 15 минуттай қызарғанша пісіріп аламыз.

ІІІ. Қорытындылау.
Материалды бекіту.
Сұрақтар:
Балықтан жасалатын тағадарды ата?
Бағалау.
ІV. Үй тапсырмасы.
Балық тағамдарының пайдасы туралы мағлұмат жазу.