СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Қайдан келдің бауырсақ

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тақырыбы: «Әтеш пен Тоты» ертегісі.

Мақсаты: а) Ертегінің мазмұнын түсіндіру;

ә)Өз түсінігімен әңгімелеу барысында сөздік қорын молайтып,тіл байлығын дамыту;

б) Құстарға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Шырша суреттер,сыйлықтар. Қысқы мереке. Жаңа жыл мерекесі. Аяз ата, Ақшақар, суреттері.

Просмотр содержимого документа
«Қайдан келдің бауырсақ»

Ересек «Балбөбек» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Тәрбиеші:Оразова Г.Т

Білім беру саласы: «коммуникация»

Пән: драма

Өтпелі тақырып: «менің қазақстаным»

Тақырыбы«Қайдан келдің бауырсақ» (сахналау)

Мақсаты:

Тәрбиелілік: Үлкендердің еңбегін бағалауға тәрбиелеу.

Дамытушылық: Сахналау шеберліктерін жетілдіру.

Оқыту: Өздерін сахнада ұстай білуге, сөйлеу дикциясын қоя білуге үйрету.

Педагогикалық технологиялар: Түсіндіру, көрсету,сұрақ-жауап

Билингвальдық компонент: тең-равный, көп-много, аз-меньше

Ресурстармен қамтамасыз ету: Тақырыпқа байланысқа көріністер


Ұйымдастырған оқу қызметінің барысы:

1.Ұйымдастырушылық кезең: Кел балалар , ортаға!

Үлкен шеңбер құрайық

-Сәлеметсіздерме, балалар?

Міне, бүгін бізде ерекше күн, бүгінгі ашық іс-әрекетімізге қонақтар келіп отыр, ендеше қонақтармен амандасайық.

Қуан, шаттан алақай

Қуанатын кез келді

Күліп шықты күн бүгін!

Қайырлы таң,,

Қайырлы күн

2.Негізгі бөлімі: Сәлеметсіздер ме, қонақтар!

-Жарайсыңдар, балалар!

-Ойын ойнағыларын келе ме?

Д/о: «Сиқырлы жапырақтар».

-Балалар, мына ортадағы ағашқа қараңдаршы, мынадай ағаш бейнесі жылдың қай мезгілінде болады?

-Міне, айналаға қараңдаршы қандай әдемі жапырақтар жерге түсіп жатыр. Бұл ағаштың жапырақтары жай жапырақ емес, сиқырлы жапырақ. Жапырақтың астында сұрақтар берілген, егер сұрақтарға дұрыс жауап берсеңдер, ағаш сендерге жапырағын сыйлайды.

-Қане, кім жапырақ алғысы келеді?

-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Күз мезгілінің нешінші айы?

-Бір жылда неше мезгіл бар?

-Күз мезгілінің ерекшелігін ата

-Күз мезгілі туралы тақпақтар кім біледі?

Берекелі, мерекелі

Келді жомарт алтын күз

Қалада да далада да

Жанның бәрі жарқын күз.

Жемісі мол теретін

Күз дос екен бізбенен

Бәрін тауып беретін

Жомарт екен күз деген.

Берекесін сыйлауға

Өлкемізге күз келді

Жемістерін жинауға

Шақырады біздерді.

Қамба толды астыққа

Алғыс, саған, алтын күз!

Бір уыс дән шаштық та

Қап-қап қауын алдық біз.

Жұмбақ:

Ағаш толған сары шымшық,

Сілкіп көрсең түседі ұшып. (жапырақ)

-Жарайсыңдар, балалар сиқырлы жапырақтың сұрағына толық жауап бердіңдер.

Олай болса балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын, шешуін кім табады?

Ұзын мұртты сарылар,

Қойынында дәні бар. (бидай)

Ал, енді біз не көріп отырмыз? Ұн, макарон, нан түрлері (батон, тәтті бөлке) МІне балалар ұннан түрлі тағамдардың жасалғанын көріп отырмыз. Ендеще осы нанның дастарханға келгенге дейінгі жолдарын айтып берейін. Диқандар көктемде жерге бидай тұқымын себеді. Оны жаз бойы суарып, күтіп баптайды. Күз болған соң жайқалып піскен бидайды комбайнмен жинайды. Одан соң диірменші ұн етіп тартып, қапқа қаптайды. ҚАпталған ұнды наубайханаға жібереді. Наубайшылар ұннан түрлі тағамдар нан, бауырсақ, бәліш пісіреді. Дайын болған тағамдарды дүкенге жібереді. Мұның бәрі адамдардың еңбегі. Нан-адамның тіршілік қорегі, дастарханға үлкен еңбекпен келеді. Сондықтан дастарханға зор еңбекпен келген нан тағамдарын қастерлеуіміз керек.

Сергіту сәті: Жайқалады ақ бидай,

Басын иіп аққудай.

Трактор мен комбайн,

Жүргізуге мен дайын.

-Балалар сендер, ертегі, әңгіме, өлең, тақпақ тыңдағанды жақсы көресіңдер ме?

-Өлең, әңгіме, ертегілерді кім жазады?

-Ақын жазушылар.

-Олай болса, біз бүгін ақын жазушыларымыздың бірі Ө. Тұрманжановтың өлеңімен танысамыз. Балаларға арнап жазған көптеген тақпақтары мен өлеңдері бар. Бүгінгі сабағымызда сендер «Қайдан келдің, бауырсақ?» өлеңімен танысасыңдар. Мен өлеңді оқимын, сендер мұқият тыңдап отырыңдар. Сендер сұраққа жауап бересіңдер.

Дастарханда шашылып,

Жатты аппақ бауырсақ.

Бауырсаққа қызығып,

Қарап тұрды көзін сап:

-Қайдан келдің, бауырсақ?-деп сұрады қуыршақ.

-Дүкеннен келдім нан сатқан,- деді оған бауырсақ

3.Қорытынды:

Балалар өлеңде не туралы айтылды?

-Бауырсақ қайда жатты?

-Қуыршақ не деп сұрады?

-Бауырсақ наубайға қайдан келді?

-Диірменге ше?

-Диқан бидайды қалай өсірді?

-Нан дастарханға қалай келеді екен?

-Бауырсақ дастарханға келу үшін кімдер еңбек етеді екен?

Біз өлең арқылы бауырсақтың дастарханға қалай келгенін білдік. Өлеңді диалогты түрде сахналау.