Тақырыбы: Қыз өссе - елдің көркі
Мақсаты: Қыз балаларды ұлттық тұрғыда халқымыздың салт - дәстүрін қадірлеу, әдет - ғұрпын, ұлтжанды, отансүйгіштік сезімдерге баулу, тәрбиелеу.
Типі: Жарыс
Көрнекілігі: ұлағатты сөздер, мақал - мәтелдер, шарлар, гүлдер
Жүрісі:
I. Ұйымдастыру бөлімі
II. Негізгі бөлім
III. Қорытынды
Ұйымдастыру бөлімі
Әнұран айтылады.
1- жүргізуші:
Бүгін біздің ауылда дүбірлі той,
Ден қойып тыңдаңыздар, көңілді қой
Жырдан шашу шашылсын, күй күбірлеп
Қош келдіңіздер, халайық, сергісін бой
Құрметті ұстаздар мен ата - аналар бүгінгі ұйымдастырылған сыныбымыздың «Қыз өссе - елдің көркі» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
Негізгі бөлім
Қыз - ата - ананың, ауылдың сүйікті баласы, мақтанышы, сәні, базары, көркі. Қыз - ел, ауыл еркесі, үлпілдеткен үкісі, алақандағы аяулысы, басқа елдің болашақ келіні, анасы. «Қыз - өріс, қыз - қонақ» деп туған - туыстары оларды аялап, мәпелеп өсірген.
- Біздің бүгінгі тәрбие сағатымыз жарыс түрінде өтпекші. Жарысқа сыныбымыздың үш қыз балалары қатысады. Жарыс мына шарттардан тұрады.
Шарттары:
I. Өзін - өзі таныстыру
II. Ал, кімнің өнері бар қаншалықты...(өз өнерлері)
III. Сұлудың сыры
IV.Сұрақ- жауап
V.Ас адамның арқауы
- Жарыс болған жерде өз төреліктерін көрсететін әділқазылар алқасы болады . Ендеше таныс болайық! Оқу ісінің меңгерушісі Абдихалиева Зина Даулетханқызы. Тәрбие ісінің меңгерушісі Надырова Санам Азизовна апайларға қошеметімізді көрсетейік.
2-жүргізуші:
Қыз сыны, қыз өнері, қыз әдебі
Тал бойына жарасқан күлкі әдемі
Бір көргенге болмай - ақ сахнада
Өмірде сақталсыншы ұлт әдебі - дей отырып қыздарымызды ортаға шақырайық.
Серік:
Кімдер жүйрік, өнерпаз, білейікші
Сыныбымыздың аруы деп жүрейікші
Әділқазы алқасына тек әділдікті
Ал аруларға сәттілік тілейікші
1-жүргізуші
: Өнер қуып арулар өтер деймін
Бір басына өнері жетер деймін
Бәске түскен үш ару кезектесіп
Таныстырып өздерін өтер дейін
Таныстырсын өздерін
Тамылжытып сөздерін - дей келе 1 - ші бөлім бойынша қыздарымыз өз - өздерін таныстырады.
Әділқазылардан бағалары сұралады.
2-жүргізуші:
: Ал, кімнің өнері бар қаншалықты,
Би билеп, ал біреуі ән салыпты
Бүгінгі сайыста бәйге алуға
Қыздарымыз аянбай жан салыпты - деп қыздарымыздың өнерлерін тамашалайық.
III. Ал, кімнің өнері бар қаншалықты...(өз өнерлері)
- Рет бойынша қыздарымыз өз өнерлерін көрсетеді.
Әділқазылардан бағалары сұралады.
1-жүргізуші
Сымбатына сән киім жарасатын
Аспандағы айменен таласатын
Өнеріне көркі сай келіп тұрған
Аруларға қызығып қарасатын - дей келе 3 - ші бөлімге де кезек берейік.
IV. Сұлудың сыры (қазақтың ұлттық киім үлгісін көрсету)
Қыздарымыз рет - ретімен сән үлгісін көрсетеді.
Әділқазылардан бағалары сұралады.
Ельнур:
Қыз емес қыздың аты қызыл алтын
Көрінер қызыл айдай жүзі жарқын
Үлкеннің алдын орап сөз сөйлемес
Халқының сақтай білген ізгі салтын
Бекдаулет:
Мен қазақ қыздарына қайран қалам,
Жанары, жаны жаздай жәйраңдаған.
“Қыз өссе - елдің көркі “деген сөзді
Қапысыз қалай айтқан қайран бабам?!
Медғат:
Қыз сұлу көрінеді қылығымен,
Жарыса төгілген қос бұрымымен
Бұл күнде сұлулықтың үлкені осы
Қыз сұлу көрінеді білімімен
2-жүргізуші
Сұрақ - жауап бөлімі
1.Зат есім дегеніміз не?
2.Ана туралы мақал
3.есепте 60+40= 200-80=
4. Жыл мезгілдерін ата
5. Наурыз айында болатын мерекелер
2-жүргізуші
Бөлім Ас адамның арқауы
«Ас адамның арқауы» (ас мәзірі, үйге тапсырмасы.)
Көрсетті өнер әр салада сайысып,
Қимылдары жүргендей бір жай ұшып.
Мерекелік ас мәзірін жасапты
Аналары мен дем арада майысып.
Қыздарымыз мерекелік ас мәзірін әкеліп, дайындау жолдарымен таныстырады.
1-жүргізуші
III. Қорытынды
Әділқазылардың қорытынды сөзін тыңдау. Жеңімпазы анықтау, марапаттау.
- Жеңістеріңіз құтты болсын!
- Ендеше, біздің тәрбие сағатымыз аяқталды. Уақыт пен көңілдеріңізді бөліп келгендеріңізге көп - көп рахмет айтамыз! Келесі кездескенше сау болыңыздар! Қонақтарға сөз беріледі.