СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Құтты болсын Жаңа жыл!

Нажмите, чтобы узнать подробности

Жаңа жылдық мерекені өткізуге арналған бағдарлама

Просмотр содержимого документа
«Құтты болсын Жаңа жыл!»



Тақырыбы: Жаңа жыл!
Жүргізуші: Уа, халайық, жараңдар,
Айналаға қараңдар.
Жаңа жылдың бұл тойын,
Салтанатқа санаңдар!
Басқаға мойын бұрмаңдар!
Жаңа жылды жаңаша,
Қызықты ғып, шат қылып,
Өткізейік тамаша!
Армысыздар, құрметті ата–ана, қымбатты ұстаздар, оқушылар, қонақтар! Сіздерді Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймыз. Міне сол күн, сол мереке биыл да келіп жетті. Сіздерді осы жаңа жыл мерекесімен құттықтай отырып, жаңа жыл тек қана жаңа табыс, береке, бірлік әкелсін дейміз.
Ақ көңілім айналды аппақ қарға,
Көңілдене қосыл сен ән мен жырға.
Қыс қызығы басылмай ұласады,
Қуанышы көп болсын Жаңа жылға!- дей отырып, жаңа жылдық би кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер!
Мектепалды даярлық сыныбының өнерлерін тамашалаңыздар.

1. 0 «Е» сынып оқушысы Зиадин Нұсипаттың орындауында «Жаңа жыл» әнімен қарсы алайық.
Жаңа жылды қарсы алып,
Жасаймыз той жылда бір.
Жарқын, жарқын ән салып,
Жалғасады жырға жыр.
Балалар, бүгінгі біздің шыршамызға кімдер қонаққа келеді деп ойлайсыңдар?
Балалар: - Аяз Ата, Ақшақар
Жүргізуші: Иә, дұрыс айтасыңдар, Аяз Ата мен Ақшақар және біздің жаңа жылымыз келгенше, жасыл шырша жанында ескі жылмен бірге болуымыз керек ғой! Биылғы 2016 жыл қандай жыл еді?
Балалар: - Маймыл жылы.
Жүргізуші: - Дұрыс маймыл жылы еді, ескі маймыл жылымен қоштасайық! Келе жатқан жаңа жыл маймыл жылын қарсы алайық.
(Музыка әуенімен маймыл келеді)
Жүргізуші: Маймыл жылы қадамың құтты болды. Балалар сізге дән риза. Маймыл жылы Жаңа жыл келгенше бізбен бірге болыңыз. Балалардың тамаша өнерлерін тамашалаңыз.

2.0 «Д» сынып оқушысы Әбілтайқызы Көркем «Үнді» биі
Жүргізуші: Балалар, жылдағы дәстүрлі қонақтарымыз Аяз Ата мен Ақшақар көрінбейді ғой, қане, өзіміздің ортамызға шақырайық.
Бәрі / хормен/: Аяз Ата! Ақшақар!
Мыстан кемпір кіреді:
- Ә - ә - ә, менсіз мереке жасап, Жаңа жылды қарсы алып жатырсыңдар ма? Мерекені болғызбаймын. Маған өз өнерлеріңді көрсетпесеңдер, Аяз Ата мен Ақшақарды келтіртпеймін.
Жүргізуші: Балалар, мыстан кемпірге өз өнерімізді көрсетіп, шығарып салайық.

3. О «Е» сынып оқушыларынан құралған «Бұлттар» биін тамашалайық.
Мыстан кемпір: Жарайсыңдар, балалар, енді Аяз Ата мен Ақшақарды бәріміз бірге шақырайық.

Бәрі Аяз Ата мен Ақшақарды шақырады.

Аяз Ата: Амансың ба, ұлдарым,
Амансың ба, қыздарым!
Қандай жарқын жүздерің,
Шаршап келдім алыстан,
Керемет бір ән тыңдап
Келіп тұр – ау дем алғым.
Ақшақар: Амансыздар ма, достар, ата – аналар, ұстаздар! Жаңа жылдарыңыз құтты болсын! Қой жылы – молшылықтың мәресі. Береке, бірлік, молшылық әкелсін!
Жүргізуші: - Аяз Ата, кел, отырыңыз, жолдан шаршап келген боларсыз, балалар сіздің көңіл – күйіңізді көтеріп, өз дері дайындап келген өнерлерін көрсетеді.
Тақпақ: Мұахамедқанапия, Іңкар, Дінмұхаммед, Аяулым, Әділет, Бердалиева Каусар, Бақберген, Айым

Тақпақ: Рамазан, Айжанат, Ернұр, Мейірім, Серәлі, Мерейлім, Нұрлыхан, Әлия 4.0 «Д» сынып «Жаңа жыл» әні барлығы бірге (хор)

5. О «Д» сынып оқушылары «Вальс»биін қошеметпен қарсы алыңыздар. Тақпақ: Айымжан, Бейбарыс, Зұлыпхар, Дана, Мирас, Жасмин,Анель,Бекзат

Тақпақ: Сезім, Сұңғат , Жақсылықова Жансая, Елдар, Ақзиада, Ғизат, Амина, Бейбарыс
Аяз Ата: Өнерлерің өссін, өркендерім! Билерің тамаша екен.
Жүргізуші: Аяз Ата енді ойын ойнайық.
6. «Кім жылдам» ойыны: ( ойын шартын түсіндіру)
Ойын шарты: (ата-аналар арасында өткізіледі)
6 орындық, 7 ойыншы шығады. Музыка әуенімен орындықты айналып билеп жүреді, музыка тоқтағанда орындыққа отырады.

Тақпақ:Еркежан, Ілияс, Айназ, Айжан, Шахназар, Еркеназ, Айдана, Диана, Нұрсипат

Тақпақ: Нұржан, Төлеген Кәусар, Дәулет, Ұбайділла Жансая, Нұртас, Гүлсезім, Шахизат, Көркем, Айбын

Жүргізуші: Балалар, ортамызға, міне Аяз Ата, Ақшақар және ескі Маймыл жылы
келіп, ән салып, би билеп, ойын ойнап, қызықты думан өткізіп
жатырмыз. Бізге енді қандай жыл келуі керек?
Балалар: Жаңа жыл, Жаңа жыл!
Жүргізуші: Дұрыс, биылғы 2017 – жыл қандай жыл?
Балалар: Тауық жылы, тауық жылы!
Жүргізуші: Дұрыс, онда Жаңа жылымызды қарсы алайық!
(Музыка әуенімен тауық келеді)
Тауық: Ендім бүгін төріме,
Жақсылық себем көңілге.
Бейбітшілік пен ырыс – құт,
Әкелдім биыл еліңе!


Жүргізуші: Жаңа жылым бірлік берсін еліме,
Береке мен ырыс келсін жеріме!
7.0 «Е» ұлдар биі
8. 0 «Д» сынып оқушысы Шаймаханова Гүлсезімнің орындауында «Мереке»

Маймыл: Жаңа жыл қош келдің. Балалар бір жылға есейді. Тауық сен де жақсы жыл бол. Мен сендермен қоштасамын. Қош болыңдар!


Жүргізуші: О, халайық, жарандар,
Қилы – қилы заман бар,
Жылқы жылы шапқылап,
Кетіп барады, қараңдар.
О, халайық, халайық,
Хош айтысып қалайық.
Ескі жылмен қоштасып,
Келер жылмен достасып,
Жаңа жылды тойлайық!

9. 0 «Е» сынып оқушыларынан құралған «Шырша жыры» (хор) қарсы алыңыздар.

10. 0 «Д» сынып оқушыларынан құралған «Гном»

Жүргізуші: Бишілерді би – билеуге шақырайық,
Қошеметпен, құрметпен қарсы алайық.
Бишілерді ырғалтып, би билетіп,
Қол соғып биік шыңға самғатайық – дей отырып,

Қорытынды:
Көргенде қуанасың таза әуені,
Құлаққа естілгендей қыс әуені.
Жыл сайын тойлататын мәңгі – бақи,
Жаңа жыл құтты болсын қазақ елі!

Міне, қымбатты балалар! Бірлесіп өткізген мереке қашанда қызықты өтеді. Достық, бірлік бәрін де жеңеді. Құрметті ата – аналар бүгінгі біздің мектепалды даярлық сыныптарының арасында өткізіліп жатқан жаңа жыл мерекеміз осымен аяқталды. Тағы да жаңа жыл құтты болсын, елімізге құт – береке алып келсін. Көріскенше күн нұрлы болсын!