Просмотр содержимого документа
«Құрылыс сызбалары»
Құрылыс сызбасы
Көне заманнан өзінде қандай да бір ғимарат тұрғызу үшін сызбаны қолданған. Олар жетілмеген түрде орындалды және сызбадан гөрі суретті көп елестететін. Индустрияның дамуына байланысты сызбалар көптеп пайда бола бастады. Біздің айналамыздағы аспан тіреген зәулім үйлерді, шағын ғана саяжай үйлерін, зауыттарды, спорт кешендерін, дүкендерді, аялдамаларды - барлығын құрылыс сызбаларынсыз тұрғызу мүмкін емес. Ең алдымен кез келген құрылыс жобалаудан басталады. Содан соң жұмыс сызбалары орындалады. Құрылыс сызбалары да біз өткен ережелер мен безендірулерге сәйкес орындалады. Дегенмен құрылыс сызбаларының ерекшеліктері де бар.
Ғимараттағы сәулет - құрылыс сызбаларының негізі - қасбет\фасад, жоспары және оның жасалған тілік беті болып табылады. Олар ғимараттың сәулеті, нысанды жобалау және оның өлшемдері, қолданылатын материалдары мен негізгі элементтері туралы толық мағлұмат береді.
Қасбет дегеніміз ғимараттың алдыңғы көрінісі\негізгі көрінісі\. Негізгі қасбет бұл ғимараттың көше жағынан қараған көрінісі, сол және оң жақ көріністері - жанынан қарағандағы қасбеті. Артқы көрінісі - аула қасбеті Қасбеттерді кішірейтілген масштабтарда орындайды. 1; 50, 1; 100, 1; 200, 1; 400.
Фасад сызбасы:
Ғимарат жоспары \үстінен қараған көрінісі\- ғимараттың шартты тілігі, ол терезе алды тақтайынан сәл биік алынады. Жоспар сызбаларында қиюшы жазықтықтың өткен жерін және одан төмен жатқан элементтердің барлығын көрсетеді.
Қима — бұйымды ойша жазықтықпен қиғанда шығатын фигураның кескіні. Сызбаны оқуды жеңілдету үшін және бұйымның пішінін оңай түсіну үшін қолданылатын шартты кескіндердің бірі. Онда бұйымның қиюшы жазықтықтан алдыңғы бөлігі, сондай-ақ қиюшы жазықтықтың арғы жағындағы бөлігі ескерілмейді. Қиманың шынайы шамасы сызылады және ол сызықталады (штрихуется). Қиманы қабаттасқан және оңашаланған деп екіге ажыратады.
Алтын қима — a {\displaystyle ~a} санын немесе ұзындығы a {\displaystyle ~a} -ға тең кесіндіні үлкен қосылғышы кіші қосылғышы мен бүтін қосылғышының геометриялық ортасы болатындай екі оң: x {\displaystyle ~x} және a − x {\displaystyle ~a-x} қосылғыштарына жіктеу, яғни x 2 = a ( a − x ) . {\displaystyle ~x^{2}=a(a-x).}
Дедекинд қимасы — бірінің (жоғары немесе оң) әрбір саны өзге кластың (төменгі және сол) әрбір санынан үлкен болатындай етіп рационал сандар жиындарын екі класқа ажырату.
Конустық қима — дөңгелек конустық беттің жазықтықпен қиылысу сызығы; бұл сызық жазықтықтың орналасуына тәуелді түрде гипербола, парабола, эллипс, шеңбер немесе екі түзудің жиынтығы болады.
Нормал қима — беттің берілген нүктесінде оны нормал арқылы өтетін жазықтықпен қиюдан пайда болатын қима.
Назарларынызға рахмет!