СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Кәсіпкер - іскер адам

Нажмите, чтобы узнать подробности

Студенттерге кәсіпкерлік туралы түсінік беру, бизнес жасау жолдарын уйрету туралы тәрбие сағаты

Просмотр содержимого документа
«Кәсіпкер - іскер адам»

Тәрбие сағатының тақырыбы: Кәсіпкер – іскер адам

Өткізілу формасы: дөңгелек стол

Мақсаты: оқушыларға кәсіпкерлік туралы түсінік бере отырып бизнес жасау жолдарын үйрету, оқушылардың бойында іскерлік, әдеп, ұйымдастырушылық қабілетін, ұжыммен жұмыс дағдыларын қалыптастыру, кәсіпкерлік туралы түсініктерін, ой - өрісін арттыру.,кәсіпкерлік еңбекке баулу, маңызды шешім қабылдай алатын, жетістікке жететін белсенді азамат болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Слайд

Барысы. Топ жетекшісі дөңгелек стодың тақырыбымен, мақсатымен таныстырырды.

Міне, ІІ курсқа да келдік. Енді таңдаған мамандықтарың бойынша болашақта қалай қызмет жасаймын, немен айналысуыма болады деген сұрақтар төңірегінде ойлану керек. Заман талабы – кәсіпкерлік.

Ой қозғау
- Кәсіпкер, кәсіпкерлік ұғымын қалай түсінесіңдер?...
- Кәсіпкерлік дегеніміз не?

Нарықтық экономика жағдайында кәсіпкерлік – шаруашылық қызметінің маңызды түрі. Кәсіпкер – өнеркәсіп, сауда, т. б. фирмалардың иесі, тиімді істерді ұйымдастыра білетін іскер адам. Ақылмен қорыта алатын, тәуекелге бара алатын адамдар басқара алады және қойған мақсатына жете алады. Бұларды кәсіпкер деп, ал іс - әрекетін кәсіпкерлік деп атайды.
Кәсіпкерлік – экономикалық іс - әрекет, мақсаты – пайда табу, табысқа ие болу. Кәсіпкерлік өз ынтасымен тәуекелге бел буа алатын, жеке табыс пен пайда табуға ұмтылған азаматтардың қызметтері болып табылады. Кәсіпкерлік кез келген адам айналысуға болатын әрекет түрі. Бірақ құқы бар барлық адам кәсіпкер болуы тиіс емес. Табысты кәсіпкер болу үшін білім, іскерлік, қабілеттілік, күш - жігер, жауапкершілік, табиғи дарын болуы керек.

Кәсіпкерлер әр түрлі іс - әрекетпен шұғылдана алады.
«Әрбір кішкене жұмыстан түпкі мақсатқа жетудің баспалдағын көре білу – адамның идеалы болуының ең жақсы көрсеткіші». (Б. М. Теплов).
Басқару саласындағы ірі маман Макс Вебер бизнесті ақыл - ойдың дәнін себуші ретінде бағалаған. Атақты ортағасырлық араб ғұламасы Ибн Халдун кәсіпкерлікті «Адамдардың өз мүмкіндігі мен адал еңбегі арқылы молшылыққа кенелу іс - әрекеті» деп бағалады.

Ой бөлісу
- Кәсіпкер қандай болу керек?
- Фирмалар қалай құрылады және қандай түрлері бар?
- Шағын және орта кәсіпкерліктің мәні мен маңыздылығы неде?
- Кәсіпкер кез - келген уақытта өз бетінше шешім қабылдайтын, жаңалықтарын белсенді түрде тез іске асыратын, барынша тапқыр, тәуекелшіл, жігерлі, жауапкершілікті адам.
Кәсіпкер оның білімін, біліктілігін, бизнестің мәнін және ерекшеліктерін түсінуін сипаттайтын кәсіби қасиеттерге де ие болуы керек.
1. Қолайлы жағдайды тиімді пайдалана білу.
2. Уақытты пайдалана білу. «Уақыт – ақша» деген сөзді бизнесмен өз мәнінде түсінуі керек. Уақытты жоғалтқанда өз мүмкіндігің мен дәрежеңді де жоғалтасың.
3. Еркі мықты болу. Мақсат қойсаң, оған жет.
4. Өз ісіңді таба білу қабілеті. Әр адамның қабілеті мен біліктілігі әр түрлі, сондықтан қолынан не келетінін өзі анықталған маңызды.
5. Іске бағыттала білу. Соңына дейін беріле істей білу – кәсіпкердің маңызды қасиеті.
6. Құрбандыққа даяр болу. Бизнесте жетістікке жетем десең, өз уақытың мен үйреншікті тұрмыс жағдайларын, ұйқыңды жиі қиюға тура келеді.

Фирма – дербес шешім қабылдай отырып жоғары пайда табуға ынталанатын жеке және заңды тұлғалардың кәсіпкерлік қызметінің ұйымдық – құқықтық формасы. Мұнай, газ, металл барлығы 5 - 7 ғана пайыз адамдарға жұмыс береді. Барлық әлемде 90 пайыз халыққа жұмыс беретін – шағын, орта бизнес. Германияның шайқалмай дағдарыстан өткен себебі: бүкіл өнімнің 80 пайызын кіші және орта бизнес береді.

Шағын бизнестің нақты қызметі:
Жаңа жұмыс орындарын құрады:
Жаңа тауарлар мен қызметтерді ендіреді:
Ірі кәсіпорындардың қажеттіліктерін өтейді:
Арнайы тауарлар мен қызметтерді қамтамасыз етеді.
Бизнес - пайда алуға бағытталған экономикалық қызмет, кәсіпкерлік.

Бизнес - жоспар – идеясын іске асырып пайда алу үшін жасалатын кәсіпкер әрекетінің жоспары. Жарнама жасау болып табылады. Жарнама түрлерімен ой бөлісу.

«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы Қазақстан Республикасы Президентінің «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу. Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына жолдауын және Қазақстанның 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарын іске асыру үшін әзірленді. 

Бағдарламада нақты төрт бағыт қамтылған.
1 - бағыты – жаңа бизнес - бастамаларды қолдау.
2 - бағыты – кәсіпкерлік секторды сауықтыру.
3 - бағыты – кәсіпкерлердің валюталық тәуекелділігін төмендету.
4 - бағыты - кәсіпкерлік мүмкіндікті арттыру.
Экспортқа бағдарланған өндірістерді қолдау.

Мемлекет кәсіпкерлердің арқасында, ал кәсіпкерлер өз мемлекетінің қолдауының арқасында өркендейді. Бұл дөңгелек үстел сіздерге үлкен ой салды деген ойдамын, алдағы өмірде белгілі кәсіпкер болуларыңа тілектеспін.
Еліміз бен мемлекетіміздің дамуына үлкен үлес қосады деген сеніммен бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.