Бекітемін:
Сыныбы: 3 «В»
Күні: 17.03.2017 ж
Тақырыбы: «Қош келдің,Әз Наурыз!»
Мақсаты: Наурыз мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт-дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Суреттер, ою-өрнектер, тұсау кесер рәсіміне қажетті заттар, дастархан.
Жүрісі:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
Кіріспе.
Мұғалім: Армысыздар ата-аналар, ұстаздар, қонақтар! Бәріміздің асыға күткен Наурыз тойымыз келіп жетті. Тойларыңыз құтты болсын!
1-жүргізуші:
Наурыз – «жаңа күн» деген сөз. Бұл күн – біздің ата-бабаларымыз, арғы тегіміз мыңдаған жылдардан бері тойлап келе жатқан жыл басы мерекесі. Наурыз тойы мерекесі құтты болсын! Ұлыстың ұлы күні деп аталған Наурызда денсаулықтарыңыз мықты болсын, тілектеріңіз қабыл болсын!
2-жүргізуші:
Олай болса, тойымызды «Қара жорға» биімен ашайық.
Би «Қара жорға» (оқушылар бір мезгілде билейді.)
1-жүргізуші:
Наурыз – көктем мерекесі.
Наурыз – жыл басы.
Наурыз - жаңа серпін, жаңа леп.
2-жүргізуші:
Наурыз – шаруаның мерекесі,
Бақыт пен шаттық мерекесі.
1-жүргізуші:
Армысыңдар, халайық,
Бармысыңдар, халайық.
Наурыз тойын жұп жазбай
Жылда қарсы алайық.
Хор: «Наурыз той».
1-оқушы: Салт-дәстүрмен жарасса,
Жыр оқиық тамаша.
Жарыса өнер көрсетіп,
Той тойлайық жаңаша.
2-оқушы: Қыс өтіп, қар кетті,
Жырлайық жаз жетті.
Мейрамы ежелден
Құтты болсын Наурыз!
3-оқушы
Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен,
Маңдайымнан сүйіп жатыр күн көктем.
Жарығыңмен, шуағыңмен Күн-Ана,
Алып келдің жер бетіне гүл көктем
4-оқушы
Жыр сыйлаған, нұр сыйлаған тірлікте,
Қастерледік, қадіріңді білдік те.
Құтты болсын, Ұлыс күн жұмылдырған,
Бәрімізді ынтымақ пен бірлікке.
Көрініс: «Тұсаукесер»
1-жүргізуші:
Біз қазақ халқы әулет дәстүрін қастерлеп, дәстүрлік мұраларды насихаттап жүрген халықпыз.
5-оқушы:
Дәстүрдің озығы бар, жазығы бар,
Өткеннен бізге жеткен асылы бар.
Сәбидің кейбір кезін қызықтайтын,
Қазақта «Тұсау кесер» рәсімі бар.
2-жүргізуші:
Тұсау кесу дегеніміз 1 жасқа толып, еркін жүре бастаған балбөбектің басқан қадамы құтты болып, одан әрі жаны жамандық көрмей, жүріп кетуіне тілек білдіретін салт.
6-оқушы:
Күлгенің де той сенің,
Жүргенің де той сенің.
Қызықтасын халайық,
Тұсау кескен бұл күнің
Есте қалсын, жарқыным.
1-жүргізуші:
Әлбетте, баланың тұсауы ала жіппен, қойдың майлы шегімен немесе өрілген көк шөппен кесіледі: Ала жіп ақтық пен адалдыққа жол ашады, майлы шек байлыққа, тоқтыққа жетелейді, көк шөп көбеюге, өсуге, өнуге шақырады.
Бүгінгі күні Дильназ әже өзінің немересі Нұрисламның «Тұсау кесер» тойын Ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесімен тұтастырып, қалың жұрттан бата алу мақсатында осы жерде «Тұсау кесер» тойын өткізбекші.
Дильназ әже:
Алғашқы немерем Нұрислам жер-Анаға алғаш аяқ басып, үлкен өмір көшіне ермек, із тастамақ. Сол құлынымның тұсауын кесуге өзімнің аяғы жеңіл, жүрісі шапшаң, ақкөңіл, елімізге сыйы, ардақты ана, сүйікті әже, Айша құрбыма немеремнің тұсауын кестіремін.
Ал, келін балам, кішкентай Нұрисламды ортаға әкеліп, Айша әжесіне табыс ет.
(Осы кезде ақ жайма жайылып, тұсау кесуге қажетті заттар ортаға қойылады.)
Келін бала:
(баланы көтеріп келе жатып айтатын өлеңі:)
Тәй-тәй балам, тәй балам,
Шақырып тұр айналаң,
Жүруге алғаш талпындық
Құтақандай жан балам,
Қаз-қаз тұрып талпындың,
Қуантасың, күлесің.
Аман болсаң аз-ақ күнде
Алшаң басып жүресің.
Орынбасар:
Айналайын балам, өзің қандай сүйкімді едің. Тіл көзім тасқа.
Бөпеміз қаз тұрыпты,
Алға қадам басуға,
Тәй-тәй болып жүріпті,
Асулардан асуға.
Маған тұсау кестіріп,
Жатқандардан бұйрық сол;
Мені жүйрік депті жұрт
Менен асқан жүйрік бол.
(Айша әже қолына ала жіпті алып жатып)
Ала жіппен тұсайын
Аружанның аяғын
Тұсау жібін кесейін
Жасап баба ырымын.
Сағат сайын есейіп,
Шапқыласын құлыным
Аяқтары талмасын
Айналайын, алтыным.
(аяғын байлайды. Қолына қайшысын алып, тұсауын кеседі.)
Қаз-қаз бала, қаз балам.
Қадам бассаң мәз болам.
Қаз баса ғой, қарағым,
Құтты болсын қадамың.
Алға қарай баса бер,
Асулардан аса бер.
(Нұрисламды жетектеп жүргізеді.)
Дильназ әже:
Ал, келіншектер, тәй-тәй-лап
Әлдиді алға бастаңдар.
Шошытпаңдар, айқайлап,
Жалғыз тастап қашпаңдар.
Немеремнің жолына мол ғып шашу шашыңдар
Із қалдырсын соңына,
Алдын кең ғып ашындар!
( Ақ жайманың алдын кең ғып ашып баласына жол ашады, шашу шашылады, құттықтаулар айтылады.)
Ержанат:
Амантай әжемнің немересінің «Тұсау кесер» тойының құрметіне ән-шашу арнайын.
Ән: Халық әні.
Дильназ әже:
Рахмет, айналайын, өркенің өссін.
Дильназ әже:
Әкеліңдер ана сандықты ортаға «Ақ түйенің қарыны жарылған күн» бүгін. Бұл жиған-тергенімді бүгін бермегенде қашан беремін. Осы сый-сыяпатыма риза болыңдар, қадамдарыңа гүл бітсін.
(әже қонақтарына сый-сыяпатын көрсетеді.)
Бата берілуі:
Құлыным үлкен жігіт болсын!
Ата-анасына қызық болсын
Жақсылармен қатар болсын,
Жамандармен қатал болсын,
Ата-дәстүр байлығын жалғастырар,
Берік бұтақ болсын.
Наурыздарың құтты болсын!
Ұлыс береке әкелсін
Ақ мол болсын,
Қайда барсаң жол болсын
Осы тойды қызықтаған
Баршаңызда той болсын!
7-оқушы:
Күн менен түн теңелді,
Жер шуаққа кенелді,
Қуанышта ел енді.
Наурыз келді салтымыз:
Көгерсін деп халқымыз
Көшеге тал егеді.
Наурыз тойы – береке,
Наурыз тойы – жыр-аңыз.
2-жүргізуші:
Наурыз айы – Шығыс күн есебі бойынша жылдың алғашқы айы. Бұл айда жылдың алғашқы айы есебінде күн мен түн теңеледі, сол себепті наурыз жыл басы саналады.
8-оқушы:
Наурыз көже – Наурыз тойына тән, көпшілікке арналған мерекелік тағам. Жеті түрлі дәмнен: сүт,ет, су, тұз, тары, құрт, жеміс тағы сол сияқты тағам түрлерінен жасап, оған қазы, шұжық сияқты сыйлы мүшелер қосып, мерекемен құттықтауға келгендерге ықыласпен ұсынады. Наурыз көженің тәрбиелік мәні зор. Ол адамдарды жомарттыққа, ізгілікке, ұйымшылдыққа, татулыққа, бірлікке шақырады.
9-оқушы: Арпа, бидай, тары бар,
Қатық, малта ағы бар,
Ішілетін, жейтіннің
Бұл көжеде бәрі бар.
10-оқушы:
Наурыз жыры – Наурыз мерекесінде айтылатын халық ауыз әдебиетінің түрлерінің бір саласы. Оның түрлері халық арасында өте көп тараған.
Наурыз бата
«Наурыз көжеге» шақырғандарға, жалпы жұртшылыққа, ауылға, көпшілікке беріледі.
Өркенің өссін!
Әр күнің Наурыз күніндей берекелі болсын!
Ұлың оңға, қызың қырға қонсын!
Айың тусын солыңнан,
Жұлдызың тусын оңыңнан,
Бақ берсін, қыдыр дарысын!
1-жүргізуші: Шашу!Шашу!
Көп шашайық шашуды,
Жауғандай кеп аспаннан нөсер жаңбыр.
Уа, жамағат! Теріп ал несібеңді,
Ризығың болсын көл-көсір.
2-жүргізуші: Қашанда құт-береке орнасын деп,
Тойларда шашу шашу салты елімнің.
Уа, халайық! Теріп ал несібеңді,
Қабыл болсын, жамағат, ақ тілеуің!
Ән: «Наурыз думан».
Бекітемін:
Сыныбы: 3 «В»
Күні: 05.05.2017 ж
Тақырыбы: «Ерлік-елге мұра, Ұрпаққа -ұлағат!»
Сабақтың мақсаты: Жас жеткіншек ұрпақтарды Отан сүйгіштікке, ерлікке, адалдыққа баулу. Ұлттық патриоттық сезімін қалыптастыра отырып, елін, жерін қорғауға, бейбітшілікті нығайтуға тәрбиелеу. Ұлы Отан соғысында туған жерін қорғаған Қазақстан азаматтары туралы мәлімет беру.
Барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
ІІ.Негізгі бөлім
Мұғалім:Қамықпаған қиындықтың түгінен,
Өздеріңе жинап қырдың гүлінен.
Бүгінгі ұрпақ бақытты ұрпақ атынан
Құттықтаймыз Ұлы Жеңіс күнімен!
Қадірлі де, қымбатты қонақтар сіздерді Қазақстан Қарулы күштеріне 25 жыл толуымен және Ұлы Жеңісіміздң 72 жылдық мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
1-Жүргізуші:
Жеңіс күні 9-мамыр – бүкіл дүниежүзі бойынша үлкен мейрам. Әсіресе, бұл мерекені екінші дүниежүзілік соғыстың бар ауыртпалығын өз мойнымен көтеріп, Отан үшін от кешіп, соғыстың қанға бөккен даласында қайсарлықпен шайқасқан, Жеңістің туын желбіреткен, Ұлы Отан соғысының ардагерлері үшін ерекше мейрам.
2-Жүргізуші:
Аз емес зар жылаған, егілген жан,
Аз емес өшкен өмір, төгілген қан.
Кеудеге зілді қасірет салды соғыс.
Қирады талай арман көңілге алған
1-Жүргізуші:
Ұлы Отан соғысына қатысқан: Бауыржан Момышұлы, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, Мәлік Ғабдуллин, Талғат Бигелдинов т.б.және де өз жерлестеріміз де бар.
Ол кісілерге құрметпен бас иеміз. Ал осы бейбіт өмірге жете алмаған, ерлікпен қаза тапқан ағаларымыз бен апаларымыздың рухына бас иіп, еске алайық. Жеңіс туын желбіретуде қан кешіп, кеудесін оққа тосқан боздақтарымызды бір сәт үнсіздікпен еске алайық.(1мин)
2-Жүргізуші: 1941 жылы 22 маусым күні таң шапағы жаңа ғана арайланып келе жатқан кезде елімізге қауіп төнді. Халқымыз адам айтқысыз қиын – қыстау кезеңге душар болды. Фашистік Германия елімізге опасыздықпен басып кірді.
1-оқушы:
Бұлт түнеріп аспаннан,
Талай көзден жас тамған.
Тұтқиылдан эау тиіп,
Қырғын соғыс басталды.
1-Жүргізуші:
Ұлы Отан соғысы басталды. Отанымыздың басына ауыр күндер туды.
2-оқушы
Отаным еркелеймін енді кімге,
Өзіңмен нені болса көрем бірге.
Қалайша қабырғама батпас менің,
Басыңа қатер бұлды төнген күнде.
Бәрі:
Барлығы майдан үшін,
Барлығы жеңіс үшін.
3-оқушы:
Көп қой батыр ағалар,
Халық сүйіп бағалар.
Көп қой батыр ағалар.
Жаттап алғын балалар.
Болашақты бізге мирас етем деп,
Қыршын кетті Әлия, Мәншүк апалар.
Ән: «Шығыстың қос жұлдызы»
2-Жүргізуші:
Қазақстанда соғыстың алдында 6, 2 миллион халық тұратын еді. Осы жылдары республикамыздан 1 млн. 196 мың 164 адам қару асынып, майданға аттанды. Республикадан еңбек армиясына 700 мың адам жіберілді. Сонда Қазақстаннан соғыс жылдары әскери комиссариаттары арқылы 1 млн. 900 мыңдай адам сапқа тұрды.
1-Жүргізуші:
Иә, кім де болса өз Отанын қорғауға қашанда дайын.
2-Жүргізуші:
Бұл жылдары жүрегі Отаным деп соққан әр азамат барынша күресе білді. Әрбір азамат өз Отанына деген антын орындап шықты.
4-оқушы
Жерден, көлден, аспаннан,
Соқты жауды ел күнде.
Берлинде алғаш басталған,
Бітті соғыс Берлинде.
1-Жүргізуші:
Фашизмнің ордасы Рейхстагқа қазақ жігіті, лейтенант Рахымжан Қошқарбаев Қызыл ту тікті!
5-оқушы:
Сен құрметте оны!
Түсіндің бе, қарағым?
Ол ақшаға сатқан жоқ,
Тізеден кесіп аяғын!
2-Жүргізуші:
Қазақ даласы небір төңкеріс, небір көтеріліс, небір жеңіс пен жеңілісті, қызық пен қиындықты өткерді емес пе? Ата – бабаларымыздың осындай ерлігінің бірі – Ұлы Отан соғысындағы жеңісі. Сонау 1941 жылы бейбіт жатқан елге Германия фашизмдері ашқан соғыс қазақ ұлдарын да жалмап, ананы баласыз, баланы әкесіз, әйелді жесір қалдырғаны әрбір адамның жүрегінде.
1-Жүргізуші:
Біздің Қазақстанда да соғыс оты шарпымаған шаңырақ кем де кем. Жүз мыңдаған ата – әкелеріміз соғыстың алғашқы сәтінде – ақ майданға аттанды. Осы қан майданда мерт болған ерлердің рухына, бүгін арамызда асқар таудай болып жүрген аталарымызға басымызды иіп тағзым етейік. Олардың ерлік істерін ешкім де ешқашан да ұмытпауға тиіс.
Би: «Синий платочек»
6-оқушы:
Қамықпаған қиындықтың түбіне
Өздеріңе жинап қырдың гүлінен.
Бүгінгі ұрпақ – бақытты ұрпақ атынан
Құттықтаймыз Ұлы жеңіс күнімен!
7-оқушы:
Бақыт сыйлап жатады әр күн
Санамызға жарық берген
Әкелері аталардың
Бұл Жеңісті алып келген
Қуантамыз ән сап жұртты,
Келе берсін бақыт таңы.
Жеңіс күнің болсын құтты,
Батырлардың ұрпақтары
8-оқушы:
Жеңіс келді қалама,
Жеңіс келді далама.
Жеңіс келді әке боп
Жеңіс келді ән болып.
Жеңіс келді алақай
Тоя жейтін нан болып.
9-оқушы:
Жеңіс, жеңіс!
Бабамыздың –
Қызыл қаны төгілген.
Кеше туған және біздің
Бағымыз боп көрінген.
10-оқушы:
Жеңіс, жеңіс!
Мектебіміз
Ашқан бізге есігін
Ұмытылмас өткеніміз
Батырлардың есімі.
11-оқушы:
Қия шыңға өрмелелеңдер,
Болашаққа батыл бар.
Жеңіс деген өрен ерлер
Мәңгі өлиейтін батырлар.
12-оқушы:
Әсем әндей, қоныр күйдей,
Жылдан - жылға жаңғырып.
Жаса, Жеңіс – ел ерлігі
Сен жасай бер мәңгілік!
13-оқушы:
Барша халық жеңіс күнін тойлайды,
Жас сәбилер думандатып ойнайды.
Ардагерлер көздеріне жас алып,
Ұрпақтардың амандығын ойлайды.
14-оқушы
Өркендесін туған жер,
Өркендесін туған ел.
Шайқалмасын асқар бел,
Шайқалиасын шалқар көл!
15-оқушы:
Елге қауіп төнбесін,
Егестен адам өлмесін!
Есен – аман болайық,
Енді соғыс болмасын!
Би: «Катюша»
2- Жүргізуші:
Соғыс бітті … Ауыр да азапты жылдар артта қалды, біздің еліміз бейбітшілікті сүйеді. Ананы – баладан, баланы – анадан айырған сұм соғысқа жол жоқ …
1-Жүргізуші:
Ешкім де, еш нәрсе де ұмытылмайды! деген келесі бөліміміз бойынша оқушылардың шығармашылығына береміз!
16-оқушы
Жеңем деген ел сөзін!
Тұрды ажалдан жоғары
Өмір, адам жұлдызы,
Тұрды ажалдан жоғары
Жеңіс туы қырмызы,
Тұрды ажалдан жоғары
Отан, ұрпақ болашақ.
Тұрды ажалдан жоғары
Өмір нұры жарқырап.
17-оқушы
Сарғая күткен ұлы күн
Шұғыласы бүгін жарқ етті,
Бағына талай миллионның
Баянды жеңіс күн жетті
18-оқушы
Елге қауіп төнбесін,
Егестен адам өлмесін!
Есен – аман болайық,
Енді соғыс болмасын!
Өртенбесін туған ел!
Шайқалмасын асқар бел!
Шайқалмасын шалқар көл!
Ән: «Қазақстан – Отаным менің»
19-оқушы
Жасасын Жеңіс!
Бақытты елім күле бер!
Тәуелсіз болып болашағына жүре бер!
Болмасын соғыс!
Болмасын соғыс!
Болмасын!
Осы тілекпен барша халайық түрегел!
1-Жүргізуші:
Осымен сіздерге арнаған «Ерлік - елге мұра, Ұрпаққа - ұлағат!» атты кешіміз аяқталды. Алтын уақыттарыңызды бөліп келген қонақтар сіздерге рахметімізді айтамыз, денсаулықтарыңыз мықты болсын!
2-жүргізуші:
Жеңістен жеңіске жетіп жүре беріңіздер! Қатысқан барлық оқушыларға алғысымызды білдіреміз!. Жеңіс туымыз көк аспанымызда желбірей берсін!
Хор: Қазақстан Республикасының Әнұраны
Бәрі бірге: Қош, сау болыңыздар!
Бекітемін:
Сыныбы: 3 «В»
Күні: 02.03.2017 ж
Тақырыбы: «Ана - өмірдің шуағы»
Сабақтың мақсаты: Аналарды, әжелерді, қыздарды халықаралық 8- наурыз мерекесімен құттықтау; жанұядағы ана мен бала арасындағы қатынасты нығайту. Баланың бойындағы өнері мен дарындылығын дамыту;анаға деген сүйіспеншілікке, ананы құрметтеп, сыйлауға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: әсем безендірілген зал, интерактивті тақта, слайдтар, суреттер, шарлар.
Жүру барысы:
1-жүргізуші:
Армысыздар, аса қадірменді қонақтар!
2-жүргізуші:
Здраствуйте, дорогие наши гости!
1-жүргізуші:
Құрметті ақ жаулықты аналар мен әжелер, кер маралдай керілген әпкелер, қарындас, құрдастар, ұстаздар! Сіздерді көктемнің алғашқы мерекесімен құттықтай отырып, «Ана – өмір шуағы» атты мерекелік кешке қош келдіңіздер дейміз!
2-жүргізуші:
Уважаемые мамы, бабушки, учиетеля. Мы от всего сердца поздравляем Вас с таким прекрасным весенним праздником 8 марта.
Запахло мартом и весною, но крепко держится зима,
Число восьмое не простое – приходит праздник к нам в дома.
8 Марта – день торжественный, день радости и красоты.
На всей земле он дарит женщинам свои улыбки и цветы.
Звонко капают капели возле нашего окна,
Птицы весело запели – к нам теперь пришла весна!
1-жүргізуші:
Біз ғана емес,
Қадір тұтқан бабалар
Ана деген – тіршіліктің тірегі,
Мерекеңмен, қасиетті Аналар!
Міне, жыл аралатып көктемнің алғашқы күндерімен келетін 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні де келіп жетті. Жер бетіндегі тіршіліктің өзегін келешекке жалғаған, өсер ұрпағына құндақтағы шағынан ізгіліктің дәнін еккен аналар мерекесі бұл.
И.Дильназ
Бәрі де, ана, бір өзіңнен басталды
Сен деп жаздым алғаш өлең-дастанды
Қуандым ба, өзің бар деп қуандым,
Жыладым ба, өзің жоқ деп жас тамды.
Бәрі де, ана бір өзіңнен басталды.
Жанарыңнан көрдім алғаш аспанды
Еркелесем, бір өзіңе еркелеп,
Жасқандым ба, тек өзіңнен жасқандым
Ақерке
Бір өзіңнен бастап өмір жолдарын
Жүрегіңе жүрегімді жалғадым
Өзің мына сыйға берген өмірде
Ақ сүтіңді ақтап өту арманым
Сабина
Барша ана, құтты болсын мерекеңіз
Әрқашанда ана сізбен берекеміз
Ақтасақ ақ сүтіңді асыл анам
Сонда біз кісілікке теңесеміз
Әдемі
Ана деген бастауы ұлылықтың
Ана деген-рәмізі сұлулықтың
Ана деген бір жыр бар шырқалатын
Асқақтатар биікке ұрпақ атын
Назерке
Қош келіпсіз құрметті ата аналар
Жүздеріңнен мейіріммен нұр тамар
Алдарыңда жауқазындай құлпырған
Балғын шақты біз балдырған балалар
Жарасхан
Мамам менің ақ мамам,
Мен өнерлі жас балаң.
Өлеңге қосып атыңды
Асқақтата ән салам
Даулеткерей
Құтты болсын, ардақты анам,
Асыл анам, берекең,
Құтты болсын теңдік алған
Қуанышты мерекең.
Менсіз таңы атпайды,
Менсіз күні батпайды,
Мың айналып толғанбай,
Жаны тыным таппайды.
Ұл қыздарыңыздың орындауындағы «Ана жаным» әнін қабыл алыңыздар
2-жүргізуші:
Мама! Самое прекрасное слово на Земле – мама! Это первое слово,- которое произносит человек, и оно звучит на всех языках мира одинаково нежно. У мамы самые добрые и ласковые руки, она все умеет.
У мамы самое верное и чуткое сердце – в нем никогда не гаснет любовь, оно ни к чему не остается равнодушным.
И сколько ни было бы тебе лет – 5 или 50- тебе всегда нужна мать, её ласка, её взгляд. И чем больше твоя любовь к матери, тем радостнее и светлее жизнь!
Эльнар
Мне мама все дала на свете
Тепло, и ласку, и любовь
Всегда давала мне советы
Когда не знал я нужных слов
Фатима
Адамзат ең алдымен ана алдында парыздар. Ана парызы алтынға бөлеуді, ақ орда салуды қаламайды, ана баласының ер жетіп , адам болуын қалайды. Анаға осыдан артық тарту-таралғының керегі жоқ
И.Дильназ
Мне мама приносит
Игрушки, конфеты,
Но маму люблю я
Совсем не за это
Веселые песни
Она напевает
Нам скучно вдвоем
Никогда не бывает
Әли
Өмірдің иесі сен, ғазиз Ана,
Келтірген дүниеге нелер дана,
Анасыз батыр да жоқ, ақын да жоқ,
Өмірдің алтын кілті сенде ғана –
Қанат
Аялы ғой сипаған алақаның анашым,
Еркелейді бір саған балапаның анашым.
Бір өзіңе арнайын тілегімді анашым,
Сен әйтеуір қашанда аман болшы анашым
Айша
Mother ,my darling
I love you
Each day of the year
You are so swett
And I am so glad
That you are mine
Би : «Көктем» биі
1-жүргізуші:
О, аналар осындайсың бәрің де,
Осындайсың жасың-дағы кәрің де,
Сыйынатын осы өмірде құдірет,
Сыйынар ем ана деген тәңірге...
Фатима
«Ана» дейміз бәріміз де аңқылдап,
«Ана» дейді жас сәби де жарқылдап.
«Ана» деген – бәйтерегі өмірдің,
«Ана» деген алтын қазық, алтын бақ!
Аяулым
Жан ана, құтықтаймын мерекеңмен,
Көктемнің құлпыра бер нар гүлімен.
Төрлесін елдің берген бақыт бағы,
Жазбасын шат көңілің, ақ күніңмен!
Айкөркем
Ана десем алғыс алам халқымнан,
Ана десем теңіз болам шалқыған.
Ана десем ашылады қабағым,
Ана десем әділдікті ұғамын.
Аружан
Құрметтейік, о адамдар аналарды,
Бізді өмірге әкелген даналарды.
Себебі, ана деген асыл жан ғой,
Ойлауменен істейтін әр қадамды.
Әдемі
Сколько звезд на ясном небе!
Сколько колосков в полях!
Сколькопесенок у птицы!
Сколько листьев на ветвях!
Только солнце - одно на свет,
Только мама-одна на свете.
Бекзат
Сен мені түнім демей, күнім дейсің,
Шаршатсам, дірілдемей, күлімдейсің,
Балбырап мен ұйқыға кетпейінше,
Анашым, көзіңді сен бір ілмейсің
1-жүргізуші:
Әркімнің де өмірден аласы бар,
Аласы бар адамның анасы бар.
Мерекесін құттықтап аналардың,
Ән жолдайтын апалардың баласы бар.
Жандарбекқызы Сабина мен Ибрай Дильназдың орындаундағы «Ақ мамам» әнін қабыл алыңыздар
2-жүргізуші:
Мы поздравляем в этот день весны
Всех наших мам и бабушек. Желаем
Здоровья, счастья, вы нам так нужны,
Как жить без вас, совсем не представляем.
1-жүргізуш:
Дүиедегі құдіреттің бәрі, ананың тілегі, ананың жүрегінің мықтылығы арқасында жүзеге аспақ. Ал, ақ самайлы, аяулы да, ардақты әжелеріміз болмаса, аналарымызға да, бұл жарық дүние есігін ашпас еді. Ендеше, әжелерімізді де мерекемен құттықтаймыз.
2-жүргізуші:
- Спасибо бабушкам не выразить словами
За их заботу, доброту и ласку,
За пирожки с картошкой и грибами
И за прочитанную на ночь сказку.
Фатима:
Әжемді мейрамымен құттықтаймын,
Айтатын ән, беретін гүлім дайын.
«Әжетай сені жақсы көремін» деп
Ақырын құлағыңа сыбырлаймын.
Қанат:
Өзің мені өсірген,
Айналайын, ақ әжем.
Тентек болсам кешірген
Шөлдедің бе, дана әжем.
Шай қайнатып берейін,
Шекер салып жан әжем.
Өзім құйып берейін,
Балдай тәтті бал әжем.
Олжас:
Өскенде мен ал енді,
Аралаймын әлемді.
Сыйлық әкеп әжеме,
Таң қалдырам бар елді.
Эльнар
Атам мені құлыншағым дейді
Әжем мені боташым дейді
Әкем мені шырағым дейді
Шешем мені қозым дейді
Ал, шынында мен кіммін?
Мен кәдімгі баламын
1-жүргізуші:
- Міне, балалар, бізді еркелеткенде ата - әжелеріміз, төрт - түлік малдың сүйкімді төлдерінің атын қолданады екен. Кейбір балалардың аты да, осы төлдерге сәйкес болады. Мысалы: Ботакөз, Бота, Тайлақ, Тана. т. б.
Міне, осы боташым қозым, ботақаным деп жақсы көріп, еркелеткен әжелерімізге арнап «Менің әжем осындай» әнін жолдаймыз.
Ән: «Менің әжем осындай»
2-жүргізуші:
Пусть будет небо мирное над вами,
Пусть лишь для вас зальются соловьи,
Живите, окруженные друзьями,
Здоровья вам и счастья и любви!
1-жүргізуші:
Әлемнің жарығын,
Сыйладың сен маған.
Даланың әр гүлін,
Жинадың сен маған.
Тіршілікке нәр берген ана сүті қандай құдіретті. Әлемдегі жақсылық көзі, адамдық қасиет, ақ тілек мейірбандықтың бәрі ана деген сөзбен астасып жатыр.
Олжас
Құтты болсын, ардақты ана
Асыл анам мерекең
Құтты болсын теңдік алған
Қуанышты берекең
Диана
Мәпелейді, әлдилейді, бағады
«Құлыным» деп құшағына алады
Өзгегег де өзіне де жауапты
Барлығына қалай уақыт табады
Ақерке
Бар мейірімділік анада
Ана деген бір жанды
Мейірімділік ананың
Болмас ешбір адамда
Эльнар
Аналардың ғұмыр жасын ұзақ қыл,
Қауіп-қатер, қасіретіне тұзақ құр,
Баласы үшін жыламасын бір ана,
Онсыз да ол сан азапқа шыдап жүр.
Ана-бала – көздің ақ пен қарасы,
Бір-бірінсіз таусылатын шарасы.
Әр ананы арманына жеткізер,
Әр баланың ақылы, ары, санасы...
Айкөркем
Ана! Ана! Не деген қастерлі, қасиетті сөз едің. Осынау үш әріптен тұратын ұлы сөздің түбірінде қаншама ұлы сезім, ұлы құдірет жатыр десеңізші. Ананың ыстық алақаны жүрекке жылы тиіп, әр сөзі адамзат баласына өшпес нәр береді. Дүниеде ана қадірлі.
Аяулым
I love you mummy
My dearest mummy
You make me happy
When I am sad
I whant to tell you
I wantto tell you
I realy love you
When I am with you
I am so glad
2-жүргізуші:
Как наши ребята красиво читают и поеть. Молодцы. А давайте танцевать- прпаздник весело встречать.
Би : «Прятьки»
Ержанат
Thank you mum
For all your hugs
Thank you mum
For all your kissess
Thank you mum for
For all your love
It full god to
Бекзат
Собрались поздравить
Славных наших мам
Милые, разные
За все спосибо вам
Сабина
Мама милая родная
В восмого марта поздравляю
Будь всегда со мною рядом
Только хмуриться не надо
Подарю тебе цвкеточки
Поцелую нежно щечку
К милой мамочке прижмусь
Крепко крепко обнимусь
Азат
Сегодня на целом свете
Праздник большой и светлый
Слушайте мамы, слушайте
Вас поздравляють дети
1-жүргізуші:
Қыз өссе - елдің көркі, гүл өссе – жердің көркі демекші - 8 наурыз мерекесі, қыздарымыздың да, мерекесі.
Қыз емес қыздың аты қызыл алтын
Көрінер толған айдай жүзі жарқын
Үлкеннің алдын орап, сөз сөйлемес
Халқының сақтай білген, ізгі салтын – демекші, сүйкімді қыздарымызды құттықтап, ұлдар тобының орындауында «16 қыз» әнін қабыл алыңыздар.
Үнді биі: Жандарбекқызы Сабина
1-жүргізуші:
Құтты болсын осы шаттық күніңіз
Бақытты да ұзақ өмір сүріңіз
Қуанышты жүзіңізбен әрдайым
Бұл өмірде күліп қана жүріңіз
Жарқыраған қызыл гүлдей
Болсын әсем өміріңіз
Сәуле шашқан әсем күндей
Көтерілсін көңілдеріңіз –
Ән: Әрқашан күн сөнбесін.
1-жүргізуші
На этом наш концерт окончен. Мы еще раз поздравляем всех женщин, девушек и девочек с праздником. Здоровья, счастья, любви!
2-жүргізуші:
Сіздерге отбасылық бақыт, дендеріңізге саулық, осы мерейлі мереке тек қана игі жақсылықтар әкелсін. Бүгінгі «Ана - өмір шуағы» атты кешімізді аяқтаймыз. Ардақты аналар мейрамдарыңыз құтты болсын! Сау саламатта болыңыздар!
Бекітемін:
Сыныбы: 3 «В»
Пәні: Дүниетану
Күні: 27.02.2017 ж
Сабақтың тақырыбы: Ылғал сүйгіш және құрғақшылыққа төзімді өсімдіктер
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың білімін тереңдетіп, ылғал сүйгіш,су және құрғақшылыққа төзімді өсімдіктердің өніп – өсуі жайлы түсінік беру
Дамытушылық: Оқушылардың бейнелі ойлауын, ой-өрісін, дүниетанымын, танымдық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Табиғат пен адам үндестігін, табиғат әсемдігін сезіне білуге, оны қорғауға, аялауға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: «Текше» әдісі, семантикалық карта, топпен жұмыс, венн диограммасы, «Ия, жоқ»
Сабақтың көрнекілігі: видео, слайд, қима қағаздар, текше
Сабақтың жүру барысы:
І.Ұйымдастыру
А) оқушылардың сабаққа әзірлігін тексеру
Ә) Психологиялық дайындық
Б) Топқа бөлу
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру
А) 3-4 оқушыдан мәтін мазмұнын сұрау
Ә) «Текше әдісі»
1. өсімдік деген не?
2. өсімдіктер неше топқа бөлінеді?
3. ағаштар мен бұталардың бір-бірінен айырмашылығы неде?
4. елімізде өсімдіктердің қанша түрі бар?
5. адам өсімдіктерді қалай пайдаланады?
6. өсімдіктер қандай жерлерде тіршілік етеді?
-Өте дұрыс айтасыңдар. Өсімдіктер алуан түрлі ортада, әр түрлі жағдайларды тіршілік етеді.
ІІІ. Қызығушылықты ояту
1.Видео көрсетілім
(өсімдіктер туралы видео көрсету)
2. Ребус шешу
ІҮ. Мағынаны тану
А) мағлұмат беру
Көп өсімдіктер топырақтың ылғалды болуын қажет етеді. Суреттегі шалғындық беде, бақбақ, қоңырбас ылғалы жеткілікті жерде өседі.
Суреттегі өсімдіктердің жапырақтарына, сабағына көңіл бөл. Топырақтың құрамында ылғал болатындықтан тамырлары онша ұзын емес, шашақты. Жапырақтары жалпақ, ылғалды буландыруға жақсы бейімделген: жапырақтарында қақпақты саңылаулары ашылады. Артық су буланған соң жабылады. Осылай өсімдік булануды реттейді.
Мұндай өсімдіктерді ылғал сүйгіш өсімдіктер деп атайды.
Ал тоғандардың және көлдердің бетінде қалықтап өсіп тұратын сарғалдақты, тұңғиықты талай көрген боларсыңдар. Оларды су өсімдіктер деп атайды.
Тұңғиық — бұл су өсімдігі. Бір қасиеті бұл өсімдіктің тез өскіштігі, үш күн сайын жаңа жапырақ шығарады. Мынадай бір қызықты оқиға болыпты. Англияның Кью қаласының ботаника бағында тұңғиық гүлдейді деген хабар тек бақ қызметкерлерін ғана емес, суретшілер мен саққұлақ репортерлердің де құлағына жетеді. Гүл ашылады дегенде жылыхана адамға лық толады. Осы оқиғаның куәсі болған атақты ботаник Н.Ф. Золотницкий 1887 жылы былай деп жазыпты: «Гүлдің ірілігі мен әдемілігі көз алмайтындай. Гүл ашылысымен жылыхананы аралап кеткен жағымды хош иіс адамды рахатқа бөледі», - деген екен. Оның гүлі ақ, алқызыл, күлгін көк, қанқызыл болады. Қазақстанда аз мөлшерде Жайық өзені маңайында кездеседі
Жантақ пен сүттіген топырағында ылғал өте аз, аптапты ыстық жерде өседі. Ондай жерлерде су топырақтың өте терең қабатында ғана болады. . Жантақ тамырының ұзындығы 15 – 20 метрге жейін болады. Сондықтан тереңдіктен алған ылғалды үнемі пайдалануы қажет. Сондықтан жантақтың жапырақтары ұсақ әрі сирек, бұтақшалары тікенді келеді. Жантақ осындай бейімділіктерінің арқасында құрғақшылық жағдайларда өсіп, тіршілік ете береді.
Ал, сүттіген өзінің қысқа, тарамдалған тамыры арқылы түнгі салқында топырақтың бетінде пайда болған шықтан және сирек те болса жауған жаңбырдан ылғал сіңіріп алады. Сүттігеннің жапырағы қалың. Сондықтан суды аз буландырады. Бұл өсімдіктер құрғақшылыққа төзімді өсімдіктер.
Жантақ, сүттіген, жүзген, сексеуіл – құрғақшылыққа төзімді өсімдіктер.
Ә)«Білгенге маржан»



Күнбағыс - құрғақшылыққа төзімді өсімдік. Қазақстанның барлық жерлерінде тіршілік етеді. Үй тұрмысында ол дәнін шағып жейтін шекілдеуік болып қалып отыр. Бірақ күнбағыстың беретін басты нәрсесі – оның жақсы майы. Күнбағыс дәнінен май сығып алғаннан кейін одан күнжара қалады. Күнжараны жылқы, сиыр, қойлар жейді. Сабағын турап, булап шошқаға береді. Себетін кептіреді де ұнтақтайды, ол да – жақсы мал азығы.



Бұрыш —жылу және ылғал сүйгіш өсімдік. Бұрыштың 200 грамы ересек адамның С дәруменіне деген күндізгі қажеттілігін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, ол қатерлі ісіктердің, шелдің және шорбуынның түзілуінің алдын алады. Бұрышты көптеген тағамдардың құрамына, атап айтқанда, «Лечо», фаршталған бұрыш дайындауға, сорпаларды қоюландырғыштарға, тұздықтарға, салаттарға қосады.
Ә)Оқулықпен жұмыс
Мәтінді оқу
Б) Семантикалық карта
| Атауы | Ылғал сүйгіш өсімдіктер | Құрғақшылыққа төзімді | Су өсімдіктері |
| Шалғындық беде | | | |
| Бақбақ | | | |
| Қамыс | | | |
| Жантақ | | | |
| Қоңырбас | | | |
| Сүттіген | | | |
| Тұңғиық | | | |
| Күнбағыс | | | |
| Бұрыш | | | |
| Қоға | | | |
Ү. Ширату
Жұмбақ жасыру
В) Топпен жұмыс
І топ- сурет салу
ІІ топ – сипаттама
ІІІ топ – Венн диограммасы
ҮІ. Қорытынды
«Ия, жоқ»
Өсімдік тірі ағза
Елімізде өсімдіктердің 6 мыңнан астам түрі бар
Өсімдіктер тамыр, тің, жапырақ болып үш топқа бөлінеді
Ылғал сүйгіш өсімдіктердің тамырлары шашақты болып келеді.
Тоғандардың және көлдердің бетінде қалықтап өсіп тұратын өсімдіктерді су өсімдіктері деп атайды.
Ылғал сүйгіш өсімдіктерге жанта пен сүттіген жатады
Күнбағыс құрғақшылыққа төзімді өсімдік
ҮІІ.Кері байланыс
Желкенді кеме
ҮІІІ.Үйге тапсырма
І топ- жұмбақ жазу
ІІ топ – ребус құрау
ІІІ топ – сөзжұмбақ құрастыру
«Ылғал сүйгіш және құрғақшылыққа төзімді» осы тақырыпта жазу
Мәтінді түсініп оқу
ІХ.Бағалау
Бекітемін:
14.12.2016ж
Сыныбы: 3 «В»
Иманмадиева Ж.
Сабақтың тақырыбы: Ол ақын болар ма еді?
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділігі: Осы тарау тақырыптарын жалғастыра оқыту арқылы батырлар және тарихи тұлғалар ерлігі жайында кеңейтілген түсінік беру.Жазушы Коммунар Табейдің суреттеуі арқылы, әңгіме барысындағы әке-шешесінің еске алуы арқылы Қайраттың бейнесін, оның ерлігін оқушылардың танып-білуіне жағдай жасау.
2. Дамытушылығы: Халқымыздың тарихынан тағылым бере отырып, баланың бойындағы патриоттық сезімінің оянуына,Отанды қорғау,сүю сезімдерінің қалыптасуына мүмкіндік туғызу.
3.Тәрбиелілігі: Оқушының тіл байлығын арттыру,байланыстыра сөйлеуге дағдыландыра отырып, өз ойларын жазбаша немесе сурет арқылы сипаттауға нұсқау беру.
Көрнекілігі:Қ.Рысқұлбековтің портреті,интербелсенді тақта, слайдтар, бейнебаян
Сабақтың әдісі: талдау- жинақтау, сұрақ – жауап көрнекілік, баяндау, сөзжұмбақ,
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың жүру барысы:
І.Ұйымдастыру бөлімі.
1.Оқушы назарын сабаққа аудару.
-Балалар,мен бүгін сендермен тағы да кездескеніме қуаныштымын. Біздің бүгінгі кездесуіміз ерекше жағдайда өткелі тұр. Арамызда қонақтар бар.
Психологиялық дайындық
(Релаксация түрінде үнтаспадан А. Еңсеповтің күйі орындалады)
- Қане балалар, көзімізді жұмайық!
- Өзіңді көк аспанның төрінде самғап ұшып келе жатқан қыран құстың бейнесінде елестет. Сен көк аспанды жарып ұшқан, желіне де дауылына қарамайтын қырансың. Қане көзіңе елестет! Анау тұрған биік тауды көрдің бе? Оның ар жағында өз алдына дербес, еркін де тәуелсіз ел бар.
2.Топқа бөлу
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
-Ту тіккен Рақымжан
Мазмұнын әңгімелеу
-Кәкімжан Қазыбаев кім?
-Рақымжан Қошқарбаев кім?
ІІІ.Қызығушылықты ояту
1.Ой қозғау
Сөзжұмбақ шешу.
Азаттық жолында әңгімесі кім туралы? ТоҚаш
Б.Майлиннің қандай әңгімесін оқыдыңдар ? КүлпАш
Алмас қылышты ардагер кім ? БөгенбаЙ
Рейхстагқа ту тіккен кім ? Рақымжан
Алғаш қазақ жасағын құрған кім ? ҚабанбАй
Жәңгір ханның әскеріне қарсы күрескен батыр, ақын ? МахамбеТ
-Балалар,қызыл қоршаудан қандай сөз шықты?
-Қайрат.
ІҮ.Жаңа сабақ
1.Бейнетаспа
2.Желтоқсан оқиғасы
Өздерің желтоқсан оқиғасы туралы білесіңдер ме?
- 16 желтоқсан 1986 жыл
(Тақтадан желтоқсан оқиғасына арналған слайд, үнтаспадан «Желтоқсан желі» әні)
Ол оқиғаны ешбір қазақ азаматы ұмытуға тиіс емес.
Желтоқсан айы... Желтоқсан мен қараша сол бір, екі ай. Кешегі дүркіреп өткен 1986 жылдың желтоқсанында қазақ халқы ұлтаннан сұлтан болып, тар жол, тайғақ кешуден өтті.
16 желтоқсан Қазақстан тарихында өзінің жаңғырығымен өшпес із қалдырған небәрі 18 минутқа созылған Республика Орталық пленумда Республикамызды басқарып келген Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың орнына Колбин сайланды.
17 желтоқсан Алматы қаласында мыңдаған қазақ жастары наразылық білдіріп шеруге шықты. Олар «Тәуелсіздік керек. Қазақ елінің көсемі сайлансын!» - деген тілек білдірді. Ұлт намысын қорғап алаңға шыққан жастардың арасында Л. Асанова, Е. Сыпатаев, С. Мұхамеджанова болды. Сол кездегі үкімет басшыларының бұйрығымен күш көрсетілді. Көптеген жастар түрмеге қамалды. Оларға желтоқсанның ызғарлы күнінде зәбір көрсетілді. Осындай қатыгездікті көрген оларға араша түсем деп жүргендердің арасында Қайраты Рысқұлбеков те бар еді.
- Ендеше бүгінгі сабағымызды желтоқсан құрбаны болған Қ. Рысқұлбеков ағамыз туралы жазған К. Табейдің Ол ақын болар ма еді?….. мәтінімен танысамыз.
3..Автор жөнінде мағлұмат беру.
Коммунар Табей – желтоқсан оқиғасын көзімен көрген бірден – бір журналист. Ол оқиғаның басы қасында болып, сот процесіне де қатысқан.
Коммунар Табей 1956ж 5 мамырда Семей обл Аягөз ауданы Шолпан кеңшарында дүниеге келген. Заңгер мамандығын бітірген.
Қайрат Рысқұлбеков 1966 жылы 13 — наурызда Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы, Бірлік ауылында малшы әулетінде дүниеге келген. Қайрат 1973 — 1981 жылдары Шу ауданындағы Төле би ауылына орналасқан Сәду Шәкіров атындағы мектеп — интернатта оқып сегіз жылдық білім алды. Мектепте сабақты жақсы үлгеріп, кластан класқа емтихансыз көшіп отырды. Қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, мектептің бастауыш комсомол ұйымының хатшысы болды. 1986 жылы 16 желтоқсанда Қазақстанның бас тізгіні қайдағы біреуге тапсырылуына бейбіт наразылық білдірген жастар мен студенттерге қосылып, Орталық алаңға шығып, шеруге қатысты.
4.Кітаппен жұмыс.
Мұғалімнің оқуы
Оқушылар іштей оқиды
5.Сөздік жұмыс:
Пешене – жазмыш, тағдыр
Он екіде бір гүлі ашылмаған – жас
6.Топпен жұмыс
Мәтіннен тауып оқу
а) Қайраттың өз шығармасы келтірілген үзіндіні тауып оқы.
ә) Қайраттың күнделігіне жазған сөздерін тауып оқы.
б) Әкесі Ноғайбай мен анасы Дәметкеннің сөздерін тауып оқы
7.Түртіп алу
Қайраттың әке – шешесінің есімдерін ата.
Желтоқсан құрбандарын жазып алу
8.Топтастыру
Енді оқушылар желтоқсан батырларын жазайық.
(Топтастырып жазу бойынша плакатка жазу)
Ү.Оқушыларды бағалау
Не үйрендік, не білдік? Сонымен біз бүгін “ өткен өмір ” тарауында кімдермен таныстық. Желтоқсан оқиғасы қашан болды? Олар не үшін шықты?
Балалар біз осындай қиыншылықты бастан кешіре отырып, біздің батыр халқымыз өз тәуелсіздігіне қол жеткізді.
- Біз, ендеше, қандай халықпыз?
- Батыр.
-Мен қазақпын деп мақтана аламыз ба?
- Аламыз.
ҮІ.Қорытынды.
Аман қалған шабуылдан жүздеген
Батыр халық екенбіз ғой біз – деген
Аямаған жұрттан нанын тұзбенен
Жомарт халық екенбіз ғой біз – деген
Айтысатын ақсақалмен қызбенен
Ақын халық екенбіз ғой біз – деген
Болашақтан бірде күндер үзбеген
Жарқын халық екенбіз ғой біз деген
ҮІІ.Кері байланыс
ҮІІІ.Үйге тапсырма :
Мәтінді оқу
“ Ер есімі ел есінде ” әңгіме жазу.