«Қош бол даярлық тобы»
Жүргізуші: Армысыздар, құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар.
Сіздер «Қош бол даярлық тобы» атты даярлықпен қоштасу тойына жиналып отырсыздар. Алдарыңызда тұрған балалар кеше ғана мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған кіп-кішкентай балғындар еді.Енді бойлары да, ойлары да өсіп,даярлықты аяқтап, биыл күзде бірінші сынып табалдырығын аттағалы тұр.
«Талаптарыңа нұр жаусын, тек ата-ананың ғана емес,халықтың ұлы мен қызы болсын,өз еңбегімен алған білімдері өзі үшін де таусылмас қазына .Сол қазынаны әрі қарай шыңдай түсіңдер» демекпін.Сәт-сапар бүлдіршіндер!
Өсті міне бойларың,
Өсті ақыл ойларың.
Қуанышқа ортақпын
Құтты болсын тойларың
Көп сөйлеп жөн - жобадан аспайық біз.
Ән шырқап,би - билеуден қащпайық біз.
Ал енді сіздер рұқсат етіңіздер
Сонымен ертенгілігімізді бастайық біз.
2. Ортаға қошеметпен бүлдіршіндерімізді шақырамыз.
Тақпақтар.
1-оқушы.Томирис. Құрметті қонақтар армысыздар
Бәріңіз де аман - есен бармысыздар!
Ақ тілекпен ағытып бір тастайық
Кешімізді ән жыр менен бастайық
2-оқушы.Дулат. Өсті міне бойымыз
Өсті ақыл ойымыз
Жиналған бүгін бар қауым
Құтты болсын тойымыз.
Амирханов Алишердің орындауында ән «Қазақ жастары», қабыл алыңыздар.
Мұғалім: Қазақстан - тәуелсіз мемлекет,желбіреген көк байрағы,айбынды елтаңбасы бар асқақтаған әнұраны бар.
3-оқушы. Дария. Қазақстан Республикасының туы тік бұрышты,көк түсті, тудың ортасында қалықтап ұшқан қыран құс бейнесі берілген.Матаның сол жағында ұлттық өрнек салынған тік жолақ бар.Тудың ені 1 метр,ұзындығы 2 метр.
3. 4- оқушы. Әбілмансұр. Отанымды анамдай көремін
Озасың бәрінен сенемін
Желбіреп әрқашан көк туым
Гүлденіп көркейіп өсемін.
5- оқушы. Алиман. Отан деген атамекен
Отан деген туған жер
Отан ана, отан үлкен.
Қазақстан туған ел.
Халипа Алиманың орындауында ән «Әкелер», қабыл алыңыздар
Тақпақтар
1.Ақтоты. Бүгін қызық, бүгін той
Біздер үшін біліп қой
Ән де салып би билеп
Жалғастырсын ойды ой
Даярлығым базарлы үй
Көшедегі ажарлы үй
Шаттығы мол шуақты
Өз үйіміз сияқты.
Әбілмансүр. Талай қызық той өткіздік
Бірақ орны бөлекше
Даярлықпен қоштасатын
Бүгінгі той ерекше
Ардақ. Жақсылыққа құштармыз
Жақсы адам боп шығамыз
Таза сәби жүректен
Қабылдаңыз мың алғыс
4.Динара. Қадірлі мектеп - бұл мектеп
оқыған ата-анамыз.
атыңды сенің құрметтеп
әрқашан еске аламыз.
Хор. Мектептерде үйретеді
Тақпақтар.
Алиман: Біз бақытты баламыз
Жетіліп ой санамыз
Даярлықпен қоштасып
1-ші сыныпқа барамыз.
Рухаят. Нағыз білім ырыс бақ
Дүниені тұр ұстап
Енді біздер сабаққа
Кірісеміз дұрыстап.
Айдана. Келгенде алғаш мектепке
Білмеуші едік әріпте
Кәзір біз оқып жаза білеміз
Әріпке қосып әріпті.
Айкерім: Жарасып бәріміз
құлпырттық бар маңды
шырқалған әніміз
ұстазға арналған
оттай болып жанамыз
есейді ақыл санамыз
алу үшін мол білім
1-шіге кетіп барамыз.
5. Ақтотының үнді биін тамашалаңыздар.
тақпақтар.
Қайсар: Құшағыңда жарқылдап
Өтті сәби күндерім
Біріншіге барам мен енді
Даярлығым қош енді.
Гүлнұр: Әліппеден әріп танып
алғаш рет оқимыз
тәрбиеден тәлім алып
санамызға тоқимыз.
Томирис: Ән саламыз бас қоса
Даярлықпен қоштаса
Күніміз тұрсын күлімдеп
Жүрейікші достаса
Көңілді өскен баламыз
Шырқап әнге саламыз
Тойымызға сән беріп
Ән де айта аламыз!
Сүндет: Үлкендердей тап- таза
Жазамыз бормен тақтаға
Үлгілі бала, боламыз
Жүретіндей мақтана.
Балалардың вальс биін тамашалаңыздар.
6.тақпақтар.
Тойлыбек. Аялайық ананы
Құрметтейміз бағамыз
Сіздер үшін аналар
Шырқап әнге саламыз.
Ердаулет. Қуан шаттан алақай
Қуанатын күн бүгін
Бұл қуаныш себебін
Бізге қарап ұғарсың
Ер жет деп бөбегін
Ата-анамыз қуансын.
Абылай. Бес болсын алар бағамыз
Білімнен бақыт табамыз
Өнер білім көп тоқып
Өсе берсін санамыз.
Индира. Мектеп қамқор анамыз
Оқып білім аламыз
Өнерпаз боп өсетін.
Бірінші сыныпқа барамыз.
Дильназ. Бізге тәртіп үйреткен
Ән салдырып билеткен
Таныстырып ең алғаш
Әріптермен суретпен
Апайымызға мың алғыс.
Келесі ортаға шығатын Айдана мен Айгерімнің орындауында ән. «Бала тілегі»
7.тақпақтар.
Алишер: Біріншіге бармын
Кілең бестік аламын
Жақсы баға алғанда
Қуанып бір қаламын.
Нұрбақыт: А - дегенім ана ғой
Ана деген дана ғой
Б- дегенім бала ғой
Жұмсаса анаң бара ғой.
Нұрмухан: Ұстаз сөзін сезінген
жаралған жан ғой төзімнен
қимай міне қоштасып
даярлығым өзіңмен.
Ақес. Ойыншықты жинаймыз.
Бөбектерге сыйлаймыз
Өнер білім үйреткен
Даярлықты қимаймыз.
Әділет: Тәрбие берген ұямыз
Біз өнерлі баламыз
Қоштасып даярлықпен
Біріншіге барамыз.
Келесі ортаға шығатын қыздарымыздың орындауында ән «Катюша», қабыл алыңыздар.
8.тақпақтар.
Алпыс. Тәрбие берген ұямыз
Тәртіпті бала боламыз
Қоштасып даярлықпен
Бірінші сыныпқа барамыз
Айдана: Іші толған әріпке
Жақсы кітап әліппе
Әліппені аламын
Біріншіге барамын.
Алишер мен Дарияның орындауында ән «Мама».
Тақпақтар.
Айкерім: Міне мен де үлкен болдым
Жасым толды алтыға
Кітаптағы ертектерді
Енді оқимын шетінен
Нұрмұхан: Алты жасқа толамыз
Әдепті бала боламыз
Қуантып ата-ананы
Бірінші сыныпқа барамыз.
Әбілмансұр: Әлпештеп бізді баптаған
Ардақтап бізді мақтаған
Апайымызға мың алғыс!
Әділет пен Индираның орындауында ән «Асыл атам ақ әжем»
Алиман мен Динараның орындауында ән «Құттықтаймын, мама»
10. тақпақтар.
Дилназ: Қош бол, құтты даярлығым
Көп нәрсені үйреттің
Таныстырып әріппен
Тақылдатып сөйлеттің.
Алишер: Анамыздың тілегі
Біз деп соғар жүрегі
Балам аман болсын деп
Баласы үшін өмір сүреді.
Динара : Даярлықпен қош айтысып қаламыз
Енді қолға әліппені аламыз
Ата-ана қуанышқа ортақ боп
Сауатты боп шықты міне балаңыз.
Индира: Біз жазамыз «Ана» деп
Біз жазамыз «Әке» деп
Біз жазамыз» бала» деп
Біз жазамыз «отан» деп
Әр сөзіңді жаттаған
Жүрегімде сақтаған
Анашым деп мақтанам
Анашым деп ән салам
Өткен 9 мамыр күні ұлы жеңістің 70 жылдығының тойланған сол мерекеде ән шырқаған Далубай Әбілмансүрды ортаға шақырамыз. Жойылсын жалғыз сөз соғыс деген.
11. тақпақтар.
Тойлыбек: Біріншіге барамыз
Даярлығым қош енді
Сізді еске аламыз
Еңбегіңіз ақталар.
Гүлнүр : Даярлыққа келгенде
Ақ пейілмен қарсы алған
Сурет салып үйретіп
Би билетіп ән салған
Риза әжей, атай да
Риза ағай, апай да
Рахмет деп айтамыз.
Біздің апайымызға
Алиман: Күннен күнге өсіп біздер келеміз
Үлкен болып қиындықты жеңеміз
Аянбастан бізде үшін сіңірген
Еңбегіңіз еш болмас дап сенеміз
Балалардың жұмыр қылыш биін тамашалаңыздар Қайсар, Ардақ,Әбілмансұр.
Рухаят: Қуанышым менің мол
Мектебіме тартым жол
ұмытпаймыз өзіңді
даярлығым қош сау бол.
Дулат: бірінші сыныпқа барамыз
Оқимыз сауық құрамыз
Қашық та болмас арамыз
Сізге келіп тұрамыз.
Қайсар мен Гүлнұрдың орындауында ән «Ақ мамам.
12.мұғалім: Балалар сендердің сауатты оқуларыңа ата-ана, ата- әжелеріңің қосқан үлесі мол. Кәне бәріміз рахмет айтайық.
Хормен:Рахмет сіздерге, ата-аналар!
Біз манадан бері ән айтып тақпақ арнап, келген қонақтарға өз өнерлерімізді көрсетіп жатырмыз және жан жақтан жиналған қонақтар бар соның ішінде бізге Мектеп директорының әдістемелі жұмыстар жөніндегі орынбасары Оңғарбаева Жанат апай келіп отыр сол кісіні ортаға ду қол шапалақпен шақырғым келіп отыр және де сол кісінің қолына,сізге ерекше дипломдар бар арналған,сол кісінің қолынынан балаларға табыс етіледі.
Мұғалім: «Ба таменен ел көгерер» дейді дана халқымыз. Бізде жақсы оқып үлгілі болу үшін үлкендердің ақ тілек баталары, тілектерін алып болашаққа жол бастайық.
Сөздің кезегі осы мектептің оқу ісінің меңгерушісі Азмағанбетова Ақан апайға беріледі.