СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Қазақтың атбегілік-өнері"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тақырыбы: "Қазақтың  атбегілік-өнері"

Бағыты : этнография

Авторы :   Қыдырбек  Нұртөре, 9 жаста

«Қостанай қаласы әкімдігінің   білім  бөлімінің № 5 А мектеп-гимназиясы» 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотр содержимого документа
«"Қазақтың атбегілік-өнері"»

Тақырыбы: Қазақтың атбегілік өнері

Бағыты : этнография

Авторы : Қыдырбек Нұртөре, 9 жаста

«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 5 А мектеп-гимназиясы»

gauhar_tortaevna@mail.ru

Қостанай облысы , Қостанай қаласы













































Мазмұны



I .Кіріспе 3 бет


II. Негізгі бөлім 4-5бет

А) Атбегі - ата кәсіп

Ә) Аттың сыны және оны баптау


III.Қорытынды 6 бет


IY.Қолданылған әдебиеттер тізімі 7 бет





































Кіріспе

Атбегілік – қазақтың ең көне ұлттық өнері. Мен осы жобамда атбегі кәсібін зерттеп, жинақтаған мәліметтер бойынша тақырыптарға бөлуге тырыстым. Яғни, «Атбегі» тақырыбында атбегіліктің үлкен өнер екенін, бұл кәсіппен айналысатын адам қандай болу керек екендігі, бойындағы қасиеттері қарастырылды.

Зерттеудің мақсаты: Ата-бабамыздан келе жатқан атбегіліктің кәсіп қана емес, үлкен өнер екенін жастарға насихаттау, замандастарымды ұлттық спорт түріне қолдау жасауға шақыру.

Зерттеудің міндеті: Атбегілік өнерін жоғалтпай, оны күнделікті өмірімізге қайтадан әкелуге күш салуды дәріптеу.

Зерттеудің маңыздылығы: Елімізде атбегілік мектебін ашып, жылқы тұқымының тектілігінен бастап, оны баптап, жетілдіру мен өсіруді жалпыұлттық сипатқа айналдыру.

Зерттелетін объект және зат : жылқы , атбегілік өнер

Зерттеу әдісі: теориялық және қолданбалы зерттеулер

Қысқаша зерттеу мінездемесі: Қазақтың атбегілік өнерін теориялық және қолданбалы әдістерді пайдалану арқылы жүзеге асырдым. Теориялық әдіс қосымша пайдаланған әдебиеттер арқылы ,ал қолданбалы әдіс Қостанай облысындағы « Қазақ тұлпары »жылқы қожалығының шаруашылығын бақылау және зертханасында зерттеу жасау арқылы жүргізілді. Зерттеу барысында қазақтар жылқыны 3 топқа бөліп қарағанын, бәйгеге қосатын жүйрік жылқыларды тұлпар, арғымақ, сәйгүлік деп әлпештеп, ерекше күтімге алса, ал ауыр жүк артуға, алыс жолға төзімді жылқыны қазанат деп атап, оны ерекше қадір тұтқан. Ал еті мен сүті үшін өсіретін қалған жылқылар жабы деп атаған. Осылардың әр қайсысын өз алдына баптағанын білдім.


















Негізгі бөлім

Қазақтар жылқыны 3 топқа бөліп қараған. Қазақтар бәйгеге қосатын жүйрік жылқыларды тұлпар, арғымақ, сәйгүлік деп әлпештеп, ерекше күтімге алса, ал ауыр жүк артуға, алыс жолға төзімді жылқыны қазанат деп атап, оны ерекше қадір тұтқан. Ал еті мен сүті үшін өсіретін қалған жылқылар жабы  деп атаған. Осылардың әр қайсысын өз алдына баптаған.

Атбегі - ата кәсіп

Жылқыны ердің қанатына балаған қазақта төрт тұяғын тең басқан толағай тұлпарлар аз болмаған. Солардың ішінде бүгінге аңыз болып жеткен, әйгілі Ақан серінің жан серігі, Ілияс Жансүгіровтей тұлғаның поэмасына арқау болған айтулы тұлпар - Құлагердің орны бір бөлек. Құлагерді баптаған әрине, атбегі - Ақан сері.

Атбегілік - ұлттық спорт түрлеріне жатады. Биылғы жылдан бастап ұлттық спорт түрлерін дамытуға белгілі көлемде қаражат бөлінетін болды. Ол заңда қарастырылып, бекітілді.

Атбегі — бәйге атын баптайтын адам. Мұндай бапкерлер ата-бабасынан бері жылқыны қадірлеп, қасиетін білетін кісілер арасынан шығады. Жылқы малы алғаш қазақ топырағында үйретілген. Атты суытқанда артқы екі аяғына кезек-кезек салмақ салып, тұяғының ұшын ғана тіреп тұратын қасиетін атбегілер жақсы белгіге санайды. Бұдан өзге де жақсы атқа тән белгілер жетерлік. «Жылқы малын баптау үшін әркім әртүрлі айла-шарғы ұстанған. Мәселен, еті бар атты бабына түсіру үшін 15-20 күн кеткен. Күнде 15-20 шақырым жүріп келіп, 5-6 күнде бір таң асып отыратын жылқы қалаған бабына келе алған. Алайда сәйгүліктердің де күй таңдайтын кезі болған. Бірі тоқжарау күйінде, енді бірі жеңілдеп жарағанда жақсы шабады».

Атбегілік — үлкен өнер. Егер бұл өнерді жоғалтып алсақ, қайта қалпына келтіру қиын. Қазақтан артық аттың бабын білетін халық жоқ. Атбегілер олар жануарды сырт пішініне қарап-ақ таниды. Қазір тәжірибелі атбегілердің қатары сиреп барады.


Аттың сыны және оны баптау

Ат баптау — бәйгеге қосар атты жарату, күйіне келтіру. Жақсы жылқының бойынан құмартып қайталайтын белгілері мынадай болып келеді: омыртқасы шығыңқы бітеді, кең тынысты, сағақты болып келеді, тұсарлығынан адырая көрінетін жуан сіңірді оңай аңғаруға болады, томардай болып біткен шоқтығы да көзге бірден түседі, тұтаса біткен кең кеудесі сирағын қысқа сияқты көрсетеді. Білгір атбегілер жүйрік аттың тісіне дейін қарап, егер күрек тіс қатары мен азу тіс қатарының арасындағы кетік алшақ болса, оны да жақсы қасиеттің бір нышанына балайды. Шын жүйрікті мінез-бітіміне қарай да тануға болатын алуан түрлі ұғымдар бар.

Мен ғылыми жұмысымды жазу барысында алдымен атбегілік, жалпы, қазақтың жылқы малын баптау өнерімен жақынырақ таныстым. Содан кейін барып, бірнеше күн бойы дүние жүзіне аты мәлім өңіріміздегі «Қазақ тұлпары» жылқы зауытында болдым. Қамбар ата түлігін құлыннан бастап, жабағы, тай, құнан, дөнен, бесті, одан кейінгі жуан аттарға дейін көрдім.

Сапарымның алғашқы күні жылқы зауытының өндірістік зертханасында болып, жылқы тұқымын жетілдіру мен оны өсіру, көбейту жолдарының қалай жүргізілетінін көрдім. Арнайы құтыдағы эмбрионға назар салыңыздар.Сапарымның алғашқы күні жылқы зауытының өндірістік зертханасында болып, жылқы тұқымын жетілдіру мен оны өсіру, көбейту жолдарының қалай жүргізілетінін көрдім.

Одан кейін 2014 жылдың көктем айында өмірге келген құлындар бағылатын арнайы атқораға кірдім. Әрбір құлын жеке-жеке күтімге алынған. Олардың әрбіреуінің есімі, туған жылы, ай-күні есіктерінің сыртында жазылып тұр. Және ең бастысы, құлындардың қандай айғыр мен биенің тұқымы екені де көрсетіліп тұр. Себебі, зауыттағы барлық Қамбар ата тұқымы асыл текті болғандықтан, олардан тарайтын құлындар да алдына қара салмайтын жүйрік болуы заңды. Құлындардың үрікпей, адам көрсе еркелеп, мойындарын созып тұратындары – олардың тектілігіне тән қасиет деп бағаладым. Әйтпесе, былай сабырлы көрінетін аттардың бәйгеге қосыларда, құлақтарын қайшылап, ойнақшып, жер тарпып тұратындарын білеміз.

Жергілікті шабандоз Серік Смағұлов маған жылқы төлдерінің жасына қарай таныстырып, атбегілік өнеріміз туралы баяндап берді

Жылқылар түнгі мезгіл атқорадағы өздеріне арналған орындарында жатады. Ал күндіз олар далаға шығарылып, жеке-жеке шарбақтармен қоршалған кең жерлерде аунап, аяқтарын жазады, жортады. Бір сөзбен айтқанда, денелерін ширықтырып, өздігінен жаттығады. Көбіне, жылқы мамандары аттарға мініп, арнайы айналымды айналады. Бұл да Қамбар ата малының бабын сақтайтын үлкен жұмыс. Сол себепті, мен де сол жердегі Мұратбек есімді шабандозбен бірге қора сыртында атқа мініп, біраз айналып жүрдім. Мен отырған ат Эбби есімді жирен айғыр. Он үш жасар таза қанды ағылшын тұқымы болып шықты. Дене тұрқы ірі, аяқтары ұзын, мойны иіліп тұр. Өзі жуас, желіп, жортқанда соқпайды. Жүрісі жеңіл. Үстінде отырғанда, қалқып қана бара жатқаныңды сезінесің. Сырт пішініне қарасаң, төрт аяғы да тобығына дейін тең ақ, қасқа маңдай Эбби ауыздығымен алысып, талай бәйгеде топ жарыпты. Мен көрген бір қызық, ол асауды үйрету екен. Жалпы, асау үйрету ежелден келе жатқан өнеріміздің бір түрі. Асауды жай атқа мініп жүрген адам үйретпейді. Оны жылқы ішінен асауды шалмалап, құрықтап, тоқтатып, ұстап, жүген, ноқтасына дейін өзі салып, одан кейін ешкімнің көмегінсіз міне алатын, асауды жуасығанша үйрететін адам нағыз ат құлағында ойнаған болып саналады.