СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Қазақ тілін дамыту

Нажмите, чтобы узнать подробности

Балаларға қазақ тілін үйрету жіне өз тілінде тақпақтар жаттату.

Просмотр содержимого документа
«Қазақ тілін дамыту»

Білім саласы: Коммуникация

Бөлімі: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: Кел жаттайық. Ә.Асылбеков «Әдептілік әліппесі»

Мақсаты: өлеңді жаттату, мәнерлеп айтуға, қазақ,орыс, ағылшын тілінде сөздерді үйрету.

Міндеттері:

Білімдік: өлеңде кездесетін сөздердің мағынасын түсіндіру; байланыстырып сөйлеуге, өз ойларын жеткізе білуге үйрету.

Дамытушылық: есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелеушілік: әдептілікке, үлкендерді сыйлауға тәрбиелеу.

Алдын ала жұмыс: ренішті кейіптегі үлкен кісінің суретін тауып, тақтаға ілу.

Сөздік жұмысы: әманда, санамда, алдан орау, кесіп өту, ізет.

Қажетті құрал-жабдықтар, көрнекіліктер: ренішті кейіптегі үлкен кісінің суреті.

Сабақтың барысы:

Қоғамның ең үлкен байлығы – әдепті адам. Себебі, шағын ұжымда, тіпті топта, әдепсіз бір адам болса, ол өзіне ғана емес, сол ұжымға жаман ат келтіреді. Бұны халқымыз: «Бір қарын майды бір құмалақ шірітеді», – дейді. Әрбір адамның жақсы адам болып шығуының жолы - әдептілік, инабаттылық үрдістерін бойына дарыту, үйрену болып табылады.


Тақтадағы ілінген ренжіп отырған атаның суретін көрсетеді.

-Қалай ойлайсыңдар, ата неге ренжіп отыр?

Балалар өз ойларын айтады.

-Үлкен кісілер риза болу үшін сендер қандай болуларың керек? Бүгін біз Ә.Асылбековтың «Әдептілік әліппесі» өлеңін оқып, жаттап аламыз.

Атам маған әманда Өзгелерден өзімді

Әдепті бол деген. Санамаймын жоғары.

Ата сөзі санамда- Артық айтып сөзімді,

Жасы үлкенге жол берем. Желпінгенім жоқ әлі.

Алдын орап кісінің, Атам маған әманда,

Кесіп өтпей көлденең. Әдепті бол деген.

Ізетімен кішінің, Ата сөзі санамда-

Сәлемдесіп қол берем. Жүрем тура жолменен.

Атам маған әманда, Қалдыратын ұятқа

Кішіпейіл бол деген. Жалған сөзге төзбеймін.

Ата сөзі санамда- Жеткізетін мұратқа,

Мақтанбауды жөн көрем. Тек шындықты көздейміз.


-Балалар, үлкен кісілермен, достарыңмен қалай амандасу керек?

-Ассалаумағалейкүм. Сәлем.

-Орысша, ағылшынша қалай үлкендермен, достарыңмен амандасасыңдар?

-Здравствуйте, привет, hello.

-Дұрыс айтасыңдар, сәлемдесіп қол беру керек.

-Әдепті деген сөзді қалай түсінесіңдер,

-Қатты сөйлемеу, қарсы сөйлемеу.

-Ол сөзді орысша, ағылшынша қалай айтамыз?

-Вежливый, affable.

- Біреуді байқамай қағып кетсең не деу керек?

-Кешіріңіз. Извените. Sorry.

-Мақтануға бола ма?

-Болмайды.

-Автобусқа аталар, әжелер кіргенде не істеу керек?

-Орын беру керек.

-Ата, әже деген сөздерді орысша, ағылшынша қалай айтамыз?

-Дедушка, бабушка, grandmather, grandfather.

-Өтірік айтуға бола ма?

-Болмайды.

-Кішкентай балаларды ренжітуге бола ма?

-Әрине, болмайды.


«Әдептілік әліппесі» өлеңдер:

Қарсы ал ерте күн көзін,

Төсегіңді жина өзің

Асықпай іш тамақты,

Жалама аяқ-табақты,

Пышақты ұста оң қолмен,

Шанышқыны сол қолмен

Нанды үгітпе, қадірле,

Қабығымен бәрін же.

Саусағыңды сормағын,

Салдыр-салақ болмағын

Салма аузыңа инені,

Үзбе жұлқып түймені

Ашуланбай, долданып,

Жауап бергін ойланып

Құр бекерге қылтима,

Болмашыға бұртима,

Іштарлыққа жол берме,

Бақталастық білдірме,

Мақсат қоймай алдыңа,

Қыдырып, құр қаңғырма!

Сыйлап үлкен кісіні,

Қамқорлыққа ал кішіні.

Сақта көше тәртібін,

Бағдар шамның ал «тілін»

Әдет қыл бұл ісіңді,

Тазалап жүр тісіңді.

Сергіту сәті: «Шаңырақ» ойнын ойнау.

Көтеріліп шаңырақ,

Керегелер керіліп,

Өрімдей боп өріліп,

Бәріміз жүрсек айналып,

Киіз үй боп көрініп.


Дидактикалық ойын «Жақсы, жаман»

-Қарт кісіге жол беру,

Амандасып қол беру- ... (жақсы), (хорошо), (good)


-Қағып кету атайды,

Ренжіту апайды- ... (жаман), (плохо), (bad)


-Сыйлау үлкен кісіні,

Еркелету кішіні- ... (жақсы), (хорошо), (good)


-Араз болу қыздармен,

Ерегесу ұлдармен- ... (жаман), (плохо), (bad)


-Жаттап алу өлеңді,

Үйрену бар өнерді- ... (жақсы), (хорошо), (good)


Тәрбиеші:

  • Әдепті бала әдептілікті қайдан үйренеді?

Балалар:

- Мақал-мәтелдерден, мектептен, ата-анадан

- Журналдан, газеттен мұғалімнен, суреттерден,

- Кітаптан, театрдан жақсы адамнан

- Нақыл сөздерден, ұлағатты сөздерден алады


Әдептілік туралы мақал-мәтелдер:

1. Әдепті бала арлы бала

Әдепсіз бала сорлы бала

2. Әдепті бала ата-анасын мақтатар,

Әдепсіз бала ата-анасын қақсатар.

3. Әдептіліктің белгісі – иіліп сәлем бергені.

4. Сіз деген әдеп, біз деген көмек.

5. Әдептің не екенін әдепсіз адамды көргенде білесің.

6. Әдептілік-ар, ұят – адамдықтың белгісі.

7. Қадірлі кісі қартаймас

8. Ұят- адамгершіліктің бір жемісі

9. Аға әдепті болса, іні әдепті

Апа әдепті болса, сіңлі әдепті.

10. Мейірімділікті анадан үйрен,

Әдептілікті данадан үйрен.


Әдептілік туралы тыйым сөздер:

1.Үлкен кісімен сөйлескенде қолыңды қалтаға салып тұрма.

2.Үлкен кісімен сәлемдескенде қолыңды бұрын ұсынба.

3.Біреумен сөйлескенде бетіне қадала қарап, тақалып тұрма, ыржалақтап күле берме, немесе мөлиіп тұрма.

4. Біреудің дүниесіне таңдана қызығып, тесіле қарама.

5. Біреудің дүниесін өз бетіңмен аударыстырып, ақтарма.

6. Ата-анаңның бетінен алма.

7. Үйде отырып ысқырма.

8. Біреумен сөйлескенде керексіз нәрсені қазбалап сұрай берме.

9. Әркімді бір кекетіп , мұқатпа.

10. Тамақ ішкенде ашкөзденіп, қомағайланып кетпе.

11. Бас киімді теппе, айналдырма, аяқ асты тастама.

12. Үйдің ішінде ысқырма.

13. Малды бастан ұрма.

14. Нанның үстіне зат қойма.

15. Жасы үлкеннің алдын кеспе, одан жоғары отырма, сөзін бөлме.

16. Кемтар адамға күлме.

17. Кісіге сыртыңды берме.


Қорытынды:

- Өте жақсы, әдепті болу - әр баланың міндеті. Әдептілік адамның ең жақсы қасиеті. Әдепті бала болашақта өзінің жақсы азамат екенін дәлелдеп, аңсаған арманына жетеді. Әдеп туралы мақал-мәтел көп біледі екенсіңдер.

- Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?

- Әдепті бала әдептілікті қайдан үйренеді екен?

- Біз қандай бала боламыз енді?