СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Қарлығаш пен дәуіт"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тақырыбы: Қарлығаш пен дәуіт ертегісі

Мақсаты:Балаларға ертегіні тыңдата отырып,қарлығаштың адамға дос екенін,дәуіттің адалдығын түсіндіру.Балаларды бір-біріне көмектесуге ,қиналған кезде жәрдем беруге үйрету.Табиғатты сүюге,аялауға,құстарға қамқор болуға тәрбиелеу.Ертегі арқылы адамгершілікке,мейірімділікке баулу.

 Алдын ала жұмыс және оқу іс-әрекетіне дайындық: Ертегілер   жайлы   әңгімелесу.

Сөздік жұмыс: Қарлығаш, дәуіт.

Дидактикалық құралдар: Қарлығаш пен дәуіт суреттері,ертегі жайлы слайд,плакат.

Просмотр содержимого документа
«"Қарлығаш пен дәуіт"»

«Коммуникация» білім беру саласының көркем әдебиет ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы


Тақырыбы: Қарлығаш пен дәуіт ертегісі

Мақсаты:Балаларға ертегіні тыңдата отырып,қарлығаштың адамға дос екенін,дәуіттің адалдығын түсіндіру.Балаларды бір-біріне көмектесуге ,қиналған кезде жәрдем беруге үйрету.Табиғатты сүюге,аялауға,құстарға қамқор болуға тәрбиелеу.Ертегі арқылы адамгершілікке,мейірімділікке баулу.

Алдын ала жұмыс және оқу іс-әрекетіне дайындық: Ертегілер жайлы әңгімелесу.

Сөздік жұмыс: Қарлығаш, дәуіт.

Дидактикалық құралдар: Қарлығаш пен дәуіт суреттері,ертегі жайлы слайд,плакат.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті


І кезең

мотивациялық-қозғаушы

-Балалар табиғат дегеніміз не? Табиғатқа нелер жатады?

-Балалар ,Қазақстанның табиғаты өте сұлу!Асқар таулары,шалқар көлдері,ну ормандары бар әсем табиғат тек қана біздің елімізге тән.

Ойын: «Жер,су,ауа».

Ойынның шарты бойынша балалар шеңбермен тұрады. «Су»-дегенде қолдарын алдына созады, «ауа»-дегенде жоғары көтереді, «от»-дегенде екі қолын айналдырады, «жер»-дегенде қолдарын түсіреді.

-Халқымыз құстарға ерекше мән берген.Өздерінің жақсы көретін адамдарын құстарға теңеген.Әнші,жезтаңдайларын-бұлбұлға ,әдемі,сұлу қыздарын-аққуға,Отанын,елін қорғайтын ерлерін-қыранға теңеген










(Балалардың жауабы).









Балалар қызығушылықпен ойнайды

ІІ кезең-

ұйымдастырушылық -ізденушілік

Слайд: «Құстар».

Тосын сый: «Табиғат ана».

Табиғат ана:Сәлеметсіңдер ме, балалар!Мен табиғат анамын.Сендер сондай тәртіпті,ақылды,білімді балалар екенсіңдер.Мен бәрін көріп тұрдым,тапсырмаларға дұрыс жауап бердіңдер.

-Табиғат ана,сіздің елгеніңіз қандай жақсы болды.Бүгін біз табиғат,құс жайлы әңгімелеп отырмыз.

Сергіту сәті:

Қанатымды жазамын,

Жоғары-төмен қағамын.

Биік көкте айналып,

Жұлдыздай жылдам ағамын.


Жұмбақ жасыру:

Қонып алып жарға,қарқылдайды... (Қарға)

Өзі жасыл,әрі батыр ,ол не? (Дәуіт)

Өзі қара ,бауыры ақ,ол не? (Қарлығаш)

-Олай болса балалар, «Қарлығаш пен дәуіт» ертегісін көгілдір экраннан көріп тамашалайық.

-Қарлығаштың ұясы қайда орналасқан? -Жылан не үшін келді? -Қарлығаш көмекке кімді шақырды? -Көкек не деді? «Бүркіт қонаққа шақырып еді,уақытым жоқ» деді.

-Қарға ше? «Мен үйленейін деп жатырмын,мазамды алма» деді.

-Дәуіт не істеді?

-Қарлығашқа кім көмектесті? -Олай болса, осы құстарға қатысты тыйым сөздерді айтайықшы.

-Құстың ұясын бұзба!Құстың балапанына тиіспе!Құсқа тас лақтырма!Құсты атпа.

-Құстар туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?

Бүркіт-құс тәңірі.

Лашын-құстың жендеті.

Сұңқар-құстың төресі.

Құс қанатымен ұшып,құйрығыиен қонады.

Аққуды атуға,досынды сатуға болмайды

Қарға жемтігін басып жейді,сұңқар шашып жейді.

Құсқа аяз да қатер емес,аштық қатер.

Құстар көп болса,зиянкес жәндіктер аз болады.

-Бүгінгі оқу іс-әрекетімізді қорытындылау мақсатында үстел үстіндегі тапсырмаларды орындап,топтастырып шығайық.

Бірінші топ «Қарлығаш».Екінші топ «Дәуіт».Үшінші топ «Жылан» болады.

Бірінші топ қарлығашты жапсырып шығады.Ал екінші топ дәуітті бояйды.Үшінші топ жыланды мүсіндейді.Қане,іске кірісейік.























Жұмбақтың шешуін айту.




Ертегіні мұқият және қызығушылықпен тыңдау.























(Жардың қуысында).

(Қарлығаштың балаларын жеу үшін).

(Көкек пен қарғаны).









(Жыланның көзін шұқып алды).

(Дәуіт көмектесті).










Суретпен жұмыс жасайды.





Ойынға қызығушылықпен түгел ойнайды.











(Балалардың жұмысы).






ІІІ кезең

рефлексивті- түзету

-Жарайсыңдар балалар,бүгінгі оқу іс-әрекетіне барлықтарын жақсы қатыстыңдар. Мақтау,мадақтау.



Балалар қуанады.

Күтілетін нәтиже:

Ұғынады: Табиғаттың не екенін және оларғанелер жататынын біледі.

Түсінеді: Ертегі кейіпкерлерінің мінез-құлқын.

Қолданады: Қиын кезде бір-біріне көмектесуді,дос болуды үйретеді.