Просмотр содержимого документа
«Информатика 10 сынып 3Д графика»
Пән Информатика сынып 10 Күні .
Тақырып: Объектілер, сығып шығару, бөлімшелер (subdivide), программада Булева операциялары, модификаторлар
Мақсат: Объектілер, сығып шығару, бөлімшелер (subdivide), программада Булева операциялары, модификаторлар ұғымымен оқушыларды таныстыру, жалпы түсінік беру.
Білімділік – Объектілер, сығып шығару, бөлімшелер (subdivide), программада Булева операциялары, модификаторлар тақырыптары бойынша оқушыларға жалпы түсінік беру.
Дамытушылық – оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін, еркін сқйлеу алу, өз ойларын еркін жеткізе алу дағдыларын дамыту
Тәрбиелік – оқушыларды ұқыптылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Сабақ түрі: жаңа тақырыпты түсіндіру.
Сабақ типі: аралас
Құрал-жабдықтар: оқулықтар, компьютерлер, Visual Basic6 бағдарламасы, дәптерлер, интерактивті тақта.
Сабақ барысы
Сабақ кезеңдері
І. Ұйымдастыру кезеңі (2 мин) - Сабағымызды ерекше түрдегі тілек-амандасудан бастауды ұсынамын. Ісіміз сәтті болсын!
- Тілек қысқа да нұсқа болуы керек және аз сөзбен. Амандасады, шаттық шеңберін құрып бір-бірлеріне допты лақтыру арқылы тілек айтады. «Сәттілік серік болсын!», «Арайлап атсын әр таңың!», «Баршаңызға мейірімділік тілеймін!»т.с.с.
ІІ. Үй жұмысын тексеру.
(3 мин) Сұрақтар:
1. 3D-модельдеу дегеніміз не?
2. Қандай 3D программаларды білесіздер?
3. Blender бағдарламасы не қызмет атқарады? Оқушылар сұрақтарға ауызша жауап береді.
1. Әлемді тану мен өзгертудің әдістерінің бірі.
2. Blender, 3D MAX және т.б.
3. Блэндер 3д бағдарламасы 3д форматында мультфильмдер немесе ойындар жасауға арналған бағдарлама.
Ш. Жаңа тақырыпты түсіндіру
(12 мин) Кез келген 3D модельдеу ортасы дайын шаблон нысандарымен шектеулі камтылады. Мысалы, Blender-ден текше, шар, конус, маймылдың басы сияқты нысандар табылса да, пианино, үстел сияқты нысандар жоқ. Яғни, бұл програм- мада толып жатқан примитивтер ғана бар деген сөз. Сонда мультфильмдерден көретін мультипликация кейіпкерлері, үйлер, қояндар, т.б. нысандар қалай жасалады? Оларды mesh-нысандарды әртүрлі құралдарды пайдалана отырып өзгерту арқылы жасаймыз. Сол құралдардың бірі - Extrude (сығып шығару) құралы.
Extrude құралымен mesh- нысандарды редакторлау режімінде, нысан қырының, қабырғасының, биіктігінің көшірмесін жасап, олардың орнын ауыстыру арқылы және өлшемі (егер қыры мен ңабырғасы болса) арқылы өзгерте аламыз.
Төмендегі мысалда бұл қалай іске асатынын қарастырамыз.
• Сонымен бізде текше нысаны бар. Tab батырмасын басып, редакторлау режіміне көшеміз.
• Жоғарыда айтылғандай биіктігін, қабырғасын, қырын бөліп ала аламыз. Түсінікті болу үшін 54-суретке қарайық.
Мұндағы биіктік - ол нүкте, қабырға - тік қабырғасы, ал қыры - жазықтық. Текшенің 8 биіктігі, 12 қабырғасы және 6 қыры бар.
• Программаға биіктік, қабырға және қырды бөліп алу жоспарын қалай көрсетеміз? Ол үшін биіктік, қыр, қабырғаны редакторлау режімін кезекпен қосамыз. Мысалы, қабығганы редакторлау режімінде тек қабырғаны ғана редакторлай аламыз. Режімдерді ауыстыру батырмасы 3D терезесінің төменгі жағында орналасқан (55-сурет)
Мысалы, биіктігін бөлііг алу керек делік. Ол ушін осы режімге көшеміз және Mesh Tools панелінен Extrude құра лын қосамыз. Extrude құралын сондай-ақ, пернетақтадан Е батырмасын басу арқылы да шақыра аламыз (56-сурет).
Текшенің кез келген биіктігін ерекшелеп, Е батыр¬масын басып, тінтуірмен қозғалтамыз. Тағы бір биік тік нүктесі пайда болады. Оны тінтуірмен қозғалту арқылы орнын көрсетіп, тінтуірдің сол жақ батырмасын шертіп, көрсетілген орынға орналастырамыз. Нәтижесінде тек биіктік нүктесі ғана емес, оны жалғап тұрған қабырға да пайда болады (57-cypem ).
Қабырғасын бөліп шығару үшін оны қандай да бір осьпен созу керек. Нысанның бөлігін нақты бағытқа шығару үшін Е батырмасын басып, сосын X, Ү, Z батырмаларының көмегімен нысанның қозғалу осін таңдаймыз. Дәл осылай қабырғаны жоғары созып шы- ғару үшін де Е батырмасын, сосын Z батырмасын басамыз. Сондай-ақ қозғалту кезінде нақты бір биіктікке дейін созу керек болса, Ctrl батырмасын басамыз.
• Жаңа нысан бөлігі пайда болған соң, оның өлшемін өзгертуге және бұруға болады (58-сурет ).
Енді қырларын редакторлауға келетін болсақ, онда қарама-қарсы екі қырды бірден редакторлайтын боламыз. Алдымен оларды ерекшелейміз, сосын Е батырмасын басамыз да, шыққан мәзірден: Region (Аумақ) немесе Individual Faces (Жекелеген қырлар) бұй- рықтарының бірін таңдаймыз (59-сурет ). Бірінші жағдайда, екі қыр да бір бағытта қозғалады, ал екінші жағдайда әрқайсысы өз осьтері бойынша қозғалады.
Бөліну (Subdivide). Mesh- нысандардан күрделі нысандар жасау кезінде оларда керекті қосымша бөліктері жоқ болып келеді. Мысалы, тақтайдан Extrude қцралын пайдаланып үстел жасау керек болса, онда үстелдің аяқтарын жасау үшін қырлардың жетіспейтін- дігін көреміз (60 сурет).
Бірақ Blender-де қырларды немесе қабырғаларды бөліктерге бөлетін арнайы Subdivide құралы бар. Оны пернетақтадан W батырмасын басу арқылы шақырамыз. Нәтижесінде бір бөліктен бірнеше ұсақ бөлік жасалады. Мысалы, 61-сурет те тақтайдың төменгі жагы 64 бөлікке бөлінген.
Енді бөліктерге бөлінген нысаннан үстелдің моделін алу жеңіл болады. Extrude кұралының көмегімен таңтайдың төменгі бөлігінен үстел аяқтарының бұрыш қырларын шығарамыз (62-сурет).
ІV. Тәжірибелік жұмыс (15 мин) Blender бағдарламасында берілген тәжірибелік тапсырманы орындайды.
V. Сергіту сәті.
(2 мин) Жаттығуды орындарында отырып орындау Қол саусақтарына арналған жаттығулар
• Алақанды уқалау.
• Қолды қысу
• Білезіктен айналдыру
Көзге арналған жаттығулар.
• Көзді бірнеше рет жыпылықтату.
• Көзіңмен ақырын оң жаққа, жоғары, солға, төмен қарай 3-4 рет айналым жаса
VI. Бекіту.
( 5 мин) Оқулықпен жұмыс, 193 бет бақылау сұрақтарына ауызша жауап беру. Бақылау сурақтары
1. Extrude құралы қандай қызмет атқарады?
2. 3D max программасы көмегімен не істеуге болады?
3. Extrude және Subdivide құралдарының қызметтерін атаңдар.
4. Бұйрықтық тақта МАХ-тың жабдықталган неше бұй рықтық тақтасы болады?
5. Қосымша құралдар тақтасында қандай батырмалар орналасқан?
VII.Рефлексия
(2 мин)
Шығу парағы Тақтадағы рефлексивті экраннан фразаның басын таңдап, әр оқушы сабақ туралы бір сөйлеммен өз пікірін айтады.
Бүгін мен ................. білдім.
............................. қызықты болды.
.................................... қиын болды.
Мен .............................. үйрендім.
Мен тапсырмаларды ...................... орындадым.
........................... орындап көремін.
...................... мені таң қалдырды.
Өмір үшін сабақ маған ................. берді
........................ мен орындай алдым.
Енді мен ...................істей аламын.
VIIІ. Оқуды бағалау.
(2 мин) Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды бағалау. Бағаны күнделіктеріне қойдырады
IX.Үй жұмысы.
(2 мин) Конспект оқу Күнделіктеріне үй тапсырмасын жазып алады.