Просмотр содержимого документа
«Етістіктің жіктелуі»
Сабақтың тақырыбы: Етістіктің жіктелуі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Етістік бойынша алған білімдерін пысықтау.Оқушыларға етістіктің жіктелуі жайлы түсінік беру. Дамытушылық:Сөйлем ішінен жіктік жалғаулы етістікті тауып ажырата білуге дағдыландыру,танымдық белсенділігін арттыру.
Тәрбиелілік:Сауатты,әдемі жазуға,ұйымшылдыққа,ізденімпаздыққа,ана тілімізді құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:Дамытушылық,жаңа білім беру.
Сабақтың әдісі:Түсіндіру,сұрақ-жауап,ауызша,жазбаша жазу жұмысы.
Сабақ көрнекілігі:Оқулық, қима қағаздар,топтық жұмыстар,тесттік тапсырма.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:Сабақтың мақсатымен,жоспарымен таныстыру.
Сабақ жоспары:
I.Ой ашу
II.Білімді игеру
III.Қолдану
IV.Іздену
V.Түйіндеу
«Ой ашу»бөлімінде:
а)үйге берілген 5-жаттығуды оқытып,дұрыстығын тексеру.
ә)кестелер арқылы өткен сабақты пысықтаймын.
б)топтық жұмыстар жүргізіп,етістіктің түрлері жайлы білімдерін пысықтаймын.
Сергіту сәтін жасату.
Тіл туралы мақал-мәтелдер айтқызу.
Жаңа сабақ:Етістіктің жіктелуі
«Білімді игеру»бөлімінде зат есімнің жіктелуімен байланыстыра отырып, «Етістіктің жіктелуін түсіндіремін».«Кім көркем жазғыш»ойыны арқылы сөздік диктант аламын.
Айтамын,келесің,тұрамыз,жүресің,жуамын,билейсің,жазамыз,оқимыз,ашасың, саламыз,ішесің,киесің,алады,көреді,жуады.
Жіктік жалғаулықтың астын сызғызамын.Сергіту сәтін жасату.
«Қолдану»бөлімінде оқулықпен жұмыс жасап,берілген тапсырмаларды орындатамын.
«Кім білгір»ойыны арқылы 1-жаттығуды дәптерге орындатып,қаратпа сөздердің астын сызғызыу,жіктік жалғаулы етістіктерді тауып,қай жақта тұрғанын айту.
«Кім шапшаң»ойыны арқылы 2-жаттығуды өз беттерінше орындатып,жіктік жалғауының астын сызғызып,қай жақта тұрғанын айтқызамын.
«Кім тапқыр»ойыны арқылы 3-жаттығуды ауызша орындатамын.
Жұмбақты оқытып,етістікті тапқызып,оны үш жақта жекеше-көпше түрде жіктеп айтқызамын.
Сергіту сәтін жасатамын.
«Іздену»бөлімінде тест жұмысын жүргіземін.
1-нұсқа.1.Заттың қимылын білдіретін сөзді тап:
а)жылы ә)келді б)су
2.Атау септігін тап?
а)Оқушы ә)үйде б)олар
3.Етістіктің астын сыз,байланысын тап:Балалар шанамен сырғанады.
4.Етістіктің неше жағы бар?
а)2 ә)3
2-нұсқа.1.Етістікті тап:
а)көк,ұзын ә)отырды,күлді б)қой,бұзау
2.Тәуелденген сөзді тап:
а)сыныбы,ағасы ә)кел,кір б)жел,бұлт
3.Қимылды білдіретін сөзді тап,байланысын сыз:Оқушылар сыныпқа кірді.
4.Етістіктің неше жағы бар? а)2 ә)3
Дұрыстығын тексеріп,білімдерін бағалаймын.
Түртіп алу кестесі:
Білетінім Үйренгенім Үйренгім келетіні
Етістік сұрақтары,түрлері Етістіктің жіктелетіні Етістікті үш жақта жекеше,көпше түрде жіктеу
Бағалау:Сабаққа қатысқанына қарай бағалаймын
Үйге:5жаттығу. Қорытынды:-Етістіктің жіктелуі дегеніміз не?
-Зат есімнің жіктелуі дегеніміз не?
-Екеуінің қандай ұқсастығы бар?
-Айырмашылығы ше?
-Етістік неше жақта жіктеледі?