СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Етістікті? т?рлері"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Та?ырыбы: Етістік Саба?ты? ма?саттары: Білімділік: О?ушылар?а етістікті с?з табы ретінде таныту. Етістік пен зат есімні? байланысы, с?йлем ??райтын жатты?улар, тапсырмалар орындау барысында бай?ату. Дамытушылы?: О?ушыларды? с?здік ?орын байыту, байланыстырып с?йлеуін, ой - ?рісін, есте са?тау, шы?армашылы? ?абілеттерін дамыту. Т?рбиелік: Грамматикалы? ж?не орфографиялы? сауаттылы??а т?рбиелеу. К?рнекілік: интербелсенді та?та, суреттер. ?діс - т?сілдер: с?ра? - жауап, топтастыру. Саба?ты? ж?ру барысы: І. ?йымдастыру ІІ. ?й тапсырмасын тексеру 351 - жатты?у Кімдер? Нелер? С?ра?тарына жауап беретін с?здерді ?атыстырып, с?йлем ??рау. Ережені ?айталау ІІІ. Жа?а саба?. О?ытушы: - Балалар, ?азір жылды? ?ай мезгілі? О?ушылар: - ?азір жылды? ?ыс мезгілі. О?ытушы: - Д?рыс! Ал енді та?та?а ?ара?даршы мына с?здерді? ?ыс мезгілімен байланысы бар ма? (?ар, аяз, боран). О?ушылар: И?, бар. О?ытушы: - Олай болса, осы с?здерді ?атыстырып, ?ыс мезгілінде таби?атта ?андай ?згерістер болатынын айты?даршы. О?ушылар: - ?ыста ?ар жауады. Аяз болады. Боран со?ады. О?ытушы: - Жа?сы балалар! ?ар, аяз, боран с?здері ?ай с?з табына жатады? Неліктен? (о?ушыларды? жауаптары) - Ал ?здері?із айт?ан с?йлемдердегі жауады, болады, со?ады с?здеріне ?андай с?ра? ?ойылады? Олар нені білдіреді? (о?ушыларды? жауаптары) - И?, балалар! Біз бірінші сыныпта затты? ?имылын, іс - ?рекетін білдіретін с?здермен танысты?. Олар?а ?андай с?ра?тар ?ойылады? О?ушылар: - Затты? ?имылын, іс - ?рекетін білдіретін с?здерге не істеді? не ?ылды? ?айтті? деген с?ра?тар ?ойылады. О?ытушы: - Д?рыс, балалар! Б?гінгі саба?та ондай с?здер табынан етістік деп аталатынын біліп, танып, с?йкес жатты?улар орындаймыз. Та?тада?ы суретке ?арап, балаларды?, ?жені? не істеп жат?анын айты?даршы. ?андай ?имыл жасап жатыр? Ол с?здер ?андай с?ра?тар?а жауап береді? А?аш жарды. Г?л суарды. ?ыз секірді. ?же ?ршы? иірді. Домбыра тартты. (о?ушыларды? жауаптары) - Д?рыс! Затты? ?имылын, іс - ?рекетін білдіретін с?здерді, с?з табын етістік дейміз. Етістіктерге не істейді? не ?ылды? ?айтті? деген с?ра?тар ?ойылады. (Ережені т?сіндіру, о?ыту, талдау). Д?птермен ж?мыс. (К?нні? жады, та?ырып, к?ркем жазу) 355 - жатты?у. Ж?мба?тарды о?у, шешуін табу. Етістіктерді аны?тау. 356 - жатты?у К?п н?ктені? орнына тиісті с?здерді ?ойып жазу. (Та?та?а жаздыру). 358 - жатты?у (ауызша талдау) Сергіту с?ті. О?ытушы: - Саба?ымызды одан ?р жал?астырамыз. ?р топ?а жеке тапсырма беріледі. Топ о?ушылары бірігіп отырып орындайды. Бір о?ушы жауап береді. 359 - жатты?у. «Білім керек б?ріне» та?ырыбына ??гіме ??рату. ?р топтан бір о?ушы шы?ып о?иды. ?орытынды: - Саба?ымызды с?ра?тар ар?ылы бекітеміз, ?орытындылаймыз. - Затты? ?имылын, іс - ?рекетін білдіретін с?здерді не дейміз? - Жинады, ойнады с?здері ?ай с?з табына жатады? - Етістіктерге ?андай с?ра?тар ?ойылады? - С?здерге етістік ?осып айты?дар. Т?йе..... Мысы?.... ?ой.... Балалар..... ?ар.... (о?ушыларды? жауаптары) Ба?алау. ?йге тапсырма: 

Просмотр содержимого документа
«"Етістікті? т?рлері"»

Тақырыбы: Етістік
Сабақтың мақсаттары:

Білімділік: Оқушыларға етістікті сөз табы ретінде таныту. Етістік пен зат есімнің байланысы, сөйлем құрайтын жаттығулар, тапсырмалар орындау барысында байқату.
Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорын байыту, байланыстырып сөйлеуін, ой - өрісін, есте сақтау, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Тәрбиелік: Грамматикалық және орфографиялық сауаттылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілік: интербелсенді тақта, суреттер.
Әдіс - тәсілдер: сұрақ - жауап, топтастыру.
Сабақтың жүру барысы: І. Ұйымдастыру
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
351 - жаттығу
Кімдер? Нелер? Сұрақтарына жауап беретін сөздерді қатыстырып, сөйлем құрау.
Ережені қайталау
ІІІ. Жаңа сабақ.
Оқытушы:
- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
Оқушылар:
- Қазір жылдың қыс мезгілі.
Оқытушы:
- Дұрыс! Ал енді тақтаға қараңдаршы мына сөздердің қыс мезгілімен байланысы бар ма? (қар, аяз, боран).
Оқушылар: Иә, бар.
Оқытушы:
- Олай болса, осы сөздерді қатыстырып, қыс мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болатынын айтыңдаршы.
Оқушылар:
- Қыста қар жауады. Аяз болады. Боран соғады.
Оқытушы:
- Жақсы балалар! Қар, аяз, боран сөздері қай сөз табына жатады? Неліктен? (оқушылардың жауаптары)
- Ал өздеріңіз айтқан сөйлемдердегі жауады, болады, соғады сөздеріне қандай сұрақ қойылады? Олар нені білдіреді?
(оқушылардың жауаптары)
- Иә, балалар! Біз бірінші сыныпта заттың қимылын, іс - әрекетін білдіретін сөздермен таныстық. Оларға қандай сұрақтар қойылады?
Оқушылар:
- Заттың қимылын, іс - әрекетін білдіретін сөздерге не істеді? не қылды? қайтті? деген сұрақтар қойылады.
Оқытушы:
- Дұрыс, балалар! Бүгінгі сабақта ондай сөздер табынан етістік деп аталатынын біліп, танып, сәйкес жаттығулар орындаймыз.
Тақтадағы суретке қарап, балалардың, әженің не істеп жатқанын айтыңдаршы. Қандай қимыл жасап жатыр? Ол сөздер қандай сұрақтарға жауап береді? Ағаш жарды. Гүл суарды. Қыз секірді. Әже ұршық иірді. Домбыра тартты.
(оқушылардың жауаптары)
- Дұрыс! Заттың қимылын, іс - әрекетін білдіретін сөздерді, сөз табын етістік дейміз. Етістіктерге не істейді? не қылды? қайтті? деген сұрақтар қойылады.
(Ережені түсіндіру, оқыту, талдау).
Дәптермен жұмыс.
(Күннің жады, тақырып, көркем жазу)
355 - жаттығу.
Жұмбақтарды оқу, шешуін табу.
Етістіктерді анықтау.
356 - жаттығу
Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып жазу.
(Тақтаға жаздыру).
358 - жаттығу (ауызша талдау)
Сергіту сәті.
Оқытушы:
- Сабағымызды одан әр жалғастырамыз. Әр топқа жеке тапсырма беріледі. Топ оқушылары бірігіп отырып орындайды. Бір оқушы жауап береді.
359 - жаттығу.
«Білім керек бәріне» тақырыбына әңгіме құрату.
Әр топтан бір оқушы шығып оқиды.
Қорытынды:
- Сабағымызды сұрақтар арқылы бекітеміз, қорытындылаймыз.
- Заттың қимылын, іс - әрекетін білдіретін сөздерді не дейміз?
- Жинады, ойнады сөздері қай сөз табына жатады?
- Етістіктерге қандай сұрақтар қойылады?
- Сөздерге етістік қосып айтыңдар. Түйе..... Мысық.... Қой.... Балалар..... Қар....
(оқушылардың жауаптары)
Бағалау.
Үйге тапсырма: