СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Етістіктің шақтары

Нажмите, чтобы узнать подробности

Етістіктің шақтары туралы өткізілеген сабақ жоспары.Қазақ тілі пәні бойынша.

Просмотр содержимого документа
«Етістіктің шақтары»

Сабақтың тақырыбы: Етістіктің шақтары.
Сабақтың мақсаты:
Іс - әрекеттің орындалатын, орындалуға тиістілігі, орындалғанына қарай үш шаққа бөлінетіндігін ұғындыру;Шақтық мағына белгілі бір мезгілде дара етістікпен де, күрделі етістікпен де берілетіндігін түсіндіру; бұл арқылы олардың өзіндік белгілерін меңгерту мақсатында дағдыландыру жұмыстарын жүргізу; Сабақ барысында туған елге, жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Түрі: Жаңа сабақ Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, топ аралық.
Сабақтың барысы:
Ұйымдадастыру кезеңі : Шәкіртің өткен іздерде Үмітің гүлдер, мұғалім. Білеміз ертең бізден де Өмірдің талап сұрарын. Сонда, ардақты мұғалім, Уәдемде берік тұрамын, Қияға талай шығамын! Үй тапсырмасы: 116 бет,5 – жаттығу.Тақтаға жазу арқылы тексеру. Жаңа сабақ: Етістіктер іс – әрекеттің жүзеге асу мезгілін білдіреді.Етістіктің үш жағы болады: осы шақ,өткен шақ,келер шақ.Етістіктің шақтарын оқушылардың терең ұғынуы олардың етістікті жақсы білуімен тығыз байланысты. Сол себепті іс - әрекеттің белгілі бір уақыт кеңістігінің аралығында болатынын біліп алудың мәні зор. Сондықтан жаңа материалды меңгертуге мынадай дайындық жұмыстарын жүргізгемін.
1. Мен болашақта мұғалім боламын. Тапсырма: Бұл іс - әрекет қай мезгілде болып жатыр? (келер шақ)
2. Ақерке кітап оқып отыр. Тапсырма: Бұл іс - әрекет қай мезгілде болып жатыр? (осы шақ)
3. Астанаға шетелден қонақтар келіпті. Тапсырма: Бұл іс - әрекет қай мезгілде болып жатыр? (өткен шақ)
Сөйлем ішінен етістікті тапқызу.
Іс - әрекеттің қай мезгілде болғанын анықтау. (Бірінші сөйлемде іс - әрекет әлі жүзеге асқан жоқ. Болашақта болатыны айтылады. Екінші сөйлемде іс - әрекеттің нақты қазір болып жатқаны анықталады. Ал үшінші сөйлемде іс - әрекеттің болып кеткендігі айтылып тұр).
Іс - әрекеттердің белгілі бір уақыт кеңістігінің аралығында (белгілі бір мезгілде орындалатын) болатындығы айтылады.
1 - жаттығу жазбаша орындалады. Іс - әрекеттің бұрын болып кеткенін білдіретін сөйлемдерді бір бөлек, алдағы уақытта болатынын білдіретін сөйлемдерді бір бөлек және қазір болып жатқанын білдіретін сөйлемдерді бір бөлек көшіріп жазады.
Іс - әрекеттің бұрын болып кеткенін білдіретін сөйлемдер:
1. Қазақстан Республикасының жаңа мемлекеттік мәртебелі рәміздері 1992 жылы қабылданды. 2. Төле би бала кезінен шешендігімен елге танылды.
Іс - әрекеттің алдағы уақытта болатынын білдіретін сөйлемдер:
1. Кешке теледидардан ақпарат хабарын тыңдаймын. 2. Біз Астанаға қолөнер бұйымдарының көрмесіне барамыз. 3. Ата - бабалардың өсиеті ұрпақтан - ұрпаққа мұра болып қалады.
Іс - әрекеттің қазір болып жатқанын білдіретін сөйлемдер:
1. Марат ақын М. Мақатаевтың өлеңдер жинағын оқып отыр. 2. Сахнада «Айгүл» би ансамблі өнер көрсетіп жатыр. 3. Шетелде тұратын қазақтар атамекеніне оралып жатыр.
2 – жаттығу: Дәптермен жұмыс.Етістіктерді тауып, астын сызу.
Сергіту сәті: Күлімдеп күн бүгін Қарады маған да Күлімдеп күн бүгін Қарады саған да Күлімдеп күн бүгін Қарады баршаға 3 – жаттығу: Тақтамен жұмыс.Үшке бөліп жазған сөйлемдер оқытылады.
Сөйлеп тұрған сәтке байланысты қимылдың (іс - әрекеттің) өту мезгілін білдіру етістіктің шағы деп аталатындығы түсіндіріледі.
Етістіктің үш шағы (осы шақ, өткен шақ, келер шақ) болатыны айтылады.
Етістіктің әр шағына мысал келтіреді.
4 – жаттығу: Ауызша орындалады.Мақалды оқып,етістіктердің қай мезгілде болған әрекетті білдіріп тұрғанын айт.
Бағалау:Сабаққа қатысқанына қарай бағалаймын
Үйге:118 бет,5 - жаттығу. Қорытынды:
Етістіктің шағы дегеніміз не?
Етістіктің неше шағы бар?
Осы шақ іс - әрекеттің қай мезгілде өтіп жатқанын білдіреді?
Өткен шақ пен келер шақ туралы не айтуға болады?