Ұстанымы : «Білім мен даналық,адам көркі»
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы
Ықылас Марзия Пірмұхаметқызы
Сабақтың тақырыбы : Етістіктің райлары.
Қазақтың Ұлы ақыны- Абай Құнанбаев .
Мақсаты: Етістіктің райларын дұрыс қолдана біліп, оның түрлерін, жасалу жолдарын ажырата білуге үйрету.
Ұлы ақын Абайдың өмірбаяны мен шығармаларын танысытырып, ақынның білімге, тәрбиеге арнап жазған өлеңдерін оқыту
Үй тапсырмасы
1. Негізгі және туынды етістік
Негізгі
Туынды
Кел, оқы, жүр, ал, өт, же, бөл
Жас+а, жыр+ла, ескі+р
Мектепке кел
Қасында жүр
Ақынды жырла
Кітап ескірді
Етістіктің райлары
Орындаушының іс-қимылға байланысты ой-пікірін, қатынасын білдіреді .
Мысалы: мен барайын; мен барайыншы; мен барсамшы; мен бара алмаймын; мен бара қояйын; мен бара салайын; мен барып көрейін; мен барып та қалармын; мен барсам етті; мен барып едім ғой; мен барар ма екенмін; мен барсам керек; мен барған екенмін; менің барғым келеді, ...
Шақ түрі
1. Ашық рай
Ереже
Жасалу жолы
Іс-қимылдың қай шақта орындалғанын білдіреді
2.Бұйрық рай
Үш жақтың жасалу жолдары арқылы жасалады.
Мысалы
Іс-қимылдың бұйыру, талап ету, өтіну ретінде айтылу мағынасын білдіреді.
Етістіктің бұйрықты түрде жіктелуі арқылы жасалады.
Мен келдім
Мен келейін
Мен келемін
Ол жейтін
Сен бар
Сіз алыңыз
Ол айтсын
Шақ түрі
3.Шартты рай
Ереже
Іс-қимылдың орындалу-орындалмау шартын білдіреді.
4.Қалау рай
Жасалу жолы
Іс қимылды орындаушының қалауын, тілегін, ниетін білдіреді.
Мысалы
Етістік+ (-са, -се) жіктік жалғау
Мен сабақ оқысам бес аламын.
а) етістік+
Біздің сабақ оқығымыз келеді
-ғы,-гі,-қы, -кі тәуелдік жалғау кел етістігі
Келген, келді
ә) етістік +
(+ғай, -гей, -қай, -кей)+ жіктік жалғауы
б) Етістік + (-са, -се) + жіктік жалғау, игі еді
оқығайсыз
келгейсің
Ол барса игі еді.
Сен келсең игі еді.
Біз айтсақ игі еді.
Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,
Жоқ-барды, ертегіні термек үшін.
Көкірегі сезімді, тілі орамды,
Жаздым үлгі жастарға бермек үшін.
Бұл сөзді тасыр ұқпас, талапты ұғар,
Көңілінің көзі ашық, сергек үшін.
Түзу кел, қисық-қыңыр, қырын келмей,
Сыртын танып іс бітпес, сырын көрмей.
Абай Құнанбаев
Абай Құнанбаев
(1845-1904жж) –ақын, жазушы, қоғам қайраткері, қазіргі қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор.
Орта жүздің Арғын тайпасының Тобықты руынан шыққан. Әкесі Құнанбай Өскенбайұлы өз заманындағы атақ даңқы алысқа жеткен адамдардың бірі болған. Патша өкіметі XIX ғасырдың ортасындағы бір сайлауда оны Қарқаралы ауданының аға сұлтандығына бекіткен. Шешесі Ұлжан Орта жүздің Арғын тайпасының Қаракесек руынан шыққан.
Жас Абайдың тәрбиесі
Абайдың шын аты Ибраһим болған. Абай деп, әжесі Зере еркелетіп қойған. Бала кезінде екі ананың арасында тел өскен Абайды жеңгелері Телғара деп еркелетіпті. Әжесі мен анасының мейірімі мен тәрбиесін алған жас Абай өмірге үлкен көрегендік пен біліммен аттанады.
10 жасқа толған соң Семейдегі Ахмет Риза медресесінде оқиды. Медресенің үшінші жылында Абай Семей қаласындағы “Приходская школаға” да қосымша түсіп, орысша сауатын аша бастайды. Абайдың басқа балалардан алымдылығын аңғарған Құнанбай оны елге шақырып, өз жанына ертіп, әкімшілдік-билік жұмыстарына араластырмақ болады. Сөйтіп 13 жастағы Абай ел ісіне араласады. Абай әке қасында болған жылдарда атқамінер би-болыстардың қулық-сұмдықтарын, қазақ даласына ыдырай бастаған кезеңін бастан, кертартпа салт-сана, әдет-ғұрып залалдарын айқын түсінді.
«Физули, Шәмси». «Сап, сап, көңілім», «Шәріпке», «Абралыға», «Жақсылыққа», «Кең жайлау» өлеңдері 1870 -80 жылдар аралығында жазылған. Ақындық қуатын танытқан үлкен шығармасы - «Қансонарда» 1882 ж. жазылған. Алайда жасы қырыққа келгеннен кейін ғана көркем әдебиетке шындап ықылас қойып, көзқарасы қалыптасып, сөз өнерінің халық санасына тигізер ықпалын түсінеді.
Шығармалары
- Әсемпаз болма әрнеге.
- Құлақтан кіріп, бойды алар.
- Өлең- сөздің патшасы, сөз сарасы.
- Өлсем, орным қара жер сыз болмай ма?!
- Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін.
- Интернатта оқып жүр.
Қара сөздегі ойлар
Абайдың көркемдік, әлеуметтік гуманистік және дінге көзқарастары терең білінген еңбегі - қара сөздері. Абайдың қара сөздері - ұлы ақынның сөз өнеріндегі көркемдік қуатын, философиядағы даналық дүниетанымын даралап көрсететін классикалық стильде жазылған прозалық шығармасы. Жалпы саны қырық бес бөлек шығармадан тұратын Абайдың қара сөздері тақырыбы жағынан бір бағытта жазылмаған, әр алуан. Оның алты-жеті үлгісі қысқа болса, қайсыбіреуі мазмұн, тақырып жағынан өзгешелеу, ауқымды болып келеді. Абай өзінің қара сөздерінде шығарманың ажарына ғана назар аударып қоймай, оның тереңдігіне, логикалық мәніне зер салған.
Абай композитор
- Көзімнің қарасы
- Айттым сәлем Қаламқас
- Қараңғы түнде тау қалқып
- Желсіз түнде жарық ай
- Сегіз аяқ
Абай аудармашы
Абайдай ұлы дананың ертедегі шығыс жұлдыздарынан бастап,батыс ақындары Байрон, Гете, орыс классиктері Крылов, Пушкин,Лермонтов,Гоголь,СалтыковЩедрин,Белинский,
Чернышевский,Добролюбовтармен өнер жарыстыруы,иық теңестіре самғауы оның алыптығының айқын дәлелі.Сөз ретінде осы ойларымызды бекіте түсу үшін Мұхтар Әуезовтың Абайдың «Евгений Онегин» тәржімасына байланысты айтқан мына бір ойларын келтіре кетелік:- Общепризнанного,чтимого культурным обществом Пушкина он как бы считает равным себе.Поэт будто обращается к нему. «нельзя-ли не так,а этак сделатьЗдесь речь идет о стихотворении «Адамның кейбір кездері».Оно создано на основе чтения стихотворений Пушкина,Лермонтова «Поэт», «Поэту».Здесь Абай ,создавая свои стихи на ту же тему,как –бы соревнуется с ними»- дейді. Абай ұлылығының асқар шыңдардай биіктігіне мұнан артық қандай дәлел керек десеңізші!
Расында да ұлы ақынның аудармаларында түпнұсқадан асып түсетін туындылар көп кездеседі.Соның біріне зейін салып көрелік:
Александр Сергеевич Пушкин
Кто ты, мой ангель ли хранитель,
Или коварный искуситель:
Мои сомнения разреши.
Быт может это все пустое
Обман неопытный души...
Но так и быть.Судьбу мою
Отныне я тебе вручаю,
Перед тобою слезы лью,
Твоей защиты умоляю…
Абай Құнанбаев аудармасы:
Шыныңды айт, кімсің тербеткен,
Иембісің сақтаушы.
Әлде азғырып,әуре еткен,
Жаумысың таптаушы.
Шеш көңілдің жұмбағын,
Әлде бәрі алданыс.
Жас жүрек жайып саусағын,
Талпынған шығар айға алыс.
Не болса да өзімді,
Тапсырдым Сізге налынып.
Толтырып жасқа көзімді
Есірке деймін жалынып ....
Абайтану
Әуезовтың танымында Абайдың дүниетанымы үш рухани бұлақтан құралатын. Олар қазақ халқының рухани әлемі, Шығыстың рухани қазынасы және Батыстың әдеби әлемі болатын. Осы танымнан біз батыстық әлемді шешуші буын ретінде алып, бүкіл ғылыми-зерттеу жұмыстары мен мектеп және жоғарғы оқу орындарына арналған оқулықтарда басшылыққа алдық.
Мекемтас Мырзахметов .
«Абай жолы» - Мұхтар Әуезовтың әлемге әйгілі тарихи романдар топтамасы - қазақтың тұңғыш эпопеясы. 1-кітабы 1942, 2-сі 1947, 3-сі 1952, 4-томы 1956 ж. жарыққа шықты. Эпопеяның «Абай» атанған алғашқы екі кітабына КСРО Мемлекеттік сыйлығы (1949), «Абай жолының» тұтас төрт томына Лениндік сыйлық (1959) берілді. «Абай жолы» арқылы қазіргі қазақ прозасы күллі дүние жүзі әдеби классиканың шырқау шыңына шықты. Сөйтіп, 19 ғасырдың 40-50-жылдарын М. О. Әуезов туған әдебиетіміздің даму тарихында бұрын-соңды болып көрмеген ренессансқа айналдырды. Мұның өзі заңды да, өйткені «Абайдай» шығарма бұл тұсқа дейін қазақ әдебиетінде болған емес». «Бұл да аз,- деді француз жазушысы Луи Арагон,- әлемнің басқа елдерінде де онымен тең түсетін шығарма табу қиын; бұл, менің ойымша,
XX ғасырдағы ең үздік шығармалардың бірі».
Абай отандық тарихымыз бен әдебиетімізде аса көрнекті орын алады. Абай қазақтың ұлттық жазба әдебиетінің негізін қалады. Абай есімі дүниежүзі халықтары әдебиетінде Шекспир, Пушкин, Гётелермен қатар тұрады. Ақынның мол әдеби мұрасы тек бір халықтың ғана емес, бүкіл адамзаттың рухани қазынасы саналады. Қазақстанда ұлы Абайдың есімі көптеген елді мекендер мен көшелерге, Алматы Ұлттық университетіне, Алматы қаласындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрына берілген. Ұлы ақынның құрметіне Қазақстан мен Ресейде ескерткіштер орнатылған. Қазақстанның жоғары оқу орындарында Абай шығармашылығына арналған халықаралық және республикалық ғылыми конференциялар жыл сайын өткізіліп тұрады. Ұлы ақынның 150 жылдық мерейтойы 1995 жылы дүниежүзілік ЮНЕСКО көлемінде аталып өтті.
Ақынға арналған мұражай
Музейден көрініс
Ақынның атымен аталатын көшелер
Ұлттық теңгемізге есімі берілген
Абай ескерткіштері
Тапсырма -2
Тыныштық сәті. Тақырыбы:«Менің кемелденген сәтім».
Тыныштық сәтіне ену
Ой жүгірту
Ұлы ойшыл Абай атамыз айтып кеткендей, адам баласы өмірге келген кезде есті болып тумайды, оны қоршаған ортаға бейімдейтін ең алдымен ата-анасы, одан кейін қоршаған ортасы, достары. Яғни адам, «Менің болашағымның жарқын, жолымның ашық болуы үшін менің нені сезіне білуім керек,» деген сұрақ туындайды.
Студенттердің жауабы: білімді, саналы, тәрбиелі, ізденімпаз, шыншыл, жауапкершіл болу.
Адам баласы өмірде кез-келген іске қанағатшыл болып, ықыласпен қарап, өз-өзіне сенімді болу үшін төменде көрсетілген қасиеттерге қол жеткізу қажет:
Бірлікте өмір сүре біл
Өз еліңнің Отансүйгіш азаматы бол!
Отбасыңды сыйла
Достарыңа адал бол
Өз біліміңді жетілдір, ізден...
Алдыңа мақсат қоя білуге талпын
Қанағатшыл, сабырлы бол
Адам бойындағы осы қасиеттер, ризашыл, теңдікте өмір струп, өз-өзін сыйлай білетін тұлға бейнесін қалыптастырады
Табиғат лирикалары
Қыс
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.
Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап, келіп қалды.
Дем алысы - үскірік, аяз бен қар,
Кәрі құдаң - қыс келіп, әлек салды.
Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып,
Аязбенен қызарып ажарланды.
Бұлттай қасы жауып екі көзін,
Басын сіліксе, қар жауып, мазаңды алды.
Борандай бұрқ-сарқ етіп долданғанда,
Алты қанат ақ орда үй шайқалды.
Өлді деуге сыя ма айтыңдаршы, Өлмейтұғын артынан сөз қалдырған
Ақын туралы ақпараттар
2015 жылдың атаулы мерекелері
Жаңа сабақты қорытындылау
Рай категориясы дегеніміз не?
2015-жылдың атаулы мерекелерін ата?
Абай Құнанбаевтың туған жері?
Шартты рай қандай жолмен жасалады?
Абайды жеңгелері еркелетіп қалай атаған?
Қалау райдың жасалу жолы?
«Өнерпаз болма әрнеге» өлеңін жалғастыр
Сабақтан алған әсерім
Үйге тапсырма
Абайдың бір қара сөзін оқып, оның мазмұнына байланысты Эссе жазу.
Мәтін ішінен рай категориясына байланысты жазылған сөйлемдерді анықтау, түрлерін ажырату.