Просмотр содержимого документа
«Елбасы және жастар»
ЕЛБАСЫ ЖӘНЕ ЖАСТАР
Еркін елде өскен ұрпақтың рухы әрдайым биік болуы тиіс
Жастары жалын жүректі, өршіл намысты,
биік рухты болса, ол елдің еңсесі де биік болады.
Н.Ә.Назарбаев
Жастар – елдің болашығы. Ертеңгі күннің жарқын, сәулелі болуы соларға байланысты. Аға ұрпақ өмірден озады. Олардың орнын бүгінгі Тәуелсіздіктің белбалалары басатын болады. Ұрпақтар сабақтастығы-тарихи процесс, объективті құбылыс. Әрбір жаңа ұрпақ өмірге өзімен бірге жаңа леп, жаңа ахуалды, жаңа идеяны қоса әкеледі. Жастар қоғамдағы қозғаушы күшке айналды. Елбасы жастар саясатына соңғы жылдары үлкен маңыз беруде. Олармен нақты жұмыс істеудің үлгісін көрсетті.
Жиырмасыншы ғасырдың басында қазақтың лирик ақыны Мағжан Жұмабаев «Мен жастарға сенемін» деген өлең жазған еді. Қазақ жерінде заман ауысып, үлкен өзгерістер болып жатқан кезде, ескіні қиратып, жаңа тұрмыс құруға ел кірісіп жатқанда ұлтжанды ақын алдағы бар болашақты жастармен байланыстырып, соларға үміт артқан болатын.
Ал, жиырма бірінші ғасырдың басында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Қазіргі жастар тәуелсіз Қазақстанда өсті, олардың көз алдында мемлекетіміздің қалыптасуы жүрді. Олардың ана сүтімен бойында патриотизм және өз тәуелсіз Отанына деген сүйіспеншіліктің терең сезімі дарыған»,-деп жастарға арнайы үн қатты.
Бүгінгі таңда еліміздің азаматтық қоғамның дербес, белсенді және жауапкершілігі мол бөлігінің бірі – жастар. Ел аумағында мың екі жүзге жуық жастар ұйымы жұмыс жасап, мемлекет қолдауы арқылы жыл сайын елу мыңнан астам жастарға бағытталған іс-шаралар ұйымдастырылады. Қазақстанда Елбасының бастамасымен жалпыұлттық: «Ауыл жастары», «Дипломмен-ауылға!», «Жастар тәжірибесі», «Жасыл ел», «Жастар – Отанға!» сынды жастар жобалары жұмыс жасауда.
Жастарға үлгі болатын жас мамандар біздің орталығымызда баршылық. Мемлекеттік жастар саясаты саласындағы ерекше жетістігі үшін Арқалық қаласы жастарының «Алтын кітабына» еңген, қала әкісі А.Балғарин мырзаның арнайы кубогымен марапатталған Оразалин Олжас Қасымұлын айтуға болады. Жас оқушылар арасында туризм бағыты бойынша білім беріп қана қоймай, қалалық, облыстық, республикалық деңгейде өтетін спорттық-туристік бағытта болатын түрлі сайыстарға барып, жүлделі орындарға ие болып келеді. Сонымен қатар облыстық «Өнегелі ұстаз» сайысында жүлделі ІІІ-орынды иеленген болатын. Жаста болса, жалынды жастықтың жігерін көрсетіп жүрген Олжастың бұл жетістіктері қала жастарына үлгі болса екен деймін
Елбасы «Жас-Отан» жастар қанатының кезекті ІІ съезінде АРМАН, ЕҢБЕК, СЕНІМ ұғымын басты тақырып ретінде қозғаған болатын, өйткені жастар армандаған мамандық иесі атынып, еліне аянбай еңбек етіп, болашаққа сеніммен қараса екен деген үкілі үмітте.
Ендеше, Арманымыз алатаудай асқақтап, Еңбегіміз елеулі де табысты, Сеніміміз баянды да берік болғай.
Маженов Б.А.
«Жас-Ұлан» балалар мен жасөспірімдер орталығы
«Жас қалам» жас тілшілер клубының жетекшісі
«Жас-Отан» жастар қанаты ІІ-съезінің делегаты
Арқалық қаласы