«Гүлдей, жайна-Астана»
Ақтөбе қаласы
МКҚК №26 «Үміт» МДҰ
музыка жетекшісі
Айнакулов Салимухамад Бектаевич
Балалар залға «Астана» әнімен кіреді.
Жүр:Құрметті қонақтар,сүйікті балалар! Сіздерді Қазақстанның астанасы «Астана» қаласының туған күнімен құттықтаймыз.Тәуелсіздік еліміздің балалары үшін заман талабына сай өнерлі де білімді болып өсу талабы зор. Астана-бас қала, Астана-әсем қала дей келе, сол қазақстанымыздың болашақ тірегі мына бүгінгі бүлдіршіндер сендерсіңдер.Сәби күлкісімен, ана мейірімінің сенімі ешқашан бұзылмасын!
Ән ұраным-жан ұраным,
Айтар әнім,, сөйлер сөзім.
Туған жерін сағынарым,
Мәңгі бақи шырқалады,
Республика әнұраны.
Әнұран орындалады.
Жүр: Отан-менің жүрегім,
Отан –менің тірегім.
Отан-сенің саяңда,
Бақыт құшып жүремін.
Бүгінде тәуелді жан емес кейпім,
Елім бар барыс болып елестейтін
Күмбірлетер өрендер домбырамен
Тамашалайық ендеше, «Жігіттер» биін.
Ересек №2 тобының жігітерің орындауында «Казакстан» биін тамашаланыздар.
Жур:Ал балар бізге конактар келді карсы алайқ.
Әже мен немересі кіреді:
- Немересі: Әже, маған Астана туралы айтып берші?
- Әжесі: Немерем, біздің қаламызды барлық ел біледі. Қазақстан Республикасының бас қаласы – Астана. 1998 жылы 10-маусымда жаңа Астананың тұсаукесері болып өтті. Қазақстан Республикасы Президенті жарлығы бойынша 1998 жылы 6-мамыр күні Ақмола қаласын Астана деп атауға жарлық шығарды.
Слайд: Астана қаласы-гімараттар атаулары.
- Немересі: Әже, мен Астана туралы тақпақ білемін.
Астана - елімнің бас қаласы,
Астана - ән қала,
Астана - сән қала!
Еліңмен егемнді өркендей бер,
Ақ қала
Арман қала
Астана!
- Әжесі: Немерем, өркенің өссін, тақпағың қандай тамаша! Балам есіңде сақта елдің болашағы, Отанымыздың келешегі, бәрі сенің қолыңда.
Мен Отанның түнін сүйем, күнін сүйем,
Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем,
Мен оның қасиетті тілін сүйем
Мен оның құдіретті үнін сүйем!
(әжесі немересін алып кетеді. Музыка ойнайды).
Клоун жүгіріп кіреді:
Сәлеметсіздер ме балақайлар! Астананың туған күні құтты болсын!
Алақай, алақай,
Күміс күннің астында,
Желбірейді туымыз.
Қазақ деген халықтың,
Ұлы менен қызымыз-ал кәнекей достарым, мен сендерге қызық ойындар әкелдім.
Киіз үй
Арқан тартыс
Астана тілшісі кіреді.
-Сәлеметсіздер ме,мен астана тілшісімін. Мен Елордасы Астанадан келген тілшімін.Астананың туған күніне арнап, Елордамыз Астананы мақтан тұтып, саяхат жасауға, бейне-таспаға түсіріп әкелдім, сіздерге соны сыйға тартпақпын.
Жүр:-Ал, ендеше бәріміз Астанаға саяхат жасап тамашалайық.
Слайд «Астана-арман қала»
Жүр:-Рахмет сізге,Осылай бізді жақсы жаңалықтармен қуанта беріңіз.
Көк байрағы-бабамның,
Бүгінгі ұрпақ алауы.
Тірегі ата-бабамның,
Қазақстан жалауы.
Би:«Қаражорға»
Клоун: Балдырғандар күлейік,
Көңілді би билейік.
Би: «Барбарики»
Жүр: Дүниеде тәуелсіз Қазақстан бар,
Астанасы, Астана –бас қала,
Оның көп ұлтты тату, ынтымақшыл халқы бар.
Ең басты бүгіннен нұрлы,
Бүгіннен кемел болашағы бар!
Ән: «Күн сәулелі, Қазақстан»


Ақтөбе қалалық білім бөлімі № 33 «Нұрсәт» мектепке дейінгі білім орталығы
Дошкольный образовательный Центр № 33«Нұрсәт»
Pre-school education centre№ 33«Нұрсәт»
«Бекітемін»
№33 «Нұрсәт» МдБО меңгерушісі
__________________Жанаева Ж.А.

«Жарқыра, жайна-Астана»
Астананың туған күніне арналған
жазғы маусым мезгіліндегі
музыкалық шара
Қатысқандар: Тілші-Каратаева А.Б.
Клоун-Дауылбаева Г.М.
Техникамен жабдықтаушы-Курпишева В.Т.
№33 «Нұрсәт» МдБО
музыка жетекшісі: Аитова Л.З.
дене шынықтыру жетекшісі:Байбосынова Г.К.
Ақтөбе-2012ж