Екінші кіші «Жұлдызша»тобы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі.
Өткізу күні:12.04.18ж
Тәрбиеші:Абенова М.К
Білім беру саласы:»Таным»
Өтпелі тақырып: Ғарышқа саяхат
Пән:Жаратылыстану
Тақырыбы:Ғарышқа саяхат
Мақсаты:
Тәрбиелік:Ғарышкерлерге деген құрмет сезімдерін тәрбиелеу.
Дамытушылық: Есте сақтау қабілеттерін,ой-өрістерін,
зейіндерін,көріп тану қабілеттерін дамыту
дүниетанымдарын кеңейтіп,қиялдарын шарықтату.
Оқыту:Балаларға ғарыш әлемі жайлы түсінік беру, ғарыш әлемі және оның құпия сырларына деген қызығушылықтарын қалыптастыру.
Педагогикалық технологиялар: ойын технологиясы,
дамыту технологиясы,монтесори технологиясы,ақпараттық технологиясы.
Ресустармен қамтамасыз ету:суреттер
Блингвальдық компоненті :
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы.
1.Ұйымдастырушылық кезеңі:
Жұмбақ шешу:
Ұшады қанатсыз
Зырлайды аяқсыз. /Зымыран/
Ұшқыш емес,бірақ ол
Аспанда қалықтап ұшады
Оны кім деп ойлайсындар?
/Ғарышкер/
Негізгі бөлім:
Ғарышкер дегеніміз олар ғарышқа,аспан әлеміне ұшатын
адамдар.Аспан әлемінде де ,көптеген ғалам бар.Ал біздер
жер ғаламында өмір сүреміз.
-Балалар,сендер қандай әуе көліктерін білесіңдер?
-Иә,ғарышкер ағаларымыз ғарышқа зымыранмен ұшады екен.Оны ғарыш кемесі деп атаймыз.Олар ғарышқа ұшып барып,аспан әлемін зерттейді.Біз бүгін ғарышкер ағалармен,аспан әлемімен танысамыз.Бәріміз тақтаға мұқият қарайық.Мына суреттегі алғаш ғарышқа ұшқан
адам,ол Ю.Гагарин деген кісі.Мынау ғарышқа ұшуға дайындалып жатқан кезі.Ғарышқа қазақ ғарышкерлері де ұшқан.Мына суретте өзіміздің қазақ ғарышкерлері-Т.Әубәкіров және Т.Мусабаев деген ағаларымыз.Бұл кісілер еліміздің мақтаныштары.Олар ержүрек,батыр,халық қаһармандары.Осы кісілер сияқты білімді,тәртіпті үлкен азамат болуымыз керек.Ал мынау аспан әлемі.Аспан әлемінде көптеген жұлдыздар бар.
Сергіту сәті:
Аспан,аспан арайлым,
Саған жие қараймыз
Сені көзбен шоламыз,
Біз ғарышкер боламыз
Сергіту сәтін айтып, қимыл-қозғалыстар жасайды.
- Аспанда тағы нелер болады,балалар?
Ал мынау ұшуға дайындалып жатқан ғарыш кемесі.Онымен адамдар аспанға
ұшып ,аспан кеңістігін зерттейді.Мынау Байқоңыр ғарыш айлағы.Ғарышкерлердің бәрі осы жерден ғарышқа ұшады екен.Байқоңыр ғарыш айлағы ол біздің Қазақстанда,оның
ішінде Қызылорда облысында орналасқан.Мына суретте ғарыштағы адам,ол үстіне арнайы скафандр киген. Ғарышта ауа жоқ,сондықтан ол жақта тек осындай арнайы киіммен ғана жүруге болады.Балалар,біз ғарышкерлер туралы тақпақ жаттаған едік қой.Кане есімізге түсірейік,кім айтады?
Бүгін Юрий ағаның
Ұшқан күні ғарышқа
Мен аспанға қараймын
Мен ғарышкер боламын.
Қорытынды:
- Балалар,біз бүгін не туралы әңгімелестік?
- Кімдер туралы білдік?
- Сендерге не ұнады?
Бәрі хормен: Аспан,аспан,арайлым
Саған жиі қараймын
Сені көзбен шоламын.
Мен ғарышкер боламын.