СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

For операторымен жұмыс

Категория: Информатика

Нажмите, чтобы узнать подробности

Лабораториялық жұмыс

Просмотр содержимого документа
«For операторымен жұмыс»

Лабораториялық жұмыс №17


Тақырыбы: For операторы

Мақсаты: Үшін циклін пайдаланып есептерді шығару, паскаль программалау тілінде «үшін» циклінің жазылу түрін, программада орналасу ретін, программа құра білуді, программаны жүргізе білуді, дұрыс нәтиже алып, талдай білуді үйрету

Теорияға шолу

Көп жағдайда аргументтерінің әр түрлі мәні бойынша алгоритмнің белгілі бір бөліктерін бірнеше рет қайталауға тура келеді. Осындай процесстерді ұйымдастыру үшін циклдік құрылымды алгоритмдер – қайталау операторлары қолданылады. Олар әр түрлі заңдылық негізіндегі ереже бойынша қолданылады.

Паскаль тілінде қайталау процессін жүзеге асыратын циклдік операторлардың 3 түрі бар: арифметикалық цикл - FOR, шартын алдын ала тексеретін цикл – WHILE және шартты соңынан тексеретін цикл – REPEAT.

Егер шартын алдын ала тексеретін циклдегі операторды неше рет қайталау керек екендігі белгісіз болып, оның тек қайталану шарты берілсе, онда WHILE, REPEAT операторлары пайдаланылады. Ал FOR операторы қайталану саны алдын ала белгілі болған кезде қолданылады.

FOR операторын параметрлі цикл операторы деп те аталады, өйткені, қайталау саны функция аргументі сияқты циклдің параметрі қызметін атқаратын басқару айнымалысы арқылы беріледі.

FOR операторының екі түрі бар:

FOR айнымалы:= to do оператор;

FOR айнымалы:= downto do оператор;

Мұндағы, S1 және S2 – цикл параметрінің алғашқы және соңғы мәндерін анықтайтын өрнектер; for…do – цикл тақырыбын анықтайтын түйінді сөздер; - цикл тұлғасы.

FOR – ҮШІН, TO – ДЕЙІН, DO – ОРЫНДАУ деген мағынаны беретін түйінді сөздер. Паскаль тілінде цикл параметрі міндетті түрде бүтін немесе реттелген типтегі айнымалы болуы қажет. Параметрдің өзгеру қадамына байланысты операторда TO немесе DOWNTO (DOWN – төмен, TO – дейін, DOWNTO - кері қарай) түінді сөздері пайдаланылады. Егер қадам +1 ге тең болса, онда операторда TO, ал қадам -1 –ге тең болса, онда DOWNTO сөзі қолданылады.

Параметрдің бастапқы және соңғы мәндері бүтін сан түрінде немесе өсуі, кемуі бойынша реттелетін болуы тиіс, әйтпесе оларды бүтін мен беретін арифметикалық өрнек түрінде жазуға да болады.








FOR операторының блок-схемасы

Жұмыс барысы:

Тақырыпқа мысал: 1 мен 100 аралығындағы сандар қосындысын есептейтін программа құру.

(for операторын қолдану арқылы)

Program esep3_1;

Var {айнымалыларды сипаттау бөлімі}

N, S:Integer; {х,y – бүтін сандар }

BEGIN {программа басы}

S:=0;

F

Цикл денесі

or N:=1 to 100 do { цикл 100 рет айналады}

S:=S + N; { қосындыны есептеу}

Writeln(‘S=’, S); { нәтижені экранға шығару }

End. { программа соңы}

Программа нәтижесі:

S=__________.


Лабораторялық жұмыс №17 - ге арналған тапсырмалар


Тапсырма №1

1- ден 10-ға дейінгі сандардың квадратын табатын программа құрыңдар

Компьютерде орындап, нәтижесін көрсет.

Тапсырма №2

5-тен 20-ға дейінгі сандардың 5-ке қалдықсыз бөлінетіндерін квадраттайтын программа құрыңдар. Компьютерде орындап, нәтижесін көрсет.

Тапсырма №3

20-дан 3 –ке дейінгі сандардың тақтарын 2-есе арттыратын программа құрыңдар. Компьютерде орындап, нәтижесін көрсет.


Бақылау сұрақтары


  1. For ... циклдік оператор

  2. For k:=1 to 15 do - айнымалының бастапқы мәні нешеге тең?

  3. Кему реті бойынша аралықты есептеуде . . . қолданылады.

  4. Өсу реті бойынша аралықты есептеуде . . . қолданылады.

  5. For k:=m to n do - айнымалының соңғы мәні -

  6. For k:=m to n do, мұндағы k - ?

  7. For k:=5 to 55 do, цикл неше рет орындалады?

  8. For k:=1 to 3 do

i:=k*k; программа бөлігінде . . . есептеледі.

  1. For k:=5 to 15 do, айнымалының соңғы мәні -