| Негізгі сөздер мен тіркестер: тез бұзылады, ескерту, жиі, сапа, қазы-қарта, артық салмақ, қуырылған, қан аздық ауруы. |
| Алдыңғы оқу | Дәрумен, денсаулық кепілі, зиянды, пайдалы, ас-адамның арқауы, өнімдер, сақталу мерзімі, ас мәзірі. |
| Басталуы 3 мин. | «Шаттық шеңбері» тренинг, топқа бөлу (көкөністер, фастфуд, сүт тағамдары) Берілген суреттерді топтастырыңдар. Қай топтағы тағамдар сендерге ұнайды? Неге? Қай топтағы тағамдар адамға пайдалы? Қалай ойлайсыздар, сабақтың тақырыбы қандай? | Интербелсенді тақта, аудиотаспа, суреттер  |
| Ортасы Мәтіналды жұмыс 5 минут 15 минут 10 минут | 1-тапсырма. Суретке қара. Оларды ата. Қайсысы пайдалы? (жеке жұмыс) Барлық оқушылар суретте берілген тағамдарды атайды. Оқушылардың басым бөлігі жай сөйлем құрастырады. Кейбір оқушылар тағамдардың пайдасы мен зиянын айта алады, өз ойын дәлелдейді. Қалыптастырушы бағалау: «Екі жақты күнделік» (өзара бағалау) Жаңа сөздермен жұмыс: 2-тапсырма: Мәтінді оқы. Бүгін мектепте «Фастфудтар» деген тақырыпта сынып сағаты өтті. Сынып сағатына оқушылар, гастроэнтеролог – дәрігерлер қатысты. Дәрігерлер мектеп оқушыларына тез дайындалатын тағам туралы айтты. Гамбургер, хот-дог, майға қуырылған картоп, газдалған сусындардың зиян екенін ескертті. Олар «Дайындаушылар фастфуд тағамдарының сапасына қарамайды. Сондықтан, фастфуд тағамдары тез бұзылып, көп ауруға себеп болады. Балалар фастфуд тағамдарын жақсы көреді. Ол денсаулыққа зиян. Сендер дұрыс тамақтана біліңдер», - деді. Қазір 6 жастан 14 жасқа дейінгі балаларда қаназдық ауруы көп кездеседі. Ал асқазан ауруы бірінші орында тұр. Фастфуд тағамдары артық салмақ қосады. І топ. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап бер. «Серпілген сауал» әдісі  Мектепте не өтті? Сынып сағаты қандай тақырыпта өтті? Оған кімдер қатысты? Дәрігерлер оқушыларға не туралы айтты? Фастфуд тағамдары неге тез бұзылады? Фастфуд тағамдарының қандай зияны бар? Сендер фастфудты жейсіңдер ме? Фастфудты кім сатып әпереді? Фастфуд қанша тұрады? Сендер фастфуд зиянды екеніне келісесіңдер ме? ІІ топ. «Уақыт тізбегі» әдісі арқылы мәтінді мазмұндаңдар.             ТД: Сөздер мен сөз тіркестерін табады ОД: Сөйлемдерді аяқтайды ЖД: Сызба арқылы әңгімелейді ІІІ топ. 5 5 1 әдісі арқылы үш қатардағы сөздерді пайдаланып, сөйлем құрыңдар. | 1 | Тез | 1 | тамақтану | 1 | тағамдар | | 2 | Асқазан | 2 | сапасы | 2 | төмен | | 3 | Фастфуд | 3 | бұзылатын | 3 | көбейді | | 4 | Тағамның | 4 | ауруы | 4 | зиянды | | 5 | Дұрыс | 5 | тағамдары | 5 | қажет | | Ойлау деңгейі: | Бағалау критерийлері: | Дескрипторлар: | | Білу | Сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын түсінеді. | -сөздер мен сөз тіркестерін біледі; -суреттерден таба алады. | | Түсіну | Мәтіндегі ақпаратты анықтайды. | -сұрақтарға жауап береді; -сөйлемдер құрайды; -сызба бойынша мазмұнын айтады. | | Қолдану | Тақырып бойынша деректерді қолданады. | - көтерілген мәселеге өз ойын айтады, дәлелдейді. | Қалыптастырушы бағалау: «Бас бармақ» әдісі  3-тапсырма: Жағдаят: Сенің досың фастфуд тағамдарын ұнатады. Осы сабақтан кейін сен фастфуд зиянды тағам екенін түсіндің. Енді осыны досыңа түсіндір. (жұптық жұмыс) ТД: фастфуд тақырыбына байланысты сөздер мен сөз тіркестерін айтады, суреттерін көрсетеді. ОД: диалог құрастырады. ЖД: мәтінді әңгімелейді, өз ойын дәлелдейді. |  Кесте, А4 қағазы  Қағазда жазылған сұрақтар Сызба Сөздер, сөз тіркестері, сұрақтар, суреттер берілді, графикалық органайзер,кесте |