СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Ертегілік "Рахмет, саған анашым"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Кейіпкерлер: Нұрлы қояндар, Гүлпатшайымы, Қызыл телпек, Қарақшы.

(Көңілді әуен ойналады, жүргізушімен балалар безендірілген залға кіреді)

Тәрбиеші:

Ана десем алғыс алам халқымнан.

Ана десем теңіз болам шылқыған.

Ана десем әділтікті ұғамын,

Адам барма ана сүтін татпаған.

Алуан-алуан ауыр сынды аттаған,

Адалдықты, ар-намысты сақтаған.

Мен анамның сонысымен мақтанам!

Құрметті ата-аналар, әріптестер бүгінгі келіп жеткен 8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Көктемнің шуақты күндеріндей жүздеріңізден қуаныш пен мейірім шағапын шашып, әр адамның жанына шипа бола берсін. Бақыт пен денсаулық тілеймін!

Ал енді №5 I кіші топ бүлдіршіндерін қарсы алайық.

/Әуен ойналады, ішке Қызыл телпек кіріп келеді. Ол гүл теруге шыққан/

Қызыл телпек( суық демін алып)

Енді не істеймін? Мен 8 наурыз мерекесімен әжемді, анамды құттықтайын деп едім.

Оларға гүл сыйлағым келіп еді, бірақ гүл таба алмай жүрмін. Ой, сәлеметсіңдер ме балалар?Сендер бүгін қандай әдемісіңдер! Сендер мұнда неге жиналдыңдар?

Балалар: Анамыздың, әжеміздің, мерекесін тойлау үшін жиналдық.

Қызыл телпек: Ал, сендер мерекеге не дайындадыңдар?

Тәрбиеші: Біздің №5 I кіші топ бүлдіршіндері «Аспазшылар» биін өте жақсы билейді.

Қызыл телпек: Қуанғаннан секіріп, қолын соғады. Ал маған тамашалауға болама?

Тәрбиеші: Әрине, болады. Олай болса «Аспазшылар» биін қарсы алайық.

Би: «Аспазшылар»

Қызыл телпек: Қандай жақсы. Балалар тағы қандай сыйлық дайындадыңдар?

Жүргізуші: Біздің балалар ана туралы тақпақтар айтқылары келіп отыр.

Просмотр содержимого документа
«Ертегілік "Рахмет, саған анашым"»

Ақназар:Анам менің сүйіктім, тек өзіңе табынам.

Панижан:Анаң болса қасыңда, басқа бақыт не керек.

Мәриям:Мен анамды сүйемін, құшағына енемін.

Ақбота:Құтты болсын анашым, құтты болсын мерекең.

Қызыл телпек: Ал мен, Әжем мен анама гүлде таба алған жоқпын (көңіл-күйі түсіп.)

Тәрбиеші: (Басынан сипайды) Қызыл телпек, сен күннен көмек сұрап қарашы. Ол саған міндетті түрде көмектеседі деп ойлаймын.

Күнге: Жарқыраған,

Сүйкімді,

Мейірімді,

Нұрын төккен, күнім сен маған көмектесші!

(Әуенмен залған екі нұрлы қояндар кіріп келеді.)

Нұрлы қояндар: Сәлеметсізбе балалар! (Балалармен амандасады)

Сәлеметсіздерме қадірменді қонақтар! Сіздерді көрмегенімізге қуаныштымыз. Бізді Күн көмекке жіберді.

Сендер де қандай жағдай болып қалды?

Тәрбиеші: Қызыл телпек әжесі мен анасына гүл сыйламақшы болған екен, бірақ ауа-райына байланысты ма? Ол гүл таба алмай жүр.

Нұрлы қояндар: Олай болса бәріміз бірге ауа-райын жылытайық. Балалар ауа-райын жылытуға сендер бізге көмектесесіңдер ме?

Балалар: Иә.

Нұрлы қояндар: Қызыл телпек, ал сенше?

Қызыл телпек: Иә, әрине.

Қызыл телпек: Олай болса бәріміз бірге ана туралы ән шырқайық.

Ән: «Ақ мамам»

Ел жатқанда жатпаған,

Мен деп тыным таппаған.

Бақыты үшін баланың,

Аман сау жүр ақ мамам!

Қ/ сы

Күлімдеген көзіңнен,

Күн мейрімі сезілген.

Бұл жалғанда балаға,

Жақын жан жоқ өзіңнен,

Жақын жан жоқ өзіңнен.

Көрсетемін күнімді,

Жарық еткен күндерді.

Бір сырып мен сыйлаймын,

Жұрт көрмеген күндерді.

Қ/ сы

Күлімдеген көзіңнен,

Күн мейрімі сезілген.

Бұл жалғанда балаға,

Жақын жан жоқ өзіңнен,

Жақын жан жоқ өзіңнен.

Нұрлы қояндар: Қандай керемет!

Қарақшы: Сәлеметсіздер ме!

Тәрбиеші: Сәлеметсіз бе, сіз кімсіз?

Қарақшы: Мен қарақшымын.Мен көңілді күлкіні, барлық жақсы мерекелерді жақтырмаймын. А-а-а бұл жерде жаман қояндар да бар екен ғой. Қазір мен оларды қуып жіберейін.(қуып жібереді.)

Қызыл телпек: Сен не істедің? Енді күн жерді жылытпайды. Мен анама гүл сыйлай алмаймын ғой!

Жүргізуші: Қарақшы! Сенің көңіл-күйіңді қалай көтеруге болады. Саған біздің балалар мерекеге дайындаған «Топ –топ» әнін кимылымен орындап берейік, мүмкін балалардың өнері ұнап қалар.

«Топ-топ » әні (қимылымен).

Қарақшы: Тапаншасымен аспанға оқ атады.

Ой маған өте қатты ұнады, менің көңіл-күйім көтерілді! Сендер өнерлі балалар екенсіңдер! Мен қателесіппін.Мен барып қуып жіберген қояндарымды тауып әкелейін. Сау болыңдар балалар!

Жүргізуші: Қызыл телпекке қарап, уайымдама! Біз бірдеңе ойлап табармыз (сол кезде әуенмен қояндар және гүл патшайымы бір уыс гүлмен кіріп келеді)

Гүл патшайымы: Сәлеметсіздерме балалар! Сәлем құрметті қонақтар! Мен гүл патшайымымын! Сендерді көргеніме қуаныштымын, мерекелерің құтты болсын!

Көңіл-күйлерің барлық кезде осындай көтеріңкі болсын! Нұрлы қояндарды өзіммен бірге ертіп келдім.

Мен сендерге арнап «Қыздарға гүл сыйла» ойынын алып келдім.

Менімен ойын ойлағыларың келе ме?

Ойын: «Қыздарға гүл сыйла»

Ойынның шарты: Ортада екі үстел тұрады. Үстінде гүл, моншақ, сөмке, қалпақ тұрады.

Сол үстелге қарама-қарсы қыздар тұрады. Ойынға екі бала қатысады. Ұл балалар үстел үстіндегі заттармен қыздарды жарысып безендіреді.

Қызыл телпек: Гүл патшайымы! Сізге кездескенімізге сондай қуанып тұрмын. Мен анама, әжеме гүл сыйлау үшін әдемі гүлдерден жинап алып келейін.

Қош сау болыңыз!

(Қызыл телпек балалармен қоштасып, рахметін айтып шығып кетеді.)

Жүргізуші: Рахмет саған, Гүл патшайымы! Көктемді алып келіп, біздің көңіл-күйімізді көтергенің үшін. Ендеше біз көктемге арнап әнімізді айтып берейік.

Ән: «Көктем келді»

Көктем келді

Көктем келді,көктем келді,сағына,

Бүршік атты,алма ағаштар бағында.

Біздің үйге ұя салды,алақай!

Былтыр кеткен қарлығаштар тағыда.

Қ/сы

Дала гүлге оранады,

Түрлі-түске боянады.

Нұрлы көктем келген кезде,

Табиғатта оянады.

Көктем келді, көктем келді далама,

Қуанып жүр ата –анада, балада.

Қар-мұз еріп,жылғалардан су ағып,

Үйрек қаздар жайылып жүр далада.

Қ/сы

Дала гүлге оранады,

Түрлі-түске боянады.

Нұрлы көктем келген кезде,

Табиғатта оянады.

Гүл патшайымы: Ой, өнерлі екенсіңдер, көп-көп рахмет сізерге. Менің кетуім керек. Келесі кездескенше сау болыңыздар!

Тәрбиеші: Сау болыңыз! Осымен біздің №5 I кіші тобының «Наурыз – көктемнің көңілді мерекесі!» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Көңіл бөліп келгендеріңізге көп-көп рахмет! Біздің балаларымыздың өз қолдарымен жасаған сыйлықтары бар, соны табыс етуге рұқсат етіңіздер!

(Балалар аналарына сыйлық табыстайды)