СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Ең үлкен байлық"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ең үлкен байлық.Есте сақтау ойлау қабілеттерін дамыту.

Просмотр содержимого документа
«"Ең үлкен байлық"»

№4Оқу ісінің меңгерушісі:

МДС

Бәрін білгім келеді!

Күні:

Сабақтың тақырыбы

Ең үлкен байлық

Сілтеме

әдістемелік құрал.

Жалпы мақсаты

«Досыңды тап» ойынын ойнау достар арасындағы сыйластық,достық,туралы түсінік беру. Есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту.

Оқу нәтижелері

Оқушылар берілген тапсырмаларды орындауды, оларға сұрақ қоя білуді үйренеді, сын тұрғысынан ойлай білуге дағдыланады, өз пікірлерін айтып, қорытуға үйренеді. Өзін-өзі және басқаларды бағалау дағдысы, топтық ынтымақтастық қалыптасады.

Көрнекілігі

Ақ қағаз,үлестірме материалдар, жеке суреттер.

Тапсырмалар

АКТ. «Сұрақжауап», «Жақсы жаман» «Досыңды тап» ойыны. Топтық жұмыстар. Шығармашылық тапсырма. .

Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының

іс-әрекеті

Ресурстар

Психологиялық ахуалды қалыптастыру



- Бүгін біз бір-бірімізге осы уақытқа дейін, өзіміз айтып жүрген ғажайып, жылы сөздерімізді сылайық. Алақанымызды бір-бірімізбен түйістіріп, татулығымызды білдірейік.           

Жақсылықтан үйреніп,

Боламыз біз жақсы адам.

Жамандықтан жиреніп,

Үлгі аламыз жақсыдан


Оқушылар

қимыл- қозғалыстарды қайталайды.


АКТ




Топ ережесі жазылған постер

Ұйымдастыру





-Біз бүгін өзіміздің ең жақын адамдарымыз достар туралы әңгімелейміз.

Ертеректе ел ішінде Әйтімбет деген сөзге шешен кісі болыпты. Бір отырыста Әйтімбет шешенге замандастары: «Достық нешеу?» – деп сұрақ қояды. Сонда Әйтімбет тұрып:
– Достықтың екі түрі болады. Бірі адал достық, екіншісі амал достық.
– Дұрыс-ақ. Енді оларды қалай ажырата аламыз? – дегендерге:
– Адал достық – өмірлік нұсқа болады, амал достықтың өрісі қысқа болады, – деп жауап берген екен Әйтімбет

«Дос дегеніміз» не?

«Досына көмектесу» деген сөзді қалай түсінесіңдер?

Сендердің достарың барма?

Олардың аттарын атап беріңдер?


Оқушылар берілген сұрақтарға жауап береді.













Дос адамдар бір-біріне көмектеседі.

Қиын жағдайлар болғанда қасынан табылу.


Ия.

Аттарын атайды.



Жеке сөздер жазылған қағаздар

Талдау


Карточкалармен жұмыс«Жақсы жаман»

Суреттен кімге қандай көмек қажет екендігін тауып, достардың өзара көмегі туралы әңгімелеп беріңдер.


Оқушылар топпен сол суреттерге байланысты сөздерді айтады.

Карточкалар,сурет,қағаз,қалам.


Тіл ұстартуға арналған жаттығулар

Ес-ес-ес,

Досыңа тез көмектес.

Ал-ал-ал,

Сенің досың адал.

Са-са-са,

Сен жақсылық жаса.



Сергіту сәті.








1

Оқушылар сергіту жаттығуларын жасайды

Сергітту тапсырмалары жазылған парақшалар


Жинақтау

Д/о«Досыңды тап» ойынын топ болып сабақта алған білімдерін, ойларын ортаға салады.

Ойынның шарты.Балалар екі топқа бөлінеді.Бір топтың балаларының көздері таңылылады,өз достарын табу ұсынылады. Олар өз досын қолын, шашын, киімдерін ұстап, сипау арқылы табуына болады.Достарын тауып алып жақсы жаман жақтарын айтып кетулері керек. Достарын тапқаннан соң орындарын ауыстырады.

Достар тату-тәттіміз,

Болса қолда тәттіміз,

Біз бөлісіп жатамыз,

Бәріміз дәм татамыз

Дәптермен жұмыс:бет.1,2тапсырма

Топқа бөлініп ойынды ойнайды.










Балалар тәрбиешімен бірге өлең жолдарды қайталайды:



Рефлексия






Сабақты пысықтауға арналған сұрақтар:

1.Балалар, біздің бүгінгі сабағымызда жүрегімізге, жанымызға жақын, жақсы көретін адамымызды қалай атайды екенбіз?

2.Достарымыз туралы ең жақсы, тамаша сөздерді айтып беріңдер?

3.Достар бір-біріне әрқашан не істеу керек?

.Кім көп сөз біледі?Бүгінгі сабақтан жаңадан үйренген сөздерін қайталап айтып берулерін сұрау.

Мысалы: достар ,жақсылық,жамандық , т.б

Бағалау: сабақты қалай түсінгендерін бармақтарымен көрсету.

Балаларды мақтау мадақтау сөздерімен сабақты бекіту.


Сұрақтарға әр  бала  өз ойларын жауап береді.







достар ,жақсылық,

жамандық ,көмектесу, т.б


Стикерлер,

суреттер.