| Оқушылардан сыныптағы сағатқа қарауын, сағат тілін ойша 2 сағатқа шегеруін және сол кезеңде олар немен айналысқанын естеріне түсіруін сұрау. Бұдан әрі 5 жыл бұрын не болғанын кім есіне түсіре алатынын сұрау. «Өткен кезеңде не болғанын зерттейтін ғылым бар. Бұл ғылым тарих деп аталады және біз сол тарихты оқуды бастаймыз. Ол бізге адамзаттың өткені туралы әңгімелеп береді» – деп, тарих туралы түсіндіріп кету. Бота әкелген ежелгі еңбек құралдарының – жер қазатын таяқтың және тас балтаның суреттерін көрсету. Оқушылардан бұл заттардың атауын, кімдер және қашан қолданғанын сұрау. Бұл заттарды алғашқы адамдар қолданғанын түсіндіру. Бұл сабақта оқушылар осы құралдармен танысады. Оқушыларға картадан алғашқы адамдар мекендеген Шығыс Африканы көрсету. Салыстыр. Оқушыларға оқулықтағы бірінші екі суретті салыстыруға тапсырма беріңіз. Олардан алғашқы адамдар мен қазіргі адамдар арасында қандай айырмашылық бар екенін сұраңыз. Жауабы: Ежелгі адамдар маймылға ұқсас, бет әлпеттері дөрекі болған. Сөйлей алмаған. Олардың қолдары ұзын және маңдайлары тар болған. Бұдан әрі оқушыларға ойларын растайтын мәтінді өз бетінше оқуға тапсырма беріңіз. Оқушылардың шаршағанынбасу және зейінін жақсарту үшін сергіту жаттығуын өткізіңіз. Олар орындайтын сергіту жаттығуы сабақ тақырыбымен байланысады. Бір орнында жүру Бұл жаттығуды бастар алдында адамдардың жануарлардан айырмашылығы адам екі аяғымен жүретінін ескертіңіз. Омыртқаға арналған жаттығу Алғашқы адам бүкірейіп жүрген, ал қазіргі адам тік жүреді. Оқушылар бір орында біресе еңкейіп, біресе тіктеліп жүруді жалғастырады. Қол буындарына арналған жаттығу – «Жеміс жина» Жоғарғы бұтақтардан жемістер жинағанда адамдар жоғары қарай тартылып, қолдарымен жемістерді жұлған. Мойынға арналған жаттығу – «Аңға шыққан адам». Адамдар аң аулағандай басын жан-жаққа бұра қарап, алысқа мұқият көз тастайды. Картамен жұмыс. Келесі тапсырманы орындауүшін дүниежүзілік физикалық картаны пайдалану қажет. Оқушылар жауап беріп, тапсырманы орындауы тиіс. Картаға алғашқы адамдардың қозғалысын (қоныс аудару жолдарын) көрсететін бірнеше меңзерді жабыстырыңыз. Оқушыларға балаларға арналған «Алғашқы адамдар» мультфильмін көрсетіңіз. Неліктен алғашқы адамдардың топтасып өмір сүруге мәжбүр болғанын сұраңыз. Олардың ойларын тыңдаңыз. Бұдан әрі оқушылар оқулықтағы 2-суретті қарайды. Олар өз жауаптарын оқулықтағы мәтінмен салыстырады. Оқушылардың әңгімелерін алғашқы адамдардың өмірі туралы мәліметпен толықтырыңыз. Ежелгі адамның баспанасын жасап көр. Бұтақтарды, құрғақ шөптерді қолдан.елгі ада Ежелгі адамдар топтасып өмір сүрді. Әйелдер өсімдік тамырларын, жеміс-жидектерді терді. Ер адамдар аң аулады. Адамдар үңгірлерді баспана етті. Бұтақтардан және жануарлардың сүйектерінен баспана жасады. жасады. |