Тақырыбы: «Дені саудың-жаны сау» тәрбие сағаты
Мақсаты:
1/Оқушыларға салауатты өмір салтын насихаттай отырып, денсаулығын сақтау және аурудың алдын алу керектігін үйрету;
2/ Денсаулық негізі қимыл, спорт, дұрыс тамақтану, таза ауада дұрыс жүру екенін ұғындыру
3/Оқушыларды тазалыққа баулу, жеке бас гигиенасын сақтауға, әрқашан күн тәртібін орындауға, шымыр да шапшаң, ұқыпты да жинақы, талғампаз да қанағатшыл, таза да әдемі болуға тәрбиелеу.
Әдісі:әңгімелеу, сұрақ-жауап, көрнекілік, топтастыру.
Көрнекіліктер: суреттер, мақал-мәтелдер ,плакаттар.
Барысы:
Мұғалім сөзі: Құрметті ұстаздар, оқушылар қауымы! Бүгінгі «Дені саудың – жаны сау» сынып сағатына қош келдіңіздер! Біз, бүкіл адамзатпен бірге үлкен тарихи кезең - 21 ғасырда өмір сүріп жатырмыз. Осы ғасырда өркениетті елдер қатарынан орын аламыз десек, біздің халқымыз салауатты қоғамда өмір сүруі керек.
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан – 2030» стратегиясында «Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әлқуаты» тармағында азаматтарымыздың өмірі соңына дейін сау болуы және жас ұрпақ дұрыс жетіліп, өсуі үшін денсаулығын күтуі керек делінген. Бүгінгі тәрбие сағатымыз салауатты өмір салтын сақтауға арналады. Сабақты бастамас бұрын топтармен таныстырып өтейін.
Топтарды таныстыру:
1 - топ – «Шымыр» тобы – « Шынықсаң шымыр боласың» ұранымен.
Шапшаңдығыңа қайран қалам,
Жете бер мақсатыңа армандаған
Майысып, өнерімен тәнті еткен
Рауандай баланы қайдан табам.
Көңіліңнің қошын – ай, көпшіліктің досындай.
Ақ ниетті кең пейіл, біздің Арсен осындай.
Шыңдап күнде мен енді, шынықтырып денемді,
Деген оймен Тамерис, күнде сабаққа келеді.
2 - топ – «Сымбат» тобы – «Сымбатты болу қолыңда» ұранымен
Көркіне қарап тұрсаң бал тамады,
Сөйлесе қас шебердің аңсағаны.
Ән айтып, би билеу,
Бір Аружанның бойынан табылады.
Көргенде жымиып, әрқашанда күліп жүреді үнемі.
Сабақта озып шығам деп, әрдайым Жандос келеді.
І-тапсырма. Денсаулық сөзіне топтастыру жасау. Денсаулық деген не?







Денсаулық
Әр топ өз жұмыстарын қорғайды.
ІІ-тапсырма. «Кім жылдам» ойыны. / қарындашпен астын сызу/
«Шымыр» тобы Денсаулыққа пайдалы факторлар.
«Сымбат» тобы – Денсаулыққа кері әсер ететін факторлар.
Еңбек, еріншек, күн, жалқаулық, су, ауа, арақ, жеміс – жидек, насыбай, дұрыс дем алу, үйірмелерге қатысу, спортпен айналыспау, көп ұйықтау, ластық, дұрыс тамақтану, тамақты асығып жеу, қолды сабындап жуу, дастарқан басында қисаймай түзу отыру, тамақтанып отырғанда сөйлеу, қасықты оң қолыңмен ұстау, күн тәртібін сақтамау, тамақтанып отырып сөйлемеу, ащы мен тұщы тағамдарды көп жеу, нанды екі қолмен үзіп жеу, тамақтан соң аузыңды шаю, жеміс – жидектерді жумау, асқа бата беру.
ІІІ-тапсырма. Жарнама. «Денсаулық – зор байлық».
Мысалы: Мынау сиырдың сүтінен жасалған құрт, оның тіске көп пайдасы бар. Ол тісті қатайтады. Орбит, дирол алғанша, осы құртты сатып алған тиімді.
«Шымыр» тобы: Айран
«Сымбат» тобы: Сабын.
Сергіту сәті.
Сағаттың тіліндей
Иіліп оңға бір
Сағаттың тіліндей
Иіліп солға бір
Сағатқа қарап ап
Жаттығу оңай ақ
Қақпаға туралап
Теп допты оң аяқ
Теп допты сол аяқ
Жаттығу, сол аяқ
Жаттыға оңай – ақ
Ал балалар, бір ауық
Әріп сырын ұғайық
А дегенде отырып
Б дегенде тұрайық
А - Б, А – Б, А – Б.
IV-тапсырма. Оқушылардың алдына сабын, сүлгі, тарақ, тіс пастасы мен щеткасы салынған дорба ұсыну. Бүгін сабақты біз не жайлы сөз қозғаудамыз? /денсаулық/. Ал бұл заттарды көргенде, ең алдымен не елестейді, қандай сөзді ойлаймыз? /тазалық/. Ал енді тазалық пен денсаулық сөздерін байланыстырып көрейік, не шығады: Тазалық – денсаулық кепілі. Бұл не? /мақал/. Келесі сендерге ұсынар тапсырмам «Тапқырлық» деп аталады. Яғни, денсаулыққа байланысты мақал – мәтелдерді аяқтау.
«Шымыр» тобына: Денсаулық - ........................ (зор байлық)
«Сымбат» тобына: Тәні саудың -....................... (жаны сау)
«Шымыр» тобына: Емнің алды -................................ (еңбек)
«Сымбат» тобына: Тазалық – саулық негізі, саулық - ................. негізі. (байлық)
«Шымыр» тобына: Шынықсаң -..................... (шымыр боласың)
«Сымбат» тобына: Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын ............. ізде. (жол)
«Шымыр» тобына: Көзің ауырса, қолыңды тый, ішің ауырса ....... /аузыңды тый/
«Сымбат» тобына: Жан ауырса тән азады, қайғы басса жан...../азады/
«Шымыр» тобына: ...... қадірін ауырғанда білерсің» (денсаулықтың)
«Сымбат» тобына: ....... жасырған өледі (ауруын)
V-тапсырма. «Нысана» деп аталады /сұрақ-жауап/
Сұрақтар.
1. Жеміс – жидектерді жемес бұрын не істеу керек?
(жеміс – жидектерді жақсылап жуып алу керек.)
2. Тамақтану алдында не істеуіміз керек?
(тамаққа отырар алдында қолды жуу керек)
3. Пайдалы тағамдарды атаңдар /айран, балық, ет, өсімдік майы, сәбіз, пияз/.
4. Пайдасыз тағамдарды атаңдар /фанта, бәліш, чипсы, шоколад, кока – кола/.
5. Зиянды әдеттерді атаңдар?/темекі шегу, арақ ішу, қолды аузына салу/.
VІ-тапсырма. «Ойлан, тап» миға шабуыл /жұмбақ жасыру/
1. Ертемен күнде сен,
Қолыңды сүйкесең,
Кетіп кір - ласың
Тап – таза боласың
Бұл не? (сабын)
2. Аузы жоқ, көзі жоқ,
Тілі жоқ, сөзі жоқ.
Бірақ та тісі бар
Басыңмен ісі бар
Бұл не? ( тарақ)
3. Ақ қарда тек тұрмадым, қос тақтаймен зырладым. /шаңғы/.
4. Аяқтарым қалтылдап, қос тай міндім жалтылдақ.
Шапса жұбын жазбайды, бір – бірінен озбайды. /коньки/
5. Иілсең иіліп,
Түйілсең түйіліп,
Қарайды кісіге
Ұқыпты ісіне
Бұл не? (Айна)
6. Шомылған баланы
Аймалап алады.
Сипайды қолын да
Сипайды жонын да
Бұл не? (Сүлгі)
7. Бір атым бар, құлын болып тумаған.
Құнан болып өспеген. /велосипед/
8. Ұрып қалсаң кері атып, оралады өзіңе.
Көрсең де осы бері атып, қайтып барар өзіңе./ доп/.
Қорытындылау. Рефлексия «Денің сау болсын десең ...» сөйлемді жалғастыру.
Новоприречный негізгі мектебі

( сыныптан тыс сабақ)

2016-2017 оқу жылы