СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Әдебиеттік оқу сабағы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Әдебиеттік оқу сабағы  ауыз әдебиетінің ерекшеліктерію

Просмотр содержимого документа
«Әдебиеттік оқу сабағы»

Сынып: 3 «А»

Тақырып: Сары Ләйлек

Мақсаты: Ауыз әдебиетінің бір түрі ертегілер туралы қалыптасқан білімдерінің негізінде одан әрі дамыту; Оқушылардың алған білімдері негізінде сыни тұрғыда ойлау қабілеттерін шыңдау.

Көрнекіліктер: АКТ-дың көмегімен жинақталған бейне материалдар,ертегілер әлемі;


КІРІСПЕ (5 мин)

Сабақ барысы

Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу. Топтарға бөлу. Өткен сыныптар бойынша оқушылармен ертегілер және оның түрлері туралы әңгімелесу. Бүгінгі күннің сабақ тақырыбымен және мақсатымен таныстыру.

Сұрақ-жауап: (өткен сыныптарда қалыптасқан білім негізінде)

1) Ертегілердің қандай түрлері бар?

2) Ертегі деген не ? Ертегіде не баяндалады?

3) Ертегі кейіпкерлері арқылы адам бойындағы қандай қасиеттерді көреміз?

ЖАҢА МАТЕРИАЛДЫҢ ТАНЫСТЫРЫЛЫМЫ (20 мин)

Ертегілердің түрлері туралы видеобейне (5 мин).

А)Топпен жұмыс (сыныпты 3 топқа бөліп, топтарға оқулық мәтінінің бөліктерін бөлу. Мәтінмен танысқан соң топтан бір оқушы орнында қалып басқа топтың оқушыларына түсінгенін сипаттайды, ал топ мүшелері басқа топтың ақпаратымен танысқан соң семантикалық карта толтырады).

Тақырыптар:

а)Шәкірт Ми және оның қожайынға алғысы.

ә)Ләйлектің таңғалдырар биі

б)Бай Мандариннің алдында Ләйліктің билемеуі.

Нені білемін?

Мен үшін бұл жаңалық

Нені білгім келеді?




Ә) Сұрақ-жауап:

1) Ертегідегі Ми қандай адам? Шайхана қожайыны қандай адам? (Венн диаграммасы)

2) Бай адам Мандарин алдында Ләйлек неге билемеді деп ойлайсың?

3) Халыққа ортақ игілік дегенді қалай түсінесің? Ертегі саған несімен ұнады?

ЖАҢА МАТЕРИАЛДЫҢ ҚОЛДАНЫЛЫМЫ (15 мин)

А)Оқушылардың сыни тұрғыда ойлауын жетілдіру (топтарға суреттер үлестіріледі, суреттердегі ертегі кейіпкерлеріне қатысты «Бұл қай ертегіден? алынған үзінді» яғни өткен сыныптардағы өздері білетін ертегілер бойынша әр топ өзге топтарға сұрақтар дайындайды.












ҚОРЫТЫНДЫ

Бекіту.

Топтарға бекіту сұрақтарын қою.

  1. Шайхана қожайыны Ләйлектен айырылған соң

қандай күй кешті деп ойлайсыңдар?

2)Мидің өзіне жақсылық жасаған қожайынына

ештеңе айтпай өкпелеп, үнсіз Ләйлікті ертіп кетіп отыруы дұрыс па?

3) Ертегіден өздеріңе не түйдің? Ертегінің негізгі идеясы не?

Бағалау

Оқушыларды бүгінгі сабақтың бағалау критерийлерімен таныстыру



Үй тапсырмасын беру:

«Мен сары Ләйлек болсам» эссе жазу.





























Сабақтың тақырыбы: «Қырдың жас түлегі»


Сабақтың мақсаты: Әңгіме мазмұнын оқып, білу, танысу.Ойлау қабілеттерін ,сөздік қорларын дамыту.Ұлы адамдардың өмірінен үлгі ала отырып, солар сияқты өз елін, жерін сүйетін патриот болып өсуге тәрбиелеу.


Сабақтың көрнекілігі: Ш.Уалиханов –саяхатшы, зерттеуші.


Сабақ барысы.

КІРІСПЕ (5 мин)

Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу. Топтарға бөлу. Бүгінгі күннің сабақ тақырыбымен және мақсатымен таныстыру.


1. Сұрақ-жауап:

1) Ұлы адамдардың өмірі мен өскен ортасы сендерді қызықтыра ма? Қандай Ұлы адамдарды білесіңдер?

2) Шоқан жөнінде жазылған қандай әңгімелерді білесің?

3) Шоқан әңгімелерде байдың баласы болса да шолжаңдап, еркелеп, мінезінің жағымсыз жағынан көріне ме?


2.Жаңа сабақты игеру:

С.Бегалин. «Қырдың жас түлегі»

Мәтінді өздеріне таратып беру.

Мәтінді талдау сұрақтары:

Ертіс бойына балалар қай кезде келді?

Шоқан қай жердің табиғатына тамсана қарады?

Шоқанның бойын қандай сезім биледі?

Оның жанына кім келді?

Шоқан мен дәрігер не жайында сөйлесті?

Оқудың түрлері: Рөлге бөліп оқу, жұптап оқу, тауып оқу.

ЖАҢА МАТЕРИАЛДЫҢ ҚОЛДАНЫЛЫМЫ

3 топқа басқа қосымша мәлімет беріледі.

1-топ: Шоқанға мінездеме жазады.

2-топ: Туған жер –алтын бесік эссе жазады.

3-топ: Шоқан саяхатшы, зерттеуші

3. Жаңа сабақты бекіту.

Постер құру 3 топ:

«Қырдың жас түлегі»

«Саяхатшы, зерттеуші»

«Халық ауыз әдебиетінің үлгілері жинақтаушы»


4. Бағалау. Белсенділік танытқан оқушыларды бағалау.

5. Үй тапсырмасы: Мәтінді оқу, Шоқан өмірі туралы ізденіп оқу.




Сабақтың тақырыбы: Қоңыр қозы

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға М.Әуезовтың балалық шағынан мәлімет бере отырып оқу дағдысын қалыптастыру. Сөздік қорларын, тіл байлықтарын, дүниетанымларын дамытуға ықпал ету. Адамгершілікке, үлкенді құрметтеуге баулу.

Сабақтың көрнекілігі: М.Әуезов туралы мағлұматтар.

Сабақ түрі: Танымдық, ізденіс.

Сабақ барысында қолданылатын әдістер: Сөздік, практикалық, көрнекілік.


Сабақ барысы.

КІРІСПЕ (5 мин)

І.Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу. Тақырыппен таныстыру. Топтарға бөлу

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. (10 мин)

ауызша сабақ сұрау;

Жаңа сабаққа кіріспе:

Үйде сендерді ата-әжелерің, мама-папаларың қалай еркелетіп атайды? Мысалы өткен сабақтағы Шоқанның шын есімі-Мұхамедқанафия.Ал Шоқан деп анасы еркелетіп қойған. (Оқушылар ойын тыңдау)

ЖАҢА МАТЕРИАЛДЫҢ ТАНЫСТЫРЫЛЫМЫ (15 мин)

-Бүгінгі сабақта біз Тұрсын Жұртбайдың «Қоңыр қозы» мәтінімен танысамыз. 3 топқа мәтін таратылып беріледі.

Оқудың түрлері: Азат жол бойынша оқу, жұптап оқу, мәнерлеп оқу, тауып оқу.

1.Бай ауылының көрінісі суреттелген тұсты тауып оқы.

2.Мұхтар ауылы суреттелген тұсыт тауып оқы.

3.Абайдың «Қоңыр қозыға» берген батасын тауып оқы.


ЖАҢА МАТЕРИАЛДЫҢ ҚОЛДАНЫЛЫМЫ

«Сөзжұмбақ шешу» миға шабуыл арқылы диалог әдісін пайдалану.

Мәтінде жылдың қай мезгілі әңгімеленген?

Әңгімені жазған кісінің аты кім?

Қоңыр қозының өз аты?

Абай аулына келгенде қай кез еді?

Абай аулының балалары не ойнап жатты?

Мұхтардың назары қайда ауды? (ортасыныа Мұхтар деген сөз шығады)

Бағдаршам түстері арқылы өзін өзі бағалау














Жаңа сабақты бекіту.

1.Ұлы ақын Абайдан бата алған, атасының «Қоңыр қозысы» өскенде кім болыпты?

Жас Мұхтар Абай атаның өсиетін орындады ма?

2.Әңгіме неліктен «Қоңыр қозы» аталған, сен оған қандай ат қояр едің?

Ү. Бағалау.


ҮІ. Үй тапсырмасы:

Әңгімені оқу, М.Әуезовтың өмірі мен шығармалары жөнінде мәнжазба жазып келу.