СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ
Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно
Скидки до 50 % на комплекты
только до
Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой
Организационный момент
Проверка знаний
Объяснение материала
Закрепление изученного
Итоги урока
Сіздерге ?аза? ?дебиеті п?нінен 5-сынып о?ушыларына арнал?ан тест тапсырмаларын ?сынып отырмын. Б?л тест тапсырмаларын о?ушыларды? ?дебиет п?нінен ал?ан білімдерін тексеру ма?сатында беруге болады.
6 -сыныпқа арналған қазақ әдебиеті пәні бойынша тест жинағы
Қазақ әдебиетінен тест тапсырмалары.
(жалпы білім беретін мектептің 6-сынып мұғалімдеріне арналған)
Құрастырған: Тілешова Оразгүл Бекенқызы
Ұсынылып отырған 6-сыныпқа арналған қазақ әдебиеті пәнінен тест жинағы барлық жалпы орта білім беретін мектептердің 6-сынып мұғалімдеріне және оқушыларына арналған.
Мектеп оқушыларының барлық білім деңгейі мен біліктілігін арттыру,олардың білімдерінің мемлекеттік стандарт талаптарынан төмен болмауы үшін 6-сынып оқулығындағы әр тарау бойынша қорытынды тексерістерде және күнделікті тақырыптық тексерістерде қолданылу үшін жинақталған көмекші құрал. Жинақта берілген тестілер мектеп бағдарламасы мен 6-сыныптың қазақ тілі оқулығы авторы (Қ.Әбдезұлы, С.Ч. Тұрсынғалиева) негізге алып құрастырылған.
Бұл жинақ қазақ әдебиеті пәнінен оқушылардың теориялық сауаттылығын арттырып, қазақ тіліне тіліне деген қызығушылығын, сабаққа деген белсенділігін сабақта, сабақтан тыс уақыттарда дамыта түсуге үлкен көмек болады деген оймен шығарылған мұғалімнің еңбегінің жемісі.
МАЗМҰНЫ
Алғы сөз ___________________________
Мұғалім туралы мәлімет ___________________
Қазақ халқының ауыз әдебиеті
Ертегілер ___________________________
Қиял- ғажайып ертегілер
___________________
Алтын сақа
_________________________
Әдеби ертегі. Толағай
_________________________
Мақал-мәтелдер- халық даналығы
_______________________
Жұмбақтар
_________________________
Аңыз-әңгімелер _________________________
Ежелгі дәуір әдебиеті
_________________________
Ыбырай Алтынсарин
_______________________
Абай Құнанбайұлы
________________________
Ахмет Байтұрсынұлы__________________________________
Жамбыл Жабаев______________________________
Сәкен Сейфуллин _________________________________
Ілияс Жансүгіров__________________________________
Сапарғали Бегалин_______________________________________
Мұхтар Әуезов_____________________________________________
Сәбит Мұқанов_____________________________________
Ғабит Мүсірепов___________________________________________
Ғабиден Мұстафин_________________________________________
Сырбай Мәуленов_______________________________________
Шерхан Мұртаза____________________________________________
АЛҒЫ СӨЗ
Қазақ әдебиеті пәнiн оқытудың басты мақсаты - оқушыларды (5-11сыныптар) оқуға, сауатты сөйлеуге үйрету, өз ойы мен пiкiрiн еркiн жеткiзе алатын дара тұлға тәрбиелеу болса, осы әзірлеген тест тапсырмалары бұл мақсатты жүзеге асыруға өз көмегін тигізеді деп ойлаймын. Тест сұрақтары көп емес. Әрбір сабақ соңында оқушылардың алған білімін пысықтауға арналған жабық тест. Мұндай тест жинақтары оқушының тез әрі жинақы жауап беруіне ыңғайлы.
І-тоқсан бойынша халық ауыз әдебиеті,ертегілер, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, аңыз әңгімелер тақырыптарына арналған тапсырмалар.
ІІ- тоқсан бойынша ежелгі дәуір әдебиеті, Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбайұлы, Ахмет Байтұрсынұлы, Жамбыл Жабаев, Сәкен Сейфуллин тақырыптарына арналған тапсырмалар
ІІІ -тоқсан Ілияс жансүгіров, сапарғали бегалин, Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсірепов, Ғабиден Мұстафин тақырыптарына арналған тапсырмалар
ІV-тоқсан сырбай Мәуленов, Шерхан Мұртаза өмірі мен шығармашылығына және де қайталау тақырыптарына арналған тапсырмалар.
Орта буын оқушыларына тест жұмысын меңгерту, алған білімдерін жүйелеудің ең бір тиімді жолы деп ойлаймын.
Тест жұмысы оқушылардың ойлау қабілетінің дамуымен тығыз байланысты болғандықтан (даралау мен жинақтау,жалқыдан жалпыға және жалпыдан жалқыға көшу,салыстыру) міндетті түрде сабақта пайдаланып отыру қажет.
Қазақ әдебиетінен тест тапсырмалары
6-сынып
Қазақ халқының ауыз әдебиеті
I нұсқа (001)
Ауыз әдебиетінің ғылымдағы атауы:
А) фольклор
Ә) шығармашылық
Б) ғылым
В) ұйқас
2. «Фольклор « сөзі қай тілден шыққан?
А) латын
Ә) неміс
Б) ағылшын
В) орыс
3.Төмендегі шығармалардың қайсысы ауыз әдебиетіне жатады?
A) «Бай баласы мен жарлы баласы»
Ә) «Ер Төстік»
Б) «Аққу, Шортан һәм Шаян»
В) «Менің Республикам»
4.Берілген шығармалардың қайсысының он бес шақты нұсқасы болған?
A) «Қозы Көрпеш-Баян сұлу»
Ә) «Құламерген»
Б) «Ер Төстік»
В) «Қобыланды батыр»
5.Ауыз әдебиетінің жазба әдебиетінен айырмашылығы:
A) авторы бар
Ә) жаңа шыққан
Б) авторы жоқ
В) асыл қазына
6. «Ерте, ерте, ерте екен...» деген сөздермен қандай шығармалар басталады?
A) аңыз
Ә) мақал-мәтелдер
Б) жұмбақтар
В) ертегілер
7. «Халық ауыз әдебиеті сөзінің аудармасы:
A) устное народное творчество
Ә) выразительные слова
Б) письменная литература
В) эпические сказания
8. Халық ауыз әдебиеті қалай тараған?
A) жазбаша
Ә) ауызша
Б) тарамаған
В) дұрыс жауабы жоқ
9. Сөйлемді аяқтаңдар:
Ауыз әдебиеті шығармалары ауыздан-ауызға тараған кезде өзгеріске...
A) айналған
Ә) кездескен
Б) ұшыраған
В) тап болған
10. «Песенное состязание акынов» сөзін аудар:
A) айтыс
Ә) тұрмыс-салт жырлары
Б) жұмбақтар
В) шығармалар
11. Сәйкестендір:
Тұрақты ұйқас повторение
Заман пословицы и поговорки
Мақал-мәтелдер жизнь и время
Ертегі устойчивые рифмы
Қайталау сказки
12.Сөйлемді аяқта: Ауыз әдебиеті -...
A) көркем туынды
Ә) ұжымдық шығарма
Б) авторы бар шығармалар
В) жаңа қалыптасып келе жатқан шығармалар
13. Сөйлемді аяқта:Қазақ халқының ауыз әдебиеті ежелден келе жатқан ...
A) еңбек
Ә) ғылым
Б) мұра
В) шығармалар
14.Қай халықта фольклор бар?
A) қазақ халқында
Ә) барлық халықта
Б) ағылшын халқында
В) барлық жауаптар дұрыс
15.Ауыз әдебиетінің жазба әдебиетінен неше түрлі айырмашылығы бар?
A) 1
Ә) 2
Б) 3
В) 4
Қазақ әдебиетінен тест тапсырмалары
6-сынып
Қазақ халқының ауыз әдебиеті
II нұсқа (002)
«Фольклор» сөзінің баламасын тап:
А) жазба әдбиеті
Ә) ауыз әдебиеті
Б) көркем шығарма
В) ғылым
2. «Фольклор» сөзі ағылшын тілінен аударылғанда қандай мағына береді?
А) көркем сөздер
Ә) қалыпты сөздер
Б) ауыз әдебиеті
В) тарихи жырлар
3.Сөйлемді аяқта: Фольклор жазба әдебиетінен...
A) кейін туған
Ә) бұрын туған
Б) бірге туған
В) дұрыс жауабы жоқ
4.Фольклор қалай тараған?
A) ауызша
Ә) жазбаша
Б) тарамаған
В) барлық жауаптар дұрыс
5.Сөйлемді аяқта: Халық ішінен шыққан көркем сөз ұсталары өз еңбектерін ауызша айтып, артындағы ұрпаққа ...
A) жеткізген
Ә) таратқан
Б) үйреткен
В) қалдырған
6. «Ерте, ерте, ерте екен...» деген сөздермен қандай шығармалар басталады?
A) аңыз
Ә) мақал-мәтелдер
Б) жұмбақтар
В) ертегілер
7.Қазақ әдебиетінің негізгі түрлерін толықтырып жаз:
1) ертегілер 2) мақал-мәтелдер 3)жұмбақтар 4)...
5) ... 6) ... 7)... 8) ...
8.Белгілі бір авторы жоқ шығармалар қалай аталады?
A) жазба әдебиеті
Ә) көркем әдебиет
Б) ауыз әдебиеті
В) ғылыми жұмыстар
9. «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырының қанша нұсқасы бар?
A) 12
Ә) 13
Б) 13
В) 14
10. Төменде берілген шығармалардың қайсысы « мұратына жетіпті» деген сөзбен аяқталады?
A) айтыс
Ә) тұрмыс-салт жырлары
Б) жұмбақтар
В) ертегілер
11. «Көркем сөздер» деген тіркестің аудармасын тап:
A) устное народное творчество
Ә) устойчивая рифма
Б) письменная литература
В)выразитеьные слова
12.Сәйкестендір:
мақал-мәтелдер бытовые песни
батырлар жыры песенное состязание
айтыс сказки
ертегілер пословицы и поговорки
тұрмыс-салт жырлары героический эпос
13. «Исторические песни» сөзін аудар:
A) тарихи еңбек
Ә) тарихи жырлар
Б) тұрмыс-салт жырлары
В) батырлар жыры
14.Ауыз әдебиетінің жазба әдебиетінен айырмашылығы:
A) авторы бар
Ә) көп нұсқалы
Б) бай қазына
В) күрделі шығарма
15.» Ер Төстік қандай шығармаға жатады?
A) батырлар жыры
Ә) тарихи жыр
Б) лиро-эпостық жыр
В) ертегі
Қазақ әдебиетінен тест тапсырмалары
6-сынып
Ертегілер
I нұсқа (003)
Ертегілердің неше түрі бар?
А) 1
Ә) 2
Б) 3
В)4
2. Аңшылық, мал бағу, тылсым күштермен күрес тақырыбына жазылған ертегілер:
А) «Сиқырлы тас»
Ә) «Аяз би»
Б) «Алтын сақа»
В) «Құламерген»
3.Оқиғасы қиялға, фантазияға құрылған ертегілер қалай аталады?
A) қиял-ғажайып ертегілер
Ә) тұрмыс-салт ертегілері
Б) хайуанаттар туралы ертегілер
В) шыншыл ертегілер
4.Төмендегі ертегілердің қайсысы қиял-ғажайып ертегіге жатады?
A) «Күшік пен мысық»
Ә) «Аяз би»
Б) «Бозінген»
В) «Тас болған шаһар»
5. Кейіпкерлері үй жануарлары, құстар мен аңдар болып келетін ертегілер:
A) қиял-ғажайып
Ә) тұрмыс-салт
Б) хайуанаттар туралы ертегілер
В) шыншыл ертегілер
6.Төмендегі ертегілердің қайсысы хайуанаттар туралы ертегіге жатады?
A) «Атымтай жомарт»
Ә) «Арыстан мен кісі»
Б) «Керқұла атты Кендебай»
В) «Күшік пен мысық»
7. Шыншыл ертегілердің кейіпкерлерін тап:
A)Хайуанаттар
Ә) Құстар
Б) Қиялдан туған бейнелер
В) Қарапайым адамдар
8. «Ерте, ерте,ерте екен ...». Бұл сөздер ертегінің қай жерінде кездеседі?
A) басында
Ә) ортасында
Б) соңында
В) кездеспейді
9. «Қиял-ғажайып» сөзінің аудармасын тап:
A) бытовые
Ә) правдивые
Б) фантастичесие
В) о животных
10. «Герой» сөзінің аудармасын тап:
A) кейіпкер
Ә) бақташы
Б) мінез
В) тұрмыс
11. Сөйлемді аяқта:
Кез келген халықтың ауыз әдебиетінде етрегілер...
A) кездесе бермейді
Ә) сирек кездеседі
Б) жазылады
В) ауызша айтуға құралған
12. Төмендегі ертегілердің қайсысы шыншыл ертегіге жатады?
A) «Дүмше молда»
Ә) «Қоянның зары»
Б) «Алтын сақа»
В) «Аю, түлкі және қойшы»
13. Қай ертегі түрлері ең көп тараған?
A) қиял-ғажайып
Ә) тұрмыс-салт ертегілері
Б) хайуанаттар туралы ертегілер
В) шыншыл ертегілер
14.Сәйкестендір:
Түлкі жауыз
Арыстан қорқақ
Қоян айлакер
Қасқыр күшті
15.Шыншыл ертегілерде жауыздық иелері кімдер?
A) қойшы
Ә) қасқыр
Б) шопан
В) хан
Қазақ әдебиетінен тест тапсырмалары
6-сынып
Ертегілер
II нұсқа (004)
Төмендегі ертегілердің қайсысында адамның тылсым күштермен күресі анық көрінеді?
А) «Ер Төстік»
Ә) «Аю, қасқыр, бөдене»
Б) «Қоянның зары»
В) «Атымтай жомарт»
2. Адамның алыстан жылдам хабар алуы, табиғаттың дүлей күшін оңай жеңуді армандауынан туған ертегі:
А) «Дүмше молда»
Ә) «Арыстан мен кісі»
Б) «Сиқырлы тас»
В) «Арыстан, қасқыр, түлкі, түйе»
3.Қазақ ертегілері мазмұнына байланысты неше түрге бөлінеді?
A) 1
Ә) 2
Б) 3
В) 4
4. Қиял-ғажайып ертегілері неге негізделіп құралған?
A) қиялға
Ә) шындыққа
Б) жануарлар өміріне
В) еңбек адамының өміріне
5.Қиял-ғажайып ертегінің кейіпкерін көрсетіңіз:
A) құстар
Ә) малшы
Б) жезтырнақ
В) бай
6. Адамға қиын кезде көмекке келетін қанатты тұлпарлар қандай ертегіде кездеседі?
A) қиял-ғажайып ертегілерінде
Ә) тұрмыс-салт ертегілерінде
Б) хайуанаттар туралы ертегілерде
В) шыншыл ертегілерде
7. Қиял-ғажайып ертегілердің кейіпкерлерін тап:
A)тышқан
Ә) шал
Б) құстар
В) айдаһар
8. Сәйкестендір:
Айдаһар пастух
Жалмауыз кемпір дракон
Жезтырнақ великан
Таусоғар баба –Яга
Қойшы женщина с медными когтями
9. Сөйлемді аяқта:
Кез келген халықтың ауыз әдебиетінде ертегілер...
A) кездесе бермейді
Ә) сирек кездеседі
Б) жазылады
В) ауызша айтуға құралған
10. Ертегінің ең көне түрі:
A) қиял-ғажайып ертегілер
Ә) тұрмыс-салт ертегілері
Б) хайуанаттар туралы ертегілер
В) шыншыл ертегілер
11. «Дүмше молда» ертегісі ертегінің қай түріне жатады?
A) қиял-ғажайып ертегілеріне
Ә) тұрмыс-салт ертегілеріне
Б) хайуанаттар туралы ертегілеріне
В) шыншыл ертегілеріне
12. Хайуанаттар туралы ертегінің кейіпкерін тап:
A) хан
Ә) қойшы
Б) қоян
В) дәу
13. Сәйкестендір:
«Ер Төстік» тұрмыс-салт ертегілері
«Аю, түлкі, арыстан» қиял-ғажайып
«Айлалы тазша» хайуанаттар туралы
«Арыстан мен кісі» шыншыл ертегі
14. «Мұратына жетіпті» сөзі ертегілердің қай жерінде кездеседі?
A) басында
Ә) ортасында
Б) соңында
В) кездеспейді
15. «Ең көне түрі» сөзінің аудармасын тап:
A) исконный
Ә) международный
Б) своебразное начало
В) самый древний вид
Қазақ әдебиетінен тест тапсырмалары
6-сынып
«Алтын сақа» ертегісі
I нұсқа (005)
Бай өзеннен нені көрді?
А) балықты
Ә) балдырды
Б) өз бейнесін
В) өкпені
2.Бай өмірде неге зар болыпты?
А) әкеге
Ә) анаға
Б) балаға
В) бостандыққа
3.Бай өзенге төрт түлік малдың қандай түрін айдап әкеледі?
A) сиырды
Ә) жылқыны
Б) қойды
В) ешкіні
4.Судан кім шығып, байды қылғындырады?
A) жалмауыз кемпір
Ә) жезтырнақ
Б) айдаһар
В) дию
5.Басына бостандық алу үшін бай кемпірге не бермекші болып уәде етеді?
A) жылқысын
Ә) ат басындай алтын
Б) жалғыз баласын
В) киімін
6.Бай баласының қандай затын жұртта тастап кетеді?
A) бәкісін
Ә) ойыншығын
Б) алтын сақасын
В) сырнайын
7.Сөйлемді аяқта: Бала құрығын құлдыратып, жүгенін сылдыратып, жылқыға келсе, шеттегі бір қотыр тай балаға....
A) қарай шабады
Ә) қарай жүгіреді
Б) қарай қалады
В) қарай жақындайды
8. Бала тайдың үстіне мінгенде ол неге айналады?
A) құнанға
Ә) дөненге
Б) бестіге
В) тұлпарға
9. «Шырағым, өзің түсіп ал. Кәріліктен отырсам, тұра алмаймын, тұрсам, отыра алмаймын» деп қандай кейіпкер айтады?
A) бай
Ә) бала
Б) кемпір
В) баланың анасы
10. Баланы қуып келе жатқанда кемпір не лақтырады?
A) тас
Ә) топырақ
Б) қанжар
В) тіс
11.Бала жылқыдан секіріп түсіп, ненің үстіне шығуға мәжбүр болады?
A) таудың
Ә) бәйтеректің
Б) төбенің
В) түйенің
12. Бәйтеректің түбінен шұңқыр қазып жатқан кемпірге кім көмек көрсетпекші болады?
A) түлкі
Ә) қоян
Б) қасқыр
В) аю
13. Аспанда ұшып жүрген құстардың қайсысы баланың зарына құлақ асып, оған көмекке келеді?
A) қарға
Ә) үйрек
Б) қарлығаш
В) қаз
14.Баланың бәйтерек басында тұрғанын, оның түбін жалмауыз кемпірдің қазып жатқанын қарлығаш кімге айтады?
A) баланың әкесіне
Ә) баланың шешесіне
Б) баланың төбеттеріне
В) баланың көршілеріне
15. «Перзент» сөзінің аудармасын тап:
A) кочевье
Ә) узда
Б) скакун
В) ребенок
Қазақ әдебиетінен тест тапсырмалары
6-сынып
«Алтын сақа» ертегісі
II нұсқа (006)
Бай мен жалмауыз кемпір қай жерде кездеседі?
А) тау басында
Ә) өзен жағасында
Б) көл жағасында
В) қырда
2. Жалмауыз байдың басына бостандық бергені үшін одан не сұрайды?
А) алтын
Ә)жылқы
Б) баласын
В) тамақ
3. Кемпір су ішінде не бейнесінде жүзіп жүреді?
A) балық
Ә) өкпе
Б) балдыр
В) қайық
4. Жұртта қалған сақасына аттанғанда бала қандай тайды таңдайды?
A) үлкен
Ә) семіз
Б) қотыр
В) кішкентай
5. Кемпір баланы қай жерде күтіп отырады?
A) ошақ қасында
Ә) ағаш басында
Б) өзен жағасында
В) жол үстінде
6. Бәйтерек басында тұрған бала төмендегі құстардың қайсысынан көмек сұрайды?
A) лашын
Ә) бүркіт
Б) қаршыға
В) қарға
7. Балаға көмек көрсетпей, ұшып кеткен құс:
A) қарлығаш
Ә) үйрек
Б) бүркіт
В) қаз
8. Сөйлемді аяқта: Жалмауыз кемпір түлкінің сөзіне сеніп, кетпенді тағы да түлкіге беріп, өзі...
A)кетіп қалады
Ә) демалады
Б) ұйқыға кіріседі
В) қарап отырады
9. «Жалмауыз» сөзінің аудармасын тап:
A) великан
Ә) богач
Б) ребенок
В) баба-Яга
10. Жалмауыз кемпірдің қуғындауына түспей тұрып,бала қандай құспен дос болады?
A) қаз
Ә) тырна
Б) қарлығаш
В) үйрек
11. Жалмауыз кемпірдің кегін алуға кім келеді?
A) баласы
Ә) қызы
Б) досы
В) құрбысы
12. Жалмауыз кемпірдің қызын кім өлтіреді?
A) бала
Ә) төбеттер
Б) бай
В) қарлығаш
13. Үш жасар жылқына қалай атайды?
A) тай
Ә) құнан
Б) дөнен
В) бесті
14. Төрт жасар жылқына қалай атайды?
A) тай
Ә) құнан
Б) дөнен
В) бесті
15. «Тұлпар» сөзінің аудармасын тап:
A) кочевье
Ә) узда
Б) скакун
В) ребенок
Қазақ әдебиетінен тест тапсырмалары
6-сынып
Ә. Тәжібаев. «Толағай » ертегісі
I нұсқа (007)
Қазақ әдебиетінің белгілі ақыны, драматург, Ә.Тәжібаев нешінші жылы дүниеге келген?
А) 1907
Ә) 1908
Б) 1909
В) 1910
2. Ә.Тәжібаев қай облыста дүниеге келген?
А) Қызылорда облысында
Ә) Алматы облысында
Б) Қарағанды облысында
В) Көкшетау облысында
3. Ә.Тәжібаев жазған поэма.
A) «Оркестр»
Ә) «Сырдария»
Б) «Айнабұлақ»
В) «Алтын ай»
4. Ә.Тәжібаевтың адамды сүю, оның еңбегін бағалауды басты тақырып етіп алған өлеңі?
A) «Күй атасы»
Ә) «Абыл»
Б) «Адамға»
В) « Темірші»
5. Ә.Тәжібаевтың пьесасы?
A) «Портреттер»
Ә) « Адамға»
Б) «Жалғыз ағаш орман емес»
В) «Айнабұлақ»
6. Ә.Тәжібаев төмендегі ақындардың қайсысының шығармаларын аударған?
A) А.С.Пушкиннің
Ә) М.Ю. Лермонтовтың
Б) Гетенің
В) Крыловтың
7. Ә.Тәжібаевтың «Толағай» ертегісіндег Саржан қай өзеннің жағасын мекен еткен?
A) Ертіс
Ә) Сырдария
Б) Амудария
В) Еділ
8. Саржан кім болған?
A) мерген
Ә) етікші
Б) балықшы
В) шебер
9. Толағайдың анасының аты кім?
A) Күнсұлу
Ә) Нұрсұлу
Б) Айсұлу
В) Жансұлу
10. Бұл кімнің бейнесі?
«... Ақ тістері ақ меруерттей,
Қос жұлдыздай қос жанары.
Қос бетінен тамып қаны,
Жалындайды жанған өрттей...»
A) Саржанның
Ә) Айсұлудың
Б) Толағайдың
В) дұрыс жауабы жоқ
11.Толағай қандай ерлік жасады?
A) елін жаудан құтқарды
Ә) еліне жаңбыр әкелді
Б) айдаһармен күресті
В) жеті қат жер астына түсті
12. Әдеби ертегінің ерекшелігі:
A) авторы бар
Ә) авторы жоқ
Б) көп нұсқалы
В) дұрыс жауабы жоқ
13.Шығарма немен аяқталды?
A) Толағай бахытты өмір кешті
Ә) Толағай көп байлыққа кенелді
Б) Толағай үйленді
В) Толағай қаза тапты
14.Толағайдың атымен не аталатын болды?
A) тау
Ә) өзен
Б) көл
В) ауыл
15. «Толағай» ертегісінің басты тақырыбы:
A) еңбек
Ә) ерлік
Б) махаббат
В) байлық
Қазақ әдебиетінен тест тапсырмалары
6-сынып
Ә. Тәжібаев. «Толағай » ертегісі
II нұсқа (008)
Қазақ әдебиетінің белгілі ақыны, драматург, Ә.Тәжібаев қай облыста дүниеге келген?
А) Қызылорда облысында
Ә) Алматы облысында
Б) Қарағанды облысында
В) Көкшетау облысында
2. Ә.Тәжібаев Қызылорда қаласындағы жетім балалар интернатына оқуға қай жылы түседі?
А) 1921
Ә) 1922
Б) 1923
В) 1924
3. Ә.Тәжібаев қаладағы жеті жылдық мектепте оқып жүрген кезінде немен айналысады?
A) шығыстың дастандарын оқиды
Ә батырлық жырларды жазады
Б) алғашқы өлеңдерін жазады
В) шетел әдебиетін оқиды
4. Ә.Тәжібаев жазған поэма:
A) «Айнабұлақ»
Ә) «Мейірімім»
Б) «Тынықсын, тимеңдер адамға!»
В) «Абыл»
5. Ә.Тәжібаевтың лирикалық өлеңі:
A) « Алтын ай»
Ә) «Күй атасы»
Б) «Темірші»
В) «Адам»
6. Ә.Тәжібаевтың драмалық еңбегі:
A) «Майра»
Ә) «Портреттер»
Б) «Сырдария»
В) «Мейірімім»
7. Ә.Тәжібаевтың шығармалары қандай тілге аударылған?
A) ағылшын
Ә) орыс
Б) неміс
В) француз
8. Толағайдың әкесінің аты кім?
A) Сарман
Ә) Саржан
Б) Сардар
В) Сартай
9.Толағайдың елі неге зар болды?
A) жаңбырға
Ә) жарыққа
Б) жылуға
В) тыныштыққа
10. Бұл кімнің бейнесі?
«... Ақша беті айменен тең,
Көркінен де ақылы басым.
Көршілердің кәрі-жасын,
Сүйсіндірген қылығымен...»
A) Саржанның
Ә) Айсұлудың
Б) Толағайдың
В) дұрыс жауабы жоқ
11.Тарбағатай деген не?
A) тау
Ә) көл
Б) өзен
В) түбек
12.Ел шетіне тау көтеріп келген кім?
A) Саржан
Ә) Айсұлу
Б) Толағай
В) дұрыс жауабы жоқ
13. «Тау жотасы» сөзінің аудармасын тап:
A) просил дождя
Ә) горный хребет
Б) утолили жажду
В) гора придавила
14.Толағайдың атымен не аталатын болды?
A) тау
Ә) өзен
Б) көл
В) ауыл
15.Авторы бар ертегі қалай аталады?
A) әдеби ертегі
Ә) халық ертегісі
Б) ұжымдық шығарма
В) өлеңмен жазылған шығарма
Қазақ әдебиетінен тест тапсырмалары
6-сынып
Мақал-мәтелдер
I нұсқа (009)
Көлемінің шағындығымен, мазмұнының тереңдігімен ерекшелінетін шығармалар қалай аталады?
А) аңыздар
Ә) ертегілер
Б) мақал-мәтелдер
В) дастандар
2.Мына мақалдың тақырыбын анықтаңдар:
Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас.
А) отан
Ә) оқу
Б) еңбек
В) отбасы
3. Мәтелді аяқтаңдар: Отансыз адам-ормансыз...
A) құндыз
Ә) жұлдыз
Б) бұлбұл
В) дүлдүл
4. Мына мақалдың тақырыбын анықтаңдар:
Еңбексіз өмір жоқ,
Ауырсыз жеңіл жоқ.
A) отан
Ә) отбасы
Б) байлық
В) еңбек
5. Мақалды аяқтаңдар:
Еңбек түбі-береке,
Көптің түбі- ...
A) көл
Ә) көмір
Б) келеке
В) мереке
6. Мына мақалдың тақырыбын анықтаңдар:
Ел үмітін ер ақтар,
Ер атағын ел сақтар.
A) ерлік
Ә) білім
Б) ғылым
В) үнемшілдік
7. Мына мақалдың тақырыбын анықтаңдар:
Жыланның уы тісінде,
Адамның уы тілінде.
A) оқу
Ә) білім
Б) өнер
В) тіл
8. Мақалды аяқтаңдар: Көп сөз- көмір, аз сөз-...
A) өмір
Ә) байлық
Б) алтын
В) бахыт
9. Мына мақалдың тақырыбын анықтаңдар:
Жақсының үлгісі-
Жанып тұрған шамдай.
Шешеннің сөзі-
Ағып тұрған балдай.
A) тәлім-тәрбие
Ә) тіл
Б) өнер
В) еңбек
10. Мына мәтелдің тақырыбын анықтаңдар:
Әдептіліктің белгісі-иіліп сәлем бергені.
A) әдептілік
Ә) өнер
Б) еңбек
В) отан
11. Мына мақалдың тақырыбын анықтаңдар:
Асы көптің тәні семіреді,
Досы көптің жаны семіреді.
A) достық
Ә) адам
Б) ас
В) тән
12. Мына мақалдың тақырыбын анықтаңдар:
Қағазға тіл бітірген-қалам
Жансызға жан бітірген-адам.
A) қағаз
Ә) тіл
Б) қалам
В) адам
13. Мақалды аяқтаңдар:
Досың дос болғанға шаттан,
Дұшпанмен дос болудан ...
A) сақтан
Ә) мақтан
Б) тырыс
В) келіс
14. Мына мәтелдің тақырыбын анықтаңдар:
Жұмыстың жаманы жоқ.
A) кәсіп
Ә) жамандық
Б) жоқтық
В) батырлық
15. Мәтелді аяқтаңдар:
Туған жердің жуасы...
A) қатты
Ә) тәтті
Б) ащы
В) тұщы
Қазақ әдебиетінен тест тапсырмалары
6-сынып
Мақал-мәтелдер
II нұсқа (010)
Ауыз әдебиетінің кең тараған түрі:
А) аңыздар
Ә) ертегілер
Б) мақал-мәтелдер
В) дастандар
2.Мына мақалдың тақырыбын анықтаңдар:
Батыр туса, ел ырысы,
Жаңбыр жауса, жер ырысы.
А) отан
Ә) оқу
Б) еңбек
В) ерлік
3. Мәтелді аяқтаңдар:Ит ашуын тырнадан...
A) балады
Ә) қалады
Б) алады
В) салады
4. Мына мақалдың тақырыбын анықтаңдар:
Ел-елдің бәрі жақсы,
Өз елің бәрінен жақсы.
A) отан
Ә) отбасы
Б) байлық
В) еңбек
5. Мақалды аяқтаңдар:
Ер жігіт ел үшін туады,
Ел үшін...
A) өмір сүреді
Ә) күледі
Б) өледі
В) өсіп-өнеді
6. Мына мақалдың тақырыбын анықтаңдар:
Білекті бірді жығар,
Білімді мыңды жығар.
A) ерлік
Ә) білім
Б) ғалам
В) үнемшілдік
7. Мына мақалдың тақырыбын анықтаңдар:
Жанған от тәнді жылытады,
Жақсы сөз жанды жылытады.
A) оқу
Ә) білім
Б) өнер
В) тіл
8. Мақалды аяқтаңдар:
Әдепті бала-арлы бала,
Әдепсіз бала-...
A) жаман бала
Ә) нашар бала
Б) сорлы бала
В) тәрбиесіз бала
9. Мына мақалдың тақырыбын анықтаңдар:
Досы көпті жау алмайды,
Ақылы көпті дау алмайды.
A) тәлім-тәрбие
Ә)достық
Б) жау
В) дау
10. Мына мәтелдің тақырыбын анықтаңдар:
Өз білмегеніңді кісіден сұра,
Үлкен жоқ болса, кішіден сұра.
A) әдептілік
Ә) үлкен
Б) кіші
В) тәрбие
11. Мына мақалдың тақырыбын анықтаңдар:
Жасық адам жасына жетпей қартаяр,
Асыл адам жасына жетпей марқаяр.
A) достық
Ә) адам
Б) ас
В) тән
12. Мына мақалдың тақырыбын анықтаңдар:
Ерегескен ел болмас,
Есептескен дос болмас.
A) ел
Ә) достық
Б) өмір
В) адам
13. Мақалды аяқтаңдар:
Досың дос болғанға шаттан,
Дұшпанмен дос болудан ...
A) сақтан
Ә) мақтан
Б) тырыс
В) келіс
14. Мына мәтелдің тақырыбын анықтаңдар:
Маңдайы терлемегеннің,
Қазаны қайнамайды.
A) еңбек
Ә) жамандық
Б) жоқтық
В) батырлық
15. Мәтелді аяқтаңдар:
Еңбек патшалықты...
A) асырайды
Ә) баптайды
Б) азайтады
В) жүдетеді
Қазақ әдебиетінен тест тапсырмалары
6-сынып
Жұмбақтар
I нұсқа (011)
Халықтың табиғат құбылыстарын, өзін қоршаған дүниенің сырын танып-білуге талпынған ойынан туған шығармалар:
А) аңыздар
Ә) ертегілер
Б) мақал-мәтелдер
В) жұмбақтар
2.Жұмбақ адамның бойында қандай қасиеттің болуын керек етеді?
А) отансүйгіштік
Ә) тапқырлық
Б) еңбексүйгіштік
В) ерлік
3. Жұмбақты шешіңдер:
Жұрттың бәрі оны сүйеді, бірақ қарағысы келмейді.
A) жұлдыз
Ә) ай
Б) күн
В) аспан
4. Жұмбақты шешіңдер:
Күндіз бәрі қашады, түнде аспанды басады.
күн
Ә) ай
Б) жұлдыз
В) аспан
5. Жұмбақты шешіңдер:
Көп бауырсақ ішінде бір қалаш.
A) күн
Ә) гүл
Б) ай мен жұлдыз
В) аспан
6. Жұмбақты шешіңдер:
Зер-зер кілем, зер кілем,
Көтерейін десем, зор кілем.
A) жер
Ә) мұз
Б) су
В) жел
7. Жұмбақты шешіңдер:
Отқа жанбас, суға батпас.
A) жер
Ә) мұз
Б) су
В) жел
8. Жұмбақты шешіңдер:
Жылт-жылт еткен, жылғадан өткен.
A) жер
Ә) су
Б) мұз
В) жел
9. Жұмбақты шешіңдер:
Қанаты жоқ-ұшады,
Аяғы жоқ-қашады.
A) жел
Ә) су
Б) аяз
В) қаңбақ
10. Жұмбақты шешіңдер:
Мамықтай ұлпа,
Қанттай ақ,
Қыста жер бетін басады,
Жазда сайға қашады.
A) су
Ә) жел
Б) бұлт
В) қар
11. Жұмбақты шешіңдер:
Аузы бейне шалғы орақ,
Шөп емес, бірақ мал орады.
A) аю
Ә) қасқыр
Б) шалғы
В) қоян
12. Жұмбақты шешіңдер:
Көреді бәрін өзгенің,
Көре алмайды өздерін.
A) көз
Ә) құлақ
Б) бет
В) қол
13. Жұмбақты шешіңдер:
Ерте тұрады , жар салады.
A) аю
Ә) түлкі
Б) әтеш
В) адам
14. Жұмбақты шешіңдер:
Күндіз шайқасады, түнде айқасады.
A) ерін
Ә) кірпік
Б) қол
В) аяқ
15. Жұмбақты шешіңдер:
Аппақ дала, қара дән,
Сепкен дәні түсінуге жараған.
A) қағаз
Ә) қалам
Б) әріп
В) карта
Қазақ әдебиетінен тест тапсырмалары
6-сынып
Жұмбақтар
II нұсқа (012)
Ауыз әдебиетінің ертеден келе жатқан бір түрі:
А) аңыздар
Ә) ертегілер
Б) мақал-мәтелдер
В) жұмбақтар
2.Жұмбақ адамның бойында қандай қасиеттің болуын керек етеді?
А) отансүйгіштік
Ә) тапқырлық
Б) еңбексүйгіштік
В) ерлік
3. Жұмбақты шешіңдер:
Көкжиекті шай табақта,
Алтын алма тербеледі.
Кейде бүркер алма жүзін,
Ұлпа мақта перделер.
A) жұлдыз
Ә) ай
Б) күн
В) аспан
4. Жұмбақты шешіңдер:
Көтеріліп теңізден,
Аспанға биік барамын.
Биіктен қайта түскенде,
Өңі кірер даланың.
А) күн
Ә) жаңбыр
Б) жұлдыз
В) аспан
5. Жұмбақты шешіңдер:
Алтын аяқ, жете алмады жалаң аяқ..
A) күн
Ә) гүл
Б) ай мен жұлдыз
В) сағым
6. Жұмбақты шешіңдер:
Зер-зер кілем, зер кілем,
Көтерейін десем, зор кілем.
A) жер
Ә) мұз
Б) су
В) жел
7. Жұмбақты шешіңдер:
Қырда қылыш жарқылдайды.
A) жер
Ә) мұз
Б) найзағай
В) жер
8. Жұмбақты шешіңдер:
Мамықтай ұлпа,
Қанттай ақ.
Қыста жер бетін басады,
Жазда сайға қашады.
A) сағым
Ә) қар
Б) су
В) жел
9. Жұмбақты шешіңдер:
Қанаты жоқ-ұшады,
Аяғы жоқ-қашады.
A) жел
Ә) су
Б) аяз
В) қаңбақ
10. Жұмбақты шешіңдер:
Мамықтай ұлпа,
Қанттай ақ,
Қыста жер бетін басады,
Жазда сайға қашады.
A) су
Ә) жел
Б) бұлт
В) қар
11. Жұмбақты шешіңдер:
Жол үстінде қу қазық,
Мергеншіге жол азық.
A) аю
Ә) қасқыр
Б) шалғы
В) қоян
12. Жұмбақты шешіңдер:
Күмбір-күмбір қарағым,
Қартайғанша жарадың.
A) көз
Ә) құлақ
Б) бет
В) қол
13. Жұмбақты шешіңдер:
Жүреді бой тастап, ойқастап,
Басында айдары, иекте сақалы бар.
A) аю
Ә) түлкі
Б) әтеш
В) адам
14. Жұмбақты шешіңдер:
Ти десем тимейді,
Тиме десем тиеді.
A) ерін
Ә) кірпік
Б) қол
В) аяқ
15. Жұмбақты шешіңдер:
Жазу жазып жалықпаған,
Жаза-жаза арықтаған.
A) бор
Ә) қалам
Б) әріп
В) жазу
Қазақ әдебиетінен тест тапсырмалары
6-сынып
Аңыз-әңгімелер
013 нұсқа
1.Тарихта болған әйгілі адамдар жайында немесе бір жерде өткен оқиға жайында шындыққа негізделген, уақыт өте келе көркем шығармаға айналып кеткен әңгіме:
А) аңыздар
Ә) ертегілер
Б) мақал-мәтелдер
В) жұмбақтар
2. Топонимикалық аңыздар деп қандай аңыздар аталады?
А) оқиғасы жер-су аттарына байланысты аңыздар
Ә) батырлар өмірі жайындағы аңыздар
Б) Қорқыт атымен байланысты аңыздар
В)тарихи тұлғалар туралы аңыздар
3. «Аққу», «Желмая», «Кілем жапқан», «Ұшардың ұлуы» деген күйлер шығарған аңыз кейіпкері кім?
A) Асан қайғы
Ә) Жиренше шешен
Б) Алдар көсе
В) Қорқыт
4. Тапқырлығымен, амал-айлаларымен, қулық істерімен халыққа кеңінен танымал болған аңыз кейіпкері:
С) Асан қайғы
Ә) Айша бибі
Б) Қарашаш
В) Алдар көсе
5. Махаббат туралы аңыздарда кездесетін кейіпкер:
A) Зарина ханшайым
Ә) Томирис
Б) Шырақ
В) Қорқыт
6. Қаһармандығымен әлемге әйгілі болған аңыз кейіпкері:
A) Айша бибі
Ә) Шырақ
Б) Қорқыт
В) Асан қайғы
7. Оғыз ұлысынан шыққан сәуегей, бақсы, күйші, жыраулық өнердің атасы:
A) Асан қайғы
Ә) Жиренше шешен
Б) Қорқыт
В) Алдар көсе
8. «Қорқыт ата кітабы неше жырдан тұрады?
A) 10
Ә) 11
Б) 12
В) 13
9. Ақыл-парасатымен, ділмарлығымен аты аңызға айналған қазақтың шешені:
A) Жиренше
Ә) Әз Жәнібек
Б) Әл-Фараби
В) Қорқыт
10. Өзінің алпыс биіне: «Дүниеде не өлмейді?» -деп сұрақ қойған аңыз кейіпкері:
A) Жиренше
Ә) Әз Жәнібек
Б) Алдар
В) Асан қайғы
11. Жиреншені үйіне шақырып, дастарқандағы қаздың етін бөліп беруге ұсыныс жасаған кім?
A)досы
Ә) көршісі
Б) хан
В) сұлтан
12. Бағдат қаласы әмірінің сарайына барып, күй тартқан кім?
A) Жиренше
Ә) әз Жәнібек
Б) Әл-Фараби
В) Қорқыт
13. Қорқыт қай өзеннің аңғарында өмір кешкен?
A) Сырдария
Ә)Әмудария
Б) Ертіс
В) Тобыл
14. Қорқыт қандай музыкалық аспапта ойнаған?
A) домбыра
Ә) қобыз
Б) жетіген
В)сыбызғы
15. Қарашаш сұлу қандай кейіпкердің жары?
A) Жиренше
Ә) Қорқыт
Б) Асан қайғы
В) Әл-Фараби
Қазақ әдебиетінен тест тапсырмалары
6-сынып
Ежелгі дәуір әдебиеті
014 нұсқа
1. Ежелгі дәуір әдебиетіне жататын шығарма:
А) «Орхон-Енисей ескерткіштері»
Ә) жаңылтпаштар
Б) мақал-мәтелдер
В) жұмбақтар
2.Орхон ескерткіштері қай елде табылған?
А) Қазақстан
Ә) Қырғызстан
Б) Монголия
В) Өзбекстан
3. Орхон жәдігерліктері қай ғасырда табылған?
A) XVII
Ә) XVIII
Б) XIX
В) XX
4. 1893ж. Орхон ескерткіштерін оқыған ғалым:
С) В.В. Радлов
Ә) В.Томсен
Б) Л.Гумилев
В) Ш.Уәлиханов
5. Руно жазуының он беске жуық әріпін анықтаған ғалым:
С) В.В. Радлов
Ә) В.Томсен
Б) Л.Гумилев
В) Ш.Уәлиханов
6. Шығыс Түрік қағанатының он жетінші қағаны:
A) Бұмын қаған
Ә) Елтеріс қаған
Б) Қапаған
В) Білге
7. 1891 жылы Монголияда табылған ескерткіш:
A) Орхон ескерткіштері
Ә) Онгин ескерткіштері
Б) Күлтегін
В) Тоныкөк
8. Селенга өзенінің маңында табылған ескерткіш:
A) Онгин ескерткіштері
Ә) Күлтегін ескерткіші
Б) Тоныкөк
В) Білге
9. Орхон жәдігерліктерін поэзия, ерлік жыры деп бағалаған ғалым:
A) Қ.И. Сәтбаев
Ә) Ш.Ш. Уәлиханов
Б) М.О.Әуезов.
В) Ю.Немет
10. Елбілге мен Елтеріске арналған ескерткіш:
A) Орхон ескерткіштері
Ә) Онгин ескерткіштері
Б) Күлтегін
В) Тоныкөк
11. Орхон –Енисей жазба ескерткіштерін оқу, басқа тілдерге аударма жасау, ғылыми мәтінін дайындау істеріне зор үлес қосқан ғалым:
A) Л.Гумилев
Ә) М. Әуезов
Б) Х.Оркун
В) Қ.Сәтбаев
12. «Күлтегін», «Тоныкөк» жырлары өздерінен кейін қазақ әдебиетінде қандай жырлардың қалыптасуына әсер етті?
A) тарихи
Ә) ғашықтық
Б) батырлық
В) жоғарыда көрсетілген барлық жауаптар дұрыс
13. «Литература древнего времени» сөзінің аудармасын тап:
A) ортақ мұра
Ә) қаһармандық істер
Б) бай шығармалар
В) ежелгі дәуір әдебиеті
14. «Руно жазуы» сөзінің мағынасы:
A) құпия жазу
Ә) күрделі жазу
Б) айқын жазу
В) тастағы жазу
15. Вильгельм Томсен қай елдің ғалымы?
A) Ресей
Ә) Дания
Б) Норвегия
В) Ұлыбритания
Қазақ әдебиетінен тест тапсырмалары
6-сынып
Шоқан Уәлиханов
015 нұсқа
1. Шоқанның шын аты:
А) Ибраһим
Ә) Сәдуақас
Б) Бимұхаммед
В) Мұхаммедханафия
2.Ғалымға бала күнінде «Шоқан» деп еркелетіп ат қойған кім?
А) әкесі
Ә)шешесі
Б) атасы
В) әжесі
3. Шоқанның туған жері:
A) Қостанай облысы
Ә) Қарағанды облысы
Б) Көкшетау облысы
В) Қызылорда облысы
4. Шоқан он екі жасқа келгенде әкесі оны қай қалаға оқуға жібереді?
С) Қызылорда
Ә) Петербург
Б) Семей
В) Омбы
5. Шоқан қай жылы кадет корпусын аяқтап, Батыс-Сібір генерал-губернаторының кеңсесінде әскери қызметте қалады?
С) 1852
Ә) 1853
Б) 1854
В) 1855
6. Шоқан Омбыдан бастап, Тарбағатайға дейін саяхатты қай жылы жасады?
A) 1854
Ә) 1855
Б) 1856
В) 1857
7. Шоқан Уәлиханов неше жасында Орыс география қоғамының толық мүшелігіне сайланды?
A) 20
Ә) 21
Б) 22
В) 23
8. Сөйлемді аяқтаңдар:
Шоқанның туған жері – қазіргі Қостанай облысындағы Құсмұрын...
A) тауының етегі
Ә) шөлінің құмында
Б) көлінің жағасы
В) өзенінің бойында
9. 1861 жылы Шоқан туған еліне не себептен оралады?
A) денсаулығының төмендеуіне байланысты
Ә) туған жерін сағынады
Б) ата-анасын сағынады
В) қонаққа келеді
10. Шоқан төмендегі өнер салалардың қайсысын игерген?
A) бейнелеу
Ә) би өнері
Б) музыка
В) мүсін
11. Шоқанды « құйрықты жұлдызға» теңеген кім?
A) Г.И.Потанин
Ә) К.Курочкин
Б) И.И. Веселовский
В) А.И.Бекетов
12. Шоқан қай жылы қайтыс болды?
A) 1865
Ә) 1866
Б) 1867
В) 1868
13. Сәйкестендір:
Ағартушы комета
Құнды мұра ценное наследие
Шығыстанушы просветитель
Құйрықты жұлдыз ученый-востоковед
14. Сөйлемді аяқтаңдар:
Шыңғыс Шоқанды орысша оқуға бергенде...
A) Ресейді көріп келсін деген ойда болады
Ә) орыс тілін үйренсін деген ойда болады
Б) сұлтан болсын деген ойда болады
В) ғалым болсын деген ойда болады
15. Шоқан Абылай ханның...
A) баласы
Ә) көршісі
Б) немересі
В) шөбересі
Қазақ әдебиетінен тест тапсырмалары
6-сынып
Ыбырай Алтынсарин. «Бай баласы мен жарлы баласы»
016 нұсқа
1. Ыбырай Алтынсарин нешінші жылы дүниеге келген?
А) 1841
Ә) 1842
Б) 1843
В) 1844
2. Ыбырай кімнен тәрбие алған?
А) әкесінен
Ә)шешесінен
Б) атасынан
В) әжесінен
3. Ыбырай қай қаладағы мектептің табалдырығын аттаған?
A) Семей
Ә) Петропавл
Б) Орынбор
В) Қостанай
4. Ақынның «Кел, балалар, оқылық»! өлеңі қандай тақырыпқа жазылған?
А) табиғат
Ә) махаббат
Б) отан
В) білім
5. Төмендегі өлеңдердің қайсысы лирикалық шығармаға жатады?
А) «Өзен»
Ә) «Кел, балалар, оқылық!»
Б) «Өнер-білім бар жұрттар»
В) «Әке мен бала»
6. «Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш» әңгімесінің тақырыбы:
A) отан
Ә)білім
Б) еңбек
В) өнер
7. «Бай баласы мен жарлы баласы» шығармасының кейіпкері:
A) Арман
Ә) Дастан
Б) Самат
В) Үсен
8. Сөйлемді толтыр: Үсен үндемеді. Асанды ертіп...
A) айқай салып, жылай бастады
Ә) көшкен жұртқа келді
Б) сүрлеуге түсіп жүре берді
В) тұзақ құра бастады
9. Асанның үнемі қайталайтын іс-әрекеті?
A) жылау
Ә) еңбектену
Б) ата-анасын сағынады
В) тығырықтан жол іздеу
10. Үсен үйректі қалай ұстайды?
A) қолмен
Ә) атып алады
Б) тұзақ құрады
В) Асанға ұстатады
11. Бірде адамша шыңғырып, бірде жылаған балаша, біресе қарқылдап күлген адамша дыбысқа салып, Үсеннің үрейін ұшырған не?
A) бақа
Ә) қасқыр
Б) өгізшағала
В) жел
12. «Далада жүріп адассаң, молалы жерде су болады, сулы жерде ел болады,»- деп Үсенге кім айтқан?
А) әкесі
Ә)шешесі
Б) атасы
В) әжесі
13. Асан мен Үсенді көріп, қуанып, олардың әке-шешесінен сүйінші сұраймыз деп шауып кеткен кімдер?
A) балалар
Ә) көршілер
Б) малшылар
В) туыстары
14. Балалар қай мезгілде аман-есен келіп, әке-шешелеріне қосылды?
A) таңертең
Ә) кешке
Б) бесін мезгілінде
В) түнде
15. Үсеннің басты қасиеті:
A) ақылдылық
Ә) мақтаншақтық
Б) еріншектік
В) ұялшақтық
Қазақ әдебиетінен тест тапсырмалары
6-сынып
Абай Құнанбайұлы
017 нұсқа
1. Абай Құнанбайұлы нешінші жылы дүниеге келген?
А) 1842
Ә) 1843
Б) 1844
В) 1845
2. Абайдың шын аты?
А) Ибраһим
Ә) Сәдуақас
Б) Бимұхаммед
В) Мұхаммедханафия
3.Ақынға бала күнінде «Абай» деп еркелетіп ат қойған кім?
А) әкесі
Ә)шешесі
Б) атасы
В) әжесі
4. Зере Абайға кім болады?
А) апасы
Ә)шешесі
Б) қарындасы
В) әжесі
5. Ұлжан Абайға кім болады?
А) апасы
Ә)шешесі
Б) қарындасы
В) әжесі
6. Әкесі Абайды он екі жасында қай қалаға оқуға жіберді?
A) Өскемен
Ә) Қостанай
Б) Семей
В) Орынбор
7. Медреседе оқып жүргенде Абай қандай тілді меңгерген?
A) орыс
Ә) қазақ
Б) француз
В) парсы
8. Абайдың әкесі?
A) Құнанбай
Ә) Тәкежан
Б) Оспан
В) Құдайберді
9. Ақынның «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінің тақырыбы:
A) отан
Ә) білім
Б) табиғат
В) махаббат
10. Абай төмендегі ақындардың қайсысының 27 шығармасын қазақ тіліне аударды?
A) А.С. Пушкин
Ә) М.Ю.Лермонтов
Б) И.А. Крылов
В) А.А.Блок
11.Абай нешінші жылы қайтыс болды?
A) 1902
Ә) 1903
Б) 1904
В) 1905
12. Бұл қай өлеңнен алынған жолдар:
«...Болмасаң да ұқсап бақ,
Бір ғалымды көрсеңіз...»
А) «Интернатта оқып жүр»
Ә) «Құлақтан кіріп бойды алар»
Б) «Әсемпаз болма әрнеге»
В) «Ғылым таппай мақтанба»
13. Бұл кімнің портреті? «...Өзі қара торы, екі көзі тостағандай, әрі өткір, кең маңдайлы, дембелше бойлы...»
A) Абайдың
Ә) Зеренің
Б) Ұлжанның
В) Құнанбайдың
14. Ақынның «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінде кездесетін бес дұшпанның бірі:
A) жамандық
Ә) өсек
Б) қайғы
В) уайым
15. Ақынның «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінде кездесетін бес асыл істің бірі:
A) ақылдылық
Ә) мейірімділік
Б) талап
В) сергектік
Қазақ әдебиетінен тест тапсырмалары
6-сынып
Ахмет Байтұрсынұлы
018 нұсқа
1. Ахмет Байтұрсынұлы нешінші жылы дүниеге келген?
А) 1872
Ә) 1873
Б) 1874
В) 1875
2. Ахмет Байтұрсынұлы қай облыста дүниеге келген?
A) Торғай облысы
Ә) Қарағанды облысы
Б) Көкшетау облысы
В) Қызылорда облысы
3. Ахмет Байтұрсынұлының 1909 жылы Петербургте шыққан кітабы:
А) «Жиған-терген»
Ә) «Уақ-түйек»
Б) «Қырық мысал»
В) «Маса»
4. Ахмет Байтұрсынұлының 1911 жылы Орынборда шыққан өлеңдер жинағы:
А) «Жиған-терген»
Ә) «Уақ-түйек»
Б) «Қырық мысал»
В) «Маса»
5. Ахмет Байтұрсынұлына «ұлтшыл» деген айып қай жылы тағылды?
А) 1927
Ә) 1928
Б) 1929
В) 1930
6. Ахмет Байтұрсынұлы нешінші жылдан бастап мысалдар жаза бастады?
A) 1901
Ә) 1902
Б) 1903
В) 1904
7. Ақын «Аққу, шортан һәм шаян» деген мысалында халықты неге шақырады?
A) білімге
Ә) өнерге
Б) еңбекке
В) бірлікке
8. Ахмет Байтұрсынұлының «Ел мен елді, ұлт пен ұлтты теңестірген ғылым, білім, өнер екенін айтып, ағартушылық бағытта жазған шығармасы:
A) «Қасқыр мен тырна»
Ә) « Қасқыр мен мысық»
Б) «Ала қойлар»
В) «Білім жарысы»
9. Сөйлемді аяқтаңдар:
Ахмет Байтұрсынұлының әкесі Байтұрсын Шошақұлы...
А) еліне беделді, намысшыл әділетті адам болған
Ә) белгілі күйші болған
Б) ән сала білген
В) ақын адам болған
10. Ахмет Байтұрсынұлы ату жазасына қай жылы кесілді?
А) 1935
Ә) 1936
Б) 1937
В) 1938
11. Ахмет Байтұрсынұлының неше күйі бар?
A) 1
Ә) 2
Б) 3
В) 4
12. Аққу Шортан және Шаян қандай істі қолға алды?
A) егін екті
Ә) гүл өсірді
Б) жер жыртты
В) жүк тартты
13. Мына өлең жолдары қай мысалдан алынған?
«Алғанға бұл кеңесті ғибрат бар,
Маймылша іс ететін көп адамдар»
A) «Маймыл мен көзілдірік»
Ә) « Өгіз бен бақа»
Б) « Аққу, Шортан һәм Шаян»
В) «Ала қойлар»
14. Сәйкестендір:
Шаян груз
Шортан единство
Аққу пример
Һәм лебедь
Жүк и
Бірлік щука
15. Ахмет Байтұрсынұлы А.Затаевичтің «Қазақ халқының 1000 әні» жинағына не енгізді?
A) өлеңдерін
Ә) мысалдарын
Б) халық әндері мен күйлерін
В) аудармаларын
Қазақ әдебиетінен тест тапсырмалары
6-сынып
Жамбыл Жабаев
019 нұсқа
1. Жамбыл Жабаев нешінші жылы дүниеге келген?
А) 1845
Ә) 1846
Б) 1847
В) 1848
2. Ақын қандай таудың етегінде дүниеге келген?
A)Алатау
Ә)Тянь-Шань
Б) Жамбыл
В) Орал
3. Ұлы Отан соғысы кезінде ақынның қандай өлеңі жауынгерлерді жігерлендірді?
А) «Ленинградтық өренім»
Ә) «Балаларға»
Б) «Аттандыру»
В) «Алатау»
4. Жамбылға халықтың берген атағы:
А) «Ғасыр ақыны»
Ә) «Алтын қалам иесі»
Б) «Жыр алыбы»
В) «Дауылпаз ақын»
5. Ақын қай өлеңінде балалар өмірінің жарқын болашағына нық сенім білдіреді?
А) «Ленинградтық өренім»
Ә) «Балаларға»
Б) «Аттандыру»
В) «Алатау»
6. Мына жолдар қай өлеңнен алынған?
«Есепсіз тау суреті көз жетпейтін,
Жырлауға қазынасы көп тіл жетпейтін»
А) «Ленинградтық өренім»
Ә) «Балаларға»
Б) «Аттандыру»
В) «Алатау»
7. Жамбылдың баласына арнаған өлеңі:
А) «Ленинградтық өренім»
Ә) «Балаларға»
Б) «Аттандыру»
В) «Алатау»
8. Төмендегі өлеңдердің қайсысы Жамбыл Жабаевтікі?
A) «Балаларға»
Ә) «Кел, балалар, оқылық!»
Б) «Ғылым таппай мақтанба»
В) «Дала»
9. Жамбылдың дастаны?
A) «Наурызбай батыр»
Ә) «Қамбар батыр»
Б) «Өтеген батыр»
В) «Қарасай батыр»
10. Мына өлең жолдары қай ақындікі?
«Ай, жұлдыз, күннің көзі, жел менен су-
Бәрі де сендердікі әлемге айғақ»
А) А. Құнанбаев
Ә) Ж.Жабаев
Б) Ы.Алтынсарин
В) А.Байтұрсынов
11. Мына жолдар қай өлеңнен алынған?
« Мақтанышым сен едің,
Нева өзенін сүйкімді,
Бұлағымдай көремін...»
А) «Ленинградтық өренім»
Ә) «Балаларға»
Б) «Аттандыру»
В) «Алатау»
12. Ж.Жабаев нешінші жылы қайтыс болды?
A) 1945
Ә) 1946
Б) 1947
В) 1948
13. Сәйкестендір:
Жыр алыбы вдохновение
Жоқшылық гигант поэзий
Суырыпсалма ақын бедность
Шабыт поэт-импровизатор
14. Синонимдерін жаз:
Әлем
Елім
Дүниеге келу
Мәлім
15. Антонимдерін жаз:
Дүниеге келу
Қазақ әдебиетінен тест тапсырмалары
6-сынып
Сәкен Сейфуллин
020 нұсқа
1. Сәкен Сейфуллин нешінші жылы дүниеге келген?
А) 1892
Ә) 1893
Б) 1894
В) 1895
2. Ақын қандай облыста дүниеге келген?
A) Торғай облысы
Ә) Қарағанды облысы
Б) Көкшетау облысы
В) Қызылорда облысы
3. Сәкеннің әкесі қандай ұлттық аспапта ойнай білген?
А) қобыз
Ә) домбыра
Б) жетіген
В) шертер
4. Сәкен Сейфуллин нешінші жылы Ақмоладағы приход мектебін бітіреді?
А) 1906
Ә) 1907
Б) 1908
В) 1909
5. Сәкен Сейфуллиннің 1914 жылы шыққан өлеңдер жинағы:
А) «Өткен күндер»
Ә) «Маузер»
Б) « Қызыл ат»
В) «Ақсақ киік»
6. Сәкен Сейфуллин ұлт-азаттық көтеріліске тілектес өлеңдерін нешінші жылы жазған?
А) 1914
Ә) 1915
Б) 1916
В) 1917
7. Ақынның 1917 жылы жазылған өлеңі:
А) «Дала»
Ә) « Наурыз»
Б) « Кел, жігіттер»
В) « Тау ішінде»
8. Сәкен Сейфуллиннің 1918 жылы шығарған пьесасы:
A) « Көкшетау»
Ә) «Маузер»
Б) «Бақыт жолында»
В) « Өткен күндер»
9.Сәкен шығарған ән?
А) «Дала»
Ә) « Наурыз»
Б) « Күз»
В) « Тау ішінде»
10. Сөйлемді аяқтаңдар:
Болашақ ақынның әке-шешесі...
А) ұстаздық қызмет атқарған
Ә) дәрігер болған
Б) өнерлі адамдар болған
В) әңгімешіл адамдар болған
11. Мына жолдар қай өлеңнен алынған?
«Көк ала кілем, жасыл шөп,
Тамылжып, исін аңқытып»
А) «Дала»
Ә) « Наурыз»
Б) « Күз»
В) «Асығып тез аттандық»
12. Мына жолдар қай өлеңнен алынған?
Үйден шығып балалар,
«Жаз болды,міне!» десіп тұр...
А) «Дала»
Ә) «Наурыз»
Б) «Күз»
В) «Балалар»
13. Сәкен Сейфуллин қай өлеңінде талдың жапырағын сұлуға, жасыл жібекке теңейді?
А) «Өткен күндер»
Ә) «Кел, жігіттер!»
Б) «Күз»
В) « Жас қазақ марсельезасы»
14. Сөйлемді аяқтаңдар:
Сәкен Сейфуллин 1917 жылы Бұғылыда ...
А) білім алған
Ә) кітап шығарған
Б) демалысын өткізген
В) мектеп ашқан
15. Сәкен Сейфуллин нешінші жылы қайтыс болды?
А) 1936
Ә) 1937
Б) 1938
В) 1939
Қазақ әдебиетінен тест тапсырмалары
6-сынып
Сапарғали Бегалин
021 нұсқа
1. Сапарғали Бегалин нешінші жылы дүниеге келген?
А) 1893
Ә) 1894
Б) 1895
В) 1896
2. Сапарғали Бегалин нешінші жылы Бірінші дүниежүзілік соғыстың қара жұмысына алынған?
A) 1916
Ә) 1917
Б) 1918
В) 1919
3. Сапарғали Бегалиннің тұңғыш өлеңі:
А) «Қазақ-қырғыз бозбалаларына»
Ә) «Азамат арманы»
Б) « Көшер ме тұман серпіліп»
В) « Қыран кегі»
4. Сапарғали Бегалиннің балаларға арналған шығармасы:
А) «Жусан исі»
Ә) «Жабайы алма»
Б) «Жүз жылдық жара»
В) «Сәтжан»
5. Сапарғали Бегалиннің романы:
А) «Замана белестері»
Ә) «Қарағанды»
Б) «Тар жол, тайғақ кешу»
В) «Шоқан асулары»
6. Сапарғали Бегалин қанша ән өлеңін жазған?
А) 20 шақты
Ә) 30 шақты
Б) 40 шақты
В) 50 шақты
7. Сапарғали Бегалиннің неше поэмасы бар?
А) 15
Ә) 20
Б) 25
В) 30
8. Сапарғали Бегалин неше повесть жазған?
A) 12
Ә) 22
Б) 32
В) 42
9. Сапарғали Бегалиннің алғашқы кітабы?
А) «Көксегеннің көргендері»
Ә) «Ермектің алмасы»
Б) «Шоқан асулары»
В) «Қыран кегі»
10. «Бала Шоқан» шығармасында кездесетін кейіпкер:
А) Шыңғыс
Ә) Тарлан
Б) Сәтжан
В) Балуан
11. Шоқан Мысыққа келгенде не мініп келеді?
А) тай
Ә) құнан
Б) дөнен
В) тұлпар
12. Шоқан күзекке келгенде кіммен танысады?
А) Шыңғыспен
Ә) Мысықпен
Б) Аянмен
В) Сәтжанмен
13. Мысық мүсіндерін неден жасайды?
А) ермексаздан
Ә) балшықтан
Б) құмнан
В) гипстен
14. Шоқан Мысыққа не берді?
А) ойыншық
Ә) сурет
Б) қағаз
В) киім
15. Шоқанның анасы:
А) Ұлжан
Ә) Зере
Б) Ділда
В) Айғаным
Қазақ әдебиетінен тест тапсырмалары
6-сынып
Мұхтар Әуезов
022 нұсқа
1.Сөйлемді аяқтаңдар:
Мұхтар Омарханұлы Әуезов- есімі әлемге танымал жазушы, белгілі қоғам қайраткері, Қазақ Ғылым академиясының академигі, филология ғылымының тұңғыш докторы…
A) сазгер
Ә) профессор
Б) дәрігер
В) айтыскер ақын
2. Мұхтар Омарханұлы Әуезов нешінші жылы дүниеге келген?
A) 1894
Ә) 1895
Б) 1896
В) 1897
3. Мұхтар Әуезов қай облыста дүниеге келген?
А) Қызылорда
Ә Қарағанды
Б) Павлодар
В) Семей
4. Мұхтар Әуезовтің әжесі:
А) Дінасыл
Ә) Ұлжан
Б) Зере
В) Ділда
5. Мұхтардың алғашқы сауатын ашқан кім?
А) мектеп мұғалімі
Ә) ауыл молдасы
Б) атасы Әуез
В) әкесі Омархан
6. Мұхтар қай қалада білім алған?
А) Қызылорда
Ә Қарағанды
Б) Павлодар
В) Семей
7. Мұхтар Әуезовтің алғашқы шығармасы:
А) «Еңлік-Кебек»пьесасы
Ә) «Қарагөз» пьесасы
Б) «Қараш-Қараш оқиғасы»
В) «Көксерек» повесі
8. Мұхтар Әуезовтің 20-жылдары жазылған пьесасы:
А) «Еңлік-Кебек»пьесасы
Ә) «Қарагөз» пьесасы
Б) «Қараш-Қараш оқиғасы»
В) «Көксерек»
9. Мұхтар әлемге танымал романы:
А) «Қарағанды»
Ә) «Оянған өлке»
Б) «Абай жолы»
В) «Қан мен тер»
10. Ұлы жазушының шығармалары әлемнің неше тіліне аударылған?
А) 10
Ә) 15
Б) 20
В) 25
11. «Әжемнің әңгімесі» шығармасының басты кейіпкері.
А) Абай
Ә) Зере
Б) Ұлжан
В) Құнанбай
12. Абайдың әжесінен естіген ертегісі:
А) «Еділ-Жайық»
Ә) «Үш аю»
Б) «Толағай»
В) «Алдар көсенің хикаялары»
13. Абайдың шешесі:
А)Зере
Ә)Ұлжан
Б) Мамыр
В) Еңлік
14. Абай әжесіне оқып берген қисса:
А) «Айман-Шолпан»
Ә) «Жүсіп-Зылиқа»
Б) «Ләйлі-Мәжнүн»
В) «Қозы Көрпеш-Баян сұлу»
15. Абайдың Барлас ақыннан естіген жыры:
А) «Қамбар батыр»
Ә) «Алпамыс»
Б) «Қобыланды батыр»
В) «Қыз Жібек»
Қазақ әдебиетінен тест тапсырмалары
6-сынып
Сәбит Мұқанов
023 нұсқа
Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі С.Мұқанов- әйгілі жазушы, белгілі қоғам қайраткері, қазақ Ғылым академиясының академигі қандай отбасында туған?
A) бай
Ә) ауқатты
Б) кедей
В) орта дәулетті
2. Сәбит Мұқанов нешінші жылы дүниеге келген?
A) 1900
Ә) 1901
Б) 1902
В) 1903
3. Сәбит Мұқанов қай облыста дүниеге келген?
А) Қызылорда
Ә Қарағанды
Б) Солтүстік Қазақстан
В) Семей
4. Жерлестері Сәбит Мұқановқа қандай атақ берді?
А) елгезек бала
Ә) сүйкімді бала
Б) жыршы бала
В) ақылды бала
5. Сәбит Мұқановтың алғашқы өлеңдері:
1) 2)
6. Сәбит Мұқановтың дастаны:
А) «Ескендір»
Ә) «Кедей»
Б) «Сұлушаш»
В) «Көкшетау»
7. Сәбит Мұқановтың романы:
А) «Адасқандар»
Ә) «Миллионер»
Б) «Оянған өлке»
В) «Көшпенділер»
8. 1938 жылы жазылған «Жұмбақ жалау» романы кейіннен қандай атқа ие болды?
А) «Адасқандар»
Ә) «Балуан Шолақ»
Б) «Өмір мектебі»
В) «Ботагөз»
9. Сәбит Мұқановтың трилогиясы:
А) «Адасқандар»
Ә) «Балуан Шолақ»
Б) «Өмір мектебі»
В) «Ботагөз»
10. «Каронмен күрес» шығармасының басты кейіпкері:
А) Қажымұқан
Ә) Балуан Шолақ
Б) Қара маска
В) Тоқсанбай
11. Балуан Шолақпен күреске шыққан балуан:
А) Қажымұқан
Ә) Карон
Б) Иван Поддубный
В) Дэни
12. Балуан Шолақтың шын аты:
А) Балуан
Ә) Шолақ
Б) Нұрмағамбет
В) Нарбала
13. Балуанмен күреске шыққан дүниежүзінің чемпионы Каронның ұлты кім?
А) неміс
Ә) орыс
Б) американ
В) ағылшын
14. Балуан Шолақ жұрттың алдында неше пұттық гірді көтерді?
А) 31
Ә) 41
Б) 51
В) 52
15. Балуан Шолақ Каронмен қай қалада күресті?
А) Қызылорда
Ә) Қарағанды
Б) Алматы
В) Көкшетау
Қазақ әдебиетінен тест тапсырмалары
6-сынып
Ғабит Мүсірепов. Тимка-Димка
024 нұсқа
Қазақ халқының әйгілі жазушысы, белгілі қоғам қайраткері,Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, Социалистік Еңбек Ері Ғабит Махмұтұлы Мүсірепов қандай отбасында дүниеге келген?
A) бай
Ә) ауқатты
Б) кедей
В) орта дәулетті
2. Ғабит Мүсірепов нешінші жылы дүниеге келген?
A) 1901
Ә) 1902
Б) 1903
В) 1904
3. Ғабит Мүсірепов қай облыста дүниеге келген?
А) Қызылорда
Ә Қарағанды
Б) Солтүстік Қазақстан
В) Алматы
4. Ғабит Мүсірепов төмендегі тақырыптардың қайсысына көбірек қалам тартқан?
А) балалар туралы
Ә) соғыс туралы
Б) ана туралы
В) табиғат туралы
5. Ғабит Мүсіреповтің алғашқы туындысы:
А) « Ананың анасы»
Ә) « Ашынған ана»
Б) « Ананың арашасы»
В) « Тулаған толқында»
6. Ғабит Мүсірепов орыс жазушыларының ішінен кімнің шығармаларын аударған?
А) А.М.Горькийдің
Ә) Ф.М.Достоевскийдің
Б) И.С.Тургеневтің
В) Н.В.Гоголь
7. Ғабит Мүсіреповтің «Тимка-Димка» шығармасының кейіпкері:
А) бала
Ә) шал
Б) кәрі әжей
В) ит
8. Тимка жазушыдан не сұрап алады?
А) ақша
Ә) қолтаңба
Б) ақыл
В) көмек
9. Тимканың жұмыс орны:
А) дүкен
Ә) клуб
Б) театр
В) монша
10. Тимканың ұлты:
А) орыс
Ә) қазақ
Б) ұйғыр
В) татар
11. Тимка жазушыдан қанша ақша сұрап алды?
А) бес сом
Ә) он сом
Б) он бес сом
В) жиырма сом
12. Жазушыдан екі жүз сом қарызға ақша алып, бермей кеткен кім?
А) көршісі
Ә) досы
Б) әріптесі
В) Тимка
13. Ғ.Мүсірепов қай айда дүниеге келген?
А) қаңтар
Ә) наурыз
Б) тамыз
В) қазан
14. Ғабит Мүсірепов У.Шекспирдің қандай шығармасын аударған?
А) «Антоний мен Клеопатра»
Ә) «Ромео мен Джульетта»
Б) «Гамлет»
В) «Король Лир»
15. Ғабит Мүсіреповтың «Тимка-Димка» шығармасының басты тақырыбы?
А) монша туралы
Ә) адалдық туралы
Б) жазушының өмірі туралы
В) шал туралы
Қазақ әдебиетінен тест тапсырмалары
6-сынып
Ғабиден Мұстафин. Қадірлі қонақ.
025 нұсқа
1. Ғабиден Мұстафин кім болған?
A) сазгер
Ә) суретші
Б) жазушы
В) аудармашы
2. Ғабиден Мұстафин нешінші жылы дүниеге келген?
A) 1900
Ә) 1901
Б) 1902
В) 1903
3. Ғабиден Мұстафин қай облыста дүниеге келген?
А) Қызылорда
Ә Қарағанды
Б) Павлодар
В) Алматы
4. Ғабиден Мұстафиннің алғашқы романы:
А) «Миллионер»
Ә) «Қарағанды»
Б) «Шығанақ Берсиев»
В) «Өмір мен өлім»
5. Ғабиден Мұстафин алғашқы әңгімелер жинағы:
А) «Ер Шойын»
Ә) «Шұғыла»
Б) «Теңіз жағалай жүгірген тарғыл төбет»
В) «Балалық шаққа саяхат»
6. Ғабиден Мұстафиннің «Қадірлі қонақ» шығармасында үстел басында отырған әйел:
А) Айгүл
Ә) Ажар
Б)Сымбат
В) Дариға
7. Ғабиден Мұстафиннің «Қадірлі қонақ» шығармасында үстел басында отырған ер адам:
А) Сұлтан
Ә) Дарын
Б) Ақтан
В) Думан
8. Қонақтың: «Қарағым, қай қаланікісің?»-деген сұраққа берген жауабы:
А) «Білмеймін»
Ә) «Ұмытып қалдым»
Б) «Берлин»
В) «Тревога»
9. Қонақтың алғашқы үйренген сөздері :
А) «әке», «ана»
Ә) «ата», «әже»
Б) «мысық», «көжек»
В) «кәмпит», «қант»
10. Сұлтан мен Ажардың қонаққа қойған аты:
А) «Әулие»
Ә) «Құлыншақ»
Б) «Балапан»
В) «Ботақан»
11. Баланы ата-анасынан айырған не?
А) қашықтық
Ә) жағдаят
Б) соғыс
В) ата-анасының шешімі
12. Басына қаймақ төгілген Сұлтанды қонақ кімге теңеді?
А) Аққалаға
Ә) Дед Морозға
Б) Қысқа
В) балмұздаққа
13. Қонақтың ойнаған ойыны:
А) қуыспақ
Ә) жасырынбақ
Б) асық
В) домино
14. Сұлтан мен Ажардың бойында көрінетін қасиет:
А) қонақжайлық пен жомарттық
Ә) қаталдық пен қатыгездік
Б) сараңдық пен тәкаппарлық
В) баланы өгейсіту
15.Мына сөздердің иесі кім? «...Қымыз болар ма еді?..»
А) Сұлтан
Ә) Ажар
Б) қонақ
В) автор
Қазақ әдебиетінен тест тапсырмалары
6-сынып
Сырбай Мәуленов
026 нұсқа
Сырбай Мәуленов кім болған?
A) сазгер, күйші
Ә) суретші, мүсінші
Б) ақын, жазушы
В) зеттеуші, ғалым
2. Сырбай Мәуленов нешінші жылы дүниеге келген?
A) 1920
Ә) 1921
Б) 1922
В) 1923
3. Сырбай Мәуленов қай облыста дүниеге келген?
А) Қызылорда
Ә Қарағанды
Б) Қостанай
В) Алматы
4. Сырбай Мәуленовтің алғашқы жинағы:
А) « Өлеңдер»
Ә) « Өмір-өзен»
Б) « Балдәурен»
В) «Балдәурен»
5. Сырбай Мәуленовтің неше жинағы бар?
А) 20-ға жуық
Ә) 30-ға жуық
Б) 40-қа жуық
В) 50-ге жуық
6. Ақынның қандай жинағы орыс тілінде Мәскеуде басылды?
А) «Көгілдір таулар»
Ә) «Таңдаулы өлеңдер»
Б) «Шаңқай түс»
В) «Барлаушы бала»
7. Ақынның балаларға арналған шығармалар жинағы:
А) «Жер нәрі»
Ә) «Дала таңы»
Б) «Жаңа көктем»
В) «Бала жолбарыс»
8. Мына жолдар қай өлеңнен алынған:
«Дала көрсең, көкжиекпен ұштасқан,
Көлді көрсең секілді бір түскі аспан...»
А) «Менің Республикам »
Ә) «Қазақстан»
Б) «Туған жер»
В) «Дала таңы»
9. «Қорқақ торпақ» әңгімесінің авторы :
А) Шерхан Мұртазаев
Ә) Сырбай Мәуленов
Б) Ғабиден Мұстафин
В) Сапарғали Бегалин
10. Мына үзінді қай шығармадан алынған?
«Туған жерсіз адамның күні жоқ. Алыс кетсең, өз үйіңнің мұржасына дейін сағынасың. Туған жерің түсіңе енеді. Алыстан сені қол бұлғап шақырады.»
А) «Менің Республикам »
Ә) « Мен елімді сүйемін»
Б) «Қазақстан»
В) « Отан»
11. Сырбай Мәуленовтің туған жердің сұлулығын сипаттайтын өлеңі:
А) «Құлыншақ»
Ә) «Сенім патшалығы»
Б) «Ай туып келеді»
В) «Менің Республикам»
12. «Менің Республикам» өлеңінің авторы:
А) Сәкен Сейфуллин
Ә) Сырбай Мәуленов
Б) І.Жансүгіров
В) Жамбыл Жабаев
13. «Мен елімді сүйемін» өлеңінің авторы:
А) Сәкен Сейфуллин
Ә) Сырбай Мәуленов
Б) І.Жансүгіров
В) Жамбыл Жабаев
14. Сырбай Мәуленовтің тұңғыш өлеңі қандай газетте жарияланды?
А) «Колхозшы»
Ә) «Қызыл ту»
Б) «Қазақ»
В) «Большевиктік жол»
15. Сырбай Мәуленов нешінші жылы қайтыс болды?
А) 1991
Ә) 1992
Б) 1993
В) 1994
Қазақ әдебиетінен тест тапсырмалары
6-сынып
Шерхан Мұртазаев
027 нұсқа
Шерхан Мұртазаев кім болған?
A) сазгер, күйші
Ә) суретші, мүсінші
Б) жазушы, аудармашы
В) зеттеуші, ғалым
2. Шерхан Мұртазаев нешінші жылы дүниеге келген?
A) 1931
Ә) 1932
Б) 1933
В) 1934
3. Шерхан Мұртазаев қай облыста дүниеге келген?
А) Қызылорда
Ә Қарағанды
Б) Жамбыл
В) Алматы
4. Шерхан Мұртазаев кімнің шығармаларын орыс тілінен аударған?
А) А.М.Горькийдің
Ә) Ф.М.Достоевскийдің
Б) И.С.Тургеневтің
В) Ш.Айтматовтың
5. Шерхан Мұртазаевтың өзекті шығармасы:
А) «Қызыл жебе»
Ә) « Аласапыран»
Б) « Соңғы көш»
В) «Жан пида»
6. «Қызыл жебе» эпопеясының кейіпкері:
А) Тұрар Рысқұлов
Ә) Саттар Ерубаев
Б) Сұлтанмахмұт Торайғыров
В) Сәкен Сейфуллин
7. Шерхан Мұртазаевтың «Қыз бен бота» шығармасында қыз нені көріп қуанады?
А) кемені
Ә) самолетты
Б) ботаны
В) ойыншықты
8. Қыздың аты кім?
А) Райхан
Ә) Гүлжан
Б) Айжан
В) Раушан
9. Ұшқыш қызға не берді?
А) кәмпит
Ә) ойыншық
Б) алма
В) лента
10. Раушанның: «Сен жаңа мені тастап,қаша жөнелдің,»-деген сөздері кімге арналған?
А) ботаға
Ә) мысыққа
Б) күшікке
В) әкесіне
11. Раушан қай жерде тұрады?
А) өзен жағасында
Ә) көл жағасында
Б) құм ішінде
В) теңіз жағасында
12. Раушанның әкесі кім болып істейді?
А) малшы
Ә) дәрігер
Б) почта бастығы
В) ұшқыш
13. Раушанның шашына тағылған лента қандай түсті?
А) көк
Ә) сары
Б) қызыл
В) жасыл
14. Мына сөздерді қандай кейіпкер айтты?
«Нөкіс қабылдамай қойды. Онда қалың тұман...»
А) Раушанның әкесі
Ә) Раушанның анасы
Б) ұшқыш
В) Раушан
15. Раушан ботасына не берді?
А) қант
Ә) кәмпит
Б) шөп
В) қауынның қабығын
Тест кілттері
|
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
| 001 | а | б | ә | а | б | в | а | ә | б | а | - | ә | б | ә | в |
| 002 | ә | б | ә | а | в | в | - | в | в | в | ә | ә | ә | ә | в |
| 003 | б | в | а | в | б | в | в | а | б | а | в | а | в | - | в |
| 004 | а | б | б | а | б | а | в | - | в | а | ә | б | - | б | в |
| 005 | в | б | ә | а | б | б | б | в | б | в | ә | а | б | б | в |
| 006 | ә | б | ә | б | а | в | ә | б | в | б | ә | ә | б | в | б |
| 007 | б | а | а | б | б | а | а | а | б | б | ә | а | в | а | ә |
| 008 | а | ә | б | в | а | а | ә | ә | а | ә | а | б | ә | а | а |
| 009 | б | а | б | в | в | а | в | б | а | а | а | в | а | а | ә |
| 010 | б | в | б | а | б | ә | в | б | ә | в | ә | ә | а | а | а |
| 011 | в | ә | б | б | б | а | ә | ә | в | в | ә | а | б | ә | б |
| 012 | в | ә | б | ә | в | а | в | ә | в | в | в | ә | б | а | а |
| 013 | а | а | в | в | а | ә | в | б | а | ә | б | б | а | ә | а |
| 014 | а | б | ә | в | с | а | ә | б | б | ә | б | б | в | а | ә |
| 015 | в | в | а | в | ә | ә | а | а | а | а | б | а | - | б | в |
| 016 | а | б | б | в | а | б | в | б | а | б | б | а | б | б | а |
| 017 | в | а | в | в | ә | б | в | а | ә | ә | б | в | в | ә | б |
| 018 | ә | а | б | в | б | а | в | в | а | в | ә | в | а | - | б |
| 019 | ә | б | а | б | ә | в | б | а | б | ә | а | а | - | - | - |
| 020 | б | ә | ә | б | а | б | б | б | в | б | а | ә | б | в | б |
| 021 | б | а | а | в | в | в | б | а | в | а | ә | ә | ә | в | в |
| 022 | ә | в | в | а | б | в | а | ә | б | в | а | а | ә | ә | б |
| 023 | б | а | б | б | - | б | а | в | б | ә | ә | б | в | б | в |
| 024 | б | ә | б | б | в | а | ә | а | в | а | ә | б | ә | а | ә |
| 025 | б | б | ә | в | а | ә | а | в | б | а | б | ә | ә | а | а |
| 026 | б | б | б | а | б | а | в | а | ә | ә | в | ә | ә | а | б |
| 027 | б | ә | б | в | а | а | ә | в | б | ә | б | б | б | б | в |
Пайдаланған әдебиеттер:
Қ.Әбдезұлы, С.Ч.Тұрсынғалиева «Қазақ әдебиеті», 6-сынып.
Арман-ПВ, 2009.
«Қазақ ертегілері»,Алматы, 2004.
«Қазақ әдебиеті». Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы, 2005.
Ежелгі Қазақстан аңыздары. Алматы, 2006.
Қазақ мақал-мәтелдері, Алматы, 1993.
Қазақ жұмбақтары, Алматы, 1993.
Қазақша-орысша сөздік, Алматы, 2002.