СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Әдебиет пәнінен ҚМЖ

Категория: Литература

Нажмите, чтобы узнать подробности

 5-сынып әдебиет пәнінен қысқа мерзімді жоспар (ҚМЖ)

Просмотр содержимого документа
«Әдебиет пәнінен ҚМЖ»

Мерзімі: 07.11.2016

Әдебиет


Мұғалім: Юсупова Х.К

Сынып: 5 «Ә», 5 «Д»

Сабақ тақырыбы:

Аңыз әңгімелер, шешендік сөздер. «Асанқайғының жерұйықты іздегені»

Сабақ түрі:

Жаңа, кіріктірілген сабақ

Жалпы мақсат:

Балалардың тілін ұстартып дүниетанымын кеңейту, жалпы адамгершілік рухта тәрбиелене отырып, Асан қайғының жерүйықты іздеудегі елге, жерге деген сүйіспеншілік  қасиеті мен жолдарының мағынасын терең түсініп, білік дағдыны қалыптастыра өмір сүруге дағдыланады.

Сілтеме:

  1. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық

  2. Қазақ тілі мен әдебиеті оқыту әдістемесі

  3. 5-сыныпқа арналған оқулық

  4. Үлестірме материалдары

Күтілетін нәтиже нәтижесі:

Кейіпкер бойындағы жақсы қасиеттерді көре отырып, үлгі етіп, қорытынды ой түйеді, шығармашылық қабілеттері артады. 

Сабақта қолданылатын материалдар:

Презентация, Қазақстан Республикасының картасы, тірек сызба, мәтіндік тапсырмалар  материалдары, бағалау смайликтері

Оқыту әдістері:

«Суретті болжау» , сұрақ-жауап, «Жигсо», «Венн диаграммасы»

Пәнаралық байланыс:

География, тарих




Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

Уақыт

Жұмыс түрлері

Мұғалімнің   іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті



2 мин.

І Ұйымдастыру кезеңі

1. Топқа бөлу

2. Бағалау критерийлерімен таныстыру

Топ мүшелерінің  әрбір белсенділіктеріне  смайликтер  беріп отыру

Әр смайлик-1 балмен бағаланады.

Асанқайғының Желмаяға мініп, шарлаған қазақ жерінің атаулары жазылған қима қағаздар арқылы топқа бөлу.

Бағалау критерийлері:
«5» - 9-10
«4» - 8-7
«3» -6-5

1.Үй тапсырмасы бойынша берілген тапсырма толық орындалуы, сұрақтарға толық жауап беруі- 3 балл
2.Топта талқылауға өз үлесін қосып, белсенділік таныту- 2 балл.
3. Топ мүшелерінің пікірін құрметтеу, өзін ұстай білуі- 2 балл
4. Жаңа сабақтан түсінгені бойынша берілген тапсырманы жүйелі жеткізе отырып, өзіндік пікірін білдіру, қорытынды сөз айту- 3 балл

Қима қағаздар арқылы 4 топқа 5-6 оқушыдан отырады

Бағалау критерийлерімен танысады.

10 мин.

ІІ Үй тапсырмасын сұрау

Шығармашылық жұмыс

 

Ауыз әдебиетінің түрлерін  пысықтау арқылы үйде орындап келген шығармашылық жұмыстарын көрсетуді сұрайды.

Жетелеу сұрақтар қойып ойларын нақтылайды.

1.Өтірік өлеңінің ерекшелігі неде деп ойлайсыңдар? Бағыт береді.

Ш.Мұртазаның туғанына 85 жыл толуына орай жазушының өмірбаяны, шығармашылық жолы тақырыбына жазған рефераттарын оқып, қорғайды.

15 мин.

ІІІ Жаңа сабақ Қызығушылықты ояту және мағынаны ажырату

І «Болжау» кестесі

Суретке қарап бүгінгі сабақ тақырыбына болжам жасау.

Интерактивті тақтадан суреттер беріледі (Қария, түйе, қазақ даласы, карта  )

 


ІІ «Жигсо» әдісі 

1. 4 топқа төртке бөлінген мәтін үзінділерін   топқа үлестіріп бөліп беру..

2.Барлық топқа  шартын таныстыру.

 

 

 

 

 






III Сөздікпен  жұмыс

 

Оқушылардың  келтірген болжамдарын оқытады.

2. Сабақ тақырыбымен таныстырады, түсіндіреді.

Сұрақ.

1. Аңыз дегенімізді естіп пе едіңіздер?

2. Қандай аңыздарды білеміз?

3. «Қой үстіне бозторғай жұмыртқалайтын қоныс» деген  сөйлемді естігенде ойларыңа не келеді.

Сұрақтар бойынша жауап алады, толықтырады.

Жалпы аңыз әңгімелер мен Асан қайғы туралы түсінік береді.Жетелеу сұрақтар қояды.

«Жигсо» әдісі» бойынша мәтін үзінділерін таратады, бағыт береді.

1.Берілген мәтінді жеке оқып , жұбымен, топпен ақылдасатынын, ойларын жинақтап топта талқылайтыны туралы түсіндіреді.

2. Әр топтың топ басшысы топ мүшелеріне мәтін мазмұнын түсіндіретіндігін айтады.

3. Әр топтың топ басшысы басқа топтарға айтқандарын жинақтап мәтінді мазмұндатқызады.

Сөздікпен  жұмыс 

Желмая- түйе

Жиһан –дүние, жер –жаһан

Жерұйық-жайлы қоныс

Түз-дала,мидай дала

Суреттке қарап  оқушылар екі-үш сөйлеммен өз ойларын білдіреді  шағын әңгіме немесе ертегі құрастырады, бүгінгі сабақ тақырыбына болжам жасайды.

 

 Сұрақтарға жауап береді. Өз пікірлерін білдіреді.

 

 

 




«Жигсо» әдісі 

1-қадам. Әр топ берілген мәтін үзінділерімен танысады. Топ мүшелерімен талқылайды.

2-қадам Әр топтың топ басшысы топ мүшелеріне мәтін мазмұнын түсіндіреді.

3-қадам Әр топтың топ басшысы басқа топтарға айтқандарын жинақтап мәтінді мазмұндайды.

Тақтада берілген сөздерді мұғалімнің көмегімен мағынасын ашады,  дәптерлеріне жазады.

10 мин.

ІV Бекіту 

1.Пысықтау сұрақтары, тапсырма беріледі.

2. Саяхат «Асан қайғының жүрген жолдары» Қазақстан картасы арқылы Асан қайғы жүріп өткен жолдарды тауып, баға  берген сөздері жазылған үлестірмелерді жабыстырады

1.Асан қайғының жерұйықты іздеу мақсаты, арманы не?

2. Барған жеріне қонымды баға беруінің мәнін қалай түсінесіңдер?

3. Кім Асан қайғы сияқты тұрған жерлеріне баға бере алады.

Оқушыларға бағыт береді.


 1.Оқушылар өз жауаптарын береді.

2.Оқушылар картаға қарап Асан қайғы жүрген жерлерді іздеп, тиісті үлестірмелерді жабыстырады, себебін Асан қайғының берген бағасымен, айтқан сөзінен дәлел келтіреді.

5 мин.

V Қорытынды

«Венн диаграммасы»

Ертегі мен аңыз әңгіменің ортақ белгілері мен ерекшеліктерін жазуды сұрайды.

 

 

«Венн диаграммасы» арқылы әр топ мүшелеі аңыз бен ерегінің ерекшелігін және ортақ белгілерін ажыратып жазады.Тақтада кестені толтырады

 1 мин.

VІ Үйге тапсырма

Шығармашылық жұмыс

Үй тапсырмасы бойынша түсінік жұмысын жүргізеді, бағыт береді. Асан қайғы туралы зерттеушілердің пікірлерін кітапханалардан, интернеттен тауып, жазып келу.

Күнделіктеріне жазады. Үй тапсырмасы бойынша  сұрақтарын қояды.

2 мин.

VІІ Бағалау

Кері әсер парағы

Әр топ мүшесі жинаған смайликетері бойынша  топ басшысы бағалауын тапсырады.Стикерлерге бүгінгі сабақ бойынша нені игергендерін, нені білгілері келетіндерін жазып қалдыруларын сұрайды.

 

Тақтада ілінген кері әсер парағына өз пікірлерін, нені білгілері келетіндерін, сабақ бойынша қорытынды ойларын жазып қалдырады.

Күнделіктеріне бағаларын қойдырады.



Мерзімі: 09.11.2016

Әдебиет


Мұғалім: Юсупова Х.К

Сынып: 5 «Ә», 5 «Д»

Сабақ тақырыбы:

«Ақсақ құлан, Жошы хан» аңызы

Сабақ түрі:

Жаңа сабақты меңгерту

Жалпы мақсат:

Оқушылардың шығармашылық қабілетін шыңдау,

өз бетімен ой қорытып, топшылауға баулу.


Сілтеме:

  1. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық

  2. Қазақ тілі мен әдебиеті оқыту әдістемесі

  3. 5-сыныпқа арналған оқулық

  4. Үлестірме материалдары

Күтілетін нәтиже нәтижесі:

Оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артады, өз бетімен ой қорытып, топшылауды үйренеді.


Сабақта қолданылатын материалдар:

Интерактивті тақта, мультфильм.

Оқыту әдістері:

Ой қозғау, автор орындығы , әңгімелеу, сұрақ-жауап, пікірталас, баяндау.

Пәнаралық байланыс:

музыка, кино өнері, тарих, өзін-өзі тану

Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

Уақыт

Жұмыс түрлері

Мұғалімнің   іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті



2 мин.

І Ұйымдастыру кезеңі

1. Бағалау критерийлерімен таныстыру

2.Әрбір сабаққа белсене қатысқан оқушыға смайликтер  беріп отыру.

3.Әр смайлик-1 балмен бағаланады.

1. Сәлемдесу, түгендеу

2. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару

Бағалау критерийлері:
«5» - 9-10
«4» - 8-7
«3» -6-5



10 мин.

ІІ Үй тапсырмасын сұрау


Жазып келген Асан қайғы туралы зерттеушілердің пікірлерін көрсетуді сұрайды.

Жетелеу сұрақтар қойып ойларын нақтылайды.

Асан қайғы туралы зерттеушілердің пікірлерін оқиды.

15 мин.








































































7 мин.












5 мин.
















ІІІ Жаңа сабақ

1.Ой шақыру


 


 

 








2.Мағынаны тану:















3. Сөздікпен  жұмыс

 













4.Тапсырмалар мен сұрақтар



























5.Пікірталас (дебат)











ІV Бекіту 

Ой толғаныс

(Автор орындығы)


«Қазақфильм» киностудиясында Әмен Хайдаровтың басшылығымен түсірілген «Ақсақ құлан» мультфильмінен үзінді көрсету.

Жетелеу сұрақтары:

Бұл мультфилым бізге таныс па?

Не туралы мультфильм?

Жаңа сабақтың тақырыбы: «Ақсақ құлан,Жошы хан» аңыз әңгімесі

Үнтаспадан «Ақсақ құлан» күйі тыңдалды.

«Ақсақ құлан, Жошы хан» әңгімесінің фабуласын айту, әңгімеде тарих парағына шегініс. Тарихи тұлға – Жошы хан 1187 -1227 өмір сүрген. Ол атақты моңғол билеушісі Шыңғыс (Темучин) ханның үлкен ұлы. Қазақ елінің билеуші ханы болған. Кет-Бұға күйші, найман руынан шыққан жырау.

Сөздікпен  жұмыс 

Ашамай – тайға мінетін бала ері.

Әңгі – аталық құлан

Кіреуке – сауыт

Қаһан – хан

Мүрде – қайтыс болған адамның денесі

Наркескен – қылыш

Баһадүр – батыр.

Естірту-Кет –Бұға күйшінің хан ұлының өлімін естіртуі

Жоқтау-Шыңғыс ханның ұлын жоқтауы

  1. Бұл аңыздағы басты кейіпкерлер кімдер?

  2. Тағы қандай кейіпкерлер аты аталады?

  3. Кет-Бұға күйші әмірші сарайында неге отыр? Ол мұнда нендей жұмыспен келген?

  4. Күйші қаһарлы Шыңғыс ханға сүйікті ұлы Жошының қазасын қалай естіртті?

  5. Кет-Бұға күйшіні ажалдан арашалап қалған қандай құдірет?

  6. Осы әңгімеден нені ұқтық, қандай ой түйдік?






2 топқа бөлу

(Екі топқа бөлініп, өз кейіпкерлері туралы ой айту).


-Негізгі кейіпкерлер кімдер?


-Қай кейіпкер ұнайды?




Егер автор болсаң осы әңгімені қалай аяқтар едің?


Автор нені айтқысы келген?

Мультфильмнен үзінді тамашалаған   оқушылар екі-үш сөйлеммен өз ойларын білдіреді.

 

 Сұрақтарға жауап береді. 

 

 








Күй арқылы айтқан жыр оқылады.














Оқушылар сөздік дәптерлеріне жазады.















Оқушылар қол көтеріп сұрақтарға жауап береді.

























Оқушы жауабы:

-Хан, күйші.

1топ. Шыңғыс ханды таңдайды. Мінездеме береді. (Ол ақылды аңғарымпаз, күйді түсіне біледі.)

2-топ. Кет-Бұға күйшіні таңдайды.

Қаһарлы ханнан қаймықпай ұлының қазасын, ажалын естіртті. Күйді сөйлете білді.


Оқушылар жауабы.

- Бүкіл елді билеген хан ақылды болады.

Сондықтан өнерін бағалап, күйшіні хан сарайына алар еді.

-Қаһарлы ханды өнер құдіреті жеңді. Қанша қатыгез болса да, домбыра шанағына қорғасын құймай, райынан қайтар еді.

Хан қаталдығын айтады.

Өнер құдіретін айтады.

Домбыра шанағындағы ойықтың пайда болуын

айтады.

2 мин.

V Қорытынды

ББҮ кестесі бойынша

Не білемін? Не білдім?

Үйренгім келеді

Оқушылар парақтарын толтырады

 2 мин.

VІ Үйге тапсырма


70-бет, күй арқылы айтқан жырды жаттау

Күнделіктеріне жазады. Үй тапсырмасы бойынша  сұрақтарын қояды.

2 мин.

VІІ Бағалау


Жинаған смайликетері бойынша  бағаланады.


Күнделіктеріне бағаларын қойдырады.