СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Дидактикалық ойындар

Нажмите, чтобы узнать подробности

Балабақша  балаларына  арналған  дидактикалық  ойындар  жинағы

Просмотр содержимого документа
«Дидактикалық ойындар»


МАЗМҰНЫ


Дидактикалық ұйымдастыруға арналған нұсқау..............................1-5


Ою-өрнектердің мағынасына қарай бөлінуін түсіндіру..................5-7


Ою-өрнектермен жұмыс істеудің әдіс-тәсілдері.................................7


Сәбилердің бірінші тобына

арналған дидактикалық ойындар.....................................................8-12


Сәбилердің екінші тобына және естиярлар тобына

арналған дидактикалық ойындар...................................................12-16


Ересектер мен мектепке дайындық топтарына

арналған дидактикалық ойындар..................................................16-20
























Дидактикалық ұйымдастыруға арналған нұсқау


3 жастағы балалармен бейнелеу өнері бойынша арнайы ұйымдастырылатын дидактикалық ойындарға басшылық жасауда балалардың бейнелеу іс-әрекетіне бейімделуіндегі түсініктерін жетілдіру мақсаты көзделеді. Желімсіз жапсыруда (бастыру) қиылған бейнелерді кеңістікке орналастыру арқылы түстерді ажырату жөніндегі көлем, пішін жайындағы ұғымдарын тиянақтайды. Тапсырмаларды орындау барысында жоғарыға, төменге, оң жағына, сол жағына, ортасына және шетіне дұрыс орналастыруды үйретіп, сурет салу, жапсыру кезіндегі меңгерген дағдыларды пайдалана білуге және сөзбен айтып жеткізуге баулиды. Бейнелеу өнерінің мәнерлеу құралдарын меңгертуге икемділікке жаттықтырады.

Сәбилердің бірінші тобына арналған дидактикалық ойындардың ережесі:

  1. тәрбиеші фланелографта дайын қиылған кескіндерді қозғалта отырып орналастырып көрсетеді;

  2. түрі-түсіне, пішініне, кеңістікке орналасуына назар аударады;

  3. балалар берілген тапсырмаларды тәрбиешінің нұсқауы бойынша орындайды;

  4. тақырыптардыі мазмұнына сәйкес талаптарды кейде түрлендіріп, кейде балалардың қабілетіне қарай жеңілдіктер жасап отырады.

«Қандай түс?» ойынын сәбилердің бірініші, екінші топтарына және естиярлар мен ересектер тобында өткізуге болады. Жоғары топтарда ойынның тәрбиелік мәнің күрделендіре отырып ұйымдастыру үшін тәрбиешінің ізденуіне тура келеді. Мұнда қосымша түстерді қай негізгі түстерді бір-бірімен араластыру арқылы алуға болатыны сұралады. Бір-біріне жақын түстерді топтауға ( қызыл, сарықызыл, алқызыл т.б.) тапсырмалар беруге болады. Түстерге байланысты ойыншықтар немесе үлгіні көрсетіп, топтауға, әңгімелеуге бағыт беріледі. кіші топтарда түсті заттың белгісі ретінде қарай отырып, қандай түспен ненің суретін салуға болатынын айтқызса, жоғары топтарда, мысалы: «Жасыл түсті бояумен ненін суретін салуға болар еді? Көрсетші » деген сияқты сұрақ-тапсырма беріледі. Бала тікелей суретін салып көрсетеді. Іс-әрекетке бағыттауға арналған көрнекілік жолақша орнына кез келген түстерді көре алатындай заттар: түрлі түсті сақиналар, таяқшалар, қарындаштар, орамалдар, жалаушалар, т.б. қолдануға болады. Ойын барысында балалардың ынталы, зейінді болуын қадағалап, көңіл-күй өзгерістерінің (қуану, ренжу, шаттану, қанағаттану т.б.) пайда болуына да ықпал еткен дұрыс. Осы әрекетке байланысты жоғары топтың балаларына бос уақыттарына өзі жақсы көретін адамдарының, жолдастарының, ойыншықтарының т.б.суретін салуды ұсына отырып, түсті баланың психикалық көңіл-күйіне байланысты қалай қабылдайтының анықтау керек.

«Кім тез жинайды?» ойынын ұйымдастыру барысында балалардың сурет арқылы қабылдауын, заттың түр-түсін, пішінің, көлемін бейнелеудегі шеберлігін жетілдіру үшін дербес әрекет етуге дағдыландыру қажет. Бұл ойында бейнелеудің әсерлі құралдарының бірі – сөздік әдістерді тиімді пайдаланып, балалардың байланыстырып сөйлеуін, сөздік қорын дамыта отырып, сипаттап айтып бере білуге баулу мақсаты көзделеді. Көкеністер мен жемістер суретін салуда дөңгелек, сопақша пішіндерді көз мөлшермен бере беруге үйретіледі.

«Моншақтарды тіземіз» ойынында топ бөлмесінде қағаздан қиылған ұсақ дөңгелектермен қағаз бетіне кеңістікті дұрыс бағдарлауды үйренсе, жазғы уақытта далада табиғи материалдармен ойнауды ұсынуға болады. Оған өсімдіктердің гүлдерін, бүрлері түсіп қалған түйіндер, ұсақ тастар алынып, олар жерге моншақ етіп тізіледі, немесе жерге, құмға, қыста қардың бетіне таяқшамен «моншақ тізіп» жаттығады. Ойын кезінде балалардың еркін, дербес әрекет етуіне мүмкіндіктер туғызып отыру қажет.

«Біздің ыдыстарымыз». Балалардың алған білімдері мен икемділіктерін бекіту мақсатында тәрбие жұмыстарына сәйкес басқа пішіндерді де пайдалануға болады. Сәбилердің екінші тобы мен естиярлар тобында қарапайым жеңіл міндеттерді шашу көзделеді де, ересектер мен даярлық топтарында ол күрделенеді. Мұндайда ұсақ пішінді заттар, ұлттық тұтыну бұйымдарының кескіндері т.б. Ойынды тақтаға әр баланы жеке-жеке шақырып, тапсырманы орындатуға немесе әр балаға үстел үстінде өз беттерінше құрап көрсетулеріне мүмкіндік жасау тәрбиешінің қалауы мен балалардың қабілетіне байланысты ұйымдастырылады.

«Бейнені құрастыр». сәбилердің бірінші тобында «Бұл неге ұқсайды?» ойынның міндеттердің меңгереннен кейін екінші сәбилер тобында «Бейненені құрастыр» деген атпен ойын мазмұны жағынан балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес тәрбиеші тарапынан күрлендіріле өткізіледі. Балалардың ойлау, қиялын дамыту мақсатын көздей отырып, барлық геометриалық фигураларды қатыстыру арқылы мынадай бейнелерді құрауға болады: дөңгелектер мен жіңішке жолақтардан гүл, шар, бақ-бақ, ұшақтар, үлкен-кіші дөңгелектерден аққала, жатпайтын қуыршақ, мұнаралар, жарты дөңгелектерден доп, шар, кесе, әр түрлі пішіндерден қайық, шелек, табақ, үшбұрыштардан мұнара, ракета, шырша т.б. Ересектер мен мектепке даярлық топтарында құрастырған бейненің бөліктерін өзгеру арқылы басқа бейне құратуға түр-түсіне қарай нақты бейнені беруді талап етуге болады. Түрлі түсті фигуралардан ұлттық ою-өрнек құрауды ұсынуды да – тиімді тәсіл.

«Әдемі гүлдер». Балалардың эстетикалық талғамын арттыруға, әсемдікті, сұлулықты сезінуге тәрбиелеуде тәрбиеші олардың алған білім, дағдыларын бекіте, жетілдіре отырып, өз ойларын іс-әрекет барысында бейнелеп көрсете білу дағдыларын қалыптастырады. Ұжымдық жұмыс ретінде жалпылама ұйымдастырып, ойын барысында белсенділік көрсете алмаған балаларға жеке тапсырма береді. Ұсақ қиындыларды көп мөлшерде беріп, өз еркінімен жұмыс істеуге баулиды. Гүлдер жайындағы түсініктерін жетілдіру мақсатында кім көп өлең-тақпақтар, жұмбақтар білетінің сұрап, сөздік ойындармен ұштастырады.

«Сыңарын тап». Мақсаты – ойын барысында балалардың қызығушылығын, ынта ықыласын туғыза отырып, тапсырманы орындауда зейінділікке, ұқыптылыққа баулу. Мұнда аяқ киімдерді барлық балаға бір-бірден таратып беріп, әркім өз аяқ киімінің сыңарын тауып, қасына қоюын талап етеді. Бұл ойынды тәрбиеші басқаша етіп, өткізуіне де болады. Тек ескертетін жайт: ойында қозғалыс болуы әрі ойлануға мүмкіндік туғызуы қажет.

Ойын барысында ұлттық ою-өрнектердің элементтерін түр-түсіне, орналасуына қарай ажырата білу дағдыларын қалыптастырылады. Іс әрекетте белсенділікке баулиды.

«Түс таңда». Бұл ойында жаңа тақырыпты бекту, білім, дағдыларды жетілдіру мақсатымен балалардың бос уақыттарында өткізуге болады. Ересек және мектепке даярлық топтарында бағдарлама талаптарына сай әр түрлі тақырыптар тәрбие мазмұнына байланысты алынады. Мысалы, ұлттық ою-өрнек элементтерін қамтитын «қошқар мүйіз», «құс қанаты», «гүл қауызы», «құс тұмсық» т.б. бейнелі суреттерді де пайдаланып сурет салуға жаттықтырады. Егер заттардың бейнесі берілетін болса, дене бөліктері қандай пішінге ұқсайтыны және кеңістікте қалай орналастыру керектігі түсіндіріледі. Мысалы, көлік түрлерін салуда қорабы тік төртбұрыш, терезесі шағын көлемдегі тіктөртбұрыш немесе шаршы, доңғалақтары дөңгелек пішінді болатынын айта отырып, бояу түстерін үйлесімді таңдап, бейненің суретін салуды үйренеді. тапсырма мазмұны балалардың қабілетіне және икемділік дағдыларын қаншалықты меңгергеніне байланысты біртіндеп күрделеніп отырады. Бейнелеу іс әрекеті кезінде балалардың ой қиялын дамыту, қабілеттілігін жетілдіру, шығармашылық белсенділігін арттыру міндеттері тәрбиешінің басты назарында болуы қажет.

«Оюлы сырмақ». Ойынды ересектер мен даярлық топтарында ұйымдастыра отырып, балалардың қазақ халқының көркемдік мәдениеті және оның адам өміріндегі мәні туралы түсініктерін дамытуға, тұтынатын бұйымдар жөніндегі білімдерін жетілдіріп, оларды ойландыруға, дербес әрекет етуге бағыттау қажет.

Айналадағы мен құбылыстарды эстетикалық тұрғыдан қабылдай білуге баулуда оларға берілетін көрнекіліктердің тиімді әрі сапалы болуына көңіл бөлу міндеті қойылады. Жұмыс барысында тәрбиеші балаларды есте сақтауға, көзбен мөлшерлеуге, байқампаздыққа, бояу түстерінің үйлесімін, кеңістікте бағдарлай білуді бейнелеу өнері жұмыстарында мәнерлі өрнек құрауға пайдалана білуге үйретеді.

«Өрнекті кілем» құрастыру арқылы балалардың кеңстікті бағдарлай білуді, желімдеп жапсырудағы шығармашылық белсенділігін арттыру үшін ою-өрнек элементтерін түр-түсіне, мән-мазмұнына қарай орналастыра білу дағдыларын қалыптастыруда тәрбиеші бірнеше элементтерді: «гүл қауызы», «қызғалдақ», «қошқар мүйіз», «құс қанаты», т.б. түзу және көлденең сызықтар жүргізу арқылы немесе басқа түспен ортаңғы бөлігінің ерекшелігін ашып, бере білуді үйретеді. Ұлттық тұтыну бұйымдары туралы түсініктерін толықтырады.

«Текемет өрнегі қандай?». Бұл ойынды ұйымдастырмас бұрын тәрбиеші дербес көркемөнер бұрышындағы тұтыну бұымдарын көрсетіп таныстырады. Ата-ана баласы үйге барғанда сырмақ пен текеметті көрсетіп, түр-түсіне, ою-өрнегінің орналасу ретіне мән бере қарап, бақылау жасауын тапсырады. Егер тапсырманы орындау балаларға жеңілдік туғызса, ою-өрнек арасына жіңішке жолақша сызықтар жүргізіп, өрнектің айқындығын аша түсуге бағыт беру қажет. Өрнек құрау қиындық туғызса, алдымен қиылған ою-өрнекті сурет дәптер бетіне тігінен қойып, екі бөлгін жеке-жеке құрастырып, бір-біріне жақындастырып қояды. Жұмыс барысында балалардың іс-әрекетке ынта-ықласын тудыра отырып, ою-өрнек элементтерінің атауларын, түр-түсін, кеңістікте дұрыс орналастыруын бақылатады.

Сәбилердің екінші тобы мен естияр тобында түскиізді өрнектеу кезінде оны ою-өрнек түсіне және негізгі түске мән бере отырып, құрайды. Ал ересектер мен даярлық таптарында арнайы берілген астарлық қағазға шеттерін түс үйлесімін таба отырып құрап, ортасын ұсақ бөлшектермен әшекейлеу ұсынылады. Фланетографта жапсырып, құрау жұмысын ұжымдық түрде де, әр балаға жеке орындатуға болады. Мұнда жұмыс тәрбиешінің алға қойған міндеттері мен балаларың қабілеті және іс-әрекетке бейімділігі ескеріле отырып, ұйымдастырылады.

«Шапан тарту». Ойынның мақсаты: балалардың іс-әрекетте белсенділігін арттыру, ұлттық салт-дәстүр жөніндегі түсініктерін тиянақтау.

Ойынды күннің бірінші жартысында топ бөлмесінде ұйындастырған тиімді. Балалардың бейнелеу іс-әрекетіндегі бұрын орындалған жұмыстарын пайдалану олардың өз еңбектернің нәтижесін көруге деген ынта-ықыласын оятады. Егер ойынды тәрбиеші шебер ұйымдастырса, балалардың шығармашылық белсенділігін арттыруға, қабілетін дамытуға зор мүмкіндік табады. Ойын барысында балалар өздері жақсы көретін адамдарына: шешесіне, әжесіне, атасына, әкесіне т.б. қолдан тарту-сыйлықтар әзірлеуге үйренеді. Ұлттық киімдерден: бас киімдерді (сәукеле, тақия, тымақ т.б.) бешпет, аяқ киім түрлерін, зергерлік бұйымдарды әшекелеуге дағдыланады.

Ойынды жазғы уақытта күнқалқаларда түстен кейін ойнау ұсынылады. Қажетті көрнекіліктерді сыртқа алып шығып, «шапан», «бешпет» т.б. элементтерінің өрнетерін бірлесе отырып дайыдап алып, содан кейін рөлдік ойынды ойнауға көшіріледі.

Ою-өрнектердің мағынасына қарай бөлінуін түсіндіру


Қазақ халқының ғасырлар бойы жинақталып, күні бүгінге дейін әсемдігін жоғалтпаған ою-өрнек мәдениетінің үлгілерін қазіргі кездегі тұрмыс-салттық бұымдардан көре аламыз. Олар: тоқыма, былғарыдан зерлеп, оюлап тігілген түрлі киімдер, сүйектен, ағаштан қашалған мүсіндер, алтын-күмісті зергерлік бұйымдар, шиден тоқылған, жүннен жасалынған бұйымдар, т.б. Өнер әлемінің қыр-сырын түсіну үшін олардың өздігінен талпынуы, талаптану әрекеттері жеткіліксіз. Сондықтан балаларға тікелей басшылық етіп, бағыт беріп, үнемі көмектесіп отыру міндет. Балабақшаға арналған тәрбие бағдарламасына ұлттық ою-өрнек мәдениеті элементтерін молынан еңгізу балаларың шығармашылық ой-өрісін кеңейтіп, көркемдік талғамын арттыра түседі. Бүлдіршіндердің әдет-ғұрып, салт-дәстүрлері мен көбірек танысып, ана тілінің байлығы жетілдіруге бірден-бір әсер еткен болар еді.

Тәрбиеші мектепке дейінгі жастағы балаларды халықтық қолданбалы өнермен таныстыруда диафильмдер мен слайдтар көрсеткен және дидактикалық ойындарды тиімді ұйымдастырған кезде бала тез қабылдайтын жеңіл түрлерін қарастыруы керек.

Балаларды қазақтың ұлттық ою-өрнектері мен таныстыруда ондағы қарапайым элементтерден бастап, олардың түр-түс үйлесіміне қарай құрылым түзілетінін және мағынасына қарай бірнеше топқа бөлінетіні туралы айту жөн.

  1. Ай, күн, жұлдыздарға – аспан әлеміне байланысты өрнектер (айшық, жұлдызша т.б.).

  2. Малға, малдың түріне, аяқ таңбаларына байланысты өрнектер (түйетабан, қойізі, аша тұяқ, қошқар мүйіз, кос мүйіз, сынық мүйіз, ботамойын, ботакөз, тұлпар мойын, т.б.).

  3. Анның түріне, аяқ таңбаларына байланысты өрнектер (бөріқұлақ, түлкі бас, бұғы мүйіз, ит құйрық).

  4. Құрт-құмырсқа , жәндіктерге байланысты өрнектер. (құмырсқабел, тышқаніз, т.б.).

  5. Құстарға байланысты өрнектер. (құс тұмсық, құс қанаты, қарға тұяқ, т.б.).

  6. Қару, құралдарға байланысты өрнектер. (найза, балта, тарақ, балдақ, т.б.).

  7. Геометриалық денелерге ұқсас өрнектер (үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек, омыртқа, ботакөз, тұмарша, т.б.).

Ою-өрнектің бұлай топталуын балалар түсіне бермейді. Оларды өрнек сырларамен ауызша айтып түсіндіргеннен гөрі көзбен көріп, қолмен ұстатып таныстырған жақынырақ, түсініктірек болмақ. Балалар бейнелеу сабақтарында сол ою-өрнекте элеметтің салуға берілетін аңның немесе құстың т.б. тұлғасы (силуэт) өрнек ішінен орын алса, бала оюдың айшықтарына қарау барысында көз алдына елестетеді. Оның өрнекпен астасып, үйлесім табуына да көңіл бөледі. тәрбиеші жапсырудың әдіс-тәсілдерін меңгерту мақсатында балалардың ою-өонек элементтерін қалауы бойынша таңдап, жеке қиюға үйретеді. Сондай-ақ мұндай қос бүктеу тәсілі арқылы жемістердің, аңдардың, құстардың сүлбасын қиюды, бірнеше бүктеу тәсілдеріне жаттығып, оларды өрнектің жоғарғы бөлігінде немесе орта белінде, төменгі жағында орналасқанын айта отырып, дене бөліктерін де атап, қимыл қозғалыстарын бағдарлайды (шоқиып отыр, ұшып барады. жүгіріп келеді, бір-біріне кездесті, т.б.).

Тәрбиеші сол сияқты ою-өрнекте бейнеленген құстар, аңдар, жәндіктер, өсімдіктер жайында білетіндерін әңгімелету арқылыбаланың ой-өрісін жетілдіріп, қиялын ұштып, бейнелеу өнеріне деген қызығушылығын, шығармашылық белсенділігін арттыруға жетелейді.

Мысалы балалар қоян туралы немесе мысық жайындағы жұмбақтардың шешуіне қиналғанда, ою-өрнек көмекке келеді, бірден өрнекті көрсетсе, арасында жасырынып отырған не екенін атай қояды. Балапан, кірпі, лақ, құстар жайлы ертегі әңгімелер оқуда да ою-өрнек үлгілерін көрсетіп, ересектер тобындағы балаларға әңгіме құратуға болады. Әрбір үлгіні қарап көру барысында тәрбиешінің шығармашылық шеберлігі балалардың ақыл-ойының дамуын, қиялын, есте сақтауы мен қабылдауын дамытады. Мұнда балалардың өздеріне көргендері жайлы әңгімелету арқылы бейнелеу өнерімен тілді дамыту сабақтастығы жүзеге асырылады. Үлгінің әр бөлігін жеке-жеке қатты қағаздан қиып алып құрап, құрылым (компазиция) жасауға үйретуге болады.


Ою-өрнектермен жұмыс істеудің әдіс-тәсілдері

(ересек, мектепке даярлық топ)


Тәрбиелік мәні. Ою-өрнекті қарап көру арқылы өрнек түрлері мен таныстыру, көркемдік талғамын арттыру, ой-қиялын дамыту. Өрнек ішінен қабылдаған элементтерді жеке қию дағдыларын қалыптастыру. Аңдардың, құстардың, жәндіктердің қимыл-қозғалысына қарай мазмұн құрап әңгімелету. Олар жайындағы өлең-тақпақтар, жұмбақ, жаңылтпаштар айтқызып, тілін дамыту, сөздік қорын байыту, байланыстырып сөйлеуге үйрету, ою-өрнектердің мағынасына қарай бөлінуі жайында қарапайым түсінік беру.

Іс-әрекет барысы.

Балалардан өздері білетін ою-өрнек аттарын сұрау; олардың назарын (ерекше) ою өрнекке аударып, мұқият қараулары ұсынылады; көргендері жайында айтқызып, әңгімелету; қандай ертегі естігендерін, өлең-тақпақтар, жұмбақ, жаңылтпаштар айтуға болатынын сұрайды; тәрбиеші сүлбасы (силуэт) бойынша шоқиып отырған түлкіні, қорқақ көжекті немесе көбелекті қос бүктеу тәсілі бойынша қиып көрсетеді.

Балалар өздері қалауы бойынша құрылысы қарапайым элементтерді қиып, өрнек жасайды (суретін салуға немесе мүсіндеуге ерікті).

Тәрбиеші көсеткен ою-өрнектің қандай элементтерден тұратынын сұрау (мыс: малдың түріне, аяқ таңбаларына байланысты өрнектерді атау); құстарға байланысты қандай ою-өрнекті білесіңдер, түстері қандай, ою-өрнетерді қай жерлерден кездестіруге болады? (ұлттық киімдер, тұтынатынбұйымдар, т.б.).

Балалардың жұмысына тәрбиеші тікелей басшылық жасап, бағыт беріп отырады. Жұмыс аяқталғанда балалардың еңбек нәтижесіне бірлесіп, талдау жасап, өз іс-әрекеттерінен қанағаттану сезімдері мен жағымды көңіл күй жағдайларын туындату арқылы аяқталады.


Сәбилердің бірінші тобына арналған дидактикалық ойындар


Барлық жас топтарына берілген ойындардың мазмұнында берілген түстерді ажырату, салыстыру, түс үйлесімділігін сезіну, бояу түстерін қолдану дағдыларын қалыптстыру міндеттерін іс-әрекетті ұйымдастыру барасанда тәрбиеші таңдап, талғап, бағдарлама талаптарына сай қолдану ескертіледі.

Жапсыруға бейімдеу дағдыларын қалыптастыру үшін әр топ бүлдіршіндеріне төмендегідей ойындар ұйымдастыруға болады.

Тақырыбы. Мысықтың баласы доппен ойнайды.

Ойынның тәрбиелік мәні. Дөңгелекшелерді фланелографта орналастыра білу дағдыларын қалыптастыру; кеңістікті бағдарлауға бейімдеу; берілген тапсырмалар бойынша қимыл-қозғалысын жетілдіру.

Ойынға басшылық. Тәрбиеші балаларды көркемөнер бұрышына шақырып, балалардың назарын фланелографтағы мысықтың баласына аударады. Мысықтың баласының түр-түсін, дене мүшелерін атап беруді сұрайды.

Тәрбиеші: - Мысықтың баласының сүт ішкісі келіп тұр екен, балалар, мына ыдыстағы сүтті алдына қояйық, деп мысықтың баласына сүт беретін ыдысты фланелографта орналастырады. Мысық жан-жағына қарап, ыдыстағы сүтті енді көрді. Ол сүтті ішкісі келіп тұр.

- Мысықтың баласы сүтті қайтып ішеді, көргендерін бар ма?

Тәрбиеші: - Мысық қалай ішеді?

-Көзін жұмып, көлгірсіп,

Жалап ішеді,

Бәрін өзі білгірсіп,

Санап-санап ішеді,

Себебі не сондағы?

Сонша сараң болғаны, - деп айтып тұрып мысыққа сүт ішкізгендей болады. Енді, әбден тойып алған соң, оның ойнағысы келеді. Мысықтың баласы немен ойнайды? Балалар: шумақ жіппен доппен деп айтуын мүмкін. «Доппен қалай ойнайды екен, қане қазір көрейік». Балалар айнала қоршап тұрған үстел үстіне допты кезек-кезек қолдарымен әрі-бері қозғалтып көреді. Мысықтың баласы допты қозғалтады, тәрбиеші дқңгелекті фланелографқа қойып, мысықтың баласының аяғын тигізеді де, дөңгелекті оңға қарай жылжытып қояды. Доп бір орнында тұрмайды. Кім көрсетеді, доп жоғары қарай қалай ұшады? Балалардың біреуі дөңгелекті жоғарыға орналастырады. Тәрбиеші бірнеше дөңгелектерді қойып, мысықтың аяғын тигізеді, балаларға доп жоғары ұшты, оң жаққа, сол жаққа, төменге түсті деп нұсқау береді. Өзі мысықтың баласының доптарды қозғалтқанын көрсетіп, ойынды әрі қарай балалардың өздері жалғастыруды ұсынып, басшылық жасап отырады.

Балалар қимыл-әрекетті айта отырып, тапсырмалардың орындалуын қадағалайды. Тәрбиеші: мысықтың баласы доппен ойнап, шаршап қалды, енді сендер доппен қалай ойнайсындар – соны көргісі келеді, дейді.

«Менің көңілді добым: ойыны ойналады.

Добым менің, добым менің,

Өзін неткен көңілді едің,

Зымырайсын, қутындайсың

Бірақ меннен құтылмайсын, -

деп, допты жерге соғып, балалар доппен бірге секіреді. Ойын соңынан мысықтың баласының ойыны жайында балалардың іс-әрекеті мадаталып, қорытынды жасалады.



«Ұшақтар ұшып жүр» ойыны

Ойынның тәрбиелік мәні. Фланелографта жоғары жағын, төменгі бөлігін ажырата, ұшақтарды бірінен соң бірін тізбектей ұшыру. Жерге қонғанын бейнелеу. Желімсіз жапсыру дағдыларын қалыптастыру.

Ойынға басшылық. Тәрбиеші үстел үстіндегі қағаздан жасалған ұшақтарды балаларға ұшыртып ойнату үшін көркемөнер бұрышына жинайды. Міне, қазір сендер барлықтарын ұшқыш боласыңдар. Мына ұшақтарды ұшырамыз. Ұшақ аспанға көтеріледі. Өзі алдымен көрсетеді. Қалған ұшақтарды балалар бір-бірлеп алып, аспанда тізбектеле ұшқанын бейнелеп, фланелографқа жапсырып орналастырады. Тәрбиешінің ұшақ «ұшты», «қонды» деген тапсырмасы бойынша балалар іс-әрекетті орындайды. Фланелограф бетінде дұрыс орналастыра білулерін, бір-біріне кедергі жасамай, бекітіліп, қорытынды жасайды.


«Мерекелік жалаулар» ойыны

Ойынның тәрбиелік мәні. Жалаушалардың түр-түсіне қарай араластыра тізбектеуге үйрету. Көргендерін есте сақтап, қиылған жалаушаларды дұрыс орналастыру, кеңістікті бағдарлай білу және желімсіз жапсыру дағдыларын қалыптастыру.

Ойынға басшылық. Тәрбиеші балаларға жалаушаны көрсетіп, қайдан көргендерін, түсін, неден жасалғандығын сұрайды.Мереке кезінде қала көшелерінің безендірілетінің, өздері топ бөлмесін безендіргенің еске түсіреді.

Енді, мына фланелографта тұрған үйді қараңдар. Осы екі үйдің ортасы жіппен жалғасқан. Жіпке біз жалаушаларды ілеміз. Тәрбиеші біреуін орналастырып көрсетеді. Балалар үстел үстінде жатқан жалаушаларды кезекпе-кезек іліп қояды. Жалаушаны алған баладан сұрайды. «Қандай түсті жалаушаның қасына орналастырдың» деп сұрау арқылы түсті ажыратуға тәрбиелейді. Екі-үш қатарға тізген, әдемі безендірілген жалаушаларды тамашалайды, жалауша жайында қандай өлең-тақпақтар білетіндерін, білген тақпақтарын айта беруін қалайды.



«Салют оттары» ойыны

Ойынның тәрбиелік мәні. Салют оттары - әр түрлі түстерді ажырата білуге үйрететін ойын түрі. Осы ойын арқылы желімсіз жапсыру дағдыларын да қалыптастырады.

Ойынға басшылық. Тәрбиеші салют оттары көрінген үлкен суретті көрсете отырып, балалардан салютты кім көргенің, қалай көрінетінің сұрауы керек.

  • Балалар, салют оттары қай жерден көрінеді деп ойлайсындар?

  • Үйлер фланелографтың төменгі бөлігінде орналасқан.

Салют оттары үйлердің үстінен – жоғарыдан, биіктен көрінеді. «Кім орналастырады?». Балалардың біреуі шығып, үйлердің үстіңгі жағынан биіктеу етіп орналастырады. Түсі қандай? фланелографта салют оттары көбейген кезде балалар қуанып, бәрі «Салют, салют» деп, қуаныш сезімдерін білдіреді. Балалардың тапсырмаларды жақсы орындағандарын мадақтап, тәрбиеші ойынды аяқтайды.


«Сандықты әшекелейміз» ойыны

Ойынның тәрбиелік мәні. Әр түрлі пішіндерді ажырату және оны желімсіз жапсыру дағдыларын қалыптастыру. Ұлттық бұйымның ерекшелігінмен таныстыру.

Ойынға басшылық. Тәрбиеші түкті қағаздан жасалған (немесе ағаштан жасалып, алдыңғы бөлігін түкті қағазбен жапсырылған) сандықты көрсетіп, сұрайды: «Мынау не? Қайдан көрдіңдер?», т.б. Тәрбиеші балалар жауабын толықтырып, ұлттық бұйымның ерекшелігін, маңызын қысқаша айтып өтеді де: - Қазір осы сандықты әшекелейміз. «Бұл сандық өзі сиқырлы екен, қане, ішін ашып көрейік, - деп ішінен қорапқа салынған түрлі-түсті геометриялық пішіндерді алып көрсетеді (үшбұрыш, дөңгелектер), түстерін сұрайды. – Ал сандықтың беті, қақпағы қандай пішінге ұқсайды? – Тік төртбұрышқа. Балаларға пішіндерді таратып береді (пішіндердің екі жағы да түкті қағаз). – Сандықтың бетінде әдемі ою-өрнек бар, бірақ кейбір бөліктері бос, сол бос орындарға біз мына пішіндерді орналастырамыз. Тәрбиеші өзі жапсырып көрсету керек. Бұдан кейін дөңгелектердің түстеріне қарай таңдап, бір-біріне қарама-қарсы немесе қатарластыра, шетіне, ортасына орналастыруды балалардың өздері жапсырып безендіреді. Тәрбиеші басшылық жасап, нұсқау береді, барлық балалардың тапсырманы орындауын қадағалайды. Сондықтан үлкен етіпфланелографта ұжымдық жұмыс түрінде немесе әр балаға жеке-жеке тапсырмалар беріп орындатуға да болады.


«Ұқсас затты тап» ойыны

Ойынның тәрбиелік мәні. Үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелекке ұқсас заттарды тауып, атын атай білуге үйрету. Баланы түстерді, пішінді ажыратуға ой-қиялын дамыту.

Ойынға басшылық. Тәрбиеші үш түрлі - пішіндерді көрсетіп, аттарын сұрайды. Оларды атаған соң, түстерін сұрайды. Бұдан кейін балаларға тапсырма береді. Тәрбиеші: - Таратып берілген суреттерге қарандар, мен үшбұрышты көрсетем, соған ұқсас сурет тауып көрсетіндер (төртбұрышты көрсетеді, дөңгелекті көрсетеді). Балалар өздеріндегі ұқсас затты көрсеткенде, олардан не екенін, түр-түсін сипаттап айтуды талап етеді (үшбұрышты сызғыш, үйдің төбесі). – Топ бөлмесінде үшбұрышқа ұқсас зат бар ма?

Тік төртбұрыш: кітап, терезе, есік, т.б.

Дөңгелек: доп, алма, апельсин, шар, т.б.

Суреттегі заттар жайында кімнің қандай өлең, тақпақтар, жұмбақтар білетінін сұрау. Енді балаларды үш топқа бөліп, үш түрлі пішінді таратып береді. «Өз орнынды тап» қимылды ойыны ұйымдастырылады. балалар жиналатын орындарындағы пішіндер көлемі жағынан қолындағыларынан үлкен болады. Ойын аяқталған соң балалардың іс-әрекетін бекітіп, талдау жасайды.


«Кемпірқосақ түстері» ойыны

Ойынның тәрбиелік мәні . Түстерді ажырата білуге үйрету. Қиылған екінші бөлігін теңестіру. Ашық және күлгін түстерді сезіну қабілетін жетілдіру, үлкен-кіші көлеміне қарай доғаларды дұрыс орналастыру.

Ойынға басшылық. Тәрбиеші балаларға кемпірқосақ суретін көрсетіп, әңгімелерді оқып берді.

Кемпірқосақ

Жаңбыр жауып басылды,

Күннің көзі ашылды.

Көкжиекке көрікті

Кемпірқосақ асылды.

Қызыл, сары, жасылды.

Тұрды ол ауыл қасында,

Жете алмайсын қуғанмен

Ренжіме, сен, жасыма.

Ә.Дүйсенбиев

Не жайында айтылғаны талданады. Кемпірқосақты көргендерін бар ма?

Тәрбиеші фланелографқа кемпірқосақтың жарты бөлігін орналастырады да, қалған бөлігін түстеріне қарай сәйкестендіріп, өзі бір жолағын қойып, қалғанын балаларға орындатқызады. Іс-әрекет барысына, үлкен-кіші көлеміне, түр-түсіне көңіл аударулары қадағаланады. Жұмыс барысындағы балалардың еңбек нәтижелері қорытындыланып, талдау жасайды.

«Көбелектер гүлге қондыы» ойыны

Ойынның тәрбиелік мәні. Фланеографтың төмеңгі бөлігіндегі гүлдерге көбелектің ұшып келіп қонғанын бейнелеу, гүлдердің және көбелектердің түстерін ажыратып, атап білуге үйрету, желімсіз жапсыру дағдыларын қалыптастыру.

Ойынға басшылық. Тәрбиеші фланеоргафта орналасқан гүлдерді көрсетіп:

Өзім еккен былтырғы

Ауламызда гүл тұрды.

Мен күн сайын суардым,

Ол күн сайын құлпырды.

Т.Бейсембеков

Тәрбиеші: - «Мына құлпырып тұрған гүлдерді қарандаршы, қандай әдемі!» Балалардың назарын аударып, гүлдердің түстерін сұрайды. Гүлдерге су құйып, күтіп-баптаса, әдемі болып, көп болып өседі. «Гүлдерді жақсы көресіндер ме?», т.б. әңгімелейді. Ұшып жүрген көбелектерге де гүлдерге қызығып, қонғысы келеді. Тәрбиеші көбелектердің ұшып жүргенін бейнелеп, біреуін фланелографтың жоғары жағына орналастырады. Қалған көбелектерді олардың қолдарына беріп, ұшып, жүргенің бейнелетіп орналастырады. Тәрбиеші балаларға: Енді көбелектерді алып, гүлдердің үстіне қонғанын бейнелейді. Көбелектердің, гүлдердің түстерін балалардан сұрап отыру керек. Тәрбиешінің тапсырмасы бойынша орындап, өз еркінше орындағандарын айтып беруді талап етеді. Балалардың іс-әрекетіне талдау жасап, тәрбиеші:

Әй көбелек, көбелек,

Ұшып жүрсін төбелеп.

Жеткізбейсін далада,

Қуып жүрген балаға. – дейді.

«Қане енді ұшып жүрген көбелектерді ұстайық», - деп, «Көбелектер ойынын» ойнауға шақырады.

Қажетті көрнекіліктер: Мысықтың баласының сүлбасы, бейнесі, домалақ формалар, фланеограф, түрлі-түсті, қиылған жалаушалар, 2-3 қатар жіптер. Үшбұрыш, төртбұрыш және дөңгелек пішіндер, ұқсас заттардың суреттері.

Бірнеше ұшақтар, фланеографта аспанды, жерді бейнелейтін белгілері (бұлт, күн, жерде гүлдер, үйлер, т.б.). Салют оттарына арналған ұсақ дөңгелектер, үйлердің бейнесі, сандықтың үлгі суреті, әр түрлі үшбұрыштар. Қапшыққа салынған кемпірқосақ қиындыоары, көбелектер сүлбасы, фланеографқа жапсыратын түрлі-түсті гүлдер.


Сәбилердің екінші тобына және естиярлар тобына

арналған дидактикалық ойындар

Қандай түс?

Ойынның тәрбиелік мәні. Бояудың негізгі түрлері мен кеңірек танысып, есте қалдыру, атай білуге үйрету. Түстерді бір-бірінен ажырата білуге жаттықтыру, сурет салу, жапсыру іс-әрекеті барысында дұрыс қолдана білуге дағдыландыру.

Қажетті көрнекіліктер. Тәрбиешіде көлемі жағынан үлкен түрлі-түсті жолақтар. Мұндай жолақтар әр балаға таратылады. Балаларға таратылған жолақтар көлемі шағын. Түске байланысты жасалған үлгілер немесе ойыншықтар. Мысалы: қызыл гүл, шар, орамал, т.б; сары алмұрт, сары гүл, көбелек, сары қауын, т.б.

Ойын ережесі. Тәрбиеші өзінде қанша түсті жолақ қағаздар болса, балаларға сонша жолақтар таратып береді. Берілген тапсырма бойынша, тәрбиеші қандай түсті жолақты көрсетсе, сондай түсті бала көрсетуін ұсынады. Сол аталған түспен қандай затты немесе құбылысты бейнелеуге болатынын сұрайды.

Ойынға басшылық. Тәрбиеші алдымен балалардың назарын өзіне аударып, қолындағы жолақтың түсін сұрайды. Балалар көрсетілген жолақты өздеріндегі жолақтар ішінен тауып көрсетеді. Бастапқыда негізгі түстерді (қызыл, көк, сары), біртіндеп қосымша түстерді көрсетіп, атауларын талап етеді. Кім тез, дұрыс көрсетсе, соны мадақтап отырады. Іс-әрекетке бояу, брден кірісіп кете алмайтын жасқаншақтау, ұялшақтау балаларды ойынға тартып, көбірек көңіл бөлу қажет. Түстерді көсеткеннен кейін бұл түспенен қандай затты салуға болатынын сұрайды. Қызыл түске байланысты салынатын затқа нелерді салуға болады? Мысалы, гүл, жалауша, алма, т.б. Балалардың белсенді болуын, зейін қоюына, ойланып жауап беруіне, іске ынтамен кірісуіне басшылық ету қажет. Ойын соңында Қ.Мырзағалиевтің «Қызыл, сары, көк» өлеңінің жолдарын оқи отырып, түстердің мағынасы жайында ой түйіндеу керек.

Кім тез жинайды?

Ойынның тәрбиелік мәні. Көкеністер мен жемістер жайындағы балалардың білімін тиянақтау (жинақтау). Бейнелеу іс-әрекеті барысында пішін, көлем, түсті, салыстырмалы көлемді қабыдауын қалыптастыру. Балалардың есте сақтауын дамыта отырып, зейінділігікке, ұқыптылыққа, шапшаңдылыққа баулу.

Қажетті көрнекіліктер. Көкеністер мен жемістер ұсақ суреттері немесе муляждар (10х10; 10х15см). Екі себет.

Ойын ережесі.

  1. Көкеністер, жемістер жайында әңгіме (түр, түсті, көлемі, пішіні, т.б.).

  2. Үстелдің екі шетіне қойылған екі себеке жемістерді бір бөлек, көкеністерді бір бөлек, бір-бірлеп салу тапсырылады.

Ойынға басшылық. Ойын барысында тәрбиеші көкеністер мен жемістер жайында қысқаша әңгімелеп, балалардан көкеністерге не, жемістерге не жататынын сұрайды. Балалар жартылай шеңбер жасай отырызылады. Тәрбиеші ойынға қажетті көрнеіліктерді алдын ала үстел үстіне қояды. Берілген тапсырма: көкеністерді жинап, бір себетке, жемістерді жинап, екінші себетке салу керек. Екі бала шығады. «Бір, екі, үш» деп санау арқылы немесе санамақтан ойын басталады. Кім бұрын араласып жатқан жемістер мен көкеністерді шатаспай дұрыс жинаса, сол жеңіске жетеді. Енді жиналған көкеністер мен жемістерді қайта жайып қою үшін балаларды бір-бірлеп шақырып, сипаттап айтып, орнына қояды. Оны басқа бала орындайды. Мыс.: Алма қызыл домалақ пішінді, дәмді тәтті, т.б. Көкеніске немесе жеміске жататынын сұрап, тәрбиеші жауаптарын толықтырып отырады. Ойын балалардың жемістер, көкеністер жайында өлең-тақпақтар айтуымен аяқталады. Балалардың шапшаңдылығы, зейінділігі, ұқыптылығы ескеріліп, ойынға белсенді қатысқандар мадақталып отрылуы керек. Бұл әдіс, балалардың қызығушылығын арттырып, зейінділікке ынталандырады.


«Моншақтарды тіземіз» ойыны

Ойынның тәрбиелік мәні. Кеңістікті бағдарлауда ойлана отырып, әдемі де әсерлі құрылым (композиция) жасау дағдыларын қалыптастырады. Түстеріне және көлеміне қарай үйлестіре, дұрыс орналастыруға үйретеді.

Қажетті көрнекіліктер. Түрлі түсті бірнеше моншақтар. Фланеографтар, үлкен-кіші дөңгелектер (тәрбиешіге және балаларға арналған).

Ойын ережесі.

  1. Моншақтарды (қиылған дөңгелек кескіндерді) көлеміне, түсіне қарай тандап алу;

  2. Кеңістікте (қағаз бетіне) тізбектей, араластыра орналастыру.

Ойынға басшылық. Балаларға әдемі моншақтар көрсетіледі, түр-түсін, үлкен кішілігін сұрайды. Осындай моншақтарды қағаз бетіне тізіп орналастыратындықтарын айтады. Фланеоргафта тәрбиеші үлкен және кіші дөңгелектерді өзі бастап қояды да, балалардың әрі қарай тізбеленуін ұсынады. Әдемі моншақтарды тамашалап, әр бала моншақтарды өзі тізе бастайды. Жұмысқа кіріскен кезде балалардың дөңгелектерді көлемі жағынан, түсі жағынан қалай орналастырғандарын бақылап, жеке нұсқау беріледі. Жарты шеңбер жасап орналастырғанда, түзу жіпті тартып ұстағанда қандай болатынын, түзу жасағандарына ілініп тұрғанда (доға тәрізді) қалай орналастыруға болатынын көрсетуді талап етеді. Меңгерген іскерлік дағдыларды жапсыру, мүсіндеу және сурет сабақтарында қолданылады. Балалар жұмысының сапасы, жетістіктері аталады.


«Біздің ыдыстарымыз»

Ойынның тәрбиелік мәні. Қиылған бөліктердің көлеміне қарай үлкен және кіші тостағанды құрап жасау. Қиындыларды жинақтауда ою-өрнек түсіне және санына байланысты үйлестіріп, бейнесін шығарады. Тостағанның кіші көлемдегісі «наркөз» деп аталатынын түсіндіру.

Қажетті көрнекіліктер. Арнайы қашықтықтарға салынған ойыншық ыдыс-аяқтар, үлкен-кіші тостағанның қиылған және тұтас үлгісі, фланеограф, әр балаға таратып беретін қиындылар.

Ойын ережесі. Әдемі әшекейлі тостағандарды көрсетіп салыстыру, көлемі жайындағы түсініктерін нақтылау. Осындай қиылған тостаған бейнесін құрап шығаруға тапсырма беріледі.

Ойынға басшылық. Тәрбиеші бірнеше ыдыстарды немесе суреттерді көрсетеді. Осылардың ішінен тостағанды табуларын өтінеді. Тостағанның не үшін керек екендігіне, көлемі, түр-түсіне көңіл бөліп, қазір қиындылардан тостаған құрайтындықтарын айтады. Қиындыларды қораптап алып, үстел үстіне қояды да, өзі фланеографқа тұтас тостағанды қыстырады. Дәл осындай тостағанда кім құрап шығаратынын балалардың қалауымен орындауды талап етеді. Үлкенірек, кішірек, үлкен, кіші, нешеу – деген ұғымдарды түсінулеріне бағыттайды. Тақтаға шығып немесе үстел үстіне құрап көрсетеді. Ою-өрнек түстері, қайсысы үлкен, қайсысы кіші екені талданады. Үлкен тостаған неше бөліктен, кіші «наркөз» неше бөліктен тұратыны санайды. Дұрыс құралып дайын болған ыдысты қарап: біздің ыдыстарымыз қандай тамаша, мұндай ыдыстармен қымыз, айран, сүт, т.б. ішуге қолайлы дегенді балалар айтып, тәрбиеші «Наркөз» шығармасын оқып береді.


«Бейнені құрастыр»

Ойынның тәрбиелік мәні . Қиылған әр түрлі геометриялық фигуралардан белгілі бір бейнені құрап жасауға үйрету. Түстердің үйлесімділігін сезінуге, сурет салу, жапсыру кезінде заттардың құрылысын көзге елестете білуге, ойлау мен қиялды дамытуға әсер ету.

Қажетті көрнекіліктер. Тік төртбұрыштар, үшбұрыштар (үлкен-кіші көлемдегі), дөңгелектер, жуан-жіңішке, ұзын, қысқа жолақтар, ұсақ бөлшектер (көзі, тұмсығы, аузы, т.б.), іс-әрекетке бағыттауға арналған үлгі суреттер.

Ойын ережесі.

  1. Қиылған пішіндерді қарау, талдау, қандай бейне жасауға болатынын бүлдіршіндерге ойланта білу.

  2. Бейнені белгілі бір затқа ұқсата құрастыру.

  3. Егер оның бір немесе бірнеше бөлшегін өзгертсе, басқа қандай бейне шығаруға болады?

Ойынға басшылық. Тәрбиеші желкенді қайық, аққала, т.б. жапсырып жасалған үлгілерді көрсетіп, олардың құрылысына, неше бөліктен тұратынына, қандай пішіндерден құралғандығына және түстеріне назар аудартады. Осындай пішіндердің барлық түрі, көлемі жағынан да әр түрлісі өз қолдарында болу керек. Осы пішіндерден қандай бейне құрап жасауға болатынын ойланындар. Барлығы көздерін жұмып, көз алдарына бейнені елестетуі керек (алдымен пішіндерді қарап шыққан соң). Балалар қайсысы не жасағысы келетінің тәрбиешінің құлағына сыбырлап айтады, ол үшін қандай пішіндерді алғысы келетіндігін, бала тәрбиешіге көрсетеді.

Мысалы: арба – тіктөртбұрыш, екі дөңгелектерден тұрады;

Екі дөңгелек және жіңішке, қысқа жолақша – көзілдірік, т.б. Балалар тапсырманы орындауға кірісед, тәрбиеші жеке нұсқаулар беріп, жұмысқа кірісе алмай отырған балаларға көмекке келеді. Бейнені құрастыруға да, түстерінің үйлесім табуына бағыт та береді. Тапсырманың тез әрі белсенді орындағандарға қосымша жасағандарын басқа бейнеге өзгертуді ұсынады. Ең көп және дұрыс жасай білген балалар мадақталады.

«Әдемі гүлдер»

Ойынның тәрбиелік мәні . Әдемі гүлдердің суретін салуды , бедерлеп мүсіндеуді, жапсыру кезіндегі іскерлік дағдыларды еркін меңгертуді үйрету. Қиылған ұсақ бөлшектерден өздеріне таныс гүлді құрастыру. Гүлдің құрылысын беруде түстердің үйлесімділігін табуға, кеңстікте дұрыс орналастыра білуге жаттықтыру.

Қажетті көрнекіліктер. Әдемі гүлдер суреттері, натюрморт, ашықхаттар (открыткалар). Гүлдердің ерешелігіне байланысты құрылсын ашатын ұсақ қиындылар. Құрылым түзуге түстері пішініне сәйкес әр түрлі болуы қажет. Тақта, мольберт немесе фланеограф.

Ойын ережесі.

  1. Гүл жапырақтарының ерекшелігіне назар аударып, сәйкес пішіндер тандау.

  2. Түр-түсіне, құрылысына қарай отырып, құрылым жасау.

  3. Гүлдер жайында білетін өлең-тақпақтар, жұмбақтарын айтып, әсемдікті әсерлеу.

Ойынға басшылық. Бұл ойында балалардың айналадағы өмірден, қоршаған ортадан әсемдікті сезіне қабылдауынан туған ойларын іс-әрекет барысында көрсетулері ұсынылады. Гүлдердің әдемі суреттерін, ашықхаттарды, шоқ гүлдерді, гүлмен безендірілген сәндік суреттерді қарап, әңгімелейді. Балалардың қандай гүлдерді ұнататынын, аттарын сұрап, түсіне, күлте жапырақшаларының ерекшелігіне тоқталады. Мысалы, түймедағын жасағысы келсе, басы доғал, ұзынша келген жапырақтар, ортасына сары түсті дөңгелек, жасыл жіңішке жолақтан сабағы және жапырағын тандап алу керектігін өздері ойлап тауып, әрекет етуін бағыттайды. Сүйір, ұзынша жапырақтардан ақ түсті болса бәйшешек, сарықызыл түсті болса лилия гүлдерін құрап жасауға болады. Ұсақ қоңыраушалардан інжугүл ұзынша үшбұрыштарды төңкере орналастыру арқылы қалампыр жалпақтау, шеті дөңгеленіп келген жапырақтардан қызғалдақ, жауқазын, т.б. гүлдердің түрін құрап, тақтада әсем компазиция («Далада гүлдері» немесе «Жайқалған гүлді өлке» т.б.) жасау ұжымдық жұмысөа біріктіреді.

Балалар жұмысын қарап, талдау кезінде көркем сөз қолдануға болады.


Ересектер мен мектепке дайындық топтарына

арналған дидактикалық ойындар

«Сынарын тап» ойыны

Ойынның тәрбиелік мәні. Ұлттық үлгідегі киімдер жайында түсінік беру. Аяқ киімдердің түр-түсіне, көлеміне, пішініне және ою-өрнегіне байланысты сыңарын тауып теңестіру. Ер адамдар мен әйелдер киетін аяқ киім үлгілерінің ерекшеліктеріне назар аудару ұлттық ою-өрнек элементтерінің қолданылуы жайындағы ұғымдарын жетілдіру. Зейінің тұрақтандырып, есте сақтау қабілетін дамыту.

Қажетті көрнекіліктер. Аяқ киім түрлерінен бірнешеуін дайындау, түстері бірдей, ою-өрнек элементтерінде айырмашылықтары болады. Пішініне қарай бірнеше аяқ киім түрлері алынады (етік, мәсі, кебіс, т.б.).

Ойын ережесі.

  1. Тәрбиеші ұлттық киім үлгілері жайында әңгімелейді;

  2. Аяқ киімдердің өзіндік ерекшелігі, бір-бірінен айырмашылығын ажыратып сынарын табуға тапсырма беріледі;

  3. Тапсырманы орындау барысында басшылық.

Ойынға басшылық. Тәрбиеші алдындағы қораптардағы ұлттық үлгідегі аяқ киімдердің суреттерін көрсетіп балалардан сұрайды. Мысалы, етік, мәсі, кебіс, саптама, т.б. Осылардың ішінен әйелдер киетін аяқ киімді бөлек, ер адамдар киетінің бөлек қоюды ұсынады. Тапсырма берілген соң аяқ киімінің қайсысын тандайтынын бақылайды. Қолына алған аяқ киім сынарын іздейді, ою-өрнек элементінің және түстерінің ерекшелігіне байланысты сыңарын табуға болатынын ескертеді. Егер сынарын дұрыс тапса қандай ерекшелік байқағанын сұрайды. (түсіне, көлеміне, пішініне, т.б.). Қораптан тәрбиеші бір аяқ киім сынарын алып көрсетіп кім осы аяқ киімнің сынарын табуды қалайды? – сыңарын дұрыс тапқан бала жеңіске жетеді. Ойын бірнеше рет қайталанады.

«Түс танда»

Ойынның тәрбиелік мәні . Бұл ойынды ұйымдастыру арқылы балалрдың сурет салудағы заттың пішінің ұқсата білу үшін қолдың қимыл-қозғалысын жаттықтыру. Жапсыру іс-әрекетімен айналысудағы түстердің үйлесімділігін сезіну, кеңістікті бағдарлау дағдыларын қалыптастыру. Өздеріне таныс пішіндер мен заттарды қабылдай отырып көз мөлшеріменнен бейнені салуды меңгерту. Ұқыпты жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру.

Қажетті көрнекіліктер. Балалар санына сәйкес тор көз қос бүктелген түсті қағаз оның арасына салатын сурет дәптер парағы. Тор көздер көлеміне лайықты мөлшерде түрлі-түсті қағаздан қиылған геометриялық фигуралар. Тор көздер көлемі 8 х 8 см; қиятын пішіндер көлемі 6 х 6 см. Әр формадан 5-6 түс әр үстелге қойылады. Акварель бояу, қылқалам, су, қылқалам қоятын тұғырлар, сүрткіш.

Ойын ережесі .

    1. Қиылған дайын пішіндерді түсіне, пішініне қарай өз қалаулары бойынша таңдап алып, жоғарғы тор жолдарға орналастыру.

    2. Өздері тандап алған пішіндерді түс үйлесілімділігін сақтай отырып, бояу мен төмеңгі тор көздерге суретін салу.

Ойынға басшылық. Тәрбиеші 4-6 бөлікке бөлінген тор жол сызылған немесе қиып жапсырылған қағаздарды балаларға таратып береді. Өз қолындағы сиқырлы сандықты неше түрлі геометриялық фигуралар, түстері жағынан әр түрлі екенін ескертіп өздерінің қалауы бойынша түстеріне қарай пішіндерді тандап алады . Алған пішіндерді тор көздерінің жоғарғы бөлігіне орналастыруды ұсынады. Балалар бұл тапсырманы түгел орындап болған соң енді осы пішіндерді төмендегі тор көздерге дәл осындай түсті тандай отырып суретін салуды өтінеді. Балалардың жұмысына жеке нұсқаулар беріп көмектеседі. Жұмыс барысында пішіндерді дұрыс бере білуді қолдың қимыл қозғалыс дағдыларын игеруге бағыт береді. Балалардың тандап алған түстері сәйкес келе ме, жолдастарының жұмысына назар аударады. Тапсырма аяқталған кезде өздері бейнелеген заттың түр-түсі осы пішінге ұқсайтын қандай заттарды атай алатындығын сұрайды.


«Оюлы сырмақ»

Ойынның тәрбиелік мәні. Ұлттық тұтынатын бұйымдар жайындағы түсініктерін жетілдіру. Текеметтен сырмақтың айырмашылығы неде екенің байқап, ерекшелігін білуді үйрету. Қолөнер шеберлерінің еңбегін, туған халқының мәдени мұрасымен сәндік қолданбалы өнерінің түрлерімен таныстыру.

Қажетті көрнекіліктер. Ақ және қара түсті астарлық қағаз, әр балаға қиылған дайын ою өрнек пішіндері, дайын қиып жапсырылған немесе сырмақтың суреті.

Ойын ережесі.

  1. Қиылған ою-өрнектерді түсіне, көлеміне қарай тандау;

  2. Үйлестіре сәнді құрылым жасау;

  3. Ұлттық тұтынатын бұймдар жайындағы білімдерін нақтылау.

Ойынға басшылық.Сырмақ текемет жайында түсініктерін тиянақтап әңгімелеу. Суреттерін көрсету. Әдемі ою өрнектеріне түр-түріне назар аударып осындай сырмақтың өрнегін өздері құрауға тапсырма береді. Қиылған дайын өрнектерден құрылым жасауға бағыттайды. Балалардың түсіндіруден кейін өзбетінше әрекет етуіне басшылық жасайды. Кейбір қиындыққа кездесіп, іс-әрекетке белсенді кірісе алмай отырған балаларға ғана өзінің қолындағы шағын мольбертке қойып орындалу жолын түсіндіреді. Қарапайым элементтерді өздері қиып, толықтыруға жетелеп үйрету керек. Ақ қағазға қара түсті ою-өрнекті, қара қағазға ақ түсті ою-өрнекті таңдап орналастыруын бақылайды.


«Текемет өрнегі қандай?»

Ойынның тәрбиелік мәні. Қазақтың ұлттық тұтынатын Бұйымы текемет жайында түсінік беру. Ою-өрнек түсне қарай құрылым жасап, текемет түрін әшекейлеу. Ұлттық қол өнерден эстетикалық әсер алуға және талғам талабының дамуына ықпал ету.

Қажетті көрнекіліктер. Текемет суреттері, қиылған ою-өрнек элементтері астарлық қағаздар мен фланелограф.

Ойын ережесі .

    1. Ою-өрнектің қиылған дайын үлгілерінен түс үйлесіміне қарай құрылым жасауға бағыт беріледі.

    2. Ою-өрнекті дайын астарға қойып, текемет түрін әшекелейді.

    3. Өрнек элементтерінің аталуын сұрайды.

Ойынға басшылық. Тәрбиеші текемет суретін көрсетіп әңгімілейді. Текеметті дайындауда адамдар еңбегіне тоқталады. Көркем шығарма оқиды, Н. Айтов «Текемет». Шығарма мазмұнымен байланыстыра отырып бүгін бәрі бірігіп текемет жасайтындықтарын хабарлайды.

Ұжымдық жұмыс. Жасалу жолдары жайында кеңесіп, ою өрнектерді түсіне, көлеміне қарай әдемі орналастыруды сұрайды. Ортасына қай өрнекті қою тиімді, оның шеттеріне, жиектеріне т.б. Балалар фланелографта астарлық қағазға (түкті қағаз) қиылған өрнектерді бос жасырып орналастырады. Өрнектердің түсі жағынан үйлесім табуы бақыланады. Қойған ою-өрнектердің аттарынатауды талап етеді. («Қошқар мүйіз», «Қызғалдақ», т.б.). Басқа қандай өрнектерді білетіндерін сұрайды. Жұмыс нәтижесіне сүйсіне қарай тамашалап балалар еңбегі мадақталады.


«Өрнекті кілем»

Ойынның тәрбиелік мәні. Бейнелеу өнерінің көркемдік құралдарын меңгерту. Балалардың шығармашылық қиялын дамыту. Қазақтын ұлттық ою-өрнегі элементтерімен кілем түрін өрнектеу дағдыларын қалыптастыру. Элементтерді түр-түсіне, мағынасына қарай кеңістікте орналастыра білуге үйрету.

Қажетті көрнекіліктер. Негізгі фонға арналған әр түрлі қағаздар. Көлемі 20 х 30 см. Жапсырып дайындалған үлгілер. Қиылған ою-өрнек элементтері.

Ойын ережесі.

  1. Негізгі түске сәйкес келтіре ою-өрнек элементтерін түстеріне және мағынасына қарай тандау.

  2. Үйлестіре орналастыру.

Ойынға басшылық. Әдемі өрнекті кілемдерді қарау. Түрлі түсті, ою-өрнектеріне назар аударады. Осындай өрнекті кілемдерді әрқайсысы өздері жасап алуларына болады. Балаларға кілем өрнегін жасау үшін қажетті қиындыларды тандап алып кілем түрін өрнектеуге нұсқау беріледі. Ортасына қандай өрнекті, бұрыштарына, шеттеріне, жиектеріне түгелдей тұтас орналастырғаны желімделу тәртібі бақыланады. Әдемі кілемдер көрмеге тандалып, балалар жұмысына талдау жасалынады.


«Түскиіз»

Ойынның тәрбиелік мәні. Туған халқының мәдени мұрасымен сәндік қолданбалы өнерінің түрлерімен таныстыру. Әсемдікті сезіну, ою-өрнекті үйлесімді құрылым жасай орналастыру арқылы кеңістікті бағдарлау дағдыларын қалыптастыру. Балалардың ой қиялының шығармашылық белсенділігін және эстетикалық талғамының артуына мүмкіндік жасау.

Қажетті көрнекіліктер. Үлгі суреттер, қиып жапсырылған ою-өрнектер, 7 х 7;8 х 8 см, негізгі түске (фонға) берілетін қағаздар 28 х 16, 32 х 18 см, ұсақ ою-өрнек элементтері. Түстеріне шек қойылмайды. Балалар қалауы бойынша тандайды.

Ойын ережесі.

  1. Ою-өрнектерді түстеріне қарай тандап, жинап алу.

  2. Негізгі фонға орналастыру.

  3. Ұсақ бөлшектермен толықтырып әшекейлейді.

Ойынға басшылық. Тәрбиеші түскиіз суреттерін көрсетеді. Ою-өрнек түстеріне ерекшеліктеріне көңіл бөледі. Өздеріне берілген ою-өрнек үлгілерінен тандап алып оны негізгі түске орналастыруды ұсынады. Үлгі бойынша түсіндіреді. Берілген негізгі түске үйлестіре ою-өрнекті тандап шеттеріне айналдыра орналастырып, ортасында ашық бос орынды ұсақ бөлшектермен әшекейлеу ұсынылады.


«Шапан тарту»

Ойынның тәрбиелік мәні. Қазақтың ұлттық салт-дәстүрі жайында түсінік беру. Бейнелеу өнері арқылы әдет-ғұрып дағдыларын қалыптастыру ою-өрнек түр-түсі, элементтерінің ерекшеліктеріне қарай тарту ету үшін шапан тандап алуда ұқсас өрнек құрау және талап-талғамын арттыру, ой-қиялын дамыту.

Қажетті көрнекіліктер. Ойын бұрышы және дербес көркемөнер бұрышы ойынға қажетті құрал-жабдықтармен жарақталады. Екі ауылдың ерекшелік белгілері жасалады. Шапанды өрнектеп дайындауға арналған қиылған үлгі және ою-өрнек элементтері. Алдын ала қарап көруге арналған ұлттық киім үлгілерінің суреттері. Ұлттық киімдегі қуыршақтар. Ойыншық ат.

Ойын ережесі.

  1. Қазақтың ұлттық киімдер үлгілерін қарау, әңгімелеу.

  2. Өздерінің шығармашылық белсенділігін арттыруға басшылық жасау.

  3. Ою-өрнек элементтерін тандап, шапан өнеріне орналастыру.

Ойынға басшылық. Тәрбиеші қазақтың салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, дағдылары жайында әңгімелейді. Өнердегі, еңбектегі жетістіктеріне, сыйлы қонақтарға тарту, сый-сияпат көрсететіні, ат мінгізіп, шапан жабатын қонақжайлылық, адамгершілік асыл қасиеттерін атап өтеді. Ойында балалар екі ауылға бөлінеді. Екі ауылдың адамдары бір-бірін қонққа шақыруға дайындалады. Дайындық барысында қонақ күтуге арналған құрал-жабдықтар, қажетті заттар алдын ала орналастырылады. Қонақтардың өнерін тамашалаған соң тарту етуге шапан дайындалады. Мұнда қиылған шапан үлгілерін ұлттық ою-өрнек элементтерімен әшекейлеу үшін балаларға дайын ұсақ өрнектер таратылып беріледі. Бірлескен жұмыс нәтижесіне жету көзделеді. Шапанды түкті қағаздан жасау балалардың іс-әрекетке ынта-ықыласын және уақытты ұтымды пайдалануға тиімді. Балалар шапанды қай ауылдың балалары бірінші дайындап болса сол ауыл екінші ауыл адамдарын қонаққа шақыруға кісі жібереді. (Бала ойыншық ағаш атқа мініп барады). Шақырушы кісі күтіп алып, атын байлап, үйге кіргізіп сұрайды. Дидактикалық ойын рөлдік ойындарға ауысады. Қонаққа өздері дайындаған шапандарын ала барады. Бір-біріне өнерлерін көрсетуге ұсыныс жасайды. Ән айтады, би билейді. Жаттаған өлең тақпақтарын оқып, шағын ертегі әңгімелер, санамақ айтып береді. Қайтар кезінде өнерлеріне риза болған балаларға өздерінің жасаған тарту «шапандарын» қалдырады. Өнер жайындағы мақал-мәтелдерді қолдануды ескереді. Тәрбиеші тікелей басшылық жасап, балалардың ойыны шығармашылық сипат алуға бағыттайды. Қонаққа шақырған «ауыл» балалары да өздерінің сыйлықтарын қонақтарына дайындап, қарсы алу рәсімдерін түгел жасайды.


20