| Пәннің аты:Математика | Уақыты:15.02.16 | Кабинет:№16 | Мұғалім: А.Т.Сугирбаева |
| Сабақтың атауы | Бірдей сандарды қосу |
| Мақсаты | Оқушылардың таңбалары бірдей және әр түрлі екі санды қосу тақырыбынан алған білімдерін тереңдету, жүйелеу. Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттері, білім, білік дағдылары дамиды, математикаға деген қызығушылығы артады. Өзін-өзі басқаруға, ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, дәлдікке, өз мүмкіндіктеріне сенуге, үлкен жетістікке ұмытылады. Математика әдістемелігі, математика оқулығы, ғаламтор көзі, қағаз А4, маркер, стикер, флипчарт, суреттер, бейнежазба Блум таксономиясы, ойын, бағдаршам |
| Күтілетін нәтиже Ресурстар: Әдісі: |
| Психологиялық ахуал /2 мин/ | Үлкенге де сіз Кішіге де сіз Барлығына құрметпен Бас иеміз біз Сандар арқылы топқа бөлінеді. | Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді. |
| Білу /3 мин/ | «Кім жүйрік?» ойынымен 10 асықтың 3 – еуін Досың сұрап алады. Айтшы сонда нешеуі Өз қолыңда қалады? (7) Бір – бірімен жарысқан Төрт аю, бір арыстан. Екі қой мен бір түлкі Бәрі нешеу кім білді? (8) | Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі. |
| Түсіну /5 мин/ | --Екі екіден неше домбыра ? 2+2+2 -Екі домбырадан неше сөреге қойылған? 3 2+2+2=6 -Екі екіден неше қобыз? 2+2+2+2 -Екі қобыздан неше сөреге қойылған? 4 2+2+2+2=8 |
| Қолдану /7 мин/ | Оқулықпен жұмыс. І топ: 10 санын бірдей қосылғыштардың қосындысымен алмастырады. ІІ топ: 9 санын бірдей қосылғыштардың қосындысымен алмастырады. ІІ топ: 12 санын бірдей қосылғыштардың қосындысымен алмастырады |
| Талдау /15 мин/ | І топ: №3 есеп Түсті қағаз – 37 парақ Ақ қағаз - ?, 18 парақ артық Барлығы.- ? Ш: 1) (37 + 18) +37= 92(парақ) Ж: барлығы 92 парақ Түсті қағаз– 37 парақ. Ақ қағаз - ?, 18 парақ артық Ақ қағаз қанша .- ? Ш: 2) 37+ 18 = 55 (парақ) Ж: 55 парақ ақ қағаз ІІ топ: №5 есеп. Теңдеулерді шешу. Тақтада орындау. х -32=53 84-х=24 х+38=40 ІІІ топ: №6 есеп.. «Кім жылдам?» ойыны арқылы амалдарды жазбаша түрде орындау. 16+44=60 100-77=23 65+35=100 39+38=77 24+48=72 59+26=85 100-59=41 74-46=28 |
| Сергіту сәті /3 мин/ | «Көңілді күн» әніне билейді. | Ой сергітеді,шашағандары басылады |
| Жинақтау /3 мин// | І-топ: 1.Ұзындығы 5 см, ал ені 4 см тік төртбұрыштың периметрін тап. 2. Шаршы дегеніміз не? 3. 50 – ге 4 және 2 сандарының қосындысын қос. ІІ топ: 1. Тік төртбұрыштың қасиеті дегеніміз не? 2. Тал басында тізіліп, 50 алма тұр еді. Жел соқты да үзіліп, Түсті алманың 20 - сы. Ізінше оның тағы да Түсті және 5 алма. Айтыңдаршы, балалар, Тұр әлі ілініп, Алманың нешеуі? 3. 15= 5+2+5+5 Қай сан артық? ІІІ топ: 1. Үйге жұмсап Жарқынды Алдырдық біз үш түйе Қос қап бидай артылды Әр түйенің үстіне Тапқыр болсаң ал санап Бидай алдық қанша қап? 2. 20= 10+10+10 Не артық? 3. 30-х= 10 теңдеуінің шешімі нешеге тең? |
| Үйге тапсырма /2 мин/ | Үйге тапсырма: 171- бет 7-есеп | Күнделіктеріне жазып беремін |
| Бағалау/ 2 мин/ | «Ашық журнал» | Оқушылар өздеріне қойылған бағаны тақтадағы ашық журналдан көреді |
| Кері байланыс /2 мин/ | «Бағдаршам» | Стикерлерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады |