Сабақтың тақырыбы: Мұхтар Мағауин . «Бір атаның балалары»(Повесьтен үзінді)
Сынып: 6
Мерзімі:
Сабақ мақсаттары:
Білімділік: Мұхтар Мағауиннің өмірінен мағлұмат беру,шығармасымен танысу. Шығармасының мазмұны мен тақырыптың идеясын ашу.
Дамытушылық: жеке тұлғаның өзін-өзі басқаруға,топта жұмыс істеп,өз көзқарасын дәлелдеп,қорғай білу қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: бауырмалдыққа,қайырымдылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Құралдар: оқулық, интербелсенді тақта, А2 плакат, жапсырма, маркерлер,
проектор, фотоаппарат, видеокамера.
Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, топтастыру, дамыта оқыту, іздену,ой шақыру, салыстыру, шығармашылық жұмыс.
Оқыту нәтижесі:
топта пікірталасқа түседі;
тақырыптың идеясын ашады;
өз көзқарастарын дәлелдейді.
өзара сыйластық қарым-қатынас орнайды
Сілтеме: Қазақ әдебиеті. 6-сынып, авторы: К.Ісләмжанұлы,С.Тілешова,Б.Әрінова,
Р.Баттал . Алматы «Атамұра» 2011
| Сабақ кезеңдері | Уақыт | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушылардың іс-әрекеті |
| Ұйымдастыру кезеңі | 2 мин | Амандасу. Бір-біріне «Сәттілік тілеймін!» бір-бірлеріне жақсы тілек айту арқылы оқушыларға сыныпта психологиялық ахуал орнату. Сандар тарату арқылы топқа бөлу. | Қарама-қарсы тұрған оқушымен амандасып, сәттілік тілейді. Берілген сандар арқылы өз тобына отырады. ОЖЕСОжО |
| Білім | 3 мин | Төмендегі сұрақтар арқылы сабақтың тақырыбын ашу. Біз қандай республикада тұрамыз? Қазақ халқына тән қасиеттерді атаңдар? Бауырластық деген не? | Сұрақтарға жауап бере отырып, сабақтың тақырыбы ашады. Әр топ өз ойларын айтады. (Қазақстан республикасында; көп ұлтты; мейірімділік,қайырым- дылық, қонақжайлық. ОмОЖТ, СТОҮ. |
| Түсіну | 15 мин | Қысқаша дайындаған слайд бойынша тұжырымдамалық карта арқылы ақын өмірбаянына шолу. | Білуге тиісті | Мәліметтер | | Туған жылы | 1940 жылы 2 ақпан. | | Туған жері | Семей облысының Шұбартау ауданында ауыл мұғалімінің отбасында дүниеге келген. | | Оқыған жері | 1957 жылы Баршатас орта мектепті бітіреді. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетіне оқуға түседі. | | Шығармалары | "Тазының өлімі" (1969), "Бір атаның балалары" (1973), "Көкбалақ" (1978), "Жүйріктің тағдыры" (1979), "Шақан-Шері" (1984) т.б повестерінің, "Көк мұнар" романы (1971) мен "Аласапыран" роман-диологиясының (1980-1982) | «Бір атаның балалары» шығармасын оқып мазмұндауды тапсырамын. «Мәтін бөліктері» оқыта үйрету. «Мозайка»әдісі арқылы маңызды тармақтарды келісіп алады. (Хатшы,баяндамашы,таймкиппер, төраға,бақылаушы,бағалаушы) болып бөлінеді. Тапсырмалар беріледі. I топқа-«Бастау» әңгімесінен «Кіріспе»бөлігі.244- 248бет IIтопқа- «Зигфрид Ахметұлы» әңгімеден «Негізгі ой» бөлігі.248-250бет IIІ топқа «Шарықтау»бөлігі 250-253бет IVтопқа «Қорытынды» бөлігі 254-253бет | Слайд арқылы ақын өмірімен,шығармаларымен танысады. Оқушылар білімін кеңейтеді. Топтар жеке-жеке түсіндіреді,ойларын айтады. 1940 жылы,2 ақпан да дүниеге келегн. 1957 жылы Баршатас орта мектепті бітіреді. "Бір атаның балалары" (1973), "Көкбалақ" (1978), "Жүйріктің тағдыры" АКТ,СТОҮ, ТжДБО Әр топ берілген тапсырманы орындайды. Оқулықтағы шығарманы оқиды, жұппен және топпен талқылайды. Оқушылар топтарында мүшелерді сайлайды,түсіндіру арқылы талқылайды,мазмұндауды аяқтап,басқа топпен алмасады. АКТ, СТОҮ, ТжДБО |
| Қолдану | 3мин | Кейіпкерлер сөзінен адамдардың бір-біріне «халық жауы»деп жала жапқан баяғы 1937-1938 жылдардың елес беріп қалатындығына мәтіннен мысал келтіріп,өз бағаларынды беріңдер. Тарих пәнімен байланыстырып, өткен немесе естіген мәліметтерді пайдалана отырып, өздері мысал келтіреді. | Оқушылар әңгімені оқыған кезде кейіпкерлер айтқан сөздерін қолданады. ОмОЖТ, СТОҮ, ОБжК. |
| Сергіту сәті | 2 мин | Музыкалық «Менің қимылым» сергіту жаттығуын жүргізу. | Сергіту жаттығуын жасайды. |
| Талдау | 7мин | Тақтаға «Әңгіме кестесі» схемасы арқылы талдап анықтайды. | Әңгіменің аты | Бір атаның балалары | | Әңгіменің авторы | | | Кейіпкерлері | | | Қай кезеңді суреттейді? | | | Әңгіме немен аяқталады? | | | Не үйретті? сен үшін осы тақырыптың маңыздылығы неде? Өзіңнің бойында осы кейіпкерлердің қандай қасиеттері бар? қандай қасиеттер сенің бойыңда жоқ, неге? | | | Схема арқылы оқушы көреді,тыңдайды білімін зерделейді. Жауап берген оқушы білімін жанартады, түсінбеген сұрақтарға жауап алады. 1.Мұхтар 2.МағауинАхмет, Берден,Дәуребек,т.б. 3. Соғыс кезеңіндегі ауыл тұрмысы,панасыз балаларды суреттейді. 4.Зигфридті Ахмет ақсақалдың өзіне бала етіп алуымен аяқталады. 5.Ер баланың қазақ отбасындағы ерекше орны, мейірімділікті,батылдықты,бауырмалдықты үйретті. ОмОЖТ, СТОҮ, ОБжК, ТжДБО. |
| Жинақтау (синтездеу) | 10 мин | Интербелсенді тақтадан «Жетімдер» бейнефильмінен үзінді көреді. Сұрақтар қойылады: Көрген бейнефиль саған қандай әсер етті? Бейнефиль мен жоғарыда оқыған шығарманы байланыстыр. Қайырымды және бауырмал болу үшін не істеу керек? флипчарт бетіне түсіреді, топ спикерлері постер қорғайды! Топтардан кім шығып сөйлегеніне қарап, кімнің оқытудағы басқарушылыққа, көшбасшылыққа икемі барлығын зерделеймін, «жақсы, керемет», деп, қолдау білдіремін. Жазған еңбектерін жинап балалардың жасаған жұмыстары бойынша тексеремін. | Жасаған постерлерін таныстырады, өз ойларын айтуды үйренеді, идеясын анықтайды. СТОҮ, АКТ, ТжДБО |
| Бағалау: | 3 мин | Топ бір-бірлерін бағалайды,жұппен бағалайды Нені білмедім? Нені үйрендім? Нені білгім келеді? | Сабақты бағалау. Оқушылар бір-бірін бағалайды сұраққа жауап береді. Бағалайды,талқылайды,өз талабын айтады. Өзін- өзі бағалау, топтық бағалау. ОүБжОБ, ОмОЖТ. |
Сабақтың тақырыбы: Әңгіменің тарихи деректілігі мен кейіпкерлер бейнесі.
Сынып: 6
Мерзімі: 6 .04.13
Сабақ мақсаттары:
Білімділік: Шығарманың мазмұның пайдалана отырып, әңгіменің деректі әңгіме,тарихи кезең оқиғасын арқау етуі, кейіпкерлер бейнесін ұғындыру.Оқушылардың кейіпкерлерге толық мінездеме беруіне, тағдырына ортақтаса алуына мүмкіндік туғызу.
Дамытушылық: Кейіпкерлер әрекетін талдау арқылы өз ойын тұжырымдап жеткізуге дағдыландыру. Оқушылардың тарихи оқиғаларды есте сақтау, зерттеу, іздену шығармашылық жұмыс істеу қабілетін дамыту.Кейіпкерлер арасындағы ізгілік қарым-қытынасты талдау.
Тәрбиелік: Тарих беттері деректері арқылы өткенді құрметтеуге, бауырмалдыққа, адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Іскерлік пен дағдыны қалыптастыру.
Құралдар: оқулық,интербелсенді тақта,А2 плакат,жапсырма,маркерлер,
проектор, фотоаппарат, Ұлы Отан соғысы туралы суреттер,адамның
жақсы қасиеттері туралы нақыл сөздер.
Әдіс-тәсілдер: ұжымдық оқыту,сұрақ-жауап, топтастыру, дамыта оқыту.
Оқыту нәтижесі:
Шығарма кейіпкерлерін жан-жақты талдады;
олардың ара-қатынасын анықтады;
әр оқушы сын тұрғысынан баға берді,зерттеу жүргізді;
өз ойларын тұжырымдай білді;
топта пікірталасқа түсті;
өзін бағалай алды, жұбын бағалай алды.
Сілтеме: Қазақ әдебиеті. 6-сынып, авторы: К.Ісләмжанұлы,С.Тілешова,Б.Әрінова,
Р.Баттал . Алматы «Атамұра» 2011
| Сабақ кезеңдері | Уақыт | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушылардың іс-әрекеті |
| Ұйымдастыру кезеңі | 2 мин | Оқушылар бір-бірлеріне қозғалмалы қимыл арқылы амандасудың түрін көрсету. Осы арқылы сыныпқа психологиялық ахуал орнату. Оқушыларды санау арқылы топтарға бөлу. | Мұғалім ретімен айтуы бойынша әр оқушы амандасудың түрлерін қозғалмалы қимыл арқылы көрсетеді. Оқушылар айтылған сан бойынша топтарына барып отырады. |
| Білім | 3 мин | «Өткен заман сыр шертеді» ойталқы Өткен тақырыпта шығармадағы оқиға Ұлы Отан соғысы жылдары болған. Бүгін біз Ұлы Отан соғысы туралы сөз етеміз. Неге? Кім айтады? деген сұрақтар төңірегінде ой қозғау. | Тыңдайды,қабылдайды,ойлайды,сұрақтарға жауап береді. Әр топ өз ойларын айтады. Өткен сабақтың тақырыбымен ұштастырады, дамытады. СТОҮ, ОмОЖТ. |
| Түсіну | 15 мин | «Авторға сұрақ қою» стратегиясы бойынша әр топқа сұрақ таратылады. Ахмет тәрізді адамдар қазір кездесе ме? Балалық шағыңыздың осы шығармамен байланысы бар ма? Бір үйдің балалары Нартай мен Ертайды бөлмеуге балмады ма? Бүгінгі бейбіт заманда өз отбасында тәрбиеленбей,шетелге асып жатқан балалар туралы не айтуға болады | Берілген жұмыстармен танысады. Оқушылар білімін кеңейтеді. Топтар жеке-жеке түсіндіреді, ойларын айтады. Әр топ берілген тапсырманы орындайды. Оқулықтағы шығарманы оқиды, жұппен және топпен талқылайды. СТОҮ, ОмОЖТ, ТжДБО, ОБжК. |
| Қолдану | 3мин | «Синонимін тап!» тапсырмасы бойынша Ұлы Отан соғысы туралы шығармаларды еске түсіру, мейірімділік сөзіне синоним жазу. | Байланыстыру арқылы тәжірибеде қолданады. Синонимдерді жазады. ОмОЖТ, СТОҮ. |
| Сергіту сәті | 2 мин | Музыкалық «Менің қимылым» сергіту жаттығуын жүргізу. | Сергіту жаттығуын жасайды. |
| Талдау | 7мин | 4. Мағынаны тану. Шығарманың кейіпкерлерін талдау жұмыстарын жасайды. «Айдарлар құру» стратегиясы бойынша топтық жұмыстар. Интербелсенді таөтада тапсырмаларды көрсетіп қоямын. 1-топ: Зигфрид 2-топ: Ахмет 3-топ: Дәуренбек 4-топ: Бригадир Берден. | Тапсырмалар | Зигфрид | Ахмет | Дәуренбек | Бригадир Берден | | Портреті | | | | | | Мінезқ-ұлқы | | | | | | Әр түрлі әрекеттері | | | | | | Кейіпкердің ұстанымы | | | | | Оқушылардың алдына тапсырма бойынша бағалау парағын таратамын. Әр топ бір-бірін бағалайды. | Топ | Портреті | Мінезқ-ұлқы | Әр түрлі әрекеттері | Кейіпкердің ұстанымы | Жиынтық бағасы | | І (4) | | | | | | | ІІ(1) | | | | | | | ІІІ(2) | | | | | | | ІV(3) | | | | | | Топпен бірігіп бағандарды толтырады, қорғайды. Сұрақ арқылы кері байланысқа түседі. Жұбын бағалап,пікірталасқа түседі,тобын бағалап, жетістігін,нақты түсінік алынады,талпыныс болады,тұжырым жасалады. | Оқушыларға бағалау парағы бойынша талдау жұмысын жасайды, кесте бойынша кейіпкерлерге мінездеме береді. І-топ.Зигфрид. 1.Көк көзді,жалбыраған ұзын сары шашты сары бала,кірпігі мен қасы да сары. 2.Жайдары,жомарт,ұғымтал,кекшілдігі жоқ, ақылды. 3.Барлық жағдайға да тез бейімделгіш,ешкімді алаламайдығ еңбекқор. 4. «Бәріміз бір өзеннің арнасы,бір атаның баласымыз» ІІ-топ. Ахмет:1. Ширатылған ұзын бозғылт мұрт,шоқша сақалды,өңі жел мен күнге тотыққан ақ сұр шал. 2.Ашушаң,молданы үйінен қуып шығады.Балажан,бауырмал,қайсар және алған бетінен қайтпайды.Ақыл-парасаттың иесі. 3.Бауырына басқан баласы үшін өзге ауылға көшіп кетеді.Зекенді өз баласындай сүйеді. Тез ашуланады,бірақ әр нәрсені байыппен жасайды. 4. «Сыртқы түр-перде.Ішін айт,пиғылын айт» ІІІ-топ. Дәуренбек. 1.Қара галифе шалбарлы,әскери гимнастеркалы жігіт. Келбеті қатал,яғни немістерге деген өшпенділігі артқан. 2.Жауға деген өшпенділігі мол. Тез ашуланып қалады.Өте қызуқанды. 3.Өз қателігін мойындап, Ахметтен кешірім сұрайды, Ахмет қарияға қарсы шығып, қатты сөздер айтады. Неміс пен фашисті ажырата алмады. 4. «Жауды аяған» IV –топ. Бригадир Берден Дәл осы сияқты талдайды. ОмОЖТ, ДжТБО, ОЖЕСОжО, ОБжК, ОүБжОБ, СТОҮ. |
| Жинақтау (синтездеу) | 10 мин | 5. «Саралау» кезеңі 1 топ. Басты кейіпкерді анықтау. Зигфрид Вольфганг Вагнерден Зекен Ахметұлы Бегімбетовке дейінгі іс-әрекеттерді саралау. 2 топ. Зигфрид Ахметке алғыс арнауы. 3 топ. Зигфридтің Дәуренбекке түсінбеушілік хатын жазу. 4 топ. Зигфридтің соғысқа қарсылық жолдауы. Әр топ ортаға өз ойларын салып, жинақтап айтады. әр топ орға флипчарт арқылы Зекеннің моделін жасайды. 1.Жоғарыда көрсетілген бейнефильм сендерге қандай әсер етті? 2. Зигфрид барлық жағдайда да тез бейімделгіш болды ма? 3.«Балалар республикасының тең құқылы азаматы» дегенді қалай түсінесіңдер? Әр топ ортаға өз ойларын салып, жинақтап айтады, флипчарт арқылы қорғайды. | Тілін кәлимаға келтірді. Сүндетке отырғызды. Асық жілік ұстар тойы өтті. Зекен Бегімбетов атанды. Құмнан қорған соғады,балшықтан үй қалайды. 3-4 аптада аяғын қүс басқан,қара сирақ, қараторы бала болады. Шашы ұстарамен алынған тақырбас. Тілі біршама бастыққан.Ептеп қазақша сөйлей бастады. Нарымбеттің інісі атанды. Асық ойнап суға шомылды. Малды қайырысуға көмектеседі. Балалар республикасының тең құқылы азаматы атанды. СТОҮ, АКТ, ТжДБО. |
| Бағалау: | 3 мин | "Екі жұлдыз бір ұсыныс" арқылы бағалау. | Бағалайды,талқылайды, Өз талабын айтады. топтық бағалау. Сабақты бағалау. Оқушылар "Екі жұлдыз бір ұсыныс" арқылы өзін- өзі бағалайды. ОүБжОБ, ОмОЖТ |
Сабақтың тақырыбы: Қазақ халқының кең,қонақжай қасиеттері.
Сынып: 6
Мерзімі: 10 .04.13
Сабақ мақсаттары:
Білімділік: Оқушыларға ғасырлар бойы қалыптасқан қазақтардың рухани өмірін осы кезге дейін жеткізген халықтың әдет-ғұрпын сақтай отыра, дала өңірінде қонақжайлылық, қазақтар арасында дос-бауыр болу(тамыр болу), өзара көмек көрсету сияқты ұғымдарды түсіндіру,шығарманың мазмұның терең меңгерту, қорытынды жасауға дағдыландыру.
Дамытушылық: Әр оқушының өзіндік ой қиялына ерік бере отырып өзінше ой түюге баулу,салыстыра білу дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиелік: оқығандарын ортаға салып,өз ойын тұжырымдай білуге және өзгенің пікірін сыйлауға үйрету,адамгершілік сезімдерін қалыптастыру,ұлттық салт-дәстүрді қадірлей білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: қорытынды,жүйеге келтіру,ой дамыту сабағы.
Құралдар: оқулық,интербелсенді тақта,А2 плакат,жапсырма,маркерлер.
.
Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, топтастыру, дамыта оқыту,сын тұрғысынан ойлап талдау жасау,пікірін қорғау.
Оқыту нәтижесі:
Бір-бірлеріне қамқор білдірді.
Өзінің ойына ерік жігер бере алды;
Салыстырды;
Тұжырымдай білді;
Ұлттық салт-дәстүрді қадірлей білді;
Қорытынды жасай алды.
Сілтеме:Қазақ әдебиеті. 6-сынып, авторы: К.Ісләмжанұлы,С.Тілешова,Б.Әрінова,
Р.Баттал . Алматы «Атамұра» 2011жыл
| Сабақ кезеңдері | Уақыт | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушылардың іс-әрекеті |
| Ұйымдастыру кезеңі | 2 мин | «Шаңырақ» құру Керегені құрайық Уықтар боп иіліп, Шаңыраққа киіліп Киіз үйді құрайық. Оқушыларға қимыл-қозғалыс арқылы шаңырақ құру, психологиялық ахуал орнату. 2. Шығармада бар ұлттардың суреті арқылы оқушыларды топқа бөлу.(қазақ,орыс,неміс,татар) осы суреттер бойынша оқушылар таңдау жұмысын жүргізіп,орындарына отырады. Топқа отырғаннан кейін топ басшысын өздері сайлайды. | Оқушылар отырған топ бойынша шаңырақ құрады, қима суреттер арқылы оқушылар топқа бөлінеді. Суреттерді таңдап, өз тобына отырады. Топ басшысын бірігіп сайлайды. ОЖЕСОжО, ОмОЖТ. |
| Білім | 3 мин | Ой қозғау. Қонақжайлылық туралы. Ішіне-сыртына стратегиясы бойынша жұмыс істейміз.Интербелсенді тақта арқылы сөздерді алмастырып қоямын.Оқушылар таңдам жазады. Қонаққа қатысты сөздерді ішіне,қатысы жоқ сөздерді сыртына жазамыз. Ішіне: Кәде Сыбаға Қошемет Құтты Көрімдік Құрмет Сыртына: Кітап Кино Теңіз Өсімдік Орындық Өткен тақырыбымыз бен қандай байланыс бар? -Бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай деп ойлайсыңдар? сабақтың тақырыбын айтады. | Тыңдайды,қабылдайды,ойлайды,сұрақтарға жауап бере отырып, әр топ өз ойларын тақтадан тауып жазады. Сабақтың тақырыбын ашады. СТОҮ, АКТ. |
| Түсіну | 15 мин | Пікірталас. (әр топ мақал-мәтелдердің мағынасын ашып, өз тұжырымдарын дәлелдейді) 1-топ Асыңа тойғызбасаң да ақ ниетіңе тойғыз. 2-топ Қонағын сыйласа төрге шық дейді. 3-топ Қонағыңнан алтын алма, алғыс ал 4-топ Қонағын сыйласа төрге шық дейді. Қазақ халқының кең пейілін аша отырып, шығармадаға басты кейіпкер Ахмет шал Зигфридке көрсеткен адамгершілігі туралы байланыстырып айтады. | Әр топ берілген тапсырманы орындайды. Мақал-мәтелдердің ара жігін ашып, мағыналарын түсіндіреді. СТОҮ, ОмОЖТ, ТжДБО, ОБжК. |
| Қолдану | 3мин | «Кубизм» әдісі бойынша мына кубикті әр топқа кезекпе-кезек иіремін, қай қырының сұрағы түссе, соған жауап береді. Суретте. Ахмет Зигфридті қалай қарсы алды? Ахметтің қонақжайлылығы қай жерде байқалды? Салыстыр. Өткен тақырыпта қонақжайлылық бойынша М.Әуезов «Біржан сал Абай ауылында» шығармасында Абай Біржанды қалай күтті? Зертте. Ереулік туралы не білеміз? Басқа елде қонақтарды қалай күтеді,салты қандай? Талқыла. Шығармадағы заман мен қазіргі замандағы қонақжайлылықта өзгешілік бар ма? | Суреттеу бойынша оқушылар әңгімедегі басты кейіпкерлердің іс-әрекеттерін түсіндіреді, көрініс арқылы өз ойларын жеткізеді. Салыстыру арқылы өткен тақырыппен байланыстырады. Зерттеу кезінде оқушылар түсіндірмелі сөздіктермен, шығарманың басты идеясын басшылыққа ала отыра, салыстыру жұмыстарын жасайды. Талқылау кезеңінде өткен заман мен қазіргі заманның қонақты қалай күтетіні туралы айырмашылығын айтады. СТОҮ, ОмОЖТ, ТжДБО, ОБжК, ОЖЕСОжО. |
| Сергіту сәті | 2 мин | «Нағыз қазақ осы міне танып қой» әнін тыңдату, қимылдар жасап, билету. | Би арқылы сергіту жаттығуын жасайды. |
| Талдау | 7мин | Интербелсенді тақтадан қазақ халқының кең,қонақжай қасиеттері туралы видеоролик (4мин) көрсету арқылы «Қазақ еліне деген сүйіспеншлік» тақырыбына флипчарт бетіне түсіріңіздер,постер дайын болған соң қорғаңыздар ! Қорғаушы топтарды қол соғу арқылы бағалау. | Видеоролик көру арқылы өздерінің ойларын жинақтап, жасаған постерлерін таныстырады, өз ойларын айтуды үйренеді, идеясын анықтайды. ОмОЖТ, АКТ, ТжДБО, ОБжК. |
| Жинақтау (синтездеу) | 10 мин | «Даңқ аллеясы» әдісімен қорытындылау. Әр топтан бір оқушы шығып, бүгін сабақтан не алғаны жайлы айту. | Әр топтан бір оқушы шығып, бүгін сабақтан не алғаны жайлы айтады. ТжДБО, СТОҮ, ОЖЕСОжО. |
| Бағалау: | 3 мин | Әр топ көшбасшысына өз топ мүшелеріне баға бергізу. «Нүктелі дауыс»әдісімен қорытындылау  | Әр топ көшбасшысы өз топ мүшелеріне баға береді. Оқушылар нысанға (мишенге ) нүктелерді жапсырады СТОҮ, ОЖЕСОжО, ОҮБжОБ. |
Сабақтың тақырыбы: Әбіш Кекілбаев «Шыңырау»
Сынып: 6
Мерзімі: 13 .04.13
Сабақ мақсаттары:
Білімділік: 1.Жазушы өмір жолы, шығармашылығымен таныстыру, шығармаларының тақырыбы мен идеясын меңгерту.
Дамытушылық: Мәтіндік талдау арқылы жүйелі ой, пікірлерін жеткізуге, шығарманы мәнерлеп оқуға дағдыланыру.
Тәрбиелік: Адамгершілікке, еңбек тақырыбына талдау жасау арқылы еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақты түсіндіру.
Құралдар: оқулық,интербелсенді тақта,А2 плакат,жапсырма,маркерлер,
Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, топтастыру, дамыта оқыту, талдау, салыстыру, іздендіру, өзара бірін-бірі оқыту.
Оқыту нәтижесі:
Сілтеме: Қазақ әдебиеті. 6-сынып, авторы: К.Ісләмжанұлы,С.Тілешова,Б.Әрінова,
Р.Баттал . Алматы «Атамұра» 2011
| Сабақ кезеңдері | Уақыт | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушылардың іс-әрекеті |
| Ұйымдастыру кезеңі | 2 мин | Әрбіреуіңіз өз атыңызды айтасыз және сол бастапқы әріптен басталатын сөзбен өзіңізге мінездеме бересіз, мысалы, доп аркылы ,менің атым – Ботакөз, мен бауырмалмын. Оқушыларға психологиялық ахуал орнату Сандар тарату арқылы топқа бөлу. | Қарама-қарсы тұрған оқушымен амандасып, сәттілік тілейді. Берілген сандар арқылы өз тобына отырады. |
| Білім | 3 мин | Интербелсенді тақтадан слайд арқылы Ә.Кекілбаев өмірі, автор туралы өзгелер пікірімен танысу, автордың қайраткерлік,қаламгерлік қызметімен таныстыру. Ұжымдық жұмыстар. «Шыңырау» хикаятытын бөлімдерге бөліп, оқыту. Шығарманың әр бөліміне ат қою. | Тыңдайды,қабылдайды,ойлайды,сұрақтарға жауап бере отырып, сабақтың тақырыбы ашады. Әр топ өз ойларын айтады.АКТ, ОмОЖТ, СТОҮ. |
| Түсіну | 15 мин | 1.Жоспар бойынша әр топ шығарманың мазмұның айтады. | Әр топ берілген тапсырманы орындайды. Оқулықтағы шығарманы оқиды, жұппен және топпен талқылайды. СТОҮ, ОмОЖТ, ТжДБО, ОБжК. |
| Қолдану | 3мин | Еңсепке мінездеме бер. Әңгіменің мазмұнымен байланыс орнату. «Жұптасып ойлан – бөліс» әдісі арқылы дәлелдеу. Уәж беру, бағыт-бағдар беру. Сұрақтар беріледі. 1топ.Еңсептің еңбегі елге қандай жақсылық әкелді? 2топ.Шығармада қандай кәсіп түрі суреттелген? Мұндай кәсіптің қажеттілігі қандай? 3топ. Еңсеп құдық орнын таңдауда неге ақсақалдардың пікірімен келіспеді? Сендер кімнің пікірімен келісесіңдер? 4топ. Еңсеп өлімінің себебі неде? дәлелдеңдер. | Оқушылар топта Еңсепке мінездеме береді. Топ тапсырманы орындап болғаннан кейін, әр топтан бір адам «өкіл» ретінде таңдалады, түсіндіріп, жинақтау үшін басқа топқа жіберіледі. Сосын не білгенін өз тобына келіп айтады. Интербелсенді тақтаға берген мінездемелерін түсіреді. Көшбасшы бағалайды 1.Оқушылар ойланып әрқайсысы жеке жауап жазады. 2.Жұптарға бөлініп, өздерінің ең үздік деген жауаптарын ұсынады 3.Оқушылар өздерінің жаңа жақсартылған жауаптарымен сыныппен бөліседі СТОҮ, ОЖСЕжО, ОБжК, ТжДБО. |
| Сергіту сәті | 2 мин | Музыкалық «Менің қимылым» сергіту жаттығуын ойнатамын | Сергіту жаттығуын жасайды. |
| Талдау | 7мин | Еңбексіз өмір жоқ,ауырсыз жеңіл жоқ. Мақал- мәтелдің мағынасын аша отырып флипчарт қорғау. | Схема арқылы оқушы көреді,тыңдайды білімін зерделейді. Әр топ ортаға шығып, постерлерін қорғайды. ОмОЖТ, ОмОЖТ, ТжДБО. |
| Жинақтау (синтездеу) | 10 мин | Интербелсенді тақта арқылы оқушылар еңбек туралы сөзжұмбақ шешеді. «Еңбек түбі-береке» тақырыбына эссе жазу. | Интербелсенді тақтада тұрған сөзжұмбақты шешеді. Өз ойларын жинақтап, тақырып бойынша эссе жазады. СТОҮ, ТжДБО. |
| Бағалау: | 3 мин | «ИНСЕРТ» әдісі бойынша бағалау. Мен нені білемін? Мен нені білгім келеді? Мен нені білдім? әдісі арқылы бағалау | Сабақты бағалау. Оқушылар бір-бірін бағалайды сұраққа жауап береді. Бағалайды,талқылайды, Өз талабын айтады. Өзін- өзі бағалау, топтық бағалау. ОүБжОБ, СТОҮ. |