СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Білімділер сайысы

Нажмите, чтобы узнать подробности

 «Білімділер» сайысы.

Армысыздар ма, құрметті ұстаздар, оқушылар және ойынға қатысушы сайыскерлер! Ойын толқын, айналған қатты ағысқа, Табылғандай танымда, жат дауыста. Біреу озып келеді қатарынан, Біреу қалып жатады асығыста. Ойын толқын жатқанда асып, тасып, Біреу мығым,біреулер шалыс басып. Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар, Жеңсе де, жеңілсе де қалма жасып. «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» деген дана халқымыз.Біз білім теңізінен жүзіп өткенде ғана еліміздің тірегі, сүйеніші боламыз.Сондықтан да бүгінгі  «Білімділер» сайысына қош келіпсіздер!Сайысқа келіп отырған  оқушыларымыздың жолы ақ мол болсын, жүлделі орыннан көрінсін деген тілекпен, сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Баға берер топтарға , Қара қылды қылышпен қақ жаруға . Әділқазы алқасын біз сайлайық, Жүлдегерді таңдап бүгін алуға. Бүгін білім сайысын бағалайтын әділқазылар алқасын таныстыруға рұқсат етіңіздер! Алдымен сайысымызды бастамас бұрын сайыскерімізді таныстырып өтейік. Сайыскерлер үш топқа бөлінген. Сайыс мынадай кезеңдерден тұрады: 1-ші кезең. «Кім білімді?» 2-ші кезең. «Полиглот» 3-ші кезең. «Ғажайып алаң» 4-ші кезең. «Кім тапқыр?» 5-ші кезең. «Кім жылдам?»  

1-ші кезең. «Кім білімді?»  (Әр топқа ортақ 5 сұрақ беріледі. Барлық  5 сұраққа 2 минут, әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпай) 1-топ сұрақтары. 1. Қазақ халқының батыр қыздары кімдер? ( Мәншүк пен Әлия)                                                                                           2. Қазақ тілінен дауысты  дыбыстар нешеге бөлінеді? (2)                                                                          3. Жылдың төрт мезгіліне өлең жазған ақын (Абай)                                                                                                              4. 1 тоннада неше килограмм бар? (1000 кг)                                                                                        5. Оңынан да, солынан да оқысаң өзгерісі жоқ ұлттың атауы. (қазақ)

2-топ сұрақтары. 1. Ата Заңымыз  қашан қабылданды? (1995 жыл 30 тамызда)                                                                                                      2. Заттың сынын білдіретін сөз табы. (Сын есім)                                                                                                       3. Екі ақынның өлең жарысы. (Айтыс)                                                                                                                                                4. 100 жыл неше ғасыр? (1 ғасыр)                                                                                                                                 5. Ұя салмайтын құс. (Көкек)

3-топ сұрақтары.                                                                                                                                                                                             1. Қазақстан қай жылы тәуелсіздік алды? (1991 жылы 16 желтоқсан)                                                                                        2. Тұрлаусыз мүшелерді ата. (толықтауыш, анықтауыш, пысықтауыш)                                                                           3. Абылайдың шын аты. (Әбілмансұр)                                                                                                                                                                 4. Мәтіннің неше түрі бар? (3 түрі)                                                                                                                                                                                                5. Қазақтың тұңғыш ғарышкері. (Т.Әубәкіров)  

Келді кезек «Полиглот» шешуге, Жауаптарын беруге үш тілдерде. Қазақ, орыс, ағылшынды білсеңіз, Жақсы баға шәкірт саған несібе. 2-ші кезең «Полиглот»  Барлық топқа (Әрбір дұрыс жауапқа 2 ұпай, 3 минут уақыт беріледі.) 1.     Жеті қазынаның бірі – Ит – собака – dog 2.     Тамшы тас жарады, тас жармаса …… Бас- голова-  head 3.     Өнер алды – қызыл ……… Тіл – язык — tongue 4.     Жақсы байқап сөйлер, ………. шайқап сөйлер. Жаман – плохой- bad 5.     …………. жылатып айтар Дұшпан күлдіртіп айтар Дос- друг-friend

Көрермен жиналған бұл тамашаға, Құр қарап жай отыру жараса ма? Туыс, досқа,сыныптас,танысқа емес, Соқ қолыңды білгірлер мен тапқырлар, алғырларға. 3-ші кезең.  «Ғажайып алаң» Әрбір пәннен 3 сұрақтан. (Әрбір дұрыс жауапқа 10 ұпайдан беріледі ) Математика 1)    Үстел беті төртбұрышты, оның бір бұрышын арамен кесіп алсақ, неше бұрыш қалады? (5 бұрыш) 2)    Он бір түйе, бес жылқы, екі сиыр, бес ешкі, екі қоян, үш түлкі. Таба алмасаң бос күлкі. (28) 3)    Көлденең ұшты 50 қаз, қайтып қонды 20 қаз, қонбады оның нешеуі, қане кім тез шешеді? (30 қаз)

Әдебиеттік оқу 4)   Абайдың әжесі (Зере) 5)    Біржанмен айтысқан ақын қыз (Сара) 6)    «Абай жолы» роман-эпопеясының авторы (М.Әуезов)  

4-ші кезең  «Кім тапқыр?» (Әріптер сөйлейді, 3 сұрақтан қойылады.Әр сұраққа 1 ұпай беріледі.) А- қазақтың ұлы ақыны.(А.Құнанбайұлы) Ә- алғашқы оқулық.(Әліппе) Б- қазақтың батыры.(Бөгенбай батыр) Ғ- Т.Әубәкіров кім?(Ғарышкер) Д- «Витамин»сөзінің аудармасы.(Дәрумен) Й- қоңыр түсті дәрі (Йод) К- қазақ халқының ұлттық ойындарының бірі.(Көкпар)                                                                                                                                                                                     Л- ешкінің төлі (Лақ)                                                                                                                                                              Н-ас атасы-.......(Нан) Ө- тілсіз жау-… (Өрт) Т- үш бидің бірі.(Төле би) У- Киіз үй бөлшектерінің бірі.(Уық)                                                                                                                                 Ү-алғашқы адамдардың баспанасы не болды? (Үңгірлер) 5-ші кезең   «Кім жылдам?» (Сандар сөйлейді, сандардың орнына әріптерді қою арқылы білім туралы мақал-мәтел оқи аласыңдар) Аа-1  Әә-2  Бб-3  Вв-4  Гг-5  Ғғ-6  Дд-7  Ее-8 Ее-9  Жж-10  Зз-11  Ии-12  Йй-13  Кк-14  Ққ-15 Лл-16  Мм-17  Нн-18  ң-19  Оо-20  Өө-21 Пп-22  Рр-23  Сс-24  Тт-25  Уу-26  Ұұ-27 Үү-28  Фф-29  Хх-30  һ-31  Цц-32  Чч-33 Шш-34  Щщ-35  ъ-36  Ыы-37  Іі-38  ь-39 Ээ-40  Юю-41  Яя-42 1  15  37 16  —  25  20  11  3  1  13  25  37  18        25   20  18, 3  38  16  38  17 – 25  1  26  24  37  16  17  1  13  25  37  18      14 8 18. Ақыл – тозбайтын тон, Білім – таусылмайтын кен.                                                      

Осымен сайысымыздың бес шарты да бітті. Әділқазылар алқасы оқушыларымыз жинаған ұпайларды есептеп айтса.  Осымен «Білімділер» сайысы аяқталды. Бәріңізге де көңіл қойып көргендеріңіз, тындағандарыңыз үшін көптен-көп рахмет айтамын!

Просмотр содержимого документа
«Білімділер сайысы»

«Сарқан аудандық білім бөлімінің М.Маметова атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ











Тақырыбы: «Білімділер» сайысы





Бастауыш сынып мұғалімі: Бейсембекова А.












2016-2017 оқу жылы

Сайыстың тақырыбы: «Білімділер» сайысы.
Сайыстың мақсаты: Оқушылардың  меңгерген білім деңгейін анықтау, ойлау қабілеттерін дамыту,сөйлеу мәдениетін жетілдіру, білімді.жан-жақты болуға үйрету.

Армысыздар ма, құрметті ұстаздар, оқушылар және ойынға қатысушы сайыскерлер!
Ойын толқын, айналған қатты ағысқа,
Табылғандай танымда, жат дауыста.
Біреу озып келеді қатарынан,
Біреу қалып жатады асығыста.
Ойын толқын жатқанда асып, тасып,
Біреу мығым,біреулер шалыс басып.
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,
Жеңсе де, жеңілсе де қалма жасып.
«Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» деген дана халқымыз.Біз білім теңізінен жүзіп өткенде ғана еліміздің тірегі, сүйеніші боламыз.Сондықтан да бүгінгі  «Білімділер» сайысына қош келіпсіздер!Сайысқа келіп отырған  оқушыларымыздың жолы ақ мол болсын, жүлделі орыннан көрінсін деген тілекпен, сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Баға берер топтарға ,
Қара қылды қылышпен қақ жаруға .
Әділқазы алқасын біз сайлайық,
Жүлдегерді таңдап бүгін алуға.
Бүгін білім сайысын бағалайтын әділқазылар алқасын таныстыруға рұқсат етіңіздер!
Алдымен сайысымызды бастамас бұрын сайыскерімізді таныстырып өтейік.
Сайыскерлер үш топқа бөлінген.
1. «Алғырлар» тобы.
2. «Білгірлер»тобы. 3. «Тапқырлар» тобы.
Сайыс мынадай кезеңдерден тұрады:
1-ші кезең. «Кім білімді?»
2-ші кезең. «Полиглот»
3-ші кезең. «Ғажайып алаң»
4-ші кезең. «Кім тапқыр?»
5-ші кезең. «Кім жылдам?»


1-ші кезең. «Кім білімді?»  (Әр топқа ортақ 5 сұрақ беріледі. Барлық  5 сұраққа 2 минут, әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпай)
1-топ сұрақтары.
1. Қазақ халқының батыр қыздары кімдер? ( Мәншүк пен Әлия) 2. Қазақ тілінен дауысты  дыбыстар нешеге бөлінеді? (2) 3. Жылдың төрт мезгіліне өлең жазған ақын (Абай) 4. 1 тоннада неше килограмм бар? (1000 кг) 5. Оңынан да, солынан да оқысаң өзгерісі жоқ ұлттың атауы. (қазақ)

2-топ сұрақтары.
1. Ата Заңымыз  қашан қабылданды? (1995 жыл 30 тамызда) 2. Заттың сынын білдіретін сөз табы. (Сын есім) 3. Екі ақынның өлең жарысы. (Айтыс) 4. 100 жыл неше ғасыр? (1 ғасыр) 5. Ұя салмайтын құс. (Көкек)

3-топ сұрақтары. 1. Қазақстан қай жылы тәуелсіздік алды? (1991 жылы 16 желтоқсан) 2. Тұрлаусыз мүшелерді ата. (толықтауыш, анықтауыш, пысықтауыш) 3. Абылайдың шын аты. (Әбілмансұр) 4. Мәтіннің неше түрі бар? (3 түрі) 5. Қазақтың тұңғыш ғарышкері. (Т.Әубәкіров)


Келді кезек «Полиглот» шешуге,
Жауаптарын беруге үш тілдерде.
Қазақ, орыс, ағылшынды білсеңіз,
Жақсы баға шәкірт саған несібе.
2-ші кезең «Полиглот» Барлық топқа (Әрбір дұрыс жауапқа 2 ұпай, 3 минут уақыт беріледі.)
1.     Жеті қазынаның бірі –
Ит – собака – dog
2.     Тамшы тас жарады, тас жармаса ……
Бас- голова-  head
3.     Өнер алды – қызыл ………
Тіл – язык — tongue
4.     Жақсы байқап сөйлер, ………. шайқап сөйлер.
Жаман – плохой- bad
5.     …………. жылатып айтар
Дұшпан күлдіртіп айтар
Дос- друг-friend
6.     Көп сөз күміс, аз сөз …….
Алтын– золото– gold


7.     Мектеп – кеме, білім —  …….
Теңіз – море — sea
8.     Денсаулық – зор ……..
Байлық —  богатство — rihes
9.     Білім сандығы — ………
Кітап –книга — book
10.  Футболшының алаңдағы ойын заты.
Доп- мяч- bal

Көрермен жиналған бұл тамашаға,
Құр қарап жай отыру жараса ма?
Туыс, досқа,сыныптас,танысқа емес,
Соқ қолыңды білгірлер мен тапқырлар, алғырларға.
3-ші кезең. «Ғажайып алаң» Әрбір пәннен 3 сұрақтан. (Әрбір дұрыс жауапқа 10 ұпайдан беріледі )
Математика
1)    Үстел беті төртбұрышты, оның бір бұрышын арамен кесіп алсақ, неше бұрыш қалады? (5 бұрыш)
2)    Он бір түйе, бес жылқы, екі сиыр, бес ешкі, екі қоян, үш түлкі. Таба алмасаң бос күлкі. (28)
3)    Көлденең ұшты 50 қаз, қайтып қонды 20 қаз, қонбады оның нешеуі, қане кім тез шешеді? (30 қаз)

Әдебиеттік оқу
4)   Абайдың әжесі (Зере)
5)    Біржанмен айтысқан ақын қыз (Сара)
6)    «Абай жолы» роман-эпопеясының авторы (М.Әуезов)


4-ші кезең «Кім тапқыр?» (Әріптер сөйлейді, 3 сұрақтан қойылады.Әр сұраққа 1 ұпай беріледі.)
А- қазақтың ұлы ақыны.(А.Құнанбайұлы)
Ә- алғашқы оқулық.(Әліппе)
Б- қазақтың батыры.(Бөгенбай батыр)
Ғ- Т.Әубәкіров кім?(Ғарышкер)
Д- «Витамин»сөзінің аудармасы.(Дәрумен)
Й- қоңыр түсті дәрі (Йод)
К- қазақ халқының ұлттық ойындарының бірі.(Көкпар) Л- ешкінің төлі (Лақ) Н-ас атасы-.......(Нан)
Ө- тілсіз жау-… (Өрт)
Т- үш бидің бірі.(Төле би)
У- Киіз үй бөлшектерінің бірі.(Уық) Ү-алғашқы адамдардың баспанасы не болды? (Үңгірлер)
Ч- Крокодил Генаның досы.(Чебурашка) Ш- тудың авторы. (Шәкен Ниязбеков) І- қарға «қарқ» дегенде аузынан не түсіп кетті? (ірімшік)


5-ші кезең   «Кім жылдам?» (Сандар сөйлейді, сандардың орнына әріптерді қою арқылы білім туралы мақал-мәтел оқи аласыңдар)
Аа-1  Әә-2  Бб-3  Вв-4  Гг-5  Ғғ-6  Дд-7  Ее-8
Ее-9  Жж-10  Зз-11  Ии-12  Йй-13  Кк-14  Ққ-15
Лл-16  Мм-17  Нн-18  ң-19  Оо-20  Өө-21
Пп-22  Рр-23  Сс-24  Тт-25  Уу-26  Ұұ-27
Үү-28  Фф-29  Хх-30  һ-31  Цц-32  Чч-33
Шш-34  Щщ-35  ъ-36  Ыы-37  Іі-38  ь-39
Ээ-40  Юю-41  Яя-42
1  15  37 16  —  25  20  11  3  1  13  25  37  18        25   20  18,
3  38  16  38  17 – 25  1  26  24  37  16  17  1  13  25 37 18 14 8 18.
Ақыл – тозбайтын тон,
Білім – таусылмайтын кен.

20 15 26 – 3 38 16 38 17 3 27 16 1 6 37, 3 38 16 38 17 – 21 17 38 23 34 37 23 1 6 37. Оқу – білім бұлағы, Білім – өмір шырағы.
Осымен сайысымыздың бес шарты да бітті. Әділқазылар алқасы оқушыларымыз жинаған ұпайларды есептеп айтса. «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығады» демекші бүгінгі сайысымызды таразылап, әділбағасын береді деген оймен келесі сөзді әділқазылар алқасына береміз.
Болмасын ешбір сын – өкпе,
Әсері қалды жүректе.
Қазылар берген бағалар,
Ұштассын айтар тілекке!
Енді әділқазы алқасының мүшелері бүгінгі байқауда озып шыққан балаларға мақтау қағазы мен сыйлықтарын табыс етеді.
Осымен «Білімділер» сайысы аяқталды. Бәріңізге де көңіл қойып көргендеріңіз, тындағандарыңыз үшін көптен-көп рахмет айтамын!