Күні: 20.02.16 жыл
Сыныбы: 8 «а»
Сабақтың тақырыбы: «Білім биржасы» зияткерлік ойыны
Сабақтың мақсаты:Оқушылардың білімге деген құштарлығын арттыру, зияткерлік қабілетін дамыту,өткенді қайталау.
Барысы:
І тур. Білім аукционы. Экономикалық ойынның шартымен оқушыларға 6 сұрақ қойылады. Дұрыс жауап беру арқылы топ өз ақша қорын жинайды.
ІІ тур. Эрудиттер сайысы. Топтар оқу бағдарламасынан негізгі ереже мен түсініктерді білу бойынша сайысады.
ІІІ тур. Таңдау – табыс. Әрбір топ таңдаған пәндері бойынша берілген тапсырманы орындайды.
ІV тур. Сыйлықтар аукционы. Топтар жинаған ақша қорын сыйлықтарға айырбастайды..
Қайырлы күн, құрметті қонақтар, ұстаздар мен білімге құштар жас өрендер! «Білім биржасы» атты зияткерлік ойынға хош келдіңіздер! Ойынымыздың алдында білім сайысының әділ эксперт мүшелерімен таныс болыңыздар
1.Мұхаметжанова Женісгүлім
2.Жүсіпқалиев Еркебұлан
Алдарыңызда өз білімімен, ақыл - ойымен, эрудициясымен ерекшеленген әр топтың білімді оқушылары. Ендеше кезек оқушыларда (Әр топ өз атымен және ұранымен таныстырады).
«Болашақ» тобы
«Бәйтерек» тобы
«Асыл тас» тобы
«Адам байлығының ішіндегі ең тамашасы - білім», - деген екен шығыс ғұламасы Әбу - р - Райхан әл Бируни. Ендеше, білім байлығы саудаға түсер аукционымызды бастайық.
Аукцион шартымен таныс болыңыздар. Әзірше әр топтың қорында 5000 теңгеден бар. Бұл – бастапқы капитал. Өз капиталыңызды көбейту - өз қолыңызда.
Аукционға оқу пәндері қойылады. Пән бойынша сұрақтың бастапқы бағасы – 1000. Топ капитаны бағаны 1000тенгеден жоғарылата алады. Ең жоғары баға ұсынылған соң сұрақ оқылады.. Егер дұрыс жауап айтылса – баға құны сол топқа беріледі., ал қате жауап айтылса, онда топ өз капиталынан сол ақшаны қайтарады. Ескерту: егер топ қорында бар барлық сомаға сұрақ сатып алып қателессе, онда банкрот, өкінішке орай, ол топ аукционға қатыса алмайды.
Сонымен, «Білім – біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік – сол білімді іске асыра білу дағдысы», - деген ұлы ұстаз А. Байтұрсыновтың сөздеріне сүйеніп, «Білім аукционы» атты І турды бастайық.
№1 сұрақ. Ежелгі дүние жүзі тарихы. Сауданы бастаймыз. Бастапқы баға – 1000тг. Қай топ жоғары баға береді?
.......... тобы бір,......... тобы екі,........... тобы үш. Сатылды! Дұрыс жауап берген жағдайда топ өз қорына......... эвро қосады.
Сұрағы: Әлемді адамзат баласы қаншалықты көп болғанымен, олардың сырт келбеті: түрі - түсі, шашы, көзінің түстері, бас сүйегі мен пішіні, нәсілдері бір – бірінен өзгеше болып жаратылады. Оның себебі не?
Жауабы: табиғат ерекшеліктеріне байланысты.
№2 сұрақ. Математика. (сауда жүргізіледі)
Арқандаулы ешкі қандай жердің шөбін жей алады? Жауабы: шеңбер ішіндегі.
№3 сұрақ. Ұлы тұлғалар галереясы. (Сауда жүргізіледі)
Сендердің назарларыңа ұсынылып отырған «Ұлы тұлға – бала би» деген атақтан дана би деген атаққа ие болған, жоңғар шапқыншылығы кезінде қазақ халқының атынан елшілікке жіберілген. Ол атақты адамның елшілікке барғанда айтқан сөздері бізге жеткен. Яғни, «Біз қазақ деген мал баққан елміз, бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Елімізден құт - береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз. Атадан ұл туса, құл боламын деп тумайды, анадан қыз туса күң боламын деп тумайды. Ұл мен қызды қаматып отыра алмайтын елміз.» Бұл ұлы адам кім?
№4 сұрақ. Орыс тілі. (Сауда жүргізіледі)
Вопрос: Найдите лишнее слово в ряду: загадка, задача, ребус, игра, шарада?
Ответ: ребус.
№5 сұрақ. Күміс қобдиша. (Сауда жүргізіледі) Қобдишада не жасырынған?
Жануарға ұқсас атым бар,
Бағдар көрсетер затым бар.
Кілемше үстінде тұрамын.
Ең қажетті құралмын.
Білсеңдер қане айтыңдар?
Жауабы: тышқан(компьютердің енгізу құрылғысы)
№6 сұрақ. Қазақ әдебиеті. (Сауда жүргізіледі)
Сұрағы:-Сенбе жұртқа,тұрса да қанша мақтап
Әуре етеді ішіне қулық сақтап.
Өзіңе сен өзіңді алып шығар,
Еңбегін мен ақылың екі жақтап! – деген қай ақынның өлең жолдары.
Осымен І тур аяқталды. Қорытындысын эксперттер айтады. Жоғары капитал жинаған топ..........................................
Біздің екінші турымыз «Эрудиттер сайысы» деп аталады. Әр топқа берілген уақыт – 2 минут. Әрбір дұрыс жауап құны – 5000тг. Сұрақтың жауабын білмеген жағдайда «келесі» деп айтуларың керек.
«Тіл қаруы – сөз, сөз қаруы – ой, ақылды ой, алғыр сөз – адамның ең жоғарғы қасиеті», - деген Ғабиден Мұстафин сөзімен сайысты ең көп капитал жинаған топтан бастаймыз.
ІІ тур. Эрудиттер сайысы.
№1 топқа арналған сұрақтар:
1. ҚР Мемлекеттік Туының авторы кім? /Шәкен Ниязбеков
2. Қазақстан жер көлемі жағынан әлемде нешінші орын алады? /9/
3. Тұңғыш Президент күні / 1-желтоқсан/
4. Сөз және оның мағынасын зерттейтін сала /лексика/
5. Шеңбердің бойындағы екі нүктені қосатын және центр арқылы өтетін кесінді. /диаметр/
6. Көбейтіндісі 1 - ге тең бөлшектер қандай бөлшектер деп аталады? /өзара кері/
7. 640 саны 5 - ке бөлінеді ме? /иә/
8. 1 км неше метр бар? /1000/
9. Алгоритм сөзі қай ғалымның атынан шыққан? /әл - Хорезми/
10. Компьютердің ақпаратты қағазға басып шығаруға арналған құрылғысы. /принтер/
11. Тарих атасы кім? /Геродот/
12. Белгілі жердегі тұрғындардың сөйлеу тілінде ғана қолданылатын сөздер. /диалект сөздер/
13. «Юлиан күнтізбесін» кім жасады? /Юлий Цезарь/
14. Табиғат құбылыстары мен олардың дамуының жалпы заңдарын танумен шұғылданатын ғылым. /жаратылыстану/
15. Жердің су қабатын қалай атайды? /гидросфера/
16. Дүние жүзіндегі ең үлкен мұхит /Тынық/
17. Аспан денелерінің ішінде Ай үлкен бе, Жер үлкен бе? /Жер/
18. Дәлелдеуді қажет етпейтін тұжырым. /аксиома/
№2 топқа арналған сұрақтар:
1. Жандарбек Мәлібекұлы және Шот - Аман Уалихан ҚР - ның қай рәмізінің авторлары /Елтаңба/
2. Әріптердің рет ретімен тізілген жиыны /алфавит, әліпби/
3. Әл - Каши ондық бөлшектер туралы қандай кітап жазды? / Арифметика кілті/
4. Алымы бөлімінен кіші бөлшек / дұрыс бөлшек/
5. Шеңбердің бойындағы кез келген нүктені центрмен қосатын кесінді /радиус/
6. 1 сағатта неше минут бар? /60/
7. Ортақ бөлгіші 1 - ге тең сан /өзара жай сан/
8. Орындаушының белгіленген мақсатқа жетуіне бағытталған реттелген нұсқаулар жиыны /алгоритм/
9. Қағаздағы ақпаратты компьютерге енгізу құрылғысы /сканер/
10. Paint графикалық редакторында түстер жиынтығы /палитра/
11. Ежелгі тас дәуірі қалай аталады? /палеолит/
12. Жердің Күнді бір рет айналып шығуынакететін уақыт /жыл/
13. Адамзаттың өткен тарихын заттық деректер бойынша зерттейтін ғылым. /археология/
14. Дүние жүзіндегі ең ұзын өзен. /Ніл/
15. Жердің ауа қабаты қалай аталады? /атмосфера /
16. Ең кішкентай құс. /колибри/
17. Натурал сандар нешеден басталды? /1 - ден/
18. Бүкіләлемдік тартылыс заңын кім ашты? /Ньютон/
№3 - топқа арналған сұрақтар:
1. ҚР - ның жана Гимні қай жылдан бастап айтылып жүр? /2006ж/
2. Тіл білімінің дыбыстық жағын зерттейтін сала /фонетика/
3. 1 тәулікте неше сағат бар? /24/
4. Нәрселерді санауда қолданылатын сандар /натурал/
5. Бөлгіштерінің саны екіден көп натурал сандар /құрама сандар/
6. 369 саны 3 - ке бөліне ме? /иә/
7. Халықтардың әдет - ғұрып, салт - санасының дамуын, ерекшеліктерін зерттейтін ғылым. /этнография/
8. Андроновтықтардың тұрғын үйі неге ұқсас болды? /киіз үйге/
9. Араб тілінен аударғанда «Хижра» сөзінің мағынасы /көшу, қоныс аудару/
10. Күннің шығып, одан соң батып, ертесі қайтадан шыққанға дейінгі аралық қалай аталады? /тәулік/
11. Атмосфералық қысымды өлшеуге арналған құрал. /барометр/
12. Материктің ішіндегі тұйық сулы өлке. /көл/
13. Процессор мен жады компьтердің қай құрылғысында орналасқан? /жүйелік блок/
14. Paint графикалық редакторы терезесінде сызғыш бар ма? /жоқ/
15. Жиындарды көрнекі бейнелеу үшін не қолданылады? / Эйлер - Венн диаграммасы/
16. Шөлге төзімді жануар. /түйе/
17. Жердің тіршілік қабаты. /Биосфера/
18. Қай айда күн бар? /барлық/
Эксперттер топ жауаптарын бағалап, ІІ - тур қорытындысын шығарса. Енді «Білекке сенген заманда – ешкімге есе бермедік, Білімге сенер заманда қапы қалып жүрмейік», - деген Абылай ханның ойлы сөзімен келесі турымызға көшейік. ІІІ турда әрбір топ таңдаған пәндері бойынша берілген тапсырманы орындайды. Сұрақ құны – 5000 тг. Таңдауды капиталы аз топ бастайды.
ІІІ тур. Таңдау – табыс. Қазақ тілі
Екі буынды екі сөздің бірінен – бірінің айырмашылығы – бірінші дыбысында. Егер бірінші дыбысы еріндік жіңішке дауыстыдан басталса құс аты болады егер езулік жіңішке дауыстыдан басталса сан есім болады. Ол қандай сөздер?
Жауабы: үкі; екі.
Орыс тілі: Сколько букв и сколько звуков в слове «съем» и в слове «семь»?
Мягкий знак и твердый знак
Разговаривают так:
- Сколько я пирожных съем?
Мягкий знак ответил: «Семь!» Ответ: съем – 4 буквы, 3 звука.
семь – 4 буквы, 3 звука.
Математика. Аулада тұрған көліктердің: жеңіл машина, мотоцикл, велосипед дөңгелектерінің саны 10. Аулада неше жеңіл машина, мотоцикл, велосипед бар?
Жауабы: 1, 1, 2.
Қазақстан тарихы: Бұл тарихи - мәдени ескерткіштің салынғанына 600 жылдан астам уақыт болды. Ұзындығы 60 метр, ені 45 метрден астам, биіктігі 40 метрге жуық. Онда түрлі мақсатқа пайдаланылатын 35 бөлме бар. Оның айналасына қазақтың хандары мен басқа да белгілі адамдары жерленген. Бұл қай ескерткіш және Қазақстанның қай жерінде орналасқан?
Жауабы: Қожа Ахмет Йассауи кесенесі,
Түркістан қаласы.
Инфоматика
Атақты «Microsoft» компаниясының негізін қалаған кім?(Бил Гейтс)
Енді топтардың жауаптарын тыңдайық. Эксперттерден топ жауаптарын бағалап, қорытындысын айтуын сұраймыз. (Топтардың қорытынды капиталын жариялау)
ІV тур. «Сыйлықтар аукционына»
Аукционға сыйлықтар қойылады. Жинаған ақша қорын сыйлықтарға айырбастай аласыздар. Әр сұрақта жұмбақ жасырылған, жұмбақтың жауабы дұрыс болса – сыйлық сіздікі. Бастапқы баға - 3000 тг. Кім жоғары баға ұсынады? /7000 - ке дейін/
№ 1 сұрақ.
Тілі бар, үні жоқ.
Өзін адам түсінген
Жүрегі бар да, қаны жоқ,
Сөйлеп тұрған ішінен.
/кітап/
№2 сұрақ.
Он екі ақ парақ -
Он екі ақ қанат,
Жауабы әсем - ақ,
Сызылған тақталап.
/дәптер/
№3 сұрақ.
Ол – оқушы құралы,
Қатеңді түзетіп тұрады.
/өшіргіш/
№4 сұрақ.
Тебеннің ұшы түйір,
Аяғы біреу, қолы жоқ,
Шиыр - шиыр жолы көп.
Өзі сөйлей білмейді,
Салған ізі сөйлейді
/қалам/
№5 сұрақ.
Жоқ өзінде бас та,
Қас та, мойын да,
Ұзындығы жазулы
Тұр бойында
/сызғыш/
№6 сұрақ.
Дүниеге тұмсықсыз - ақ келеді,
Дегенменен тұмсығынан өледі.
/қарындаш/
№7 сұрақ.
Күн - түн сайын жыртылдық,
Өміріміз бір жылдық
/күнтізбе/
№8сұрақ.
Бірге барып класқа,
Бірге үйіңе қайтады.
Оның бетін кім ашса,
Әр бағанды айтады.
/күнделік/
Сайыс соңында жеңімпаз топ анықталып, марапатталады.