Ортаңғы «Қуыршақ»тобы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі.
Өткізу күні:29.04.19ж
Тәрбиеші:Абенова М.К.
Білім беру саласы:»Коммуникация»
Өтпелі тақырып: Бейбітшілік қорғаны
Пән: Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: : «Бейбітшілік бірлікте»
Мақсаты:
Тәрбиелік: Балаларды Отанды қорғауда Отанына қызмет етуге тәрбиелеу
Дамытушылық: Балалардың ойлау, қиялдау, сөйлеу қабілеттерін дамыту.
Оқыту: Сөздік қорларын толық жауап беруін, тіл байлықтарын дамыту.
Педагогикалық технологиялар: Әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ – жауап.
Ресустармен қамтамасыз ету: Көгершін, слайд, шар, күн, гүлдер.
Просмотр содержимого документа
««Бейбітшілік бірлікте»»
Ортаңғы «Қуыршақ»тобы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі.
Өткізу күні:29.04.19ж
Тәрбиеші:Абенова М.К.
Білім беру саласы:»Коммуникация»
Өтпелі тақырып: Бейбітшілік қорғаны
Пән: Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: : «Бейбітшілік бірлікте»
Мақсаты:
Тәрбиелік: Балаларды Отанды қорғауда Отанына қызмет етуге тәрбиелеу
Дамытушылық: Балалардың ойлау, қиялдау, сөйлеу қабілеттерін дамыту.
Оқыту: Сөздік қорларын толық жауап беруін, тіл байлықтарын дамыту.
Педагогикалық технологиялар: Әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ – жауап.
Ресустармен қамтамасыз ету: Көгершін, слайд, шар, күн, гүлдер.
1.Ұйымдастырушылық кезеңі:
Ақ көгершін, көгершін,
Қол қанат құс сен едің.
Бар кезіп қайт, ел үшін,
Кең дүниенің көлемің.
Әділеттің құсы деп,
Көз алмастан жолыңнан,
Ұшырамын қолымнан.
Негізгі бөлім:
Балалар бүгін бізде ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде: «Бейбітшілік» тақырыбында әңгімелесеміз.
-Балалар біз қай елде, қай Республикада тұрамыз?
-Қазақстанның Елордасы қай қала?
-Қазақстан Республикасы елбасы кім?
-Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі қай тіл?
-Қазақстан Республикасында қандай ұлттар тұрады?
-Қазақстан Республикасында көп ұлтты адамдар қай тілде сөйлеседі?
Қазақстан Республикасы бейбітте, байтақ, кеңпейіл, қонақжай ел. Біздің елімізде мақтан тұтатын ағаларымыз, апаларымыз көп. Олар Отан үшін аянбай еңбек етуде. Біздің көп ұлтты еліміз көршілес елдердің басына ауыр күн туған кездерінде көмегін беруден аянбаған.
Балалар сендер бейбітшілік туралы тақпақтар білесіңдер ме?
Сергіту сәті: «Мен қазақпын» музыкалық әуенімен қимыл қозғалыстар жасау.
Дидактикалық ойын:«Күннің шуағы»
Ойынның мақсаты: балалардың «соғыс», «бейбітшілік» туралы білімдерін бекіту. Ұлтжандылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу. Балалардың қиялын, ойлау қабілетін дамыту.
Ойынның шарты:Күннің нұрын бұлт жауып қалған. Күнді бұлттан құтқару үшін, сұрақтарға жауап беру керек. Түгел сұраққа жауап берген кезде, күн бұлттан шығып, нұрын шашады.
Сұрақтар:
1. Біздің мемлекетімізде қандай ұлт өкілдері өмір сүреді?
2. Сендер соғысты не үшін жек көресіңдер?
3. «Бейбітшілік құсы» қандай құс?
4. Отан деген не?
Қорытынды: Тәрбиеші балалардан бүгінгі оқу іс-әрекетінен алған әсерлерімен бөліседі. Балаларды мадақтап ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін аяқтайды.