Сиряжева Жазира Капезовна,
№47 «Бәйтерек» бөбекжайы МКҚК II-санатты тәрбиешісі
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы
Тобы: Кіші топ
Тақырыбы: «Бауырсақтың орманға саяхаты»
Білім беру саласы: «Денсаулық», «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық».
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту, құрастыру, мүсіндеу, дәстүрден тыс сурет салу, музыка, дене шынықтыру.
Мақсаты:
1.Білімділік: Дидактикалық ойын арқылы өтілген ертегілерден алған білімдерін тиянақтау.
2.Дамытушылық: Тапсырмалар арқылы балалардың сөздік қорларын молайтып, ой өрістерін дамыту, байланыстырып сөйлеуге дағдыландыру.
3.Тәрбиелік: Балаларды ертегі желісі арқылы тапқырлыққа, адамгершілікке, мейірімділікке тәрбиелеу.
Билингвальды компонент: Бауырсақ-колобок, қоян-заяц, қасқыр-волк, аю-медведь, түлкі-лиса.
Көрнекіліктер: слайд арқылы ертегі суреттері, тұзды қамыр, тақтайша, шар, сүрткіш, кубиктер, манка.
Барысы:
Балалар топқа кіріп, қонақтармен амандасады.
Шаттық шеңбер:
Арайлап таң атты,
Күн шуағын таратты.
Қонақтарды көретін,
Қуанышты күн атты.
-Сәлеметсіздер ме! Здравствуйте!
Балаларды орындыққа отырғызып, назарын экранға аудару. Экраннан ертегілер суреттің көрсетіп қандай ертегі екенің сұрау. («Шалқан», «Шұбар тауық», «Үйшік», «Үш аю», «Бауырсақ»).
Сол кезде топқа шар ұшып кіреді. Шардың ішінде бір қағаз болады, не қағаз екенің шарды жарып оқимыз. «Бауырсақ» ертегісіндегі әже көмек сұрап хат жіберген екен.
Хатта не жазылғанын оқу.
«Менің кішкентай балаларым, сендерден көмек сұрайын дегем. Аталарыңа арнап бауырсақ пісіргем, суысын деп терезе алдына қойып қойғам, домалап кетіп қалыпты. Бауырсағымды тауып әкеліп бересіңдерме? Мен қазір сендерге балабақшаға келемін».
Тәрбиеші: Балалар әжейдің бауырсағын тауып әкеп береміз бе?
Балалар: Ия
Тәрбиеші: Бәріміз онда орманға бауырсақты іздеуге атанайық. Алдымызда көп деген кедергілер болады, сол кедергілерден өтуге дайынсындар ма?
Балалар: Ия дайынбыз.
Тәрбиеші: Сап тұрып жолға шығайық. Алдарындағы кедергіден бір-бірінді итермей жайлап өтеміз. (Іздермен өту).
Балалаардың алдынан қоян тап болады.
Тәрбиеші: Қоян біз бауырсақты іздеп келе жатыр едік, сен көрген жоқсынба?
Қоян: Мен көрдім қай жаққа домалап кеткенін, айтам егерде маған үй құрастырып берсендер.
Балалар геометриялық пішіндерден қоянға үй құрастырып береді. (Балалардан үйлерді қандай пішіндерден құрастырғандарын, қандай түсті пішін екенін сұрау).
Тәрбиеші: Үйдің төбесі қандай пішін?
Айша: Үшбұрыш
Тәрбиеші: Түсі қандай?
Сафия: Түсі жасыл
Қоян балаларға риза болып, бауырсақ қай жаққа кеткенін айтады.
Келе жатқанда алдарынан қасқыр кездеседі.
Тәрбиеші: Балалар мынау қандай аң?
Балалар: Қасқыр
Тәрбиеші: Қасқыр туралы кім тақпақ айтып береді?
Алина: Қасқыр орманда жортады,
Аяздан ол қорқады.
Қасқыр: Бауырсақ маған сурет салып бермей қашып кетті, сендер маған сурет салып берсендер, бауырсақ қай жаққа домалап кеткенін айтамын.
Балалар дәстүрден тыс манкіге сурет салады, ненің суреттін салғанын айтады.
Алина: Күн салдым.
Сауран: Доп салдым.
Асия: Гүл салдым.
Қасқыр балаларға рахмет айтып, бауырсақ қай жаққа кеткенін айтады.
Балалар бауырсақты іздеп келе жатқанда алдарынан көңілсіз аю жолығады.
Тәрбиеші: Аю біз бауырсақты іздеп келе жатыр едік, сен көрген жоқсың ба?
Аю: Менің көңілімді көтеріп би билеп берсендер, бауырсақ қай жаққа кеткенің айтамын.
Тәрбиеші: Аю кел сенде біздің балалармен бірге биле, балаларда шаршады бір аздап тынығып алсын.
Музыкалық сергіту сәті: «Аю, аю кішкентай аю».
Аю балаларға рахметін айтып, бауырсақ қай жаққа кеткенің айтып жол көрсетеді.
Балалар аюмен қоштасып, бауырсақты іздеп келе жатқанда алдарынан түлкі шығады.
Тәрбиеші: Мынау қандай аң?
Балалар: Түлкі
Тәрбиеші: Түлкі туралы кім тақпақ біледі?
Алан: Түлкі деген қу,
Жүрген жері айқай шу.
Тәрбиеші: Түлкі біз бауырсақты іздеп келе жатыр едік, сен көрген жоқсын ба?
Түлкі: Жаңа бауырсақты ұстап алып жеп отырған едім.
Тәрбиеші: Түлкі сен бауырсақты жеме, біз оны әжейге апарып береміз. Балалар саған көп етіп бауырсақ жасап береді. Балалар үстел үстіндегі тұзды қамырдан түлкіге бауырсақ жасап береді.
(Балаларға жұмыс барысын түсіндіріп, бірге жұмыс жасау). Балалардан не жасағандарын сұрау.
Түлкі балаларға рахмет айтып, бауырсақты қайтарып береді.
Бауырсақты алып кері бақшаға келеміз.
Дидактикалық ойын: «Бауырсақ»
Мақсаты: Балалардың ертегі туралы білімдерін бекіту.
Оқу қызметін қортындылау.
- Бауырсақ кімнен қашып кетті?
- Бауырсақ әжеден қашып кетті.
- Жолда кімдерді кездестірдік?
- Қоянды, қасқырды, аюды, түлкіні.
- Қоянға не құрастырып бердік?
- Қоянға үй құрастырдық.
- Қасқырға ненің суретін салып бердік?
- Қасқырға доп, гүл, күннің суретін салып бердік.
- Бауырсақты қай аңнан алдық?
- Бауырсақты түлкіден алдық.
- Бауырсақты кімге қайтарып береміз?
- Әжеге береміз.
Сол кезде топқа әже келеді.
Әже: Рахмет балаларым, сендер маған бауырсағымды тауып, әкеп бердіңдер, мен сендерге сыйлық ала келдім,- деп сыйлығын беріп, балалармен қоштасып шығып кетеді.
Балалар қонақтармен қоштасады.