СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Баскетбол добын алып жүру тәсілдері"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Данный урок был проведен во время предметной недели каедры физической культуры

Просмотр содержимого документа
«"Баскетбол добын алып жүру тәсілдері"»

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Талдықорған агротехникалық колледжі



Келісемін

Колледж әдіскері

_____________М.Б. Балтабаева


Бекітемін

Директордың оқу ісі

жөніндегі орынбасары

___________С.К.Абыканова

«____»____________2016 ж.









«Дене тәрбиесі пәнінен» ашық сабақтың әдістемелік нұсқауы


Тақырыбы:

"Баскетбол добын алып жүру тәсілдері"







Дайындаған оқытушы: Р.А.Ишмухамедов



Дене тәрбиесі және АӘД кафедра

Отырысында қаралды

Хаттама № _________

«___»__________________2016 ж

________________К.Е. Сыдықанова











Талдықорған 2016 ж.

Сабақ жоспары


Тақырыбы: Баскетбол добын алып жүру тәсілдері


Мақсаты: а) Допты дұрыс алып жүру ережелерін үйрену

б) Төрешінің айтуымен түсінуге үйрету

в) Баскетбол ойын әдіс-тәсілін дұрыс орындауға үйрету



Міндеттері:

  1. Сауықтыру: а) Ара қашықтық қозғалысын сақтау

б) Жылдамдық пен шапшаңдығын дамыту

в) Кеңестік пен жерді сезіну қасиеттерін дамыту

2. Білім беру: а) Ойыншыларға баскетбол добын дұрыс алып жүру тәсілдерін үйрету.


3. Тәрбиелеу: а) Білімгерлерді ептілікке, адамгершілікке, төзімділікке

отанды қорғауға тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс: АӘД, валеалогия, физиология

Пән аралалық байланыс: Жеңіл атлетика, баскетбол

Сабақтың түрі: Тәжірибелік

Сабақтың әдісі: Көрсетіп, үйретіп, түсіндіру

Өткізілу уақыты: 2 сағат топ: 133 19.02.2016 ж

Өткізілу орны: Ойын залы

Қажетті құрал жабдықтар: Баскетбол доптары, ысқырық, секундомер,

дидактикалық материалдар.













№

Сабақтың мазмұны

Уақыты

Әдістемелік нұсқау

1

2

3

4

І

Кіріспе бөлім

25























































































  1. Топты сапқа тұрғызу, сәлемдесу, білім алушылардың сабаққа дайындығын анықтау, жаңа сабақтың тақырыбын айтып түсіндіру.

  2. Саптағы жаттығулар: Оңға, солға және айналу. Реттік санмен саналу бірқатардан екі қатарға тұрғызу. Бір қатардан үш қатарға тұрғызу.

  3. Жүру жаттығулары: Қолды жоғары созып аяқтың ұшымен жүру. Қол желкеде аяқтың өкшесімен жүру. Қол бүйірде табанның сыртқы қырымен жүру, жартылай отырып және толық отырып жүру.

  4. Жәй жүгіріспен жүгіру жаттығулары: жай жүгіру, ирек жүгіріс, бұрыштан - бұрышқа жүгіру. Оң иық алда қолды ішке айландыру,сол иық алда қолды сыртқа айландыру. Екі қол бүйірде аяқты алдыға қарай сермеп жүгіру. Қол мойында аяқты артқа созып жүгіру. Қолды алдыға созып тізені көтере жүгіру, қол жамбаста өкшені артқа сермеп жүгіру. Аяқты сыртқа лақтыра жүгіру.

  5. Жай жүгіріске көшіп демді қалпына келтіру.

  6. Залдың ортасына оң жақ иық алда төрт лектік саппен жүру.

  7. Топты зал ортасына төрт лектік сапқа тұрғызу.

  8. Жалпы дамыту жаттығулары:

1.Бастапқы қалыпта тұру. Екі қол бүйірде денені түзу ұстау. Басты төмен қарай бір, артқа қарай екі, оңға үш,солға төрт. 5-6 рет.

2. Тура сол қалыпта тұрамыз басты оңға қарай төрт рет, солға қарай төрт рет иыққа жатқыза айландырамыз.

3. Бастапқы қалыпта тұрамыз екі қол иықта алдыға қарай төрт рет, артқа қарай төрт рет айландырамыз.

4. Б.қ.- екі қол кеуде тұсында тігінен екі рет артқа қарай сермейміз, оңға қарай екі рет, солға қарай екі рет.

5. Б.қ.- қолды қайшылаймыз төрт бес рет.

6. Қол желкеде оңға қарай екі рет солға қарай екі рет бұрамыз.

7. Б.қ. - Оң қол белде сол қол желкеде оңға қарай екі рет бүгілеміз. 4- 5 рет.

8. Б.қ- екі қол бүйірде оңға қарай екі рет солға қарай екі рет айналдыру 4-5 рет. 9. Шатқа бұтқа тізеге жасалатын жаттығулар. Секіру жаттығулар .


Негізгі бөлімге сапқа тұрғызу.

Өткен тақырыпты қайталау, допты меңгеру техникасы:

  1. Допты бір орнынан және қозғалыс барысында беру;

  2. Допты бір орнынан, жақын және орта қашықтықтан кеудеден екі қолмен лақтыру, екі қолмен кеудеден айыптық лақтыру.


Жаңа тақырыпты түсіндіру және баскетбол добын алып жүру тәсілдерін үйрету:

1. Допты бір орнынан немесе қозғалыс барысында он, сол қолмен және доптың кіріспелері жылдамдық өзгерістерімен алып жүру (дидактиқалық материалдарды көрсету);

2. Баскетбол элементтері бар ойындар мен эстафеталар;

3. Оқу - үйрену ойыны.


Қорытынды бөлім

Сергіту жаттығулар:

Жай жүру, жүгіру іштің бұлшық еттеріне жаттығу жасату. Топты сапқа тұрғызу. Жаңа сабақты талдау. Көзге түскен және нашар білімгерді атап бағалау. Кемшіліктеріне түзетулер енгізу.

Үйге тапсырма беру қоштасу.



3,



2,



3,







7,

















10,
























60,























5,




Білімгерлердің спорттық киімдерін тексеру













Білімгерлердің әрбір жаттығуын дұрыс орындауын қадағалап түзетіп отыру.





Жаттығу түрін дұрыс қадағалау дұрыс тыныс алуын бақылау.









Саппен дұрыс жүруін қадағалау



Жаттығудың таза және дұрыс орындалуын қадағалау.





Жаттығуды өз ережесімен жасату





Жаңа сабақтың әдістерімен тәсілдерін дұрыс орындалуын бақылау.















Үй тапсырмасын талап ету.



Дене тәрбие пәнінің оқытушысы: _______________________Р.А.Ишмухамедов





Кіріспе

Бұл сабақта білім алушыларға жылдамдық пен шапшаңдықты, допты игеруді, алға қарай ұмтылуды, үйрете білу. Қазіргі баскетболдың көптеген әдіс-тәсілдері жоғары биікке секірумен байланыстыра орындалады. Секірудің екі тәсілі бар бірі екі аяқпен бірдей серпіле секіру, екіншісі бір аяқпен серпіле секіру. Екі аяқпен серпіле секіру бір орында тұрып орындалады. Тізені бүгіп екі қолды сәл артқа жіберген қалыптан жоғары қарай екі аяқпен бірдей жерден серпіле секіру. Жинақталуды үйренген соң, бастапқыда біреудің көмегі арқылы, алға қарай домалап түсуге көшу керек. Жаттығу жасаушы журелеп отырады, бас екі тізенің арасына қарай еңкейтіледі. Қауіпсіздендіруші бала бір қолының алақанын оның желкесіне қояды. Аяқты тіреп итерілу қарсаңында және домалап түсудің алдында қауіпсіздендіруші қолымен жаттығушының желкесін басып, басын төсенішке тигізбей, екі тізесіне қарай жақындатады. Сөйтіп, денені бірден аударып түсіруге көмектеседі. Алға қарай домалап түсуді өз бетінше орындауды үйренген соң қүрделендіре орындауға көшу керек сияқты жаттығу ережелерімен таныстырып, көрсету, үйрету әдісі қолданылады.

Осындай әдіс-тәсілдерді қолданып білім алушыларға сауатты жаттығуларды орындата отырып, дене бітімінің сұлу, сымбатты болып қалыптасуына ықпал етуге болады.



Пайдаланған әдебиеттер


1. «Дене шынықтыру пәнінің әдістемесі», Ұ.Ж. Мұхамеджанов Астана 2009 ж.;

2. «Дене тәрбиесі», Б.Төтенай, Астана 2008 ж.;

3. Төтенайдың Базарбегі, Спорт атаулардың сөздігі, Ана тілі, 1994 жыл;

4. Е.Уақбаев Қазақстанда дене тәрбиесі жүйесінің дамуы - Алматы, Санат, 2000 жыл;

5. Б.А.Ашмарин, Теория и методика физического воспитания, М просвещения, 1990 жыл.