| Пәннің аты | Уақыты: | Кабинет: | Мұғалім |
| Сабақтың атауы | Заттың сынын білдіретін сөздер.Бала Шоқан. |
| Мақсаты | а) Оқушылардың заттың сынын білдіретін сөздер туралы түсініктерін толықтыру.Шоқан Уалиханов туралы түсінік беру. ә) Сана сезімін, ойлау қабілеттерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту. б) Адамгершілікке, ұқыптылыққа, таза жазуға, таза жүруге, үлкенді сылайға тәрбиелеу. Сабақтың түрі: аралас сабақ Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар:оқулық, Ш.Уалихановтың суреті Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап, әңгімелеу |
| Күтілетін нәтиже |
| +Психологиялық ахуал | Психологиялық дайындық Біз балдырған баламыз, Құстай қанат қағамыз. Дүниені аралап, Оқып білім аламыз. | Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді. |
| Қызығушылықты ояту | I.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сынып бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау. II.Үй тапсырмасын сұрау : Кел, балалар, оқылық!- өлеңін мәнерлетіп оқытып, Ы.Алтынсарин туралы сұрау. III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі:Сұрақ-жауап әдісі арқылы өткен сабақтарды қайталау IV. Мақсат қою кезеңі: - Бүгін біз сендермен өтілген тақырыпты еске түсірейік сұрақтар қою. | Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі. |
| Мағынаны тану | V. Жаңа сабақ. Шоқан Уалиханов 1835 ж. дүниеге келіп, 1865 ж. қайтыс болған.Ол қазақ халқының әдебиетін, тарихын зерттеген.Осы Шоқан туралы С.Бегалиннің «Бала Шоқан» деген әңгімесімен танысамыз.Әңгімені оқып беру, түсіндіру, өздеріне оқыту. Әңгіме соңындағы сұрақтарды қою арқылы түсінгендерін тексеру. Дәптермен жұмыс 123-жаттығу. Әр сөздің тұсына қарсы мағыналы сөз тауып, көшіріп жазыңдар. Үлкен-кіші биік-аласа Ұзын-қысқа қалың-жұқа 124-жаттығу. Қарсы мәндес сөйлемдерді көшіріп жазыңдар. Қар ақ. -Көмір қара Тау биік -Төбе аласа Алма тәтті -Пияз ащы Жаз ыстық -Қыс суық Сөйлемдегі заттың сынын білдіретін сөздердің астын сызыңдар. |
| Сергіту сәті | Орманда кірпі келеді, Саңырауқұлақ тереді. Кездесті, міне, керегі: Екеуі қайың астынан. Біреуі терек қасынан. Қанша олар болмақ есепте, Тоқылған салса себетке? | Ой сергітеді,шашағандары басылады |
| Ой толғаныс | VI.Жаңа материалды пысықтау: Сұрақ-жауап әдісі арқылы жаңа сабақты қорыту. Қай ? сұрағына қандай сөздер жауап береді? Ш.Уалиханов кім? VII.Бекіту кезеңі: «Қай қатар тез?»ойыны арқылы сабақты бекіту |
| Үйге тапсырма | Мазмұнын айту 139-140 бет. | Күнделіктеріне жазып беремін |
| Бағалау | Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау | Бағалау парақшасын толтырады. |
| Кері байланыс |  | Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады |